«Қазақстан тарихы» пәнінен 2-тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары
Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз
1.Темір дәуірінің қамтитын аралығы:
А) б.з.б. XI-X ғасыр
В) б.з.б. YIII ғасыр б.з-дың VI ғасыры
С) б.з.б. XII-VI ғасыр
D) б.з.б. XII-VIII ғасыр
Е) б.з.б. XVI-VIII ғасыр
2. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасқан:
А) отырықшылық
В) егіншілік
С) көшпелі мал шаруашылығы
D) отырықшы мал шаруашылығы
Е) сауда-саттық
3. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы:
А) ру болып өмір сүруі
В) көсемдердің пайда болуы
С) еңбек құралдарын жасай білуі
D) өз шаруашылығында өнім өндіруі
Е) баспана жасай білуі
4. Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық:
А) дөңгелекті ойлап табу
В) ет, сүтін пайдалану
С) көлік ретінде пайдалану
D) терісін пайдалану
Е) үзеңгі мен ауыздықты ойлап табу
5. Сақтар туралы жазбаша дереккөздер қалдырған елдер:
А) Грек, парсы авторларының шығармалары
В) Үнді, Грек
С) Рим, Парсы,Үнді
D) руна жазулар
Е) Қытай, Парсы
6. Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы:
А) жүйрік атты турлар
В) азиялық скифтер
С) еркін адамдар
D) құдіретті еркектер
Е) көшпелілер [6]
7. Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының қалыптасуына әсер еткен себептерді атаңыз. (кемінде әрқайсысына 2 себепті ұсыныңыз)
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу себептері
|
Егін шаруашылығының қалыптасу себептері
|
|
|
|
|
[4]
8. Сөйлемдерде жасырылған сөзді анықтаңыз. (сөйлемдерді бір сөзбен сипаттауға болады)
-
Мал шаруашылығы, алыс аймақтарға мал жаю...
-
Қар астынан азық іздеу ...
-
Олар 10 күн бойы су мен тамақсыз тіршілік етеді ...
-
Олар тебіндеп азықтана алмағандықтан оларға қысқа арнайы азық дайындаған...
-
Киізден жасалған көшуге ыңғайлы көшпелілердің баспанасы.....
[5]
-
Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз.
Есік обасы (1________) дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан. (2________) жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі (3________) мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген.
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам (4________) жасар, бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады. (5________) мол тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түрі де, көлемі де әр түрлі алтын аптырмалармен сәнделген, төбесі шошақ, биік (65-70 сантиметр- ге дейін) бас киім киген.
[5]
Достарыңызбен бөлісу: |