Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі



Дата11.05.2022
өлшемі14,61 Kb.
#142822
Байланысты:
тарих срсп 13


МКО-102 Нағашыбай Нұр
ОСӨЖ-13
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары
және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі
Ядролық қарудан бас тарту мәселесі – қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі. Ядролық полигондар XX ғасырдағы ең ауыр қасірет болды. 1989 жылы ақпанда КСРО жоғарғы кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада - Семей» қозғалысы қалыптасты, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. 1989 жылы «Невада - Семей» қозғалысы полигонында жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-не жол бермеді. Бұл ядролық қарусыз әлем үшін жасалған ең алғашқы және нәтижелі қадамдар еді.
1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тиым салды. Дегенмен, ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелер де жоқ емес. Атом технологиялары мен материалдарының халықаралық ланкестер қолына түсуінің қаупі зор.
Ядролық қарусыз әлем үшін жасалған бірнеше нақты бастамалар мен қадамдар:

  • Семей полигонын жабу;

  • 1993 жылы 13 желтоқсанда Ядролық қаруды таратпау туралы заңға қол қойды;

  • 1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктік (МАГАТЭ) мүшесі болды;

  • 1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тиым салды.

Қорытындылай келе, Қазақстан бүкіл әлем елдері үшін қарусыз әлемнің бастаушысы болып есептеледі. Себебі, ең алғаш ТМД елдері арасында ядролық қарудан бас тартты. Ядролық қарусыз әлем үшін жасаған нәтижелі бастамалары ел болашағы үшін маңызы зор. Қазақстан бастамалары бейбіт болашаққа жетелейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет