Талант пен қабілеттіліктің өзара байланысы



Дата07.02.2022
өлшемі21,19 Kb.
#94720
Байланысты:
талант пен қабілет


Айдарбекова Роза


Талант пен қабілеттіліктің өзара байланысы


«Адамның бойында туа бітетін қандай да бір іске деген қабілет негіздері болады, оны қолданса - дарындылығы байқалады, әрі қарай дамып, жетілдірсе - талантқа айналады. Дамытпаса, қабілет негізі ( орысша айтқанда - задаток) түрінде қалып қояды. Ал дарын - ол бір нәрсеге ерекше қабілеттілік (мысалы, ән салуға, математикаға т.б.), ал талант - ол талаптанып дарынын жетілдіру. Адам бұл қасиетін жетілдірмесе, дарын күйінде қалып қояды, оны кәсіпке айналдыра алмайды». Мәселен, әйгілі орыс ақыны Лермонтов бала кезінен-ақ өзінің ерекше дарын иесі екенін сезінген әрі онысын жетілдіре білген. Дарын - қандай да бір істі өте жақсы әрі басқа адамдардан өзгеше (жылдамырақ, жақсырақ, тереңінен түсініп, сезініп) атқара білу қабілеті. Ол адамның бойына туа бітеді. Талант, дарын ұғымдары туралы Википедия мынадай анықтама береді: «Талант (грекше talanton - ауыспалы мағынада: қабілеттер деңгейі) - арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты шешілуіне жағдай тудыратын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. Дарындылық - адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі». Мәселен, баланың саусақтары дәлме-дәл әрі нақты әрекеттерді жасауға бейім болса, болашақта одан тамаша скрипкашы шығуы мүмкін. Ал келесі бір баланың басқалармен салыстырғанда ой-қиялының күштілігі, ауқымдылығы мен тереңдігі сонша, ол жаңа образдарды қиналмай ойлап табады. Егер ол суретші немесе жазушы болса, оның дарыны - бойына туа біткен қабілет негізі кәдеге асады. Талант адамның тек туа біткен, генетикалық себептелген ерекшеліктерінің немесе дарынының нәтижелері ғана емес. Өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары ғалымдар А.Мещеряков пен И.Соколянский өздері жүргізген зерттеулер нәтижесінде әрбір қалыпты адамның бойында туа біткен қандай да бір таланттар нышаны болады, ал олардың даму дәрежесі түгелдей дерлік адамның алатын тәрбиесіне байланысты деген тұжырымға келді. Ал 1980-ші жылдар басында американдық психолог, клиникалық психология және нейропсихология саласының маманы Говард Гарднер «Ақыл-ой шегі» (Рамки ума) деген кітабын шығарды. Мұнда ол талант пен интеллектінің тоғыз типін айқындады. Атап айтқанда: - вербалды-лингвистикалық (жазу мен оқуға байланысты қабілеттер, көбіне журналистерге, жазушыларға, заңгерлер мен лингвистерге тән). - сандық (математиктер мен программистерге тән); - есту (музыканттар, лингвистер, тілтанушылар); - кеңістікті сезіне білу қабілеті (дизайнерлер мен суретшілерге тән); - физикалық (спортшылар, бишілер); - тұлғалық (эмоциялық); - тұлғааралық (мұндай талантқа ие адамдар көбіне-көп саясаткер, шешен, саудагер, актер болады); - қоршаған ортаға деген талант (бұл талантқа жануарларды үйретушілер мен жер өңдеумен айналысатындар ие); - кәсіпкерлік (жаңа ұрпақтың заман талабына сай материалдық құндылыққа маңыз беру таланты). Бұл саралау бойынша мәселен, Билл Гейтс кәсіпкерлік және сандық талантқа ие жан десек, Лермонтовтың талантын вербалды-лингвистикалық деп жіктей аламыз. Қандай да бір музыкалық аспапта ойнауды, ән салуды оған ден қойған кез келген адам үйрене алады. Алайда жақсы музыкант қарапайым музыканттан орындау шеберлігімен ерекшеленеді. Ал бұл шеберлік неге байланысты? Ол - адамның қабілеттеріне, яғни аспап пернелерінде ойнай білу, ән салу бейімділігіне байланысты. Біреулер өнердің биік шыңын біртіндеп бағындырса, енді біреулер жетістіктерге басқалардан әлдеқайда жылдамырақ қол жеткізеді. Себебі, оның бойында осы іске деген туа біткен бейімділік бар, оның басқаларға қарағанда бұл іске алғырлығы басым. Демек, басқалар жылдап үйренетін істі ол 1-2 ай ішінде-ақ меңгеріп алады. Яғни, адамның бір істі басқалардан жылдамырақ үйренуі оның қандай да бір іске туа біткен қабілет негізі барын көрсетеді. Бұл жерде маңызды бір нәрсені естен шығармаған жөн - адамның бойына табиғатпен берілген, туа біткен қабілет негізінің болуы - ол тек істің басы ғана. Ол адам сол істі аса шеберлікпен атқаратындай қабілетке айналдырылуы тиіс. «Кез келген дарынды дамыту үшін негізгі психикалық функцияларды (зейін, жады, қиял, логикалық ойлау), сондай-ақ негізгі тұлғалық сипаттамалар - тәртіп, шынайылық, ұқыптылық, ынтаны да дамыту керек. Танымдық қабілеттер мен дағдыларды да жетілдіру керек. Атап айтқанда, кең көлемді ақпаратты игеру, бай сөздік қорын қалыптастыру, игергенді жаңамен үйлестіру, қорытынды шығара алу, күрделі мәселелерді шеше алуды, күрделі идеяларды ұғуға үйрету қажет. Сондай-ақ кез келген нәрседен білінер-білінбес айырмашылықтарды ажырата алатын сезімталдықты, ситуацияны талдай алуды, себеп-салдарды көре алуды, болжам құруды, пайымдай алуды, идеяны іс жүзінде қолдана алуды, сыни ойлауды, білуге құмарлықты, тәуекел ете алуды, ой мен әрекет үйлесімін, жылдам ойлауды, бай қиялды, жоғары эстетикалық құндылықтарды, ішкі түйсігін дамыту керек", - дейді психолог Ж.Қайырова. Бұл жерде тағы бір мәселе бар: біреудің табиғат берген бейімділігі қандай да бір істі шеберлікпен атқаруына мүмкіндік беретін қабілетке айнала алса, екінші біреуге ол үшін көбірек уақыт қажет немесе оның талпыныстарынан мүлдем түк шықпауы мүмкін. Себебі, оның бұл іске туа біткен бейімділігі бар, алайда олар қабілетке айналмайды, яғни ол бұл кезеңнен өте алмайды. Демек, қабілетке ие болудың өзі енді ол адамның қолға алған ісін тамаша етіп атқарады дегенді білдірмейді. Қабілеттен кейін келесі кезең - оны талантқа айналдыру кезеңіне аяқ басу қажет. Бұл жерде талантты адам қабілетті адамнан несімен ерекшеленеді деген заңды сауал туады. Таланттың қолынан жаңа дүние туындайды. Ал қабілетті адам бар болғаны белгілі, басқалар атқаратын істі өте жақсы атқарады, алайда жаңа дүние (мысалы, әдеби туынды жазу, сурет салу, күй, саз шығару тәрізді) ойлап таба алмайды. Ал талантты адам қабілетті адам тәрізді қандай да бір тапсырманы тамаша орындап шыға алмаса да, ол виртуозды, суырып салма, яғни жаңа дүниені ойлап табады. Демек, адам өзінің қандай іске бейімі барын қандай да бір істі басқалардан жылдамырақ үйреніп, алғырлық танытуы арқылы біле алады. Егер сол істі тереңінен, сезімталдықпен, басқалардан шебер ұғына, игере білсе, оның сол іске қабілеті бар. Ал бұдан бұрын ешкім жасамаған, ойлап таппаған жаңа дүниені тудыра алса - бұл талант. Мәселен, фото түсірумен енді ғана кәсіпке айналдыра бастағандар пейзаж түсірген соң өздерін аса талантты жандар ретінде санай бастайды. Бірақ олар фотосурет түсіру өнеріне еш жаңалық әкелмесе, оларды талантты деп тануға ертерек. Ал олардың бұл іске деген туа біткен бейімділігі бар-жоғын қалай білуге болады? Егер олар басқа адамдармен салыстырғанда, бұл істі жылдамырақ, мәселен фотосурет түсіру шеберлігін бір жыл ішінде үйреніп шықса, демек олардың бұл іске бейімі бар. Ал егер бес жылдан соң түсірген суреттері таңдай қақтырарлықтай болса, бұл істі асқан шеберлікпен игеруге қабілеті бар. Енді бұрын ешкім түсірмеген тың тақырыптарда суреттер түсіре бастаса немесе оларды түсірудің тың тәсілдерін ойлап тапса, талантты адам туралы сөз етуге болады. Сонымен, адамның бойына туа біткен бейімділігін қабілетке, ал қабілетін талантқа айналдыру жолы қандай? Оның тек бір-ақ жолы бар: ол -табандылықпен еңбектену, төзімділікпен тер төгу. Әр адам өзінің туа біткен қабілеттерін, қай іске бейімділігін ескеріп барып, сол іспен айналысса, қоғамға да, өзіне де тиер пайдасы мол болары сөзсіз Қазіргі мектеп түлектерінің көкейінде қандай мамандықты таңдасам деген сауал тұрады. Өзінің қабілет-қарымын танып-біліп, жетілдіруге күш салып жүрген жастың бағдары - айқын, мақсаты - биік. Бұл тұрғыда әр баланың бойындағы өзіне тән қабілетіне көңіл бөліп, оның өмірлік кәсібін дұрыс таңдай білуіне көңіл бөлу керек. Балабақшадан бастап, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқанға дейінгі уақыт аралығында ата-ана, тәрбиешілер мен мұғалімдер, психолог мамандар баланың тұлға ретінде қалыптасу жолында бойындағы бар қарым-қабілетін ашуға ықпал етуі тиіс. Бұл тұста адамның өзін талантты жан ретінде көпшілікке мойындатуы үшін жылдар бойы тер төгуі қажеттігін де ескеру, ескерту қажет. «Ата-анасы баланың бойынан туа біткен қабілет нышандарын байқай білуі керек. Дарындылықтың бірнеше түрі болады. Мысалы, креативті, айрықша, шығармашылық ойлау қабілеті, жоғары интеллект (болашақ ғалымды 5-6 жасындағы алғырлығынан, зейінділігінен, есте сақтау қабілетінің жоғарылығынан байқауға болады); өнерге, биге бейімділік (оған дарындылық баланың 1,5-2 жасынан байқалады); әлеуметтік дарын (болашақ көшбасшылар). Осы қабілеттерді байқаған соң баланы тиісінше бағыттарда (үйірмелерге беру т.б.) дамытуға болады. Бірақ бұларды аталған жастардан бастап ерте дамытуға асығудың қажеті жоқ. Баланың физиологиялық, психологиялық қалыптасуы оқу іс-әрекетіне дайын болғанда, яғни 6-7 жастан бастаса да, кеш болмайды. Бүлдіршінді дарынын талантқа айналдырамын деп оның дамып-жетілуіне ықпалы зор ойыннан айыруға болмайды», - дейді бұл туралы психолог Жаңагүл Амантайқызы. Талант туралы толғамдарымызды қорыта келе айтарымыз, әр азамат өзі таңдаған салада көшбасшы, білікті маман болуға табиғи талантпен қатар зор еңбектің, зейіннің, ынтаның арқасында ғана қол жеткізетіндігі анық. Яғни ұлы Гете айтқандай, "1 пайыз талант пен 99 пайыз төгілген тер" ғана табысқа қол жеткізуге жол ашады.
Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.

Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.


Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден – әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз.


Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық – адамда обьективтілікті жан-жақты бейімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.


Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен – еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.


Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.


Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай түлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.


Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.


Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді.


Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші -тарихқа және біреулер – қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі.


Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген).


Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты.


Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек -оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының теңелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді.


Баланың дарындылығы деп – бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі.


«Дарындылық» – бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» – бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша :


– табиғи дарын


– бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі


Біз «қабілеттілік» сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы, «қабілетті оқушы», «қабілетті жас ғалым») қолданамыз. Осындай жағдайда бұл терминдер, яғни «дарындылық» және «қабілеттілік» өте тығыз байланысты, мәндөс, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген «қабілеттілік» сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол -жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н.С.Лейтес).


«Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік – бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері». Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.


Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жүмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес, қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді.




Қазіргі жағдайда дарынды балалармен жұмыс жасаудың түрі -балалар шығармашылық үйлерін құру болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет