Қазақстан ұстаздарының МӘртебесі



Дата08.02.2022
өлшемі25,07 Kb.
#98536
түріСабақ
Байланысты:
Макала Ұстаз мәртебесі


ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ


Қойшыбаева Назира Исакуловна


Шымкент университеті

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



«Педагог» мамандығы таңдауда: мақсаткерлік алға қойған мақсатына қайткен күнде де орындап шығудан, бастаған істі ол, оқу ісі болсын, ғылыми ізденісте, сабақ беру, өнер саласында, адамның өмірі үшін күресте және тағы сол сияқтыларды нәтижелі етіп орындаудан көрінеді. Бұрынғылар айтқан сөзі: дүниеде бір–бірінен алыс неше жол бар? Үш жол: жас пен кәрінің, жақсы мен жаманның, аспан мен жердің. Соның ішінде жақсы мен жамманның жолы дегенде, жақсының мақсаты: адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық, яғни адамдық асыл қасиеттерден тұрады, жаманның мақсаты: қызғаншақтық, көре алмаушылықтан, екі жүзділіктен, іші тарлықтан құралады. Сондықтан сіз қойған мақсатыңызға жетуде сіздер тек жақсылық жолын таңдасаңыздар мерейлеріңіз үстем болып, оның жемісін жейсіздер. Қытай ойшылы Конфуций: «Адам өзі жүріп келе жатқан жолын ұлы ете алады. Ал жол адамды ұлы ете алмайды» – дейді.
Адам өзіне ден қоймай абыройын арттыра алмайды. Тізгіні өз қолыңда болуы шарт. Кез-келген адам, бала ма, ересек пе алғашында саналы, кейіннен мәніне бармай - ақ бір нәрсеге қол жеткізуге тырысамыз. Ақылды адам өзінің алдына мақсаты қоймай, ондағы жетістікке жету жолдарын пайымдамай-ынша өмір сүрмейді және іс әрекет жасамайды. Біздің ойымша, әрбір адамның ең алғашқы алдына мақсат қоюы мамандық таңдаудадан басталады. Бүгінгі ұстаздың мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Бұл кез-келген ұстаз қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді.
Ұстаз қызметініңдегі қиындықты жеңуде, өз мақсаттарына жетудің ең бірініші төзімділігінің арқасында. Төзімділік бар болса, көптеген биік жетістіктерге жеттіп, өз жұмысын нақты және оңтайлы етіп ойластыра алады. Төзімділік - адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы нәтижелерге жету мен нақты дұрыс шешем қабылдауға болады. Бүгінгі өмірдің ағымына даму, жаңашыл-шығармашыл ұстаздың ізденуі қажет. Өйткені ұстаздың әр қадамымыз, әрекеті жоспарлы түрде жасалуы қажет. Бала бойындағы жеке тұлға болып қалыптасуы үшін сандық технология арқылы берілген білім өмірде тиімділігі бар, оны оңтайлы қолдана алатын жағдайда қалыптастыру қажет. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай ұстаз хабарлайды, Жақсы ұстаз түсіндіреді, Керемет ұстаз көрсетеді, Ұлы ұстаз шабыттандырады,»- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыра білетін біліктілікті қажет етеді. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарындылық, талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ұстаз шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес.Ұстазға тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл ұстаздың терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Балаға сапалы білім беру арқылы, біз оның жеке тұлға болып қалыптасуына арқау, тірек боламыз. Қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, әр ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби сауатты, жақсы даярланған белсенді тұлға ретінде оқушылардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа интерактивті, инновациялық әдіс-тәсілдерді белсенді қолдануды талап етеді. Инновациялық педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдері: интерактивті оқыту әдістері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ойын технологиясы. Бұл оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділігін арттырады. «Ұстаз өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана ұстаз, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның ұстаздығы да жойылады»-деген К.Д.Ушинский. Ұстаздың негізгі мақсаты: өскелең ұрпаққа бүгінгі күні сапалы білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары бола алатындай етіп тәрбиелеуші ұстаздардың мәртебесі мен қоғамдық беделін арттыру мақсатында мемелекетіміз назар аударуда. Бұл педагог мәртебесі туралы заң: «Педагог мәртебесі туралы» заң: ұстаздердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ. мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Ұстаздың мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған Заңның қабылдануының негізгі себептері мен мақсаттары және міндеттері:
«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен ұстазге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын және Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылы өткен «Білім және ғылым!» педагогтердің тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленіп, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты - педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Сонымен қатар, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылып, педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы 21 баптан тұрып, еліміздің 500 мыңнан астам педагогтің мүдделерін қорғау көзделген. Заң нормалары мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру, қосымша білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің педагогтеріне қатысты талаптар қамтылған. Жалпы Заң төрт бағытта қамтылып, педагог қызметіне қойылатын талаптар-ды күшейту қарастырылған. Педагог этикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, әрбір білім беру мекемесінде «Әдеп» жөніндегі кеңес қызметі енгізу. Педагогтердің құқықтарын қорғау Құжатта қамтылған педагогтің құқықтарын кеңейту нормалары олардың жеке тұлғалық дамуына және оқу үдерісін жетілдіруіне ықпал етеді. Сонымен қатар, педагогтерді қызметіне жатпайтын жұмысқа тарту, шамадан тыс есептілік, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы олардың жүктемесін азайту өзекті мәселе ретінде қарастырылып, нақты санкциялар көзделген. Негізгі және маңызды норма – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс шеңберінде педагогтің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде оларға қатысты жеке тұлғалардың әдепсіз мінез-құлық танытқаны (бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникация жүйесі арқылы дөрекілік,былапыт сөйлегені және қорлағаны) үшін айыппұл салынады.
Заңда ата-аналардың жауапкершілігін арттырумен, бала құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша бірқатар нормалар: кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мен оқыту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өз міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарға немесе ата-аналардың орнын алмастырушы заңды өкілдеріге айыппұл салынады. Педагогтерді материалдық және материалдық емес ынталандыру тетіктері «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес педагогтерге келесі кепілдіктер берілді: тұрғынжайға, оның ішінде қызметтік тұрғынжайға және (немесе) жатақхана алуға; жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне ие болуға. Сонымен қатар педагогтердің балаларына балабақшаларға бірінші кезекте орын беру, педагог қызметкерлер 56 күндік еңбек демалысына шыға алады. Ұстаз денсаулығын жақсарту шаралары аясында 1 лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақы кепілдігі сақталды. Жергілікті атқарушы органдар санаторийлік-курорттық емделуге және демалуға жолдама сатып алу үшін толық немесе ішінара төлемдер жасап, басқа да әлеуметтік қолдау шараларын көрсете алады. Педагогтің аса үздік жетістіктері және сіңірген айрықша еңбегі үшін оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік наградалар, оның ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі. Ауыл ұстаздерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру үшін жалақысы мен тарифтік мөлшерлемесі қалада қызмет ететін педагогтерге қарағанда кемінде 25%-ға артық белгіленіп, жергілікті атқарушы органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, көтерме ақы төлеу және отын, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілген. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін педагогтерге қатысты жоғары жалақы, «Үздік педагог» иегерлеріне грант бөлу сияқты барлық қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктер сақталады.
Жас маманға жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін аттестациядан өтіп, біліктілік санатын алуға, жалақы мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. Педагогтер алған білімін іс жүзінде пайдалануы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар тегін курстарынан кейін де оларды сүйемелдеуді жалғастырады.
«Педагог мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының Заңынан кейін, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының Ү тарауында: «Қолжетімді әрі сапалы білім» туралы: білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Сондықтан, 2021 жылдың қаңтар айынан бас­тап ұстаздердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабыл­дағанын. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінетінін атап өтті.
Ғылым саласын дамыту туралы: «Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландырудың және қол­даудың маңызды көзі – ірі кәсіп­орындардың, әсіресе шикізат саласын­дағы компаниялардың қаражаты. Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның бас­ты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ-деп атап өттін.


Әдебиеттер тізімі

1. «Педагог мәртебесі туралы» заң: ұстаздердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы.


2.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі
EGEMEN QAZAQSTAN №166 (29895) 2 қыркүйек, сәрсенбі 2020 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет