«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2011-2013 жылдарға арналған



Дата15.09.2017
өлшемі54,26 Kb.
#32251
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2011 - 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 214 қаулысының

іске асырылу барысы туралы

АҚПАРАТ
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 177 қаулысымен бекітілген ауданның Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда белгілі жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында 2012-2013 оқу жылдарында 213 тыңдаушы оқытылды, олардың 134 – мемлекеттік қызметшілер. Оқу жылының қорытындысы шығарылып, 173 тыңдаушы емтиханға жіберілді, олардың 70 - курсты аяқтағандығы туралы сертификат алды.

Сондай-ақ мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының базасында ағылшын тілін оқыту курсы жұмыс істейді. Ағымдағы жылы ағылшын тілін 15 адам оқып, 2 - курсты аяқтағындықтары туралы сертификат алды.

Қазақстан халықтарының лингвистикалық капиталын дамыту және тілдік әралуандықты сақтау мақсатында 2011 жылдан бастап татар тілін оқыту енгізілді. Ағымдағы жылы татар тілін 12 адам оқып, 9 курсты аяқтағандықтары туралы сертификат алды.

Мемлекеттік тілді оқыту орталығының филиалдары Жезкент кентінде, Новошульба, Новопокровка ауылдарында жұмыс істейді. Ауданның мектептерінде және кәсіпорындарында бұдан басқа да жалпы саны 1063 адам оқытылатын 43 үйірме жұмыс істейді.

Қысқа мерзімді «Тілашар» курсына 40 адам қатысуда.

Орталықта 6 штаттық бірлік бар, жоғарғы білімді 9 оқытушы жұмыс істейді.

Мемлекеттік тілді оқыту орталығы тыңдаушылардың сабаққа қатысулары туралы мониторинг жүргізіп отырады.

Ауданда 4760 бала білім алатын 34 мектеп жұмыс істейді, олардың 12 – аралас мектеп, 4 – қазақ мектебі. Қазақ тілінде оқытылатын мектептерде 535 оқушы оқиды.

Ауданда 300 бала тәрбиеленетін 10 шағын орталық бар, олардың біреуі мемлекеттік тілде жұмыс істейді. 3 балабақшада қазақ тілінде оқытылатын және тәрбиеленетін 7 топ бар, онда - 377 бала тәрбиеленуде.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен ауылдық округтердің әкімдіктеріндегі және мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолданудың жағдайына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша іс жүргізудегі мемлекеттік тілдің үлесі 95,2 пайызды құрады.

Мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік және орыс тілдері кеңінен қолданылады. Ағымдағы жылдың 9 айында 523 іс-шара өткізілді.

2013 жылдың үшінші тоқсанында БАҚ, аудан әкімінің сайтында жарияланған тілдер саясаты жөніндегі материалдардың саны – 53.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өткен біліктілігін арттыру курстарында 1 мемлекеттік тіл редакторы болып қайтты.

«Біз қазақша сөйлейміз» акциясы шеңберінде дөңгелек үстелдер, семинарлар, пікір сайыстар және аудан кітапханаларында «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі» атты көрмелер ұйымдастырылды, сондай-ақ 105 парақшалар таратылды. Акция шеңберінде «Тұтынушыға мемлекеттік тілді қызмет көрсет» айдарымен ауданның мекемелері мен халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік тілде қызмет көрсетілді. Акция қорытындысы бойынша 22 ақпанда «Біз қазақша сөйлейміз... «Туған жер» деп ән салып, «Қара жорға» билейміз...» атты ток-шоу ұйымдастырды. Ток-шоудың негізгі мақсаты аудандағы мемлекеттік тілді жетік меңгеріп жүрген өзге ұлт өкілдерін үлгі ете отырып, мемлекеттік тілдің қажеттілігін таныту.

2012 жылдың 28 ақпанында қазақ жастары арасында орыс тілі білгірлерінің «Тіл – барлық білімнің кілті» атты аудандық конкурс өтті. Конкурсқа 5 ауылдық округтен 14-22 жас аралығындағы 10 үміткер қатысты..

Қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес ұлты қазақ азаматтарының атын және тегін жазу бойынша «Ұлттық тегіміз – ұлттық нышанымыз» атты айлық шеңберінде 25 ақпарттық түсіндіру сағаттары, ата-аналармен 18 сұхбат, 10 дөңгелек үстел өткізіліп, 852 адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында орыс тілінде тәрбиелейтін және оқытатын мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбиеленушілер арасында мемлекеттік тілді білуден «Біз қазақша сөйлейміз» атты аудандық конкурс өтті.

2013 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген жастар аясында «Тіл шебері» атты аудандық конкурсы өткізілді. Конкурсқа 3 ауылдық округтен ұлтына, мамандығына, кәсібіне, шұғылданатын ісіне қарамастан 18 бен 30 жас аралығындағы 4 үміткер қатысты.

Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын анықтау және ынталандыру, Қазақстан Респуликасының мемлекеттік рәміздеріне және Қазақстан Тәуелсіздігінің нышаны ретінде мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында 2013 жылғы 24 сәуірде этнос жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты аудандық конкурсы өтті. Конкурсқа 5 ауылдық округтен 14-22 жас аралығындағы 5 үміткер қатысты.



2013 жылы 28 мамырда «Мақсұтым – тіл ұстартып өнер шашпақ ...» атты Абай оқулары өтті. Аудандық конкурсқа 6 ауылдық округтен 15- 25 жас аралығындағы 6 өзге ұлт өкілі қатысты.

О.Бөкейдің 70 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде 2013 жылы 31 мамырда Бородулиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен көркемсөз оқу шеберлерінің О. Бөкей атындағы аудандық байқауы өтті. Аудандық конкурсқа 5 ауылдық округтен 16-20 жас аралығындағы 6 үміткер қатысты.

2013 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» аудандық конкурсы өткізілді. Конкурсқа 4 команда қатысты.

Ағымдағы жылдың 8 тамызында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасы жобасын орындау мақсатында, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын - 2013» аудандық олимпиадасы өткізілді.

«Тілдер шеруі» айлығы шеңберінде ауданда жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.

18 ауылдық округте қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 10 дөңгелек үстел, 23 кітап көрмесі, «Тілдер туралы», «Тапқыр достар» атты викториналар, оқушылар арасында «Знать язык, завещанный веками», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты байқаулар, «Тілге құрмет-елге құрмет», «Тіл - тәуелсіздік кепілі» т.б. ақпараттық – танымдық сағаттар өтті.

26 тамыздан бастап 15 қыркүйек аралығында неміс, орыс, белорус, украин, татар, әзербайжан тілдерінің апталықтары өтті. Апталыққа 163 адам қатысты. Аудандық «Аудан тынысы» «Пульс района» газеттерінде тілдер саясаты жөніндегі мақалалар жарияланды.

Айлық аясында 28 тамызда Новопокровка ауылдық округі әкімі аппаратының базасында «Тіл – тәуелсіздің нышаны» атты пікірталас өткізілді.

6 қыркүйекте мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен «Аудандағы мемлекеттік тілдің ахуалы, бүгіні мен ертеңі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

13 қыркүйекте этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Тілдер шеруі» фестивалі өтті.

Ағымдағы жылдың 7 маусымында Переменовка ОМ 8 сынып оқушысы Шевцова Надежда облыстық Мақсұтым – тіл ұстартып өнер шашпақ ...» атты Абай оқуларына қатысып, екінші орынды иеленсе, 14 маусымда Бородулиха қазақ ОМ түлегі Әукенова Толғанай көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауына қатасып, бас жүлдені қанжығасына байлады.



2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмыстары жалғасуда.
М. Асавбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет