Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымына арналған жинағЫ


Ақылды болсаң, неге кедейсің?



бет15/17
Дата08.12.2016
өлшемі3,72 Mb.
#3462
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

22.Ақылды болсаң, неге кедейсің?

Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.

Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуіндей-ақ, осы мәселені тек әзіл ретінде қабылдағанымыз аздық етеді. Кедейлікте өмір сүргендердің көбі тағдырдың тарантасымен жүруді ең дұрыс шешім деп қабылдайтын көрінеді. Олардың ойынша, қанша қарекет қылғаныңызбен, қолдан келер дәрмен жоқ. Айта көрмеңіз! Егер адам өз өміріндегі оқиғаларға үшінші жақтан көрермен ретінде қараса, әрине дәл осы жағдай болмақ. Тіпті күрес жолына белсенді түрде шықсаңыз да, қиындық пен сәтсіздіктерге кезіккен сайын кері кету ойы да үдей түспек. Сонымен, мықты делінгендер ғана бұл сынақта үстем бола алады. Бай болуға деген қандай да бір әрекетке барсаңыз, біреу тоныңызды алып қалмайтынын да ұғу керек-ау, қалай қарайсыз?

Біреулер баюды қаңылтыр темірге тиын жинаудан бастайды. Бұл әдіс жоғарыда келтірілген шопанның ісі. Тағы да бір айтатынымыз, әрекетке бару алдындағы жағдайда кедей қиындықтарды ғана ойлап, қорқынышын үдетеді. Мұның қате екенін «Ой деректене түседі» («Мысли материализируются») деген аксиома дәлелдеп берсін.

Ал, «көп сөз – көмір», ақыл айту оңай-ау, одан да бақуаттылардың дүниетанымын тізейік.

«Бір ғана кеңесті естен шығармаңыздаршы: Қазір жұмыс жасайтын емес, өзіңіз жұмыс жасағыңыз келетін қызметке сай киіну керек». Дональд Трамп

«Егер қиын жұмыс болса, мен оны тек жалқау адамға тапсырамын. Ол бәрібір де бұл жұмыстың оңай шешімін тауып алады». Уолтер Крайслер

«Тырыса беру керек, төзіммен тырысу керек. Бұл дарыннан да жақсы қасиет. Жолы болмаған дарындар жетерлік. Бұл білімділіктен де жақсы қасиет. Бұл әлемде білімді кедейлер көп». Рей Крок

«Жоғарыда тұрғандар ол жерге аспаннан түскен жоқ!» М.Уошлинг

«Туысқандардан бір ғана көмек бар, ол саған кедергі келтірмеу. Олар сені өзгелер сияқты оқып, жұмыс жасағаныңды қалайды. Қандай да бір бастауыңды, нәтижеңді жоққа шығарып, мойындай алмайды». Белгісіз автор.

«Әрбір адамда қол, аяқ және аптасында 168 сағаты бар. Жолы болмайтын адамдар 168 сағатын жоғалтады, ал сәтті адамдар 168 миллион ақша таба алады». Нельсон Мандела

«Кімде-кім өндірісін жаңадан бастап, енді ғана іске кіріссе, оған жігіттігі үшін медаль беру керек». Владимир Путин

«Сәтсіздік – бұл ісіңді қайтадан, бірақ жақсылап жасауға мүмкіндік». Генри Форд

«Жігіт дұрыс өмірінде дұрыс бағыт табуы керек, ал қыз дұрыс бағыт таңдаған жігіт табуы керек».

«Қателігіңді мойындамай жатсаң, бұл сенің екінші қателігің». Қытай нақылы

«Өмір тек мықтыларды ғана сынап, тізерлетеді. Себебі олар қайта тұра алады. Ал әлсіздер онсыз да тізерлеп отыр». Белгісіз автор

«Ақша – бақыттан гөрі, материалдық бостандық әкеледі». Роман Абрамович

«Қол жетпейтін мақсат болмайды. Тек сылтаулар мен жалқаулық әзірге жеңіп келеді».

«Өз ісінің нәтижесін бірден көргісі келетіндер етікші болсын». Альбет Эйнштейн

«Күні бойы жұмыс істейтін адамның ақша табуға уақыты да жоқ». Джон Рокфеллер



«Сіз интернетте болмасаңыз, бизнесте те болмағаныңыз». Билл Гейтс

23.Үйде кім басшы?

Аса құрметті оқырман, еркекпіз, жігітпіз деп кеудені көтеретініміз рас қой, қыздардың қасында. Өзімізді олардан жоғары санап, кердең қағып, еркінсиміз ғой енді. Отбасы болған кезде де бұл отбасының басшысы - мен, айтқанымды екі етпе, хан - мен, патша - мен деп қыздарды, яғни әйелімізді қор көреміз кейде.

Орынды сұрақ туады. Сонда әйелдер еркектерден кем бе? Тіпті осыны оқып отырған мінезі шатақтау біреу болса, айтуы мүмкін: “Немене, біз сонда, кембіз бе олардан? Олар істеген жұмысты біз де істей аламыз. Олар ойлаған ойды біз де ойлай аламыз. Әлде бізді дамымай қалған деп ойлай ма? Біз де өз құқықмызды қорғаймыз. Еркекпіз-еркекпіз деп қомсына бермесін. Өздерін Құдай көре ме? Бізбен де санассын? Біз не, адам емеспіз бе? Қолындағы күңіміз бе?” - деп бір сілкініп, дір-дір етіп, қалшылдап, құлшылдап, басы қанына шауып ашулануы мүмкін…

Аса құрметті оқырманым, енді осы сауалды екеуміз бірігіп тереңірек қарастырып, мәнісіне үңіліп көрелікші.

Расында, біз айтамыз: “Өмрдің заңы сол – ер адамдар әйел адамдардан артық. Бар билік соларда. Қыз баласы өздерін еркектің алдында еркінсіп аузына келгенін айтпасын” - деп бір тәкаппарлықтың желі есетін әңгімелерді.

Дүниенің заңын жасап шығаратын басқа планетадан келгендер емес. Өзіміз ғой. Яғни, осы жер бетінде жорғалап жүрген біздер. Олай болса, неге билікті отбасындағы әйел адамдарға бермеске? Еркектерге басымдық бергеніміздің себебі не? Ақылға қонатын, сау ақыл қабыл алатын себеп бар ма? Әлде жігіттер өздерінің физикалық күшін пайдаланып, осы заңды, осы стандартты қалыптастырып қойды ма екен?

Бұл сұраққа жауап беру үшін қыз баласын отбасының басшысы етіп көз алдымызға елестетіп көрелік:

Отбасының билігін қолына алған адамда өзінен өзі жанама міндеттер пайда болады. Яғни, жарын асырау керек, бала-шағаның барлық керек-жарақтарын алып беріп, көңілін хош етіп, қанағаттандыруы керек. Солардың тағдырына жауапты болады сол адам.


Бұндай жүкті, ауырлықты сезінген адам әрине өзгереді. Мінезі, қылығы, сөз саптауы. Бұрынғыша арзан, сұйық әңгімелерді айтпайды. Терең ойланады кез келген нәрсеге. Стратегия құрады. Бұндай мәселелермен басы қатып, шақшадай басы шарадай болып жүрген адамның өз перзенттеріне лайықты түрде көңілін бөліп, тәрбиелеп, жеткілікті деңгейде мейірімін төгіп тәрбиелеуге мұршасы келмейді. Өз қайғысына мұрнымен шаншылып жүрген адамда қайдағы мейірім төгу? Қайдағы жылулық?

Демек, ошақтың берекесін келтіріп, түтіннің түзу шығып тұруын қамтамасыз етіп, перзентіне мейірімін төгіп, жылулығын сыйлап тәрбиелеу екінші сыңардың, яғни біздің жағдайда еркектің мойнына түсіп көрсін делік.

Ер азамат сондай жаратылыс – баланы 10 минуттан артық шыдамы жетіп бағып-қаға алмайды. Ол ол ма? Емшек беріп сүт ішкізе алмайды. Жарайды сүтті ыдыспен берем деген күннің өзінде ер азамат әйел затына ғана тән нәзіктікті, ерекше махаббатты, мейірімділікті, жылулықты өз деңгейінде сәбиге сыйлай алмайды.

Cондықтан отбасының тізгінін ер азаматқа, бала тәрбиесі мен ошақтың түтініне жауаптылықтың тізгінін әйел затына ұстату ең тиімді шешім болмақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет