Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне салынған қылқалам туындыларымен таныстыру.
Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу салтанатында
Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай
Аққулар ұйықтағанда
1-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?
2-жүргізуші: Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғасың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік.
Ән: «Есіңе мені алғайсың »
1-жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.
2-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ақын өлеңдеріне берейік.
/Ақын өлеңдерінен құралған әдеби монтаж /
1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев ақынның ауылы Қарасазға Мұқағалимен бірге демалуға барады. Екеуі жайлау төрінде отырады. Неге мына жасыл жайлау туралы ән шырқамасқа. Нағыз Саржайлау дегеніміз мына жатқан Шалкөденің кең төсі емес пе?-деп таңқалған. Содан ағамыз лезде «Саржайлауға» арнап, егілдіріп, төгілдіріп, құлпыртып өлең жазды. Сөйтіп «Саржайлау» әні өмірге келді.
Ән: «Саржайлау» /Хор/
2-жүргізуші: Кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын.Қарасазға деген ақын махаббаттын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді.
2-жүргізуші: Мұқағали –адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
/ «Махаббат диалогы», «Ғашықпын»/
1-жүргізуші: Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке
Тынсын тірлік жер-көктегі – деп ақын жырлағандай кезекті әнге берейік.
Ән: «Мен деп ойла»
1-жүргізуші: Ана- өмір сыйлаушы, бала бағбаны. Ару-асыл жырлау, ер-азамат тағдырының иегерлері, тәрбиесіші. Ал, бала ата-анасының өмірінің жалғасы. Оларға деген махаббат «Сүйіспеншілік сезімі-жырдың алтын арқауы»
Ән: «Сен көріктісің »
1-жүргізуші: Өміріміздің асыл қазынамыз ортамыздан қатары сиреп бара жатқан қариялар. Ақын әкесінің құрдастарына да көп жыр арнаған.
/ «Мен қарапайым қарттарды сүйемін»./
2-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, кезекті әнге жолдайық.
Ән: « Наурыз айы туғанда ».
1-жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кейде өмірден безініп, ол да өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез- келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Ақын ағамыз қазақтың ақын қызына арнап өлең шығады.
/ «Фаризаға» өлеңі оқылады./
2-жүргізуші: Өлең барда шырқатып мен жазамын,
Мен қызымын мына кең бай даламның
Мұқағали секілді бәйтеректі
Алып кеткен ажалға таң қаламын.
Аудандық «Мұқағали» оқуларына қатысушы Самет Назымның өзінің төл туындысын оқиды.
/Мектебіміздің жас ақындары М.Мақатаевқа арнау өлеңдерін оқиды. /
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңдар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!