Қазақстан білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары



Дата15.09.2022
өлшемі16,26 Kb.
#149598
Байланысты:
Қазақстан білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары


Қазақстан білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары

Жалпы білім беру мазмұны - оқыту процесінде оқушылар меңгеруге тиісті білім, икемділік пен дағды көлемін білдіреді. Білім беру мазмұны педагогикалық үндеу ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырмасының нұсқасы ретінде қарастырылады, яғни баланың білім, икемділік пен дағдыларына қойылатын талаптар ретінде.


Мемлекеттік білім беру саясатының бағытында қазіргі таңдағы мектеп баланың әсерлі дамуын жүзеге асыруы мен тұлғаның қажеттілігі мен қабілеттерін ескере отырып, оның бірқалыпты қалыптасу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керектігі айтылады. Мектептерде білім беруді заман талабына сай ету осыған бағытталған.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Оқыту үдерісін Білім мазмұнының жаңартылған бағыты мұғалімнің бағыттауымен оқушының өздігінен білім алуына ықпалы зор. Жаңартылған білім мазмұны белсенді оқыту арқылы әр түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдыру, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын ояту. Жаңартылған оқу бағдарламаларында пәннің мазмұны және мақсаттары мұғалімдер үшін бірізділігімен тиімді. Бағалаудың жетістік критерийлері де өте жақсы қамтылған. Мұғалім үшін тиімділігі оқушыны әділ бағалай алуы, мақсаттың нақтылығы, ресурстардың жеткіліктілігі. Оқушы үшін белсенді оқытудың тиімді жақтары, оның жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуінде. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Себебі өз білмейтіндерін басқа білетін оқушылардан толықтыруы.
Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін,тәсілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады.
Ба­ла­лар­ды диалог пен дәй­ек­теу­ге, тал­қы­лау­ға тар­ту бел­сен­ді жүр­гі­зіл­ген жағ­дай­да олар­дың оқуы ти­ім­ді­рек жә­не зияткер­лік же­тіс­тік­те­рі жо­ға­ры бо­ла­ты­нын дә­лел­дей­тін зерт­теу­лер де кө­бейе тү­суде. Осы­лай­ша ба­ла­лар­ды ХХІ ға­сыр­да жә­не кей­ін­гі ға­сыр­лар­да да өмір сүру үшін қа­жет­ті дағ­ды­лар­мен жә­не қа­си­ет­тер­мен қа­ру­лан­ды­ру – мұ­ға­лім­дер үшін ын­талан­ды­ру­шы күш бо­лып та­ бы­ла­ды. Ба­ла­лар күн­нен-күн­ге қолже­тім­ді­лік ар­тып ке­ле жат­қан анағұр­лым кең ком­му­ни­ка­ция­лық үде­ріс­тер­ге ти­ім­ді жә­не ой­да­ғы­дай қа­ты­су­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін сыни тұр­ғы­дан ой­лау мен зерт­теу дағ­ды­ла­рын да­мы­туы ке­рек. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды–машыққа қол жеткізу ғана емес,солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану,жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Кез келген қоғам үшін өскелең ұрпақтың қайсыбір таңдау жасағанда ұлттық рух пен ұлттық мүделерді бастап орынға қойып,азаматтық пен адамгершілік ұстамдарынан ауытқымауы аса маңызды. Сондықтан , тәрбиелей отырып, сапалы білім беру ұстанымын қою қажет. Икемді тұлға болу үшін неге икемделу керек екенін бала да, ата-ана да айқын білу керек. Ол үшін жаңа типті мектептің ең негізгі мақсаты — жалпыадамзаттың ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру керек. Білім мазмұны да, құрылымы да,оқыту технологиялары да сол мақсатқа жетуге бағыт алуы керек. » Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»-дейді әл Фараби бабамыз. Дұрыс тәрбиеленген бала ғана «Қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», («Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»-ҚР Президенті 2006 ж 3 жолдауынан) мақсаты-ның орындалуына жеткізе алады. Бұл бағдарламалар мазмұны оқушылардың білімімен қатар функционалдық сауаттылығын дамытуға да бағытталған. Әсіресе, оқушының өмірлік ұстанымының қалыптасуына, Отанын сүюге, отбасы құндылықтарын қадірлеуге және сақтауға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты білуге баулиды. Оқушы тек қана білім нәрімен сусындамайды, рухани болмысын да қалыптастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет