Дайындаған: Қазақ филологиясының
1-курс студенті Ерназарова Амина
16.09.2020
Фольклор және фольклор ғылымы туралы түсінік
« Поэзияға деген бейімділік, әсіресе импровизацияға деген дарындылық көшпелі жұрттардың бәрінде болатын қасиет. Мұндай қасиеттің болуына, көшпелілерге өздерінің алаңсыз өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай жұлдызы көп, ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме, мұны білудің бізге әзір қажеті жоқ»
Шоқан Уәлиханов
« Әдебиет тарихы еңбегінде: « Қазақ әдебиеті барлық халықтық әдебиеті сияқты екіге бөлінеді: біріншісі-ауызша әдебиет, ел ақындығы. Екіншісі-жазюа әдебиеті. Ел ақындығы не ауызша әдебиет: елдің жазу өнерін білмей тұрған кезінде шыққан өздер»
Мұхтар Әуезов
«Қазақ халқының сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте «халық поэзиясы», «халықтың ауызша сөз өнері» дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын ғалымы Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылшынша folk-халық, lore-білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атауы ретінде орныққан. «Фольклор-ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра. Ол көп заманның, бірнеше дәуірдің, әртүрлі қоғамның жемісі, сондықтан көпқатпарлы, көп сатылы және көпмағыналы, көпқырлы»»
( С.А.Қасқабасов.Қазақ әдебиетінің
10-томдық. 1-том. Қазақ фальклорының тарихы)
«Қазақтың лирикалық өлеңдерінен эпостық шығармаларына дейінгі жанрлары музыка сазымен көркемделіп айтылған. Әйтсе де, қазірде зерттеушілер бірде-бір эпос мәтінін оның музыкасымен қатар тексеріп көрген жоқ. Ауыз әдебиетінің мұраларын толық танып білу үшін, фольклордың этнография, тарих ғылымдарымен байланысын тексерген жөн. Фольклордың синкреттік болмысы айқындалуы тиіс. Фольклорды тек қана сөз өнері деп қарау ауыз әдебиетінің сыры мен тереңіне бойлатпайды»
Романқұл Бердібай
«Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор-синкретті өнер. Оның бойында халықтық тұрмыс-салты, театр, сөз, би, және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді.
«Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болмақ»
Әуелбек Қоңыратбаев
«Қазіргі таңда «ауыз әдебиеті» деген термин қазақтың ежелден келе жатқан жыраулар мен ақындардың ауызша шығарып, ауызша орындап, ауызша таратқан төл туындыларына қатысты екені анықталды. Сөйтіп, қазақтың ұлттық сөз өнері үш түрден, үш топтан тұратыны белгілі болды: Ұлттық сөз өнері: Фольклор, Ауыз әдебиеті, Жазба әдебиет»
Сейіт Қақабаев
«Фольклорда көркем өнердің бірсыпыра түрінің өзі, элементі бірігіп, қосылып жүреді. Онда сөзбен, жырмен қатар сахна-театр өнерінің, би өнерінің, әуез-музыка өнерінің белгісі элменті қатар жүретін кездер болған. Қазақ халқының қыз ұзату, келін түсіру, жөніндегі өлеңдері мен тақпақтары және айтыс, бәдік өлеңдерімен жырлары бұған толық дәлел бола алады»
Бейсенбай Кенжебаев
1.«Фальклор» термині ең бірінші рет қай жылы қолданысқа енді?
1846 жылы Вильям Томс ұсынған «фольклор» сөзі қолданысқа енгізілген.
2. Халық ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшеліктері қандай?
1-ден авторсыздығы
2-ден көп нұсқалы
3-ден ұйқастар жиі кездеседі
3. Фольклордың синкреттілік сипаты дегенді қалай түсінесіз?
Синкреттілік бір ғана дастанды айтып қоймай, оны жан-жақты қарастырады. Яғни, сол дастанның шығу тарихын, музыкасын,кейіпкерлері т.б.
4. Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым қалай аталады?
«Фольклортану»
5.Фольклортану қандай ғылым салаларымен байланыста дамиды?
Тарих, археология, философия, әдебиет, мәдениеттану, психология
Достарыңызбен бөлісу: |