Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында bilimland ресурстарын қолдану сағынған Назерке Берікқызы



Дата08.02.2020
өлшемі0,62 Mb.
#57437
Байланысты:
Жаңа технологиялар Сагинган Назерке
Информатика әдістемелік нұсқау, sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА BILIMLAND

РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ
Сағынған Назерке Берікқызы,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы





  1. Мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Bilimland ресурстарын пайдаланудың тиімділіктері туралы айтылған.

  2. В статье говорится об эффективностях использования ресурсов Bilimland во время уроков казахского языка и литературы.

  3. This article is about the effectiveness of using Bilimland’s resources at the Kazakh language and literature lessons.

Қазіргі білім беру жүйесі заман талабына сай ізденімпаздықпен, шығармашылықпен жұмыстанатын кәсіби білікті маманды, шебер ұстазды қажет етеді. Сондықтан мен де үнемі өз кәсіби біліктілігімді жетілдіру мақсатында шығармашылық ізденіс үстінде жүремін.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі. [1.б.12]

Сондай-ақ қазақ тілін оқытуда окушыларға тиянақты, сапалы да, саналы білім беру — мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады. Яғни, әдісті жақсы ұйымдастыру — мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мысалы, әңгіменің нәтижелі болуы — сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып, жауап бере алмайды. Оқушы қиналған кезде жетелеп, сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін көрсетеді. [2.б.7]

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивті тақтамен жабдықталуда. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, азаматтық және рухани келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды.

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Пәндерді оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен студент қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттері мен ізденушілігіне байланысты.

Ақпараттық технологияны оқыту үдерісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз. Оны көрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз. Бұл – бейнеконференциялар, колледждер арасында бірлескен сабақтар өткізу үшін қолданылатын ерекше жүйе. Сонымен қатар, пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады.

Сабақ үстінде студенттің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) баланың сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Студент оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым - қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой-өрісін кеңейту, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. [3.б.15]

Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой - өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты, технологияларды ұтымды қолдану үшін кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін үнемі дамытып отыруды талап етеді. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді.

Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру. [4.б.18]

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш бағытының артықшылығын қарастырайық.



1. Презентациялар, демонстрацияларды сабақтарда қолдану.

Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға болады.



2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы.

Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып, білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу, белсенділік танытып, тапсырмаларды ұқыпты орындаған студенттің ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.



3. Уақыт ұтымдылығы.

Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдану арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады.

Сабақтың тиімді жағының бірі – ол заман талабына сай сабақты BilimLand ресурстарын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып жүргізу.  BilimLand – орта білім беру мектептеріне, колледж студенттеріне арналған электронды ресурстардың ірі кешені, электронды оқыту нарығындағы әлемдік көшбасшылардың жетістіктеріне негізделген білім беруші көптілді, әмбебап платформа. Бұл білім беру порталында әр түрлі пәндер бойынша 100 мыңдаған мультимедиялық сабақтар мен аудио, видеонұсқаулықтар бар. BilimLand – бұл сабақ беру барысында заманауи мұғалімнің қолындағы қосымша құрал, балаңызды оқытудағы жеке интерактивті көмекші. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларына, колледж студенттеріне әр түрлі пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды оңай және жеңіл түсінуге, ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыруға көмектеседі. BilimLand оқу материалдары -  ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында кез келген құрылғыда қолжетімді. BilimLand – баршаға қолжетімді сапалы білім беретін электронды ресурстардың ірі кешені.

Сондықтан әр сабақты қызықты етіп ойластырып, BilimLand ресурстарын қолданып өткізуді жоспарлаймын. Мысалы, қазақ әдебиеті пәні бойынша ақын-жазушылардың өмірі және шығармашылығымен танысқанда, сондай-ақ өлеңдері мен  әр түрлі жанрда жазылған шығармаларын өткенде, видео мен аудионұсқаулықтарын тыңдатып, осы тыңдалым бойынша берілген әртүрлі тапсырмалар мен тест сұрақтарын орындатамын. Бұл тіл үйренушінің жаңа тақырыптарды оңай және жеңіл түсініп,  тез меңгеруіне көмегін тигізеді деп ойлаймын, әрі студенттерді жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мол және білім беру аясын кеңейтеді. Компьютерді сабақтың түрлі кезеңінде қолдану сабақты тиімді етеді. Мысалы, компьютер арқылы жұптастыру, топтастыру, дұрыс-бұрыс, ой қозғау, стопкадр, сұрақ-жауап, сәйкестендіру, т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі.

Мысалы: қазақ әдебиеті сабағында Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романын өткенде, http://www.bilimland.kz/ сайтынан Міржақып Дулатұлының шығармашылығы туралы және «Бақытсыз Жамал» романының аудионұсқасын (http://bilimland.kz/kk/home#lesson=16020) тыңдайды. Сол аудионұсқасы бойынша  тапсырмалар орындайды.













Тест. Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыз.
Тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады. Тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілеңіз.
Тестілеудің нәтижесін «Қорытынды беттен» көре аласыз.

Студенттер өз беттерімен поэманың аудионұсқасымен танысады,  түсінеді, тапсырмаларды орындайды. Содан соң тапсырмалар мен тест жауаптарын берілген жауаптар арқылы өздері тексеріп, мынадай кестені толтырады:



тақырыбы

дұрыс жауаптар саны

сіздің дұрыс жауабыңыз

қателесу саны

1-тапсырма

1

 

 

2-тапсырма

1

 

 

3-тапсырма

3

 

 

Тест

10

 

 

Бұл кестеден өзінің дұрыс жауаптар санын және қанша рет қателескенін көруге болады.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы студенттердің таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыра аламыз. Оқыту процесінің нәтижелі болуы студенттің сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, баланың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану студенттің білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Сондықтан мұғалім сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2014ж. 3.Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж.4.Орта білім берудің мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы. Астана қ.

3.12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт  жобасы.



4.«Қазақ тілі: әдістеме» журналы. №6,2007ж.7бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет