Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Дата26.06.2018
өлшемі11,3 Mb.
#45158
  • Ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың
  • лирикалық шығармалары бойынша
  • поэзиялық кешінің жобасы
  • Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне салынған қылқалам туындыларымен таныстыру.
  • Ақын өлеңдері арқылы халқына,
  • тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
  • 1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
  •  Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына
  • қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан
  • құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.
  • Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
  • 2-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын.
  • Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия
  • дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын
  • ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
  • 1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның
  • шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды
  • кешімізді бастаймыз.
  • 2-жүргізуші: Поэзия!
  • Менімен егіз бе едің?
  • Мен сені, сезесің бе, неге іздедім,
  • Алауыртқан таңдардан сені іздедім,- деп өзі жырлаған Тәңіртаудың биік
  • шоқтығындай болған Мұқағали аға! Жатқан жерінен, туған
  • топырағынан тұрып бір сәт болса да орал, арамызда бол!
  • /Сахнада Мұқағали кейпіндегі оқушы шығады.
  • «Арыз жазып кетейін» өлеңі оқылады/
  • ТОЙЛАНБАСА ТОЙЛАНБАСЫН НЕ ЕТЕЙІН, ТОЙ КӨРМЕЙ-АҚ, СЫЙ КӨРМЕЙ-АҚ ӨТЕЙІН. ҚАЛАМЫМДЫ БЕРШІ МАҒАН, БӘЙБІШЕ, БОЛАШАҚҚА АРЫЗ ЖАЗЫП КЕТЕЙІН!
  • 1-жүргізуші: Иә, ақын мұңы бізге жетті. Оның тілегін орындау –
  • Біздің парызымыз. Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда
  • шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали
  • ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз.
  • Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан
  • дерек тыңдап көрейік.
  • /Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаевтың
  • өмір жолы баяндалады./
  • Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
  • Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл.
  • Ақынның жас кезі
  • Мұқағали
  • отбасымен бірге
  • www.ZHARAR.com

Отбасымен бірге түскен суреті

  • Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік
  • Мұқағалидың Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі
  • Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы
  • Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге
  • Ақынның жары Лашын, қызы Алмагүл, ұлы Айбар
  • www.ZHARAR.com
  • Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында

Мұқағали қазақтың басына қонған бақ еді...

Мұқағали Мақатаев мұрағатынан

  • Ақынның туған
  • ауылы
  • -Қарасаз өңірі
  • www.ZHARAR.com

30-дан асып барамын…

  • №140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы
  • Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу салтанатында
  • Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай
  • Аққулар ұйықтағанда
  • 1-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?
  • 2-жүргізуші: Ақ ұлпа жерді жапқанда,
  • Ағаштар сырға таққанда.
  • Бозарып атқан ақ таңда,
  • Бозарып тұрып ақпанда
  • Есіңе мені алғасың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік.
  • Ән: «Есіңе мені алғайсың »
  • 1-жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.
  • 2-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
  • Аңызыма неге нәр тамызбайын.
  • Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
  • Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ақын өлеңдеріне берейік.
  • /Ақын өлеңдерінен құралған әдеби монтаж /
  • 1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев ақынның ауылы Қарасазға Мұқағалимен бірге демалуға барады. Екеуі жайлау төрінде отырады. Неге мына жасыл жайлау туралы ән шырқамасқа. Нағыз Саржайлау дегеніміз мына жатқан Шалкөденің кең төсі емес пе?-деп таңқалған. Содан ағамыз лезде «Саржайлауға» арнап, егілдіріп, төгілдіріп, құлпыртып өлең жазды. Сөйтіп «Саржайлау» әні өмірге келді.
  • Ән: «Саржайлау» /Хор/
  • 2-жүргізуші: Кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын.Қарасазға деген ақын махаббаттын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді.
  • / «Қарасаз» өлеңі оқылады/
  • 1-жүргізуші: Ән салып бер,
  • Әніңмен жан сал маған.
  • Жаңғырығып жасыл тау жөнесін бір
  • Жатсын ұлып жапанда дел-сал далам.
  • Ән: «Көнеміз ғой»
  • 2-жүргізуші: Мұқағали –адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
  • / «Махаббат диалогы», «Ғашықпын»/
  • 1-жүргізуші: Ән сал жаным,
  • Әніңмен тербет мені.
  • Бір сәтке
  • Тынсын тірлік жер-көктегі – деп ақын жырлағандай кезекті әнге берейік.
  • Ән: «Мен деп ойла»
  • 1-жүргізуші: Ана- өмір сыйлаушы, бала бағбаны. Ару-асыл жырлау, ер-азамат тағдырының иегерлері, тәрбиесіші. Ал, бала ата-анасының өмірінің жалғасы. Оларға деген махаббат «Сүйіспеншілік сезімі-жырдың алтын арқауы»
  • Ән: «Сен көріктісің »
  • 1-жүргізуші: Өміріміздің асыл қазынамыз ортамыздан қатары сиреп бара жатқан қариялар. Ақын әкесінің құрдастарына да көп жыр арнаған.
  • / «Мен қарапайым қарттарды сүйемін»./
  • 2-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, кезекті әнге жолдайық.
  • Ән: « Наурыз айы туғанда ».
  • 1-жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кейде өмірден безініп, ол да өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез- келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Ақын ағамыз қазақтың ақын қызына арнап өлең шығады.
  • / «Фаризаға» өлеңі оқылады./
  • 2-жүргізуші: Өлең барда шырқатып мен жазамын,
  • Мен қызымын мына кең бай даламның
  • Мұқағали секілді бәйтеректі
  • Алып кеткен ажалға таң қаламын.
  • Аудандық «Мұқағали» оқуларына қатысушы Самет Назымның өзінің төл туындысын оқиды.
  • /Мектебіміздің жас ақындары М.Мақатаевқа арнау өлеңдерін оқиды. /
  • 1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
  • Әр әні толы ғой армандарға
  • Шерте білген мұңдарын жас қайынға
  • Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
  • Ән: « Күрең күз ».
  • 2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңдар деп ойлаймыз.
  • 1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
  • 2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
  • 1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.
  • 2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.
  • Назар аударғандарыңызға көп рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет