Кәсіби қазақ тілі 09.04.2020ж
Пісірілген және бөктірілген тағамдар
Сабақтың мақсаты:
Аспаз туралы оқушыларға толық мәлімет беру, 1,2 жақта етістіктерді дұрыс қолдана білуді, сұрақты дұрыс қоя білуді үйрету.
Мамандық тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сауатты жаза білуге дағдыландыру.
Аспаз мамандығының ерекшелігіне назар аударып, асты қадірлей білуге баулу.
Кіріспе:
Аспаз мамандығы адам өмірінде жайлы жағдай тудырудың ең маңыздысы болып саналады. Аспаз өнері адамға өзінің денсаулығын нығайтуға, кейбір өнімдердің дәмдік сапасымен рақаттануға көмектеседі. Дұрыс әзірленген тамақ – адамның жақсы көңіл-күйінің кепілдігі, өйткені тамақ адамның дене құрылымына барады, оны қуатпен және қажетті нәрлі заттармен жабдықтайды. Аспаз мамандығы қандайда болмасын салада жұмыс істейді. Тамақты жақсы дайындайтын маман барлық жерде қажет: перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы офис пен сәулетті мейманханада.
V. Жаңа сабақ.
1.Сөздікпен жұмыс.
Тамақ-пища
Пісіреді-варит
Қуырады-жарит
Асықпай - не спеша
Тоқаш – булочка
Тұшпара - пельмени
Бұқтырылған көкөністер кесегі бірдей формалы және бірдей мөлшерлі болуы керек. Консистенциясы – жұмсақ, шырынды, ал орамжапырағы серпімді болуы мүмкін.
Дәмі – көкөністікі, қайсысынан әзірленсе соның дәмі болады. Бұқтырылған орамжапырақ үшін – қышқылтым – тәтті. Түсі – ашықтан күңгірт-шие түсті. Көкөніс турау формасы сақталған, бір бөлігі артық пісірілген. Картопты тағам ретінде тұтынушығы беруге болады.
Ыстықты қақталған көкөністер – олардың сыртқы түрі мен дәмі, қоректілік бағалылығы (с витамині бұзылады) нашарлап кететіндіктен ыстық күйде ұзақ сақтауға болмайды. Құрғатылған, піскен картоп пен пюресін мармитте 2 сағаттан артық емес уақыт сақтайды. Түсті орамжапырақты, қояншөпті, жүгеріні пісірілген ыстық суында 30 минуттан артық емес уақыт сақтайды. Ұзақ уақыт сақтау үшін оларды салқындатады және піспе суынсыз тоңазытқышта сақтайды. Пайдалануына қарай (қажетіне қарай) піспе суында қыздырып береді. Тұздықтағы не майдағы көкөністерді қақпағы жабылған ыдыста 2 сағаттан артық емес уақыт сақтайды. Егер ұзақ уақыт сақтау керек болса, онда көкөністерді піспе суынан алып, салұындатып, тоңазытқышта сақтайды. Сосын тұздықпен не піспе суымен қосып қайнатады. Көп мөлшердегі майда қуырылған көкөністерді, мұздатылған күйде күн ұзағына сақтауға болады. Бұқтырылған, қақталған көкөніс өнімдерін және саңырауқұлақ тағамдарын ыстық күйінде 2 сағаттан артық емес ыстықтай сақтайды.
1-тапсырма. Тілек, алғыс сөздерді оқып, қайсысын кімдер және қандай кезде қолданылатынын анықтаңыздар. Бес-алтауын негізге ала отырып сөйлем құрастырыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар!
1. Бауы берік болсын! 2. Шаңырағы биік, босағасы берік болсын! 3. Қадамы құтты болсын! 4. Бағы жансын! 5. Айы оңынан тусын! 6. Алла разы болсын! 7. Тәңір жарылқасын! 8. Мерейі үстем болсын! 9. Мұратына жетсін! 10. Екі дүниенің қызығын көрсін! 11. Көсегең көгерсін! 12. Нұр жаусын! 13. Өркені өссін! 14. Бақытты болсын! 15. Періштелер жебесін! 16. Қатарының алды болсын! 17. Жұлдызы жансын! 18. Жұлдызы жоғары болсын! 19. Уайымы тамақ болсын! 20. Бақ-дәулет кетпесін!
Тапсырма.
«Мамандықты жасыр»
Қай мамандық жайлы айтылғанын табыңыздар!
Ең ақшасы көп ...................
Ең жасыл ............................
Ең тәтті ...............................
Ең күлкілі ...........................
Ең жауапты ........................
Ең салмақты .......................
Ең қарым-қатынасы күшті ...............
Қорытынды:
«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» К. Д. Ушинский.
Үй тапсырмасы. Ереже жаттау.
Бағалау. Сабаққа белсенділік танытқан білім алушыларды бағалау.
Рефлексия: Инсерт әдісі.
Не білдім?
|
Не үйрендім?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |