Сөж Тақырыбы:Қазақ филологиясы Орындаған: Алданова Гүлзада Азт-101 1курс Тексерген: Дзумагамбетов Е. А



Дата07.02.2022
өлшемі23,22 Kb.
#96232
Байланысты:
Ибадулла Д Азт 101 1 курс срсп



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет


Сөж
Тақырыбы:Қазақ филологиясы


Орындаған:Алданова Гүлзада Азт-101 1курс
Тексерген:Дзумагамбетов Е.А

1.Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым қалай аталады?
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан.
2.Фольклордың утилитарлық(қолданбалы)қызметін қалай түсінесің?
Қазақ фольклоры – әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Фольклор – әрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тәрбиелік мақсатта да пайдаланылады. Сонымен бірге фольклордың утилитарлық (қолданбалы) функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті өтейді. Фольклор – көп заманены, бірнеше дәуірдің, әртүрлі қоғамның жемісі.
3 Халық əдебиетінің көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі деген ұғымға анықтама беріңіздер?
Халық әдебиетінің көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі, әдет-ғұрып, наным-сенім, өнердің басқа түрлерімен байланыста болуы. Қазақ фольклорының халықтық сипатта болуы.
4.Руникалық жазбалар қалай түсінесіңдер?
Жалпылама ерте орта ғасырда алғанда түріктердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамында 35 әріп бар. Ал көне түрік жазуы – рунанемесе сына жазуы деп аталған. Көне түрік жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. 
5.Тасқа қашалып жазылған жəдігерлердің тарихи құнлылығын дəлелде?
Ұрпақган-ұрпакқа мұра болған руникалық жазба ескерткіштер (VIII іт.) қазақ және өзге түркі халықтарыньщ көне дәуірде мәдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге танылған түркі руникалық жазбалары атақгы Егапет перғауындарының қорғандарынан табылған шумер жазуларымен дәуірлес болып келеді.
Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 10 жыл ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.
Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткішттер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықгарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайгы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
6.Күлтегін жазбалары түркі халықтарының баға жетпес мұрасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.Жазбада тарихи оқиға баяндалады. Онда Түрік қағанаты мен оның құрамына енген көптеген түрік тайпаларының тарихы, мəдениеті жəне əлеуметтік құрылысы жөнінде құнды деректер берілген.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет