Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы



Дата24.01.2022
өлшемі101,25 Kb.
#113746
Байланысты:
(Д.тарих 2топ)
7 сынып әдебиет сор , Лекция-1599219860351, Әдебиеттік оқу 1-бөлім 3-сынып оқулық, Әдебиеттік оқу 1-бөлім 3-сынып оқулық, Жоғары педагогика 12семинар, Сейдазимова Енлик гылыми тарих, feetprints copy

Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы

Орындаған:Әуелхан Шұғыла,Ануарбек Бағнұр,Әділетхан Арайлым,Айтақын Айгерім,Айдын Алима

Азаматтық қоғам

  • «Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын орта. Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:- мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);- мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);- қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;- саяси партиялар мен қозғалыстар;- тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;- мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;- отбасы;- шіркеу және т.б.

Азаматтық қоғамның белгілері

  • Азаматтық қоғамның белгілері:- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;- өзін-өзі басқару;- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);- экономиканың көпжақтылығы;- биліктің заңды және демократиялық сипаты;- кұқықтық мемлекет;

Азаматтық қоғамның міндеті

  • Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi. Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.

Азаматтық қоғамның құрылымы

  • Азаматтық қоғамның құрылымы — Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп, басқарушы — адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі — діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары — азаматтық қоғамның элементтері.Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер.

Экономикалық жүйе

  • Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, мунициналдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.

Саяси жүйе

  • Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолданылу қажет.

Рухани-мәдени жүйе

  • Рухани — мәдени жүйесі — осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық, органдар мен ұйымдар, олардың арақатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.

Ақпараттық жүйе

  • Ақпараттық жүйе — осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен арақатынастары. Бұл бағытта іс әрекеттерге толық бостандық берілуі қажет.

Азаматтық қоғам

  • Азаматтық қоғам — мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік — экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет