Оқылым Отбасы – сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан. Отбасы–мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек.
Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
Отан, отбасы, бала, тәрбие,
Отан, бала, мақал-мәтелдер
Отан, ұлттық дәстүр, ұя
Отан,әке, тәрбие, Әл-Фараби 1 балл
«Отан отбасынан басталады» мәтеліне сәйкес келетін ойды анықтаңыз.
Барлық адамдар отбасынан шыққан.
Отбасы берекесі ата-анаға байланысты.
Отбасы шағын мемлекет, сондықтан барлығы тату болу қажет.
Отанның келешегі отбасында қаланады.
1 балл
Оқылым мәтінінің мазмұны бойынша 1«шын», 1 «жалған» ақпаратты белгілеңіз.