«Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі»



Дата15.01.2022
өлшемі26,49 Kb.
#111908
Байланысты:
баяндама
баяндама, домбыра үйірмесі ктп

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ»

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

«ТАРИХ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ИНСТИТУТЫ»

СӨЖ


Орындаған:Тәттібек Гүлзейнеп

Қабылдаған:Айекешов Нурболат

Баяндама.

Адамзат тарихындағы COVID-19 пандемиясы алғашқы пандемия емес. 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Женевадағы брифингте жаңа короновирусты пандемия деп мәлімдеді. Ұйым короновирус инфекциясын пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келді. Пандемия – бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы деген сөз. Бірақ короновирус пандемиясы тарихтағы бірінші пандемия емес екендігін білеміз. Пандемиялар тарихына көз жүгіртер болсақ, ең алғашқы пандемия тарих беттерінде Юстинианова обасы деген атпен қалған. Оба Византиялық Юстианин I императорының басқаруы кезіндегі өркениетті елдердің барлығында дерлік екі ғасыр бойы жайлаған дерт болып тіркелген. Деректер бойынша ол ең алғаш Эфиопияда шығып, сауда-саттықпен Константинопольге, одан әрі Африка, бүкіл Еуропа елдеріне, Азия, Арабия елдеріне де жеткеен. Оба дертінің құрбандары бір күнде 5 мың адамға дейін жеткен. Жалпы саны 90 миллионнан астам адам оба құрбаны болған. Бұдан бөлек «Қара өлім» обасы, Испан тұмауы пандемиясы, Қара шешек және Малиярия пандемияларын атауымызға болады.



Жалпы, пандемия дегеніміз не? Пандемия – жаңа ауру түрінің жаһандық ауқымда таралуы. Гректің "пандемос" деген сөзінен шыққан. Қазақшасы – "барлық адамға тиесілі". Мамандар бұл терминді ауру әлемнің түкпір-түкпіріне таралған жағдайда қолданады. Пандемия сөзінен қорқудың қажеті жоқ: бұл аурудың қауіптілігінен бұрын оның таралу ауқымын білдіреді және жұқпалы ауруларда ғана қолданылады. Аурудың таралу ауқымы мен жұқтырғандар саны арта түссе, эпидемия пандемияға айналады. Пандемияның жалпыға ортақ үш критериі:

  • вирус ауру тудырып, адам қазасына әкелуі мүмкін;

  • вирус адамнан адамға жұғады;

  • вирустың әлем бойынша таралуының дәлелі бар. Пандемия жарияланған соң әрбір ел коронавируспен жергілікті деңгейде ғана күреспейді, аурудың ары қарай таралмауына да күш салуы тиіс. ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус барлық елдің үкіметін коронавирустың таралуына қарсы жедел әрі батыл шаралар қолдануға шақырды. Айта кетейік, пандемия жарияланған соң қандай карантин шараларын қабылдауды әр елдің өзі шешеді.

Жер-жаһанға қауіп төндірген жаңа короновирустық инфекциямен әлеуметтік институттар тиісініше күрес жүргізуде. Әрі пандемияға байланысты өзекті прорблемалар туындап, экономикамыз бен әлеуетімізге айтарлықтай зор өзгерістер мен қиындықтар әкелуде. Мысалы, ең алдымен, жұмыссыздық мәселесі. Көптеген жұмыс берушілердің жұмыс орны карантин талаптарына сай жабылып, елдегі жұмыссыздық мәселесі өршіп тұр. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі небәрі 0,1 п.т. артып, 4,9% болды. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары басқа елдердегі осы көрсеткішті талдап, Қазақстанда ол әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі деген қорытынды жасады. Карантинде көлік, өнер және ойын-сауық, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету, тамақтану саласының қызметкерлері жұмыссыз қалған.


Алайда, біз ел боп, жұрт боп азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.

      Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.

      Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтуымыз қажет. Олар айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.

      Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу.

      Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұған 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті, басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ.

      Миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді. Елбасы – "Nur Otan" партиясы төрағасының бастамасымен 550 мыңнан аса отбасы "Біргеміз" қорының қолдауымен бір жолғы қаржылай көмекке ие болды.

      Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды. Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда.

      Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы – біз азаматтардан ешнәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл – кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы.

      Алайда, ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет.

      Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделуге тиіс.

      Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді.

      Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

      Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Дегенмен, еліміздің жаңа геосаяси ахуалдағы ұзақ мерзімді дамуын естен шығармауымыз керек.

      Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет.

      Дей тұрғанмен, болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс.

      Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды, әлемдік аренада абырой-беделге ие болдық.

      Сондықтан, әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет.

      Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз.

2020 жылғы «Коронадағдарыс», әрине, ХХ ғасырдың маңызды оқиғаларының бірі ретінде тарихқа енеді. COVID-19 пандемиясы алдыңғы дағдарыстарға ұқсас емес жаппай құлдырауды тудырды. Коронавирустан кейін экономиканы жаңа соққы күтіп тұрды — мұнай бағасының құлдырауы. Егер жылдың басында «қара алтын» барреліне 65 доллардан жоғары сатылса, онда наурыз айында Brent маркасының бағасы 30 доллардан асты. Сәуір айының ортасында ОПЕК+ елдері жаңа келісім жасасты, бірақ жасалған шаралар кеш болды. Сұраныс аз болғандықтан, қоймалар толып кетті, ал елдер коронавирустың әсерінен әлі қалпына келмеді. Нәтижесінде Brent мұнай фьючерстері 20 доллардан төмен сатылды. Мамыр айының ортасында Brent майы қайтадан көтеріліп, барреліне 35 доллардан жоғары болды. Баға белгілеулердің өсуі көптеген елдерде карантиннің біртіндеп әлсіреуімен және АҚШ-та тақтатас мұнай өндірісінің төмендеуімен қатар жүрді. Дамушы елдер коронавирустан өте қиын өтіп жатыр. Қытай олардың қатарына кірмейді, ол қысқа мерзімде пандемиямен күресіп, кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтірді. Басқа дамушы мемлекеттер өздерін әлдеқайда нашар сезінеді: мұндай елдердегі медицина өте төмен деңгейде, ал саясаткерлер халық пен бизнеске қолдау көрсетуге асықпайды. Көптеген нарықтар бұрынғы дағдарыстан қалпына келмей жағдай күрделене түсті. Егер 2007 жылы дамушы елдерде ЖІӨ өсімі 8,6% — ды құраса, 2019 жылы тек 4,8%-ды құрады. Міне, сондықтан дағдарыс дамушы экономикалардың көпшілігі үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де ауыр сынақ болмақ

Қазақстан Үкіметі ерте кезеңнен бастап COVID-19 таралуын тежеу бойынша шаралар қабылдады. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін пандемиямен күрес жөніндегі қызметті үйлестіру, карантиндік бақылау енгізу және кіріс көздеріне коронавирус немесе төтенше жағдайға байланысты шектеулер әсер еткен адамдарға қолдау көрсету үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Үкімет дағдарысқа ұшыраған бизнес пен үй шаруашылықтарына қолдау көрсету мақсатында қаржылық шаралар пакетін қабылдады. Пандемияны 19 тежеуге және денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыруға осы тиімді тәсілді жалғастыру және күшейту қажет. Алайда, дағдарысты еңсеру үшін Қазақстан қолда бар ресурстарды барынша іске қосып, құрылымдық реформаларды жалғастыруы қажет.

Ұзаққа созылған дағдарыс кедейліктің өсуіне әкеліп, Қазақстандағы теңсіздікті арттыруы мүмкін. Алдын-ала бағалау көрсеткендей, кедейлік деңгейі 2020 жылы болжанған 8,3-тен 12,7 пайызға дейін көтерілуі мүмкін, бұл кедейлікте өмір сүретін 800 мыңнан астам адамға сәйкес келеді Пандемия мен жеңілдету шараларынан туындаған еңбек нарығының күйзелісі, әсіресе біліктілігі төмен жұмысшылар жұмыс істейтін салаларда, жұмыспен қамту үшін ауыр зардаптарға ие. Сапалы білімге тең емес қол жеткізу, әсіресе карантин кезінде, адам капиталының дамуына, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына теріс әсер етуі мүмкін

Экономистердің басты қорқынышы ол вирустың таралуының екінші толқыны. 18 мамырда Қытай провинцияларының бірінде, қатаң бақылау шараларына қарамастан, COVID-19 індетіне тағы да тап болды. Қытай баспасөзі растаған Bloomberg мәліметтері бойынша, 108 миллион халқы бар аумақты карантинге жатқызуға тура келді. Рецессияның одан әрі дамуы үш негізгі сценарий бойынша жүруі мүмкін: - 2020 жылдың жазында пандемияны толық жеңу. Бұл жағдайда іскерлік белсенділік III тоқсанда қалпына келеді, ал 2021 жылдың ортасына қарай дағдарыстың салдары жойылады. ХВҚ-ның базалық сценарийі 2021 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың 5,8% - ға өсуін болжайды, бұл қарқынды V-тәрізді қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Бұл ЖІӨ-ге ғана емес, нарықтық көрсеткіштерге де қатысты: биржалық индекстер, шикізат бағалары, валюта бағамдары. - 2020 жылдың күзінде пандемияның екінші толқыны. Кейбір елдер қайтадан оқшаулау режимін енгізіп, кәсіпорындардың жұмысын тоқтата алатын ауыр сценарий. Бұл жағдайда қалпына келтіру кем дегенде 2021 жылдың III тоқсанына дейін кейінге қалдырылады. - Қатаң карантинсіз қозғалатын пандемия. Ең аз болжамды сценарий. Маска режимі және басқа қауіпсіздік шаралары коронавирусты толық жеңусіз де ауруды төмендетуі мүмкін. 2020 жылғы рецессия әлемдік экономикадағы қолдан жасалған дағдарыстың бірегей үлгісі болды. Нарықтардың құлауының үлкен тереңдігіне қарамастан, процесс толығымен басқарылатын болып қала береді. Мемлекеттер халық пен кәсіпорындарға бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетеді, сондықтан 2021 жылы дағдарыстың салдарын еңсеруге болады.

Қорытындылай келе, әлемде белең алған пандемияның жаһандық экономикаға, сондай-ақ еліміздің экономикасына кері әсерін тигізгені белгілі. Сондықтан тез өзгерістерге бейімделетін қазіргі жаһандану заманында коронавирус инфекциясының пандемиясы жаһандық қоғам үшін бұрын-соңды болмаған сын-тегеурінге айналды. Бұл вирустың қарқынды таралуы дамушы елдер үшін зор тәуекелдерді тудырды: ол тек қысқа мерзімді келешектегі денсаулық сақтау жүйесінің дағдарысы ғана емес, сондай-ақ көп айлар мен жылдарға ұласатын елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарлар да болып табылады. Осы орайда халықаралық сарапшылар да бұл дағдарыстың бұрынғы дағдарыстан өзгеше екенін мойындаған [1]. Климаттың өзгеруі секілді, жаңа вирус пандемиясы да экономиканың барлық секторларында және қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мемлекеттік басқарудан бастап елдердің тиімді дағдарыстық коммуникациялары мен экономикалық саясатына дейін барлық даму бағыттарында елдердің орнықтылығына сынға алуда.

Пандемияның жойқын салдары экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін адамдардың және жүздеген миллион кәсіпорындардың табысынан құр қалдырып отыр. Ең бірінші және ауыр соққыны бейресми немесе өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтар алуда. ХЕҰ-ның бағалауынша, олардың саны – 1,6 млрд адам, әлемдік еңбек күшінің тең жартысына жуығын құрайды. Сонымен қатар, әлемдегі 436 миллионнан астам кәсіпорын банкроттық жағдайдың алдында тұр. Олардың ішінде:

 көтерме және бөлшек саудада шамамен 232 млн;

 өңдеу өнеркәсібінде – 111 млн;

 қонақүйлер мен тамақ өнімдері саласында – 51 млн

Біздің елімізде 2020 жылдың басынан бері карантин шараларының аясында іскерлік белсенділіктің төмендеуі болды. Сондай-ақ, биржадағы негізгі тауарлар бағасы арзанды. Еліміздің ЖІӨ-сі 0,2%-ға төмендеді. Бұл ретте тауарлар өндірісі 5,8%-ға артты. Ал қызмет көрсету саласының көрсеткіштері 4%-ға қысқарған. Негізгі капиталға салынған инвестиция өсімі нақты мәнде 0,9% құрады. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2019 жылы ЖІӨ өсімі 4,5 пайызды, инфляция 5,4%-ды, халықтың табысы нақты мәнде 6,5%-ды құрағанын еске салып өтті. Жұмыссыздық 4,8% деңгейінде қалыптасты. Дүниежүзілік банктың деректеріне сәйкес еліміздегі кедейшілік деңгейі 2019 жылы 8,6%-ды құраған, ол дегеніміз 1,2 млн адам. Пандемияның салдарынан бұл көрсеткіштің өсу ықтималдығы өте жоғары. Мәселен, "Rysqulov Аnalytics" жүргізген әлеуметтік сауалнамада "Төтенше жағдайдың енгізілуі сіздің әлеуметтік жағдайыңызға қаншалықты әсер етті?" деген сұраққа респонденттердің 28,4%-ы "Орташа деңгейде әсер етті, жұмыс орным сақтаулы, алайда табысым төмендеді" деп хабарласа, 23,9%-ы "Қатты әсер етті, жұмысым да жоқ, табысым да жоқ" деп мәлімдеген. Ал, 12,7% респондент, яғни 140 азамат "Жағдайым қиын, карантинге дейін де қаражат тапшылығын сезінген едім, қазір күн көруге қаражатым қалмады" деп жауап берген.

Елімізде азаматтарды қолдау мақсатында келесідей іс-шаралар жүргізілген: - халыққа несие төлемдерін кейінге қалдыру; - ШОБ-ке жеңілдікпен несие беру және кейінге қалдыру; - компаниялардың жекелеген топтарына мүлік салығын, жер салығын және табыс салығын төлеуден босату; - өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және пандемия салдарынан жұмысынан айырылғандарға төлемдер; - аграрлық сектордағы көктемгі дала жұмыстарын және сатып алуларды қаржыландыру.Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде ҚР Президенті Қ. Тоқаев шағын және орта бизнеске теңдессіз қолдау көрсетуді тапсырды. Қазақстандық кәсіпкерлер салық жүктемесін азайту тұрғысынан қосымша қолдауды қажет етеді. Осы жылғы 1 маусымға дейін микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтардың барлық түрлерін, басқа да міндетті төлемдер 55 мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар биылғы 1 маусымға дейін өсімпұл есептеу, шығыс операцияларын тоқтату, мүлікті билеуін шектеу бойынша шараларды қабылдау және салық және кеден қарыздарын, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу (тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда) тоқтатылды.

Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу,- деп нақты атап өтті . Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Сондықтан, еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек:

- игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі;

-жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;

- әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу;

- өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру;

- адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту;

- «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау;

- мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау, сол үшін қоғам алдында жауапты болу.



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет