ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-16.1.32/03-2013
|
ПОӘК
«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері»
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
______2013 жылғы
№ 3 басылым
|
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4 Студенттердің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
Автор – (лат. Autoz - жаратушы, негізін қалаушы) - өнертануда, философияда эстетикалық, сондай- ақ мәдени - әлеуметтік категория ретінде қарастырылатын ұғым.Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор- өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға.
Айтыс – қазақ және қырғыз, қарақалпақ халықтарында ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Ақ өлең – (ағылшын. Blankvezse – ақ өлең) –силлабикалық және силлабо- тоникалық өлең жүйесіндегі ұйқассөз сурога халықтарының поэтикалық жадында “ақ” сөзінің “белгісіз, аяқталмаған, толықтырылмаған” деген ұғымдардың семантикалық эквиваленті ретінде қолданылуына байланысты.
4) Ақын – (поэзиялық туындыларды, өлең, жыр- дастан, поэмаларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.
5) Аллитерация – (латын. Ad- litteza- дыбыстас)- шығармаларда біріңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы)
6) Аллоним – (грекше. Allos- бөтен, бөгде, опута- есім)- поэзияда өз есімін түгел тастап өзге бір есімді бүтіндей иеленіп, лақап атқа айналдырады.
7) Алогизм – (грекше а- жоққа шығару жұрнағы) біріне- бірі логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама- қайшы ұғымдарда әдейі жақындатып, жалғастыру арқылы ойды айрықшы әсерлі етіп жеткізетін стилдік тәсіл.
8) Анограмма – (грекше апа- қайта, dzmma әріп) атау сөз ішіндегі әріп орнын алмастыру арқылы бүркеншік ат жасау.
9) Ананим – бүркеншік аттың бір түрі.
10) Анафора – (грекше. Anaphoza- биікке шығару) өлеңдегі әр жол немесе әр тармақ ылғи бір сөзбен басталып, қайталана береді.
11) Анекдот – (грекше. Anekdotos- жарияланбаған) қысқа, күлдіргі әңгіме, фольклордың барлық кезеңдерге тән, өміршең жанры.
12) Аноним – (грекше. Anonumos аты белгісіз деген мағынада)- әдеби шығарманың әр түрлі себептерге көбінесе, саяси жағдайға байланысты авторы көрсетілмей жарияланады.
13) Антитеза– шендестіру
14) Антоним – (қайшы сөздер)- біріне- бірі қайшы қарама- қарсы мағыналы сөздер.
15) Аполог – ғибрат айтуға құрылатын шағын көлемді, астарлы әңгіме.
16) Арнау – әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі.
17) Аруз– ұзын қысқа буындардың алмасып келуіне негізделген өлең өлшемі.
18) Ассонанс – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.
19) Аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.
20) Ашуғ – Кавказ халақтарындағы және түрік елңндегі халық өнерінің өкілі, ақын- жыршы.
21) Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары.
22) Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық- көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.
23) Әдеби тіл – жалпыхалықтық тілдің аясында түзілген, екшелеген, нормаға түсірілген, сөздік құрамы, халықтық сан- салалы мәдени қажеттілігін өтеуге қабілетті тіл.
24) Әдеби шығарма тілі – көркем әдебиет шығармаларының тілі, өмір шындығын бейнелеуші, әйгілеуші, мінездеуші.
25) Әдебиет – өнердің негізгі түрлерінің бірі.
26) Әзіл – күлдіргі сөз, кекесін, сықақтық қалжыңмен келетін жеңіл түрі.
27) Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма.
28) Эпсана – ертегі, ғажайып оқиғалы әңгіме.
29) Әсірелеу – әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, бейнелігін, әсерлігін арттыру үшін қолданылатын құбылтудың бір түрі.
30) Баллада – поэзия жанры, оқиғаға құрылған, лирикалық сарындағы ұзақ өлең.
31) Бард – ежелгі кельтердің халық поэзиясының өкілі, жыршы, ақын.
32) Басылым – әдеби шығарманың басылып шыққан, жарық көрген нұсқасы.
33) Бата сөз – (араб. Фатиха- алғыс, ризашылық тілек)
34) Бәдік – ауру адамды, малды емдеу мақсатында ой бір буынды қара өлең үлгісінен айтылған ғұрып сөздерінің бір түрі.
35) Бесік жыры – қазақ балалар фольклорының жанырлық түрі.
36) Беташар – қазақтың келін түсіруге қатысты салт жыры.
37) Буколика, буколик – ескі грекше бақташы деген мағынада.
38) Бунақ – қазақ поэзиясының өлең жолының, яғни тармағының ырғақтық, жағынан жекелеген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы.
39) Бурине – француз поэзиясында 17- ғасырдан бастап орын алған өлең түрі.
40) Бүркеншік ат – шығарма иесінің өз туындысын бастырғанда пайдаланатын қосалқы, лақап аты.
41) Былина – орыс фольклорының негізгі жанырларының бірі.
42) Гимн – салтанатты жағдайда айтылатын мадақ өлең, әнұран.
43) Градация – айшықтаудың бір түрі.
44) Ғазал – негізінен кемі үш, көбі 1ә бәйіттен түзілетін біріңғай ұйқасы бар өлең.
45) Ғақлия – көркем қара сөз, нақыл сөздің бір түрі.
46) Ғұмырнама – адам ғұмырының жылнамасы.
47) Дайна – литван халық әнінің дәстүрлі атауы.
48) Дастан – (парсы сөзі- тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры).
49) Декламация – көркем шығарманың дауыстап, мәнерлеп оқу, тақпақтап айту.
50) Дидактикалық әдебиет – (грекше. Didaktikos-үлгілі, өнегелі, ғибратты)- ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар.
51) Диуан – классикалық түркі тілдес поэзияда қолжазба күйінде келетін жинақ.
52) Драма – сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкердің іс- әрекетін баяндайтын әдеби шығарма.
53) Дума – украин халқының лиро- эпикалық жыры.
54) Дыбыс үйлесімі – поэзияда дыбыс үндестігін пайдалану тәсілі.
55) Ділмар сөз – нақыл- ғибрат түрінде айтылатын бейнелі сөз.
56) Еліктеу– жазушының ,ақынның өз шығармасында белгіле әдеби нұсқаны үлгі тұтуы, алдындағы атақты өнер иелерінен өнеге алуға ұмтылуы.
57) Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі.
58) Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі.
59) Жанр – әдеби шығарманың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
60) Жаңа сөздер – (неологизмдер, грек. Neo- жаңа, logos- сөз)
61) Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры.
62) Жарапазан – қазақтың маусымдық фольклорына енетін өлең түрі.
63) Жар – жар – құз ұзату тойында, халықтың дәстүр- салт бойынша екі топ кезектесіп айтатын айтыс өлең.
64) Желдірме – жырды термелеп, ерекше қарқынмен, жедел, екпіндете айту тәсілі.
65) Жеті тармақ – қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде қолданылатын шумақ өрнегі.
66) Жоқтау – қазақ халқының өмірі мен поэзясында тарихи- мәдени мәні ерекше құбылыс, тұрмыс- салт жырларының бір саласы.
67) Жұмбақ – халық ауыз әдебиеті жанырларының бір түрі, көлемі қысқа, есте сақтауға қолайлы келеді.
68) Жылнама – тарихты жыл- жылға бөліп баяндау түрі.
69) Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын ақылшы, көреген сәуегей.
70) Жыр – қазақ халық поэзясының жанырлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, көлемді поэзиялық шығарма.
71) Интермедия– күлкілі пьеса немесе көрініс.
72) Кейіпкер – көркем әдебиетте роман, повесть, әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада бейнеленетін уақиғаға қатысушы.
73) Кейіптеу – әртүрлі табиғат құбылыстарының, жансыз нәрселерді, жан бітіргендей етіп суреттеу.
74)Композиция – әдеби шығарманың әр түлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық- бірлігі.
75) Күй – қазақ аспаптық музыкасында ертеден өркен жайған жанр.
76) Күнделік - әр күнгі уақиғаны тізіп отыратын жазу дәптер.
77) Миф – көне жанрлардың бірі.
78) Монография – мәселені тереңдеп ашатын зерттеу еңбек.
79) Шумақ– өлең тармақтарының ретпен топтасуы.
80) Эпитет– заттың не құбылыстың айрықша белгілері
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 модуль. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
№1 Дәріс. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
Мақсаты: Сөз өнері ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық – теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Эстетикалық, әдеби ой пікірлердің қалыптасу, даму жолдары туралы түсініктер беру. Жоспар:
1. Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі.
2. Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар
3. Орта ғасыр қайта өркендеу дәуірінің эстетикасы.
4. Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы.
Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі. Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік пен достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің көшпенділер эстетикасымен тамырластығы Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және обьективті, субьективті идеализм. Дүниетанымның тарихи-әлеуметтік, философиялық алғы шарттары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель (б.д.д. 384-322ж.ж.). Поэзияның табиғатқа еліктеушілік қызметі. Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк(б.д. 65-8 ж.ж.). «Пизондарға арнау» («Поэзия өнері») атты өлеңмен жазылған трактат. Шығармадан қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылық пен нанымдылыққа айрықша мән беру.
Орта ғасыр қайта өркендеу дәуірінің эстетикасы. Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августиннің (б.д.д.354-430ж.ж) абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинский (1225-1274). Әсемдіктің обьективтік сипатын мойындау. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт: 1) тұтастық, 2) үйлесім, 3) айқындық. Құдай-абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің ізі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. 6-9 ғасырлардағы орта түрік әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларында, 10-12 ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк», Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг», А.Яссауидің «Диуани хикматында» ұшырасатын жалпы адамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері. Әбунасыр әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлесі. Музыканың ұлы кітабы. Әуеннің үш түрі. Музыкалық қабілет. Дарын. Ұстаздық.
Сөз өнері жайында топшылаулардың туу тарихы сонау б.з.д.ҮІ ғасыр, Пифагор тұсынан бастау алады дейді зерттеушілер. Көркемдік танымның алғашқы желілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын, Ніл мен Нигер, Хуанхэ мен Янцызы, Үнді жағалауларында мекендеген халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болады.
Алғаш рет әдеби үлгілер дастандардың бізге жеткендері, олардың ішінде көркемдігі қуатты байырғы вавилон жұртының «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны, үнді халқының «Ригведа», «Махабхарата», «Рамаяна» жырлары тәрізді алғашқы әдеби ескерткіштерді атауға болады. Мәселен, қысқаша шолу жасасақ, «Махабхарата» - көркем шығарма 19 кітаптан тұрады. «Илиада» мен «Одиссея» сияқты көлемді дастанды қоса есептегенде 8 есе артық жолдардан тұратын дастан. Демек, әлемде алғаш, әдебиеттің бастауы үнді жерлерінен шыққан деген пайымдаулар жасаймыз.
Ал, грек жерінде әдебиет емес, соған жақын әдемілік, эстетика ұғымдары туралы ұғымдар Пифагор (б.з.б.ҮІ ғ) заманынан бері қарай қалыптасқанын аңғарамыз. Жалпы эстетика жайында пікір айтқан Гераклит, Сократ, Демокрит, Платон сияқты ірі философтардың пікірлері бізге жеткен. Ал, өнер туындысы жайында алғаш толымды пікір айтқан Аристотель (б.з.б. 384 – 322 ж.) «Поэтика» деген шығармасы философиялық – эстетикалық трактат. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, көркем шығарманың композициясы кеңінен сөз болады. Демек, Аристотель әдебиет оның ішінде поэзияны ерекше бағалап, оған кеңінен тоқталған алғашқы ойшылдардың бірі.
Орта Азияда әдебиет жайында топшылауларды алғаш рет ұлы ойшыл, ғұлама Әл – Фараби еңбегінен байқаймыз. Ол Аристотельден кейінгі ұстаз атанған. Ол тек ойшыл емес, математика, медицина, музыка, әдебиет ғылымдарын терең меңгерген. Әлем эстетикасына айтулы үлес болып қосылған «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымына кіріспе», «Музыка жайлы талдау» т.б. еңбектерін атауға болады. Әдебиетке байланысты «Поэзия өнерінің канондары туралы трактаты», «Поэзия өнері туралы», еңбектері өлең жайлы, ақындық турасында. Ол осы еңбектерінде поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. деп бөліп әрқайсысына анықтама береді. Әл – Фараби өлең жазатындарды үш топқа бөледі. 1 – дарындар, 2 –туғаннан соң жетілген, өлеңге ден қойған таланттар, 3 – тума қабілеті де, дарыны да жоқ, алғашқы екеуіне еліктеушілер. Әл – Фарабидің әдебиет туралы ойлары бүгінгі күнге дейін өз құнын жойған жоқ.
Батыс Европадағы ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі ілгері жаңалықтарға бастауы. Қоғам өміріндегі алғы шарттар. Адам тұлғасының асқақ орны. Ізгілік пафосы. Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы. Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы. Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсынуы. Үш бірлік туралы ереже. Әлемдік ұғымына уақыттан тыс мағына арту. Дидро мен Лессинг арқылы әдеби – көркем сынның өріс алуы. 18 ғасыр-әдебиет теориясының негізі қалану кезеңі. Лессингтің «Гамбург драматургиясы», «Лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның шек – жиегі» атты еңбектері.
И.Г.Гердердің (1744 – 1803) ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық. И.Кант (1724 - 1804). Табиғат әлемі мен адамзаттық (мәдениет, мораль) әлемі. Мәдениеттің ең жоғарғы көрінісі – эстетикалық көрініс.
Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар. Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны. Лиризм. Г.В.Гегель (1770 – 1831) – эстетикалық ойдың алыбы , ғылымдағы диалектикалық ойлау принцптерін қалыптастырушы. Абсолюттік идея теориясы. Идеяның ең биік асуы – абсолюттік рух. Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері. Шығармашылықтың ескіні қиратпай – ақ , жаңаны тудыруы. Антикалық өнерді ардақтау. Дүниеге тарихи көзқарас. Көркем шығарманы қарастырудағы тарихи және логикалық тәсілдердің бірлігі. Артур Шопенгауэр (1788 – 1860). «Өмір философиясы». Интеллектінің ерікке бағыныштылығы. Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу. Суреткердің қабылдау әсеріне билігі. Обьективті сұлулықтың субьектімен сабақтастығы. Музыканың ерекшелігі. Серен Кьеркегор (1813 – 1855). Қорқыныш философиясы. Құдайға баратын жол іздеу. Субьективтіліктің ақиқаттығы. Экзистенция. Ф.Ницше (1844 – 1900). Әлем және «құдіреттікке еріктілік».Мәдениет тілі. Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып, өзгерту. В.Дильтей (1833 – 1911). Герменевтикалық зерттеудің бастауы. О.Шпенглер (1880 – 1936). Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры. Мәдени полицентризм туралы. Европадағы ренессанстық (ояну) дәуірі әдебиетке үлкен жаңалықтар әкелді. Итальяда дарынды суретші Леонардо да Винчи (1452-1519), кемеңгер ақын Тассо (1544-1595), философ Джордано Бруно т.б. тұлғаларды атауға болады. Сол кездегі ойшыл Декарт «Ойлаймын екен, ендеше, тірі екенмін» дейді. Европа ойшылдары эстетика, яғни әдемілікке көңіл бөлді.
Буало деген ойшыл «Поэтикалық өнер» деген еңбегінде алдын ала пішілген үлгіден шықпауға шақырады. Ол әдебиетке өлшем қоя отырып (тек ақсүйектерге арналған) тек шындық қана қажет деді. Ал, француз материалисі Дени Дидро аристократияға ғана тән сұлулыққа қарсы шығып жалпы бұқараны жақтады. Әдебиетке, яғни ол кездегі эстетикаға реализм ұғымын енгізді. Классицизм эстетикасын қатаң сынға алған неміс ойшылы Готхольд Лессинг. Бұдан кейін эстетика турасында толымды ой қалдырған Гегельдің, Канттың пікірлерін атауға болады.
Дәрісті қорытындылау: Сөз өнері жайында топшылаулардың туу тарихы сонау б.з.д.ҮІ ғасыр, Пифагор тұсынан бастау алады дейді зерттеушілер. Көркемдік танымның алғашқы желілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын, Ніл мен Нигер, Хуанхэ мен Янцызы, Үнді жағалауларында мекендеген халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болады.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. И.Г.Гердердің ағартушылық эстетикасы
2. Артур Шопенгауэрдің «Өмір философиясы»
3. Поэзияның табиғатқа еліктеушілік қызметі.
4. Соңғы классика дәуірі және Аристотель
5. Әбунасыр әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлесі
6. Дидро мен Лессинг арқылы әдеби – көркем сынның өріс алуы.
7. Герменевтикалық зерттеудің бастауы
Әдебиеттер: Әдебиеттер:1-12,13,14,20,27,46,53,54,58.
№2Дәріс. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы.
Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздеріне шолу жасау. Қазақ тілін оқыт әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысын көрсету. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары туралы білім беру
Жоспар:
Халықшылдық эстетиканың тағлым, талаптары.
Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер.
Тарихи-мәдени мектеп.
Психологиялық мектеп
Салыстырмалы-тарихи (компоративизм) мектеп.
Халықшылдық эстетиканың тағлым, талаптары. Уақытқа диалектикалық көзқарас. Марксшілдік, кейіннен маркстік-лениндік деп аталған әдебиеттану мен өнертану қағидаларын, басым пафосына қарап, шартты түрде халықшылдық эстетика деп таңбалау. Маркстік, материалистік дүниетанымның адамзат дамуына елеулі рол атқарғанын біржақты жоққа шығармай, тарихи факт ретінде түсіну. А.Герцен, В.Белинскиий, Н.Чернышевский, Н.Добролюбов, Д.Писарев. Орыс революционер демократтарының ғылыми-сын мұрасы. Сонау Х ғасырдағы риторика мен поэтикаға тоқталатын болсақ, риторика - деген көне Грециядағы шешендік өнер туралы ғылым. Ресейде поэтиканың бір тармағы жөніндегі ілім.
Ресейдегі әдеби сыншылдық ойдың атасы Белинский (1811-1848) сөз өнерін, соның ішінде поэзияны барлық өнердің жоғарысы деп бағалайды. Белинскийдің сындары әдебиеттануға зор үлес қосты. Сонымен қатар Герцен, Чернышевскийлердің әдеби сындарын алуға болады. Герценнің ойынша суреткер өзі өмір сүріп отырған заманына терең бойлап, мезгілдің мұң – шерін тебірене толғағаны жөн. Әдебиет туралы Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, Л.Н.Толстойдың әдеби-эстетикалық еңбектерін атауға болады. Белинский «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу» деген еңбегін ерекше атауға болады. Басқа өнер түрлеріне тоқтала келе әдебиетші «Поэзия адамның еркін тілімен берілетіндіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан да өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар. Ол әр өнердегі жеке – жеке тәсілдердің бәрін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты дейді. Поэзияны Белинский эпикалық, лирикалық, драмалық поэзия » деп үшке бөледі.
Көркемдік ойдың дамуын қадағалаушы К.Г.Чернышевский суреткер өмірдің тек күнгей жағын емес, жан–жақты көрсете алуы керек дейді. Өмірді шыншылдықпен суреттеу сұлулыққа барар жол. Н.Л.Добролюбовтың эстетикалық еңбектерінде әдебиет пен өнердің халықтығы сөз болады. Суреткер жергілікті табиғат сұлулығын, халықтан естіген ұлағатты сөздерді ұтымды қолдана білу керек. ХІХ ғасырдағы эстетикасын сөз еткенде Л.Н.Толстойдың әдеби – эстетикалық ойларын ерекше атауға болады. Өнер туындысының негізгі қасиеті оның халықтығында деп білді. Л.Н.Толстой қанаушы тап пен төменгі халық арасындағы эстетикалық талғамдарға түсінік берді. Оның қағидасы «Өзіңіз суреттеп отырған адамдардың өмірімен өмір сүреміз». Оның айтуынша, суреткер өз ғасырының жоғары білімінің дәрежесінде болуы керек. В.Плеханов: әсемдіктің обьективті мәнін ашу. Оның адам тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму жолын қоғамдық сананың өсу жолымен тығыз қарастыру. А.В.Луначарский. «Жылжымалы эстетика» туралы. Формалистік, тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс.
Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа елдеріндегі капиталистік қарым-қатынастың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм (1785-1863) мен Вильгелм Гримм (1786-1859) қалаған мифологиялық мектеп. ХХ ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психологы К.Н.Юнгтің (1875-1961) адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасында реалды, қиялдағы символдық кабаттар.
Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі Ипполит Тэн (1828-1893). Әдебиет пен өнер мәселелерін жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен сараптауды ұсыну. Теодор Бенфей (1809 – 1881). Салыстырмалы-тарихи (компоративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет алмасу теориясы. А.Н.Веселовскийдің (1838-1906) көшпелі сюжет ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский, Н.Конрад. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель Руссо («Салыстырмалы әдебиеттану» ,1951), А.Дима («Салыстырмалы әдебиеттанудың принциптері», 1972»), Д.Дюришин («Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы», 1979), т.б.
Психологиялық мектеп және А.А.Потебня (1835-1891). Сана мен тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. Көркем туындыны қабылдау процесі. Анри Бергсон (1859-1941), Бенедетто Кроче (1866-1952) есімдерімен тығыз байланысты ағым – интуитивизм. Әр заттың дара қасиетін интуиция арқылы ғана ашу. ХХ ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд (1856-1939) енгізген жаңалық. «Психоанализге кіріспе», «Тотем мен табу», «Мен» және «Ол» еңбектері, сол сияқты Ф.Достоевский шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды өзгеше батыл тұғырнама.
Әдебиеттің халықтығы – көп мағыналы ұғым, яғни, 1) жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы: шығармашылық алмасу мен кәсіби әдебиеттің халықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, сарындарды мұра ету деңгейі; 2) көркем шығармадағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігінің (адекватность) өлшемі; 3) өнердің қалың бұқараға эстетикалық жән әлеуметтік тұрғыдан түсініктілігнің өлшемі. Тарихи дамуға орай өнердің суреттеу құралдары да, автор көздеген идеялық мұрат та өзгеріске ұшырайды. Сол себепті «әдебиеттің халықтығы» деген ұғымның аясы да өзгеріп отырады. Әдебиеттің халықтығының ең басты өлшемі – халық үшін ең маңызды да қажетті құбылыстар мен өзгерістерді бейнелеу. Әдебиеттің ұлы туындылары қай кезде де өз алдына халықты толғандырған сауалдарды қойып, қоғамдық өмір заңдылықтары ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отырған. Екінші өлшем – аталған дәуірдің ең озық идеалдарына негізделген өмірлік ақиқатты шынайы суреттеу. Алайда осы аталған екі өлшем әдебиеттің халықтығы ұғымын толығымен көрсетпейді. Себебі шығармада халық үшін маңызды да қажетті жағдайлар суреттеліп, сол дәуірдің ең озық идеалдарымен үндесіп жатуы мүмкін.Бірақ соның бәрі ешкімді қызықтырмайтын қарабайыр үлгіде баяндалуы да ықтимал. Демек, өнер туындысының халық игілігіне айналуында қаламгер шеберлігі орасан маңыз алмақ.
Дәрісті қорытындылау: Әдеби шығармашылықта қаламгер ұлылығы өмірдің маңызды құбылыстарын кеңінен қамти білуімен, оған тереңдей бойлауымен және бейнелеу қуатымен өлшенеді. Осы белгілер арқылы алдыңғы екеуімен тығыз байланысты үшінші өлшем шығады. Яғни, халықтықтың үшінші өлшемі қаламгер шеберлігі болып табылады.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
А.Н.Веселовскийдің көшпелі сюжет ілімі.
Сана мен тілдің байланысы.
ХХ ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына Зигмунд Фрейд енгізген жаңалық
Интуитивизм ағымы Формалистік, тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс
ХХ ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы.
Әдебиеттер: Әдебиеттер: 1-12,16,17,21,22,24,25,45,33,34,35,39,49.
2 модуль. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.
№3 Дәріс. Қазіргі әдебиет теориясы. Формализмнің теориялық ұстанымы. Структурализм эстетикасы. Тұрпайы социологизм ағымы.
Мақсаты:
Жоспар: : Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.
Формализм ағымы
Тұрпайы социологизм
Структурализм – формализмнің бір тармағы
Шетел әдебиеттануындағы антропологиялық теориялар
Орыс әдебиет тануындағы М.Бахтин еңбектері
Әдебиет пен өнерге қатысты синэнергетика жетістіктері
Семантика-символикалық сын.
Формализм – ХХ ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдардың бірі. 1920 жылдардағы орыс зерттеушілері құрған ғылыми ұйымның аты – ОПОЯЗ. Бұл бағыттың іргелі өкілдері: В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, Ю.Тынянов, Р.Якобсон, В.Томашевский. Тұрпайы социологизм. В.Фриче, В.Шулятников, В.Переверзев, т.б. Әлеуметтік ортаны, қоғам сипатын артық қою, тұрақталмаған әркелкі көзқарас.
Э.Кассирер (1874-1945). «Символикалық формалардың философиясы» атты зерттеуі. Дж.К.Рэнсомның 1941 жылы жарық көрген «Жаңа сын» еңбегі. Америка әдебиеттануындағы және Батыс елдеріндегі соны ғылыми мектептің қалыптасуы. Структурализм – формализмнің бір тармағы. Француз мәдениет танушылары Р.Барт, Кл.Леви – Стросстың 1950 жылдардан бергі ізденістері. Р.Барттың бәрінен бұрын мәтінге көңіл аударуы. Ю.Кристеваның лингвистикалық структурализм шеңберінен шығуы. «Роман тексі» (1970), «Поэтикалық тілдің революциясы» (1974) атты кітаптары. «Текст өнімділігі», «семиотикалық ырғақ» туралы. Шетел әдебиеттануындағы антропологиялық теориялар. А.Шопенгауэрдің өзгермес дүние туралы пікірлеріне сүйену. А.Кестлердің К.-Г.Юнгтің «архетип» терминін пайдалануы. Орыс әдебиет тануындағы М.Бахтин еңбектерінің философиялық, теориялық мәні. Ю.Лотманның «Поэтикалық тексті талдау», «Көркем текст құрылымы» атты кітаптары. Математикалық, статистикалық зерттеу тәсілдері.
Әдебиеттанудағы АҚШ-та серпін алып отырған семантика-символикалық сын. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы теориялар. Символдық формалардың дербестігі. Көркем шығарманың біртіндеп «тұйықталу» процесі. Табиғат, адам, қоғам қарым-қатынасы. Әдебиет пен өнерге қатысты синэнергетика жетістіктерін пайдалану (Г.Хакен, И.Пригожин, И.Стенгерс, И.Евин). «Тәртіп параметрі», «Тұрақтылық пен тұрақсыздық» ұстанымы. Құпия символы, апат, секірмелі сапалық өзгерістер, ырғақ пен синхрондылық, «керемет», «бедел» ұғымдары.
Дәрісті қорытындылау: Әдебиеттанудағы АҚШ-та серпін алып отырған семантика-символикалық сын. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы теориялар. Символдық формалардың дербестігі. Көркем шығарманың біртіндеп «тұйықталу» процесі. Табиғат, адам, қоғам қарым-қатынасы. Әдебиет пен өнерге қатысты синэнергетика жетістіктерін пайдалану (Г.Хакен, И.Пригожин, И.Стенгерс, И.Евин). «Тәртіп параметрі», «Тұрақтылық пен тұрақсыздық» ұстанымы. Құпия символы, апат, секірмелі сапалық өзгерістер, ырғақ пен синхрондылық, «керемет», «бедел» ұғымдары.
Негізгі тапсырмалар:
Формализм өкілдері
Ю.Кристеваның лингвистикалық структурализмі
Ю.Лотманның «Поэтикалық тексті талдау» атты еңбегінің маңызы
Көркем шығарманың біртіндеп «тұйықталу» процесі
«Тұрақтылық пен тұрақсыздық» ұстанымы.
Құпия символдар
Символдық формалардың дербестігі.
Әдебиеттер:1-12,13,18,21,25,38,39,48
№4 Дәріс. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.
Қазақ әдебиеттануындағы эстетика мен теория мәселелері. Фольклор және әсемдік.
Әдебиет теориясы туралы оқу құралдары.
Мақсаты:
Жоспар:
ХІХ ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар
Ы.Алтынсариннің ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі
ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдарындағы көркемдік эстеика
Ахмет Байтұсыновтың «Әдебиет тынытқышы»
Е.Смайыловтың, Қ.Жұмалиевтың «Әдебиет теориясы»
Қазақ әдебиеттануының әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары.
Салыстырмалы әдебиеттану.
Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. ХІХ ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Шоқан Уәлихановтың (1835-1865) «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. Ы.Алтынсариннің ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдаулар.
«Түркістан уәлаятының газеті» (1870-1882), «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902), «Қазақ» (1913-1918), «Алаш» (1916-1917), «Сарыарқа» (1917-1918) газеттерінде, «Айқап» журналында жарияланған әдеби нұсқалар мен мақалалардың әдеби-эстетикалық талап-тілектердің өсіп толысуы үшін атқарған ролі.
М.Жұмабаевтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер. Ахмет Байтұсыновтың «Әдебиет тынытқышы» (1926) – қазақ әдебиет тануындағы алғашқы теориялық кітап. 1920-30 жылдардағы әдеби сын. Зеттеу және айтыс-дау сарынындағы мақалалар. Пролеткультшілдер. Тұрпайы соцологизм. Ғ.Тоғжановтың Абай, Мағжан шығармашылығы жайлы кітаптарының мәні. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нүрпейісов, Т.Ахтанов сияқты көрнекті қаламгерлер айтқан ой-тұжырымдардың шығармашылық әлемімен тығыз байланысы. Е.Смайыловтың, Қ.Жұмалиевтың «Әдебиет теориясы» пәні бойынша дайындаған оқулықтарының «Әдебиеттану ғылымының негіздерін» танып-білудегі орны. З.Қабдоловтың әдебиет теориясын терең қамтып қарастаратын «Сөз өнері» атты жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттеріне арналған оқулығындағы жаңалықтар.
Дәрісті қорытындылау: Өлең құрылысы мен поэтикалық тіл табиғатын зерттейтін З.Ахметов еңбектері. Поэзия және проза, драма поэтикасын, жанрлар сырын сарапқа салатын зерттеулер. М.Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала зерттеулері. Лирика, поэма жанрларын таразылайтын С,Қирабаев, М.Базарбаев, М.Дүйсенов, Ә.Нәрімбетов, Қ.Мәшһүр-Жүсіпов еңбектеріндегі ой-толғамдар, ТКәкішевтің әдеби-сын, Р.Нұрғалиевтың драмадағы поэтика, мазмұн мен пішін байланысына орай жазылған кітаптарындағы, Р.Бердібаев, Ш.Елеукенов, Н.Ғабдуллин, Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, А.Жақсылықов сияқты ғалымдардың проза, роман болмысы жайлы еңбектеріндегі ғылыми-эстетикалық тұғырнама. Т.Қожакеевтың сатира жанрларына берген анықтама, талдаулары. Салыстырмалы әдебиеттану. Ш.Сәтбаев, ЛӘуезова, Н.Жуанышпеков, Б.Мамыраев, М.Маданова т.б. еңбектері. Коммуникативтік поэтика мәселелері.
Қазақ әдебиеттануының әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары. Салыстырмалы әдебиеттану.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Шоқан Уәлихановтың (1835-1865) «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы.
М.Жұмабаевтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары
Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер
1920-30 жылдардағы әдеби сын
Пролеткультшілдер. Тұрпайы соцологизм.
Поэтикалық тіл табиғатын зерттейтін З.Ахметов еңбектері.
Коммуникативтік поэтика мәселелері.
М.Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала зерттеулері.
Әдебиеттер: 1-12,16,22,24,30,44,45,47,48,50,57,58.
3 модуль Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.
№5 Дәріс. Әдебиет және эстетикалық категориялар.
Әсемдік және ажарлылық. Асқақтық сезім сипаты.
Қаһармандық туралы ұғым. Әдебиет және эстетикалық категориялар. Трагедиялық сезім мазмұны.
Мақсаты:
Жоспар:
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі.
Әдебиет және эстетикалық категориялар.
Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасы
Қаһармандықтың эстетикалық табиғаты.
Әдебиет пен өнердің обьективті сипаты.
Көркем шығармадағы ұлттық сипат
Қаламгер тұлғасының ерекшелігі.
Әдебиет пен өнердің танымдық мәні
Өнер түрінің пайда болуындағы сатылық даму. Табиғи тұрмыс-кәсіптік өмірдің алғышарт ретіндегі орны. Рулық қауым. Өнердің синкреттілік болмысы. Кәсіптік өзгешіліктердің уақыт алмасу үрдісімен сабақтастығы. Көне гректердегі Дионис туралы миф. Қоғамдық құрылымдағы ірілену. Құдайларға табыну. Көркем би, әуен, сөздік лириканың тууы. Көне түкі заманы. Отырықшылық пен көшпенділік. Көне жәдігерлер. «Түймекент», «Тас-Ақыр қамал» аңыздарындағы тарихи өзек. Соңғы палеолит, сақ-сармат (б.д.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ.) өнеріндегі қиялдың ролі, табиғатпен бірлікке ұмтылыс. Мал шаруашылығы. Аңшылық. Неолит заманындағы миф. Бұғы суретіндегі көне таным. Ай, күнге табыну. Аруаққа сыйыну, жоқтау өлеңдері. От-анаға табыну.
Әдебиет және эстетикалық категориялар. Әсемдік-эстетикалық қасиет ұғымының баламасы. Ажарлылық пен әсемдіктің айырмасы. Түр, көлем, түс, ырғақ, симметрия, үйлесім туралы сезімдердің тарихы. Әсемдік нысандары және қабылдау сезімдері. Әр дәуірдің, әр ғұламаның сұлулыққа байланысты өз ұғымдары. Әсемдік – объективті құбылыс. Өмірге эстетикалық көзқарас. Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасы. Қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі әсемдік талғам. Табиғат, жыл мезгілдері, көш суреті, қаһармандық. Тіршілік сәні, әрекет сұлулығы, ой әсемдігі Қаһармандықтың эстетикалық табиғаты. Әсерлілік. Отан, туған жерге сүйіспеншілік. Қозғаушы күш. Халықтық мүдде. Батырлар және қарапайым адамдардың ерлігі. Трагедиялық сезімнің терең қуаты. Туу және бейнелену түрлері.
Асқақтықтың қаһармандықпен байланысы. Келеңсіздіктің табиғи, әлеуметтік алғышарттары. Жағымсыз әсер және күлкі табы. Сұрқиялықтың эстетикалық болмысы. Ғылым және әдебиет. Әдебиеттің образдық табиғаты. Әсерлілік. Дүниені тану тәсілдері. Әдебиет пен басқа өнер түрлерінің байланысы және өзгешеліктері. Уақыт пен кеңістікті игерудегі әдебиет туындыларының артықшылығы. Шығармадағы көркемдік кеңістіктің композициялық амал-тәсілдері арқылы берілу ерекшелігі. Өмір құбылыстарын қамту тереңдігі мен қарымдылық. Абай және Пушкин өлеңдеріндегі тіршілік, табиғаттың мол тынысын дәл де әсерлі бедерлеу шеберлігі.
Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты. Әдебиет пен өнердің обьективті сипаты. Авторлық субъектінің қатысы. Социализм заманындағы көркем творчество. Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесінің тарихи, эстетикалық ролі. Көркем әдебиеттің объективті болмысындағы ұлттық және жалпыадамдық қасиеттер диалектикасы. Ұлттық пен жалпыхалықтықтың түбірлес табиғаты. Ұлт ұғымын құрайтын шарттар.Тілдік, антропологиялық, территориялық, экономикалық факторлар. Тұрмыс-салт, дағды-машық туралы. Ұлттық психика ерекшеліктері. Көркем шығармадағы ұлттық сипат. Тақырып, объект таңдау, эстетикалық талғамдағы тың өрнектер. Бейнелеу жүйесіндегі өмірмен сабақтас детальдар. Қаламгер тұлғасының ерекшелігі.
Дәрісті қорытындылау: Әдебиет пен өнердің танымдық мәні. «Тақырып» ұғымының екі түрлі мағынасы. В.Жирмунский мен Б.Томашевскийдің пікірлері. Тақырыптың үш түрлі бастауы. М.Гришманның көзқарасы. Мәңгілік тақырыптар. Тақырыптың антропологиялық аясы. Оның болмыстық қайнар көзі мен архитиптілік, мифопоэтикалық сипаттары. Автор категориясы. Оның өмірбаяндық тәжірибесі.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Көне гректердегі Дионис туралы миф.
Неолит заманындағы миф.
Аруаққа сыйыну, жоқтау өлеңдері. От-анаға табыну.
Трагедиялық сезімнің терең қуаты
Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесі
Ұлттық психика ерекшеліктері.
В.Жирмунский мен Б.Томашевскийдің пікірлері.
Автор категориясы
Тақырыптың антропологиялық аясы.
Әдебиеттер: 1-12,13,14,16,18,21,22,28,33,34,35,36,37,39,43,44,50,51,53,54.
№6 Дәріс. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.
Кейіпкер және көркем образ.Таңба және көркем образ.Қаһарман типтері.Архетип және образ.
Мақсаты:
Жоспар:
Кейіпкер және көркем образ.
Таңбалар қызметі
Образ және архетип
Шығарманы пайымдау
Коммуникативтік поэтиканың маңызы
Интуитивті тану және интерпретация
Шығарманы қабылдау.
Рецептивті эстетика.
Автор және шығарма.
Беллетристика аталымы
Таңбалар әлемі. Таңбалар қызметі. Таңбадағы мәні. Таңбалар жүйесі. Ф.де Соссюр. Сөз-таңба. Шартты таңба. Ч.Пирс және семиотика. Көркем образдың өзгермелілігі және көп мәнділігі. Жалпы және жекенің бірлігі. Эмоционалдық пен рационалдық. Объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі.
Образ және архетип. Сана және ырықсыздық туралы К.Юнгтің ілімі. Ырықсыздықтың адам психикасындағы объективті сипаты. Ұжымдық ырықсыздық. Архаикалық тәжірибе. Архетип және психиканың даралығы. Архетип түрлері. Сарын ұғымы. А.Веселовский, В.Пропп, Е.Мелетинский пікірлері. 19-20 ғ.романдарындағы инициация (шыңдалу) рәсімінің көріністері, мифтік желілер, образдық ой салыстырулары.
Шығарманы пайымдау. Коммуникативтік поэтиканың маңызы. Герменевтика – гуманитарлық ғылымдардың метеодологиялық негізі. Түсіну ұғымы. Сөз, өнер сөзі. Түсінудің кісіаралық сипаты. Интуитивті тану және интерпретация. Түсінудің шарттылығы. Интерпретацияның (зерделеу) таңдамалы және шығармашылық қуаты. Шығарманы қабылдау.
Оқырман және автор. Шығарманы зерделу. Оқырманның дербестілігі мен авторға тәуелділігі. Рецептивті эстетика. Оқырманның шығарма болмысына қатыстылығы. Оқырман бейнесі. Қиялдағы оқырман, адресат тұжырымдамасы. Әдеби сынның ролі. Бұқаралық оқырман. Әдеби классика. Бұқаралық әдебиеттің мағыналары. Беллетристика аталымы туралы. Эпигондықтың салдары.
Дәрісті қорытындылау:
Автор және шығарма. Автор мәртебесі: 1) реалды тұлға; 2) автор образы; 3) көркемдік қызмет субъектісі. Шығармашылық субъективтілік көріністері. Дара авторлық бастау және дәстүршілдік сана. Өнердегі артистизм, ойын элементтері. «Ойын» нәтижесі, рахат сезімі. Автордың жоғалуы немесе автор және скриптор. (Р.Барт)Оқырман белсенділігі.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Таңбалар жүйесі.
Архетип түрлері.
19-20 ғ.романдарындағы инициация
Оқырманның шығарма болмысына қатыстылығы.
Өнердегі артистизм, ойын элементтері
Автордың жоғалуы немесе автор және скриптор
Архетип және психиканың даралығы.
Сарын ұғымы.
Герменевтика – гуманитарлық ғылымдардың метеодологиялық негізі
Интерпретацияның (зерделеу) таңдамалы және шығармашылық қуаты
Әдебиеттер: 1-12,13,14,16,18,21,22,28,33,34,35,36,37,39,43,44,50,51,53,54.
№7 Дәріс. Көркем әдебиеттегі «образдылық» пен «көркем образ» мәселелері.
Образ түрлері.
Мақсаты:
Жоспар:
Дәрісті қорытындылау:
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Әдебиеттер:
№8 Дәріс. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.
Әлем және шығарма. Сюжет пен тартыс. Мәтін құрамыКомпозиция түрлері. Көркем сөз бен мәтін. Лингвистикалық поэтика мен стилистика. Мәтін және диалогтық қатынас. Сюжет элементтері.
Мақсаты:
Жоспар: Образ түрлері
Дәлдік және эмоция.
Деректік бейнелер
Көркем бейнеге тән типтендіру
Қиялдау.
Шарттылық пен шынайылық
Көрнекілік бейнелердің ғылым және көркем публицистикадағы орны.
Образ түрлері. Көрнекілік бейнелердің ғылым және көркем публицистикадағы орны. Дәлдік және эмоция. Деректік бейнелер. Көркем бейнеге тән типтендіру әдісі, өмір құбылыстарын қайта сомдау. Көркем образ және таңба. Қиялдау. Шарттылық пен шынайылық. Әдебиеттегі көркем бейнелердің заттық сипаттан адалығы немесе бейзаттығы. Сөздің бейнелік қызметі. Сөздік бейнелердің көзге көрінбеуі. Елес. Сезім. Қиял.
Образдың жасалу тәсілдеріне қарай оның түрлері де болады. Мектеп қабырғасында екі түрге ғана бөліп қарастырдық. Жағымды және жағымсыз образ. Кеңестік идеология тарапынан таптық әдебиет белең алып, көркем шығармалардағы образдар екіге бөлініп сомдалды.Логикалық жағынан алғанда бұл да шындыққа жанасымды. Белгілі бір образды біз ұнатамыз не ұнатпаймыз. Алайда бұл мектеп оқушыларына сай жалпылық, оңайырақ ұғым. Негізінде бір адамды (образды) жағымды немесе жағымсыз деп бөлуге болмайды. Мәселен, Құнанбай, Ұлпан, Есенай, Ақбілек, Мұқаш, Бекболат т.б.
Баяндау мен суреттеу. Баяндау шындықты хабарлап, ауызекі айтып жеткізу. Көбіне көлемді эпикалық шығармаларда кездеседі. “Шұғаның әке-шешесінің бір артық жері – 16-ға келгенше Шұғаны күйеуге бермеді. Осы күні байлар қызы шырылдап жерге түсісімен біреудің малын алады ғой…”Өлеңде: Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
Сендей адам табылмас ексем жерге.
Екінді мен ақшамның арасында
Асыққаннан тимейді өкшем жерге.
Ал суреттеу құбылысты жай баяндамай, оған қимыл бітіріп, әсерлендіріп көзге елестетеді. Сөзге сурет бітіреді.
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған
Бір жаңа ұқсатамын туған айды…
Мұнда сөз өрнегі, кестелі ойлар, құбылған, құлпырған суретті жасауға қызмет беріп тұр.
“Айнала дүние егіле, ағыл – тегіл жоспен уланып жатқанда, Абай бір алуан, түсініксіз күйге түсті. Онда үн жоқ, дыбыстап жылаған өксік, айғай да жоқ.Бір ауыз тырс етіп айтылған сөз де естілмеді. Тек қана бақырайып, шошынғандай шатынап ашылған көздерінен үнсіз жастар бұршақтай боп үзіліп-үзіліп, оқтын-оқтын тамып, төгіліп кетеді”. Көркем әдебиеттегі образ және образдылық, суреттеу детальдары.
Әдебиеттің ең басты мәселесі образ және образдылық. Көркем шығарма адам туралы болады. Мейлі ол басқа да жануарлар туралы болғанмен оның адамға қатысы, немесе ол (ит, не жылқы) адам ойы арқылы суреттеледі. Көз алдыңызға М.Әуезовтің «Көксерек» повесін келтіріңіз. Әңгіме арқауы қасқыр әлемі туралы болғанымен, алты күшікті бірдей көксеректің көзінше бауыздап қанішерлік істеген адамның қастандығынан басталмай ма әңгіме. Образ, яғни, адам образын жасау үшін жазушы ойдан шығару – яғни фантазияға жол береді. М.Әуезов Абайды, Әйгерімді, Тоғжанды, Құнанбайды т.б. Мұқанов Ботакөзді, Шоқанды т.б. қиялдың, фантазияның арқасында дүниеге әкеледі.
Образ дегеніміз әдебиеттегі адам бейнесі. Ал, образдылық суреттілік, яғни суретті сөз. Сөз өнерінің негізгі мақсаты әсемдік, әдемі сөзбен әсерлі ой беру. Қарапайым мысал: «Үсеннің сотқарлығы – Үсен күректей алақанымен Сәуленің уылжыған бетінен шарт еткізді». «Жел соғып тұр. Таңертеңнең бастаған желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр – Аңызғақ жел жолындағы күл–қоқырды ұшырып, ауыл ішін қара дауылға айналдырып барады».
Суретті сөз әдебиетті өмірден ажырата алады.
Мәселен: Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым–жырт, дел-сал ғып
Түн басады салбырап
Көріп отырғандарыңыздай таудағы түн суреті образдылыққа толы.
Прозада: Ол досының қолындағы пышақты жұлып алды – Ол ытырыла ұмтылып, өзіне қанталай түйілген досының қолындағы қарысып қалған қара пышақты қайыра бұрап жұлып түсті. Екінші сөйлемде динамика, адамның аласұрған сезім арпалыстары, ыза–кек, қатыгездік сияқты мәселелер образдылықпен бірге келіп тұр.
Яғни, образдылық, суретті сөз тек әдемілік қана емес, әсерлілік, адам – оқырман жүрегіне қабылдауына ерекше әсер береді. Ең тамаша көркем шығарманы оқығанда не қуанып, не жабырқауымыз, тіпті жылауымыз сондықтан. (Фильмдер де сол сияқты). Абай қысты әсерлі етіп суреттейді. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды. – Тірі адам бейнесі соншалықты әсерлі болғандықтан шынайы.
«Күнді уақыт қызартып, Көкжиектен асырса», бұл әрі нақты, әрі шартты образдылық. «Күлімсіреп аспан тұр, Жерге ойлантып әрнені» (Абай).
Образдылық поэзияның негізгі қорегі:
Қайыңдар, мамыр айы жасылданып.
Қыр төсі қызғалдақтан жатыр жанып.
Майысып, самал желмен тербеледі.
Тал–терек саусағына асыл тағып.
Әдемі сурет көз алдына келеді. Қимылдың, динамиканың әсемдік пен әсерліктің әдемі түрін Мағжанның «Толқын» өлеңінен көруге болады.
Толқыннан толқын туады
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад.
Күңіренісіп кеңеспен,
Жарысып жарға барысад.
Прозалық шығармаларда да образдылық бар. Бірақ мұнда образдылықтың әсемдігінен гөрі, әсерліліктің басты рөл атқарады. Қыз портреті төмендегідей суреттеледі.
«Ол осылай үнсіз жатты... Табиғат бар өнерін сарқа жұмсап, осы бейнені жасап біткен соң, бұл сулулықты ащырқанғандай қою түннің жасамықтай бір түйірін ойып алып, мәрмәр беттің сол жақ етегіне мең етіп жабыстыра қойыпты». («Қарғын» Д. Исабеков)
«Көрген жерден көзді арбап, көңілді қоса баурап әкететін ғажайып сурет – тағы да айтайын, - Әуезовтің өлшеусіз кең, керіле жарқыраған әжімсіз жарық маңдайы мен жалтыр төбеден тайғанай сусын барып самайға ұйлығып қалған – оң шекеде бір уыс, сол шекеде бір уыс шөкім-шөкім көкала бұлт тәрізді көк мамық шашы. («Менің Әуезовім». З.Қабдолов) 22-бет).
Су ақты, су сылдырап ақты дегендегі сылдырап сурет, мән беріп тұрған сияқты әрбір образды сөз орынды қолданылуы керек. Артық қолданылған немесе орынсыз қолданылған образды сөз көркем дүниенің сырын кетіреді. (Орынсыз таққан жылтырақ сияқты). «Сөз айттым әзіретәлі айдаһарсы,. Мұнда жоқ алтын иек сарала қыз» деген Абай сыны осыған саяды.
Образды сөзді жасаудың үш шарты бар. Ол - дәлдік, ықшамдылық, сұлулық. Егер осы үш қасиет бір образдылықтың шеңберінен табылса ол әдебиеттегі деталь болады. Деталь – бөлшек, яғни, бүтіннің орнына бөлшек қолдану. Әдебиеттегі деталь – аз сөзбен көп мағына беру. Өмірде мынандай мақал бар. «Теніздің қасиетін тамшысынан таниды».
Мысалы: О, ғажап, аудиторияға ұлылық кіріп келе жатыр. (Ұлылық – М. Әуезов). З. Қабдолов. «Менің Әуезвім»
«Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын». Қиқым - сол кездегі атқамінер болыс-бидің жиынтық бейнесін беріп тұрган сөз.
Деталь сөз ықшам болуы керек. Мысалы:
Білмеймін не боларың, қайран көлім,
Жарайды тең болмаса күн мен түнің,
Итиіп қарашекпен келіп қонса
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің. (М.Жұмабаев).
Бұл екі жолда бүкіл орыс отаршылдығы берілген. Бұл ықшамдылық Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романында «Ауылына келген кісіге баласынан бұрын итін мақтайтын Абыралы әулетінің ежелгі әдеті». Мұнда Абыралы әулетінің даңғаза, даңғойлығы бір ғана сөйлеммен беріліп тұр.
Сондай-ақ, детальдың басты бағалығы дәлдігінде. «Сары атанның арбасында іркілдеп жатқан екі үлкен шошқа жатты».
Образды белгілеудің бірнеше факторлары бар. Әдістік, тектік, тәсілдік.
Көркемдік әдіс тұрғысынан образ екі түрге романтикалық және реалистік.
Әдеби тек тарапынан эпикалық, лирикалық, драмалық
Жасалу тәсіл тұрғысынан юморлық, сатиралық, фонтастикалық, трагедиялық, геройлық
Романтикалық образ - ең көне образдардың бірі. Жай адамның қолынан келмейтін іс-әрекеттерге баратын адам қиялынан туған образдар. Ертегі, Аңыз, мифте кездеседі. Мысалы, Күн астындағы күнікей қыз, Ер Төстік, Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын ауыз әдебиетінен алынса, шығыстық үлгідегі дастаннан Баһарам, Күләндам, Зияда-Шаһмұрат т.б. Жазба әдебиетінде Абайдың Ескендірі, Шәкәрімнің Әділ-Мария, Мағжанның Қорқыт, С.Сейфулиннің Адағы (Көкшетау), Романтикалық образдар поэзиялық туындыларда көптеп кездеседі.
Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең шынайы, ең кең тараған түрі. Шынайы өмір суреттелген кез-келген шығармадағы образдардың барлығы реалистік образдарға жатады. Өмірдегі адамның шынайы бейнесі әдебиетке енеді. Реалистік образдың негізгі қасиеті шынайылығында. Абайдың: “Етімді шал сипаған құрт жесін деп” суға құлаған романтикалық бейнесі мен реалистік бейне Ақбілекті, Тоғжанды,Бақытсыз Жамалды салыстыруға болмайды. Құнанбай, Кәмшат, Оспан, Игілік, Ұлпан т.б. соншалық шынайы реалистік образдардың озық үлгілері. Реалистік образға қиял араласса оның күші кемиді. (Ботакөз, Асқар, Қайрош, Шербаков пен Мейрам (Қарағандыда)
Бүгінгі прозадағы Жасын мен Бағила (Д.Исабеков “Қарғын”), “Махаббат қызық мол жылдардағы” Меңтай мен Ербол, “Мөлдір махаббаттағы” Бүркіт пен Бәтес бүгінгі өмірдегі сіз бен біз.
Әдеби тек тарапынан образды эпикалық, лирикалық, драмалық деп үшке бөлеміз. Эпикалық образ - әдебиеттегі толық бейнеленетін (кескін-кейпі, жүріс-тұрысы) дараланған, жинақталған бейне. Прозалық шығармаларда, көлемді жыр-дастандардағы бейнелер. Құнанбай, Сұлушаш, Қоы Көрпеш, Бүркіт пен Бәтес т.б. Автор бұл образды оқырманға толық таныстырады. Эпикалық образдар кең құлашты баяндаулар мен суреттеулерге құрылады. Тек оның өзі ғана емес өскен ортасы, жақын-туысы, оған қатысты басқа да дүниелер суреттеледі.
Лирикалық образ – лирикалық өлең жолдарында кездесетін, бір ғана сәттік бейне. Лирикалық образға ақынның өзі де жатады. Оны лирикалық қаһарман дейді. Ол образдарда ақынның көңіл күйі, сезімі басты орын алады. Мол суреттер мен баяндаулар, іс-әрекет, бедер-бейне көріне бермейді. Мысалы: Мағжанның “Сүйемін” өлеңіндегі:
Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп
Көрше ауыр күрсінер
Менің бір қарт анам бар
Неге екенін білмеймін,
Сол анамды сүйемін!
Мұнда ана образы және ақырғы сөйлемде лирикалық қаһарман бейнесі көрінеді.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?-деп басталатын өлеңде лирикалық қаһарман бейнесі ашылады. Абайдың “Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай” өлеңіндегі ықтырмамен отырған бай, “Жаздыгүні шілде болғанда” өлеңдегі Бұрала басып үй тіккен қыз-келіншек, аядаған бай бейнелері бір ғана сәттік лирикалық образдар.
Б.Майлиннің қарапайым, еңбексүйгіштік қоңырқай бейнесін “Мырқымбай”, “Кедейге” т.б.
Қ.Аманжолов отты өлеңдер жазса, Ғ.Орманов ұстамды, момын сезімтал өлеңдерімен оқырманын баурайды. Мысалы: Мағжанның “Қысқы жолда” өлеңі мен Абайдың “Қыс” өлеңін салыстырса екі ақындағы лирикалық қаһарман табиғатты екі түрлі көреді. Немесе, Абайдың “Жаздыгүні шілде болғанда” деген жайдарлы жазы мен Мағжанның тылсымға толы, жабырқаңқы “Жазғы жолда” деген өлеңдерін салыстырғанда біршама айырмашылықты, әр ақынға тән ерекшеліктерді аңғаруға болады.
Юморлық образ – күлкілі кейіпкер.
Эстетикалық комедиялық категориясындағы юмордың, сатираның, иронияның, сарказмның, гротескінің әрқайсысындағы күлкінің сипаты әртүрлі.
Юмор – ең зиянсыз, әзіл түрдегі жеңіл күлкі. Әзіл келемежге айналса – ирония, келеміж мысқылға айналып, сын үдей түссе – сорказм.
Ауыз әдебиетіндегі Қожанасыр, Б.Майлиндегі Мырқымбай, Б.Соқбақбаевтағы Қожа, Абай жолындағы бала - Оспан барлығы да юморлық образдардың асыл үлгілері. Юмор бар жерде үнемі сын да бар деуге болмайды.
Ғ.Мүсіреповтың “Ақан сері – Ақтоқтысындағы” Қоңқай бейнесі. Қазақ солдатындағы Қайроштың балалық шағы.
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Келеңсіз, жөнсіз істер әшкереленеді. Абайдың “Болыс болдым, мінекей” өлеңіндегі Күлембай, “Бұралып тұрып, буыны құрып” өлеңіндегі Көкбай ащы мысқылмен шенеледі.
Сатиралық образ жасаудың тәсілдері әр түрлі. Солардың бірі – Ирония. Адамның мінін білдірмей астармен пернелеп сынау, кекету. Абайдың Крыловтан аударған “Қарға мен түлкі”
Мүсіреповтың келесі бір туындысында: “Ақан әуелі бір тон, оның сыртынан бір күпі, оның сыртынан бір шекпен киіп, бәрінің төбесінен сеңсең тымақпен бір бастырып, белін қайыс белбеумен сірестіріп тұрып тартады да қорбаңдап күзетке жөнеледі. Тек жалғыз бір кішкене қауіп, жазатайым болып, Ақан тойып жығылса, өз бетімен орнынан тұрып келуі екі талай еді”-, деген жолдарда юмор мен жеңіл ирония бар.
Иронияның жоғарғы сатысы – сарказм. Ол ызалы, зілді кекесін. Масқаралау – Абайдың өлеңдеріндегі мысалдар.
Гротеск – сатираның бір түрі. Көріністі ақылға сыйымсыз, шындыққа жоласымсыз етіп беру. Батырлар жырындағы Ұлтан бейнесі.
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей.
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман . Фантастикалық шығармалардағы адам қиялынан туған образдың барлығы фонтастикалық образға жатады. Мифтік шығармалардан бастау алады. Грек құдайларының бейнесі. Трагедиялық образдар. Ақ пен қара, адамгершілік пен жауыздық арасындағы бітіспес күрестен туындайтын образдар,қайғылы қаһарман. Юмор мен сатираға қарама-қарсы дүние. Трагедиялық образдың өмірі көбіне қайғылы өліммен аяқталып отырады. Трагедиялық қаһарман халық арманынан, күресінде құрбан болған биік тұлғалар. Қозы мен Баян, Қыз Жібек, Бақытсыз Жамал, Қамар сұлу, Көркемтай, Көксеректегі Құрмаш т.б.
Геройлық образ – ұнамды бейне. Жақсы қасиеттерді бойына жинақтаған типтік бейне. Ерте заманның Ахилес пен Прометейі. Әуезовтің – Абайы, Мұқановтың Ботакөз бен Асқары, Мүсіреповтің – Қайрошы т.б. геройлық образдар. Өрлік, ерлік, қаһармандық – геройлық образдың негізгі қасиеттері.
Лирикалық образ – Лирикалық қаһарман. Лирикадағы образ сырты тұлғасы кең, ауқымды суреттелмегенімен, онда өзіндік өсу, мінез, тартыс бәрі де болады. Лирикалық образдың ішіндегі негізгісі – лирикалық қаһарман, яғни өлеңдегі ақынның өзі, лирикалық “мен”. Сонымен қатар, әр адамның екінші жақтағы образдары солардың мінез ерекшеліктеріне қарай әр-түрлі. Мәселен, Б.Майлиннің образдары қарапайым болса, С.Сейфуллиннің “мені” мен образдары өршіл, белсенді, Қ.Аманжоловтікі өжет, отты, жарқын болса, Ғ.Ормановтың қаһармандары өз сезімін айғайлап айтудан гөрі қымсына сездіруді ұнататын ұстамды, тұйық болып келеді. Сәтті образдар қай-қай кезде де адам есінде тұрақты сақталып қалады. (Мырқымбай т.б.)
Ей, тәкәппар дүние, Маған да бір қарашы,
Танисың ба сен мені? Мен қазақтың баласы.
Образға айналған – дүние, жай дүние емес – тәкәппар лирикалық қаһарман – ақын, қазақтың баласы, дүниеге мойын бұрғызған кеудесі биік.
Төрт ауыз сөзден-ақ ақын мінезі айқындалып отырады.
Ақынның ала құйын мінезі бар,
Жалының желі жоқтар қайтып ұғар.
Тыныштықта тәлтіректеп жүргендер көп,
Дауылша соқсам егер қаңбақша ығар. (Қ.Аманжолов).
Әдемі баламалар немесе асқақ сөз сұңқар, тұлпар, жұлдыз, күн, қанжар сияқты символдық сипаттарды тізіп, әсем сурет жасап, аспанға ұшу, яғни, романтикаға берілу әдемі өлең жасамайды. Әдемі өлең – дәлдікте, нақтылықта, ықшамдылықта.