Автор туралы ақпарат:
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ
Ағылшын тілі әлемге кең таралған халықаралық тілге айналып, оны білу басты талаптың біріне айналды. Елімізде көптеген шетел компанияларының жұмыс орындарының ашылуы және өзге елдермен экономикалық қарым-қатынас орнатуымыз ағылшын тілін білу қажеттілігін арттыруда. Сондықтан да, елімізің көптеген азаматтары ағылшын тілін меңгергісі келеді.
Қазақстан халқының басым көпшілігі қазақ және орыс тілінде сөйлейді, яғни екі тілде сөйлей алады. Қазақ тілінде оқытылатын мектептерде орыс тілі шет тілі ретінде бастауыш мектептен бастап оқытылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы жаңа білім реформасына сәйкес мекептерде ағылшын тілі екінші шет тілі ретінде бастауыш сыныптардан бастап оқытылуы қажет. Кеноздің айтуынша мектеп қабырғасындағы үш тілділік «жаңа феномен» емес, өйткені бірінші шет тілі ерте жастан бастап оқытылса, көптеген елдерде екінші шет тілі тоғыз немесе он жастағы балаларға оқытыла бастайды [1]. Қазақстан Респуликасында ағылшын тілі екінші шет тілі ретінде бірінші сыныптан бастап оқытылмақшы, дегенмен бұл өзгеріс кейбір ата-аналардың арсында өзара пікірталас тудырды. Бұл жаңа өзгеріске қарсылық білдірушілер ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту балаларға кері әсерін тигізуі мүмкін деген пікірлерін білдіруде.
Бұл мақаланың мақсаты Қазақстандағы бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту жөніндегі пікірлерді анықтау. Зерттеу барысында сауалнама жүргізіліп, зерттеу әдісі бөлімінде беріледі және оның нәтижесі туралы нәтиже бөлімінде тоқталынады. Талқылау бөлімінде жинақталған ақпараттар талданып, жұмыстың соңғы бөлімінде, яғни қорытынды бөлім зерттеу жұмысы туралы қорытынды ой түйінделеді.
Зерттеу әдісі
Жобаның мақсаты ҚР азаматтарының ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде мектептерде бірінші сыныптан бастап оқыту жөнідігі көзқарастарын білу. Ол үшін азматтардан сауалнама алынды. Сауалнама ұлты қазақ (және барлығыда ҚР азамттары) 150 ересек (25-30 жас аралығындағы) азаматтан алынды. Сауалнама тілді меңгеру деңгейін, ағылшын тілін меңгеруге деген көзқарастарын білуге бағытталған он екі сұрақтан тұрады.
Сауалнамаға қатысушылар жоғары білімді және олар екі немесе оданда көп тілде сөйлей алады. Дегенмен, зерттеу нәтижесі шектеулі, себебі сауалнама қатысушылар саны аз, нәтиже аталған жайттың нақты сипатын бере алмауы мүмкін. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өзге ұлт өкілдерінің де көзқарасын қамтуы тиіс, себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет болып табылады.
Зерттеу нәтижелері
Сандық зерттеуге 150 адам қатысып, олардың барлығы берілген сұрақтарға толық жауап берді. Сұрақтардың негізгі мақсаты бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту жөніндегі пікірді білу болды. Сауалнамаға қатысушылардың шамамен үштен бір бөлігі 27% (40 адам) ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту қажет деген пікрімен келіседі. Дегенмен, олардың басым көпшілігі, яғни 100 адам (66%) бұл пікірмен келіспейді (1-Кесте).
1 Кесте Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін 1ші сыныптан бастап екінші шет тілі ретінде оқыту жөндегі пікірлер
Сауланамада берілген екінші негізгі сұрақ ағылшын тілі екінші шет тілі ретінде қай жастан бастап оқу ыңғайлы деген мәселені айқындау болатын. Сауалнамаға қатысушылардың тек аздаған бөлігі (20 %) ғана балалар ағылшын тілін оқуды балабақшадан бастауы қажет деп санайды. Ал, өзге 27% ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқытқан дұрыс деп санайды. Бірақ, сауалнамаға қатысушылардың жартысынан астамы, яғни 53% ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде оқуды бесінші сыныптан бастаған жөн деп санайды (Кесте 2).
Достарыңызбен бөлісу: |