ҚазақстанРеспубликасыныңБілімжәнеғылымминистрлігі



бет1/7
Дата20.03.2020
өлшемі475 Kb.
#60400
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
УМК этнология 2 курс 050114 казах.отде
УМК этнология 2 курс 050114 казах.отде
ҚазақстанРеспубликасыныңБілімжәнеғылымминистрлігі

Х.Досмұхамедоватындағы Атырау мемлекеттікуниверситеті
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті

Қазақстан және дүние жүзі тарихы кафедрасы

«Бекітемін»

Факультет деканы

т.ғ.к. Кайыргалиева Г.К._____

« ___» _________2017 ж.

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Etn 1202 «Этнология» пәні бойынша
5В011400 – «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған

Атырау - 2018

Құрастырушы: Нағымов Шахман Нағымұлы, п.ғ.к., доцент, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері

Аннотация:


«Этнология» 5В011400 «Тарих» мамандығы студенттеріне оқытылады. Пәннің міндеті студенттерді этнографияның теориялық проблемаларымен таныстырады. Пән ретінде этностардың пайда болуын, халықтардың ерекше нышандарын – тілін, материалдық және рухани мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, үй-жайларын, ұлттық киімдерін т.б. зерттейді.

Etn 1202 «Этнология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Тарих-филология факультетінің 5В011400- «Тарих» мамандығының студенттері үшін

Құрастырушы Нағимов Ш.Н. – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасы. 2018ж.




  1. ГЛОССАРИЙ


Алаш — ежелгі түрік сөзі- бауырластар, қандастар, туыстар. Көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген.

Албандар – қазақ халқын құраған ірі тайпалардың бірі.

Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық.

Би — рубасы, сот.

Ғұндар — ежелгі түркінің тайпа бірлестігі

Гуньмо — үйсіндердің жоғарғы басқарушысы

Динар — Шығыс елдерінің көне ақшасы

Дирхем — арбтардың ежелгі күмістен жасалған монета.

Дін – адамдардың құдайға табыну негізі, көзқарасы

Жайлау — көшпенділердің жазғы мал жаю тұрағы.

Жайык (Яик) — Орал өзені.

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – жазда және қысқы мал жайылым тұрағы.

Зекет — мал салығы.

Иқта — феодалдық қоғамдағы жер салығы

Иқтадар — жер салығын иемденуші.

Ислам — дүниежүзілік діннің бір түрі, ҮІІ ғасырда араб елінде пайда

болған, негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар, жалғыз құдай – бұл Алла.



Тарих - ғылым, адамзаттың басынан кешкенін зерттеу.

Киіз үй- көшпелі халқының негізгі тұрағы

Қади – сот.

Қаңлы – ежелгі түркі тайпаларының бірі.

Қидандар — қарақытай, ХІІ ғасырда Жетісу өңірінде мемлекетін құрған.

Көшпенділік — мал шаруашылығы негізінеде көшіп-қону

Кроманьондық — «есті адам» қазіргі адамға сай.

Қорған — ескі тастан жасалған зираттар

Қыстау — көшпенділердің қыстағы тұрағы.

Матриархат — әйел қоғамындағы елді билеуі

Мезолит — орта тас ғасыры.

Мустье — орта палеолит

Неандерталдық — ежелгі адамдар

Неолитжаңа тас ғасыры

Палеолит — ежелгі тас ғасыры

Парадарайа — теңіз жағалауындағы сақтар

Патриархат — еркектердің қоғамдағы елді билеуі

Петроглиф – тастан қашап жазылған жазулар

Питекантроп — ежелгі адамның бір түрі.

Сақтар — VIII—III вв. б.д.д. біздің территориямызда мекен еткен тайпа.

Сарбаз — әскер

Сардар (бек) — әскери қолбасшы

Сарматтар — III в. б.д.д. —IV в. Батыс өңірін мекен еткен тайпа

Синантроп — Қытайдан табылған алғашқы адам.

Тәңірлік — ислам дінінен бұрынғы, түркі тайпалардың құдайды Тәңірім деген сенімі

Тиграхауда — шошақ бөрікті сақтар

Төленгіттер — сұлтандардың хандардың құлдары ретіндегі бөлек сословиесі

Уезд — әкімшілік-территориясының бір бөлігі.

Үйсін — Жетісу өңірінде мекен еткен тайпалық одақ, кейін Ұлы жүзге еніп кетті

Хаомаварга — хаом сусынын дайындайтын сақтар.

Шаманизм — бақсылар, тылсым күш арқылы емдеушілер.

Энеолит — тастан және мысқа ауысу кезеңі

2. ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SILLABUS

2.1. Оқытушы туралы мәлімет.
Нағымов Шахман Нағымұлы, 1945 жылы туған, п.ғ.к. Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын 1971 жылы бітірген. Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері (1985), ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері (2006). 7 кітап және оқу құралдарының авторы. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі. Кафедрада сағат 8.30-дан 18.00 дейін болады.

2.2. Пән туралы мәлімет.

Аты: «Этнология»

Кредиттер саны – 3

Өткізетін орны: №2 оқу корпусы, 217, 218 аудитория

Оқу жоспарынан көшірме
ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

Семинар

ОСӨЖ

СӨЖ

барлығы

Бақылау түрі

3

Ү

3

30

15

15

75

135

Емтихан




    1. Пререквизиттер: Оқылатын пәнді игеруге қажетті білімдер мен икем-дағдылардың жиынтығы.

Студенттер әлем және Қазақстан халықтарының этнология туралы сапалы білім алулары керек. Пәнді оқу барысында олар этностық негізгі нышандары туралы оқып үйренеді, әлем жұртшылығының тілі, діні, материалдық және рухани мәдениеті туралы білім жинақтайды. Баяндамалар, рефераттар, жоспарлар, резюмелер құруды үйренеді.




    1. Постреквизиттер: оқытылатын пәннің білімдері қолданылатын пәндердің тізімі.

1.Қазақстан тарихы

2.Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы

3.Мәдениеттану

4.Қосымша тарихи пәндер

5.Діндер тарихы

6.Археология

7.Этнология

8.Әлеуметтану



    1. Қысқаша жазбада пән туралы мәліметтер беріледі, пәннің мақсаты мен міндеттері анықталады, сондай-ақ студент пәнді оқуды аяқтағанда алатын білімдері мен икем-дағдыларының жиынтығы көрсетіледі.

Этнология пәні 5В011400 – «Тарих» бакалавриат мамандығына 3 кредит мөлшерінде оқытылады. Бұл пән ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу стандартына сай жүргізіледі. Пән мазмұны әлем халықтары туралы мәліметтерден түрады.




    1. «Этнология» пәні бойынша тапсырмалар орындау және тапсыру кестесі.




Р/с

Жұмыс түрлері

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Баллдар (рейтенгілік шкала)

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

Лекцияны ауызша жауап беру

Лекция материалын бекіту

Лекция материалдар

Семестр бойы



Сұрақ-жауап

Әр ай сайын

2

Бақылау жұмысы

Лекция материалдарын қабылдау деңгейін тексеру

Леекция материалдары, оқулықтары

Ай сайын




Сұрақтарға жазбаша жауап беру

Әр ай сайын

3

Реферат

Қосымша материалдарды оқу

Оқулықтар, журналдар және басқа материалдар

Семестр бойы



--------

------



    1. Семинар сабақтарының жобалық тақырыптары.


1 Кіріспе. Этнос және этнология. Дүние жүзі халықтарының негізгі классификациясы

  1. Материалдық мәдениет океания және Австралия халықтары

  2. Алдыңғы және Батыс Азия халықтары

  3. Оңтүстік Азия халықтары

  4. Оңтүстік Шығыс Азия халықтары

  5. Шығыс Азия халықтары

  6. Африка халықтары

  7. Америка халықтары

  8. Солтүстік, Орталық Батыс және Оңтүстік Европа халықтары

  9. Оңтүстік, Батыс, Шығыс славяндар

  10. Шығыс Европаның славян емес халықтары

  11. Прибалтика халықтары

  12. Кавказ халықтары

  13. Орталық (орта) Азия халықтары

  14. Қазақстан этнографиясы

  15. Негізгі этнологиялық бағыттармен мектептері

  16. Океания халықтары

  17. Орта Азия халықтарының материалдық, рухани, мәдениеті және шаруашылығы

  18. Африка халықтарының діндері

  19. Америка және индустардың мәдениеті

  20. Европа халықтарының рухани мәдениеті

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:



  1. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М.,1983

  2. Итс. Р.Ф.Введение в этнографию Л.,1991

  3. Леви-Стросс К.Структурная антропология М.,1983

  4. Марков Г.Е.История хозяйства и материальной культуры М.,1979

  5. Марков Г.Е. Очерки истории немецкой науки о народах. М.,1993

  6. Масанов Э.А. Этнографическое изучение казахского народа в СССР А.,1966

  7. Никишенков А.А. Из историианглийской этнографии. Критика функционализма. М., 1986

  8. Токарев С.А История зарубежной этнографии. М., 1983

  9. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы А., 1994

  10. Токарев С.А История русской этнографии М., 1966

  11. Этнические процессы в современном мире. М.,1982

  12. Этнография/Под.Ред.Ю.В.Бромлея и Г.Е.Маркова. М., 1982

  13. Этнография/Под.Ред.Ю.В.Бромлея и Г.Е.Маркова. М., 1994

  14. Атлас народов мира. М., 1964

  15. Брук С.А Население мира . М.,1981

  16. Народы мира. Историко-этнографической справочник. М., 1988

  17. Население мира. М., 1992

  18. Этнология; Учебник для ВУЗ-ов М., Наука, 1994г.

  19. Этнология под. Ред.Е.В.Мисковой, Н.Л.Мехедова, В.В.Пименова. М., изд. Культура. 2005

  20. А.П.Садохин. Этнология. М.,2001

1.8 Бағалау бойынша ақпаратта бағалау шкаласы, білімді бағалау критерийлері, тапсырманы орындауда қойылатын талаптар беріледі.


Рейтинг-шкала

Бақылау формасы

Балдар

Ағымдағы

20

Аралық

35

Үй тапсырмасы

10

Қорытынды

35

Барлығы

100


1.9 Курс саясаты мен процедурасы.

Студенттерге төмендегі талаптар қойылады: Сабақтарға кешікпеу, сабақтарды жібермеу, дәлелсіз себептермен жіберсе қорытынды пайыздары кемітіледі. Сабақтарда, өз бетімен жұмыстарда, мұғаліммен бірге жұмыс кезінде студенттің белсенділігі құпталып, нәтижесінде ықпал етеді.


Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар.
Курстық тақырыптық жоспары


р/с

Тақырыптың атауы

лекция

семинар

СОӨЖ

СӨЖ

1.

Этнос және этнология.

Этнологиялық ақыл-ойдың даму тарихы.



2

1

2

3

2.

Этногенез, этникалық тарих, этникалық процестер.

2

1

3

3

3.

Әлем халықтарының негізгі классификациялары.

Әлем халықтарының тілдік классификациялары.



2

1

3

3

4.

Шаруашылық мәдени классификациясы.

Әлем халықтарының діни классификациясы.

Теселі егіншілік және малшылар.

Австралия және Мұхиттық аралдар.

Полинезия халықтары.


2

1

3

3

5.

Азия халықтары.

Қазіргі этникалық құрамы.

Оңтүстік Азия халықтары

Қазіргі этникалық құрамы.



2

1

3

3

6.

Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары.

Шығыс және Орталық Азия халықтары. Этногенез және этникалық тарихы.



2

1

3

3

7.

Африка халықтары.

Халқы, антропологиялық құрамы.

Солтүстік Африка халықтары.

Шығыс Африка халықтары.

Этникалық құрамы


2

1

3

3

8.

Батыс Африка халықтары.

Этникалық құрамы.

Шаруашылығы, мәдениеті.

Орталық Африка халықтары.



2

1

3

3

9.

Койсан халықтары, пигмейлер.

Мадагаскар халқы.

Оңтүстік Африка халықтары.


2

1

3

3

10.

Америка халықтарының этногенезі және этникалық құрамы.

Арктикалық аңшылар мен балық аулаушылар.

Калифорния терімшілері мен аңшылары.


2

1

3

3

11.

Солтүстік-батыс жағалаудың үндістері.

Орталық және Оңтүстік Америкада мемлекеттердің құрылуы.

Батыс Европа халықтары.

Евразия халықтары.



2

1

3

3

12.

Қазақ халқының этникалық құрамы, орналасуы, саны.

Төрелер, қожалар, төленгіттер және басқа топтар.



2

1

3

3

13.

Қазақ емес жұртшылық.

Этникалық құрамы.

Шаруашылығы. Мал шаруашылығы.

Егіншілік, балық аулау, аңшылық.



2

1

3

3

14.

Қазақтың қолөнері мен зергерлік өнері.

Киіз басу, текемет, мата тоқу, кілем тоқу, кесте тігу.

Дәстүрлі тұрғын үй; киіз үй, күрке, қос.

Ұлттық киімдер.



2

1

3

3

15.

Қазақтың салт-дәстүрлері.

Халық білігі.

Қазақтың музыка өнері.

Ұлттық ойындары мен мерекелері.

Ұлттық тағамдары.

Діни наным-сенімдері.



2

1

3

3




Барлығы:

30

15

45

45


Этнология пәні бойынша

(лекциялар курсы)
1-Лекция: Этнос және этнология.

Этнос және этнология (грек сөзі халық және білім) - әлем халықтары туралы ғылым. «Этнология» терминін 1784 жылы А. Шаванн енгізгенмен, тек ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Эдварс және Амнердің арқасында жұртшылық арасына кең тарады. Гуманитарлық ғылымдар арасында этнология археология және тарих ғылымдарымен бірдей орын алады. Академиялық ғылым және университет пәні ретінде этнологиялық жеке дара маңызға ие болғанына көп болған жоқ. Алайда этнология өте ерте замандарда рулық-тайпалық қатынастардың пайда болу кезеңімен бір уақытта туындады деп те айтуға болады. Адамдар әруақытта өздерімен көршілестердің тек өздеріне ғана тән ерекшеліктерін білуге қызығушылық танытқан. Тарихи өткен кезеңдерде әлемнің көптеген халықтарында этнографиялық әдебиет пен ауызша әңгімелер көп болған. Сонымен қатар бұл үрдістің дамуының ерекше кезеңі пәнің ғылыми негіздерінің қалыптасуы мен университеттерде жүргізіле басталуымен байланысты болды. Бұл ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында болатын. ХІХ ғасырдың 30-40жылдары Европа мен Американың бірқатар елдерінде этнологияның алғашқы қоғамдағы «Этнологияның Париждік қоғамы» (1839), «Американдық этнологиялық қоғам» (1848) т.б. қалыптасты. Осы кезеңде этнология өзінің пәндік саласына физикалық антропологияны енгізді. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап этнологияны халықтар туралы ғылым ретінде, антропологияны адам туралы ғылым ретінде бір-біріне қарсы қою әрекеті байқалды. Бұл 1869 жылы Германияда «Антропология және этнология және бастаулар қоғамының», 1871 жылы «Антропология және этнологияның Итальяндық қоғамының» құрылуынан көрініс тапты. Антропология мен этнологияның арасалмағы туралы мәселе алғаш рет құрамында антропология, этнология және тарихқа дейінгі археология секциялары жұмыс істеген 1875 жылғы Парижде өткен халықаралық географиялық конгресте талқыланды. Кейінірек бұл мәселе 1934 жылы өткен халықаралық және антропологиялық ғылымдардың Одағының құрылуымен түпкілікті бекітілді. Сонымен қатар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап этнологияны әлеуметтік антропологияның құрамдас бөлігі ретінде қарастыру дәстүрі де қалыптасты. Қазіргі кезде шетелдік ғылымда этнологияның орнына «Әлеуметтік антропология» деп те пайдаланып жүр. Шетелдік ғалым Дюркгеймнің пікірінше этнология жазбаша пән ретінде қарастырылып, оның материалдарын социология пәні қорытып отырады. Батыста қалыптасқан бұл пікірге қарама-қарсы көзқарастың иелері этнология ғылымын халықтар туралы ғылым ретінде қарастыра отырып, этнографияны сол ғылымға қажетті мәліметтердің жиынтығы деп санайды. Ақыр соңында Леви-Стростың еңбектерінде этнография, этнология және антропология адамзат мәдениетін танып білудің кезекті үш кезеңі ретінде қарастырылады: этнография далалық зерттеулермен айналысады, этнология географиялық, тарихи және жүйелік бағыттарды зерттейді, антропология жалпы адамды танып-білуге тырысады. Сөйтіп, Леви-Стростың пікірінше этнография, этнология және антропология үш түрлі пән, зерттеу немесе ғылым болып табылмайды. Бұл шын мәнісінде бір зерттеудің үш кезеңі, үш уақыттың межесі.

«Этнография» ұғымы Ресейде ХІХ ғасырдың аяғынан бастап кең тарай бастады. Халықтар мен тайпалар туралы ғылым ретінде ХІХ ғасырда пайда болып, этнография 1920-1930 жылдары этнологияға айналды. Кейін бұл ғылыммен айналысатындарды Космополитизммен айыптап, саяси қуғын-сүргінге ұшыратты. Ғылымда 90-жылдары этнология ғылымына деген салқындық байқалды. Нәтижесінде этнологиядан «этнография» термині ығыстырылып шығарылды. 1945 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының археология және этнография ғылыми зерттеу институтының ашылуынан бастап Қазақстандық ғалымдар этнографияғылымында аса зор табыстарға жетті. Қазіргі кезде этнология ғылымының кезек күттірмес мәселелерін анықтау процесі жүріп жатыр.



2-лекция: Этнологиялық ақыл-ойдың даму тарихы.

Эволюционизм деп (латынша жылдам даму) ХІХ ғасырда барлық жерге тараған этнографияның даму туралы мектеп аталды. Бұл мектептің әдістемелік принциптері бойынша даму өте ерте кезеңнен ең соңғы кезеңге дейін әрбір мәдениетте нәрестелік жағдайдан басталады да белгілі бір кезеңдерден өтеді. Эволюционизмнің қалыптасуы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында басталды. Әсіресе Л. Окен ұсынған даму туралы ой үлкен маңызға ие болды. Оның ғылымдағы ізбасары тұқым қуалаушылық туралы идеяның авторы Ж. Ламарк еді. Соңында сұрыптау принципін ұсынған Ч. Дарвин эволюциялық ілімді ілгері дамытты. Эволюционизмнің негізгі бағыттарына мыналар жатады: а) Мәдени тарихи бағыт (Л. Морган, К. Кавелин, М. Ковалевский, Э. Тэннор т.б.) б) Биологиялық бағыт (Бастиан, Ахелис) Бұл бағыттың ғалымдары қоғамның даму принциптерін табиғи ғылымдарға көшіру мәселесін көтерді. в) Әлеуметтік бағыт (Конт, Дюркгейм, Бахофен, Штарке). Бұл бағыт жанұямен неке қатынастарын, еңбектің қоғамдық бөлінісін, жеке меншіктің пайда болуын зерттейді. г) географиялық бағыт (Пешель, Андре, Надеждин). Бұл бағыттың өкілдері басты назарын халықтардың даму процесін тек географиялық факторлармен байланыстырды. Француздық әлеуметтік мектеп бағыты Э. Дюркгейм және оның шәкірттерінің есімдерімен байланысты. «Әлеуметтану» термині ертеде пайда болғанмен, оның кең көлемде қолданысқа болып, ізгілікті білім саласының ерекше ғылымының атауына кейінірек айналды. Дюркгеймнің пікірінше қоғамды танып білудің әдісін әлеуметтану ғылымы анықтайды. Эволюционистерге қарама-қарсы Дюркгейм адамзат қоғамдарын адамдардың қоршаған ортаға бейімделуінің нәтижесі деп қарастырған жоқ, оларды жабық жүйелер деп санады. Қоғамның тепе-теңдігі оның құрамдас бөліктерінің қызметті кірігуімен және оның мүшелерінің «әлеуметтік ынтымақтастығымен» қамамасыз етіледі. Дюркгейм пікірінің екінші маңызды категориясына әлеуметтік факторлардан басқа «ұйымдық көзқарастар» жатады. Дюркгеймді жақтайтындардың арасында аса көрнекті әлеуметтанушылар және этнографтар М. Мосс, М. Гране, Л. Леви-Брюль т.б. болды. Мосстың (1872-1950) ғылыми мұрасы ерекше зор және кейбір тұрғыда оның еңбектері Дюркгейм еңбектерінен де кең танымал болды. Мосс тақырыптарының арасында табиғат және құрбандық шалу, сиқыршылықтың жалпы теориясы, әлеуметтік ғылымның құрылымы мен әдіснамасы, өркениет және мәдениет, генезис және «мен» ұғымының эволюциясы және басқа мәселелер болды. Марель Мосстың ең белгілі еңбектерінің бірі 1925 жылғы «Сыйлық туралы очеркі». Мосстың Франциядағы әлеуметтік ғылымдардың, ең әуелі этнологияның, әлеуметтік антропологияның және социологияның дамуына тигізген ықпалы ұшан теңіз. Структурализм ілімінің негізін салушы Леви-Стростың пікірінше «Мосс этнология ғылымының Ньютоны» болды. М. Гране (1884-1940) Дюркгеймнің оқушысы және Мосстың жақын досы ежелгі дүние тарихы мен Қытай мәдениеті туралы жұмыстарымен белгілі болды.Француздық әлеуметтік мектебі өз жұмысын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тоқтатақанмен, қазіргі әлеуметтік антропологияның, француз струкрурализмнің, экономикалық этнографияның дамуына үлкен ықпалын тигізді.Структурализм – (латын – тұрғызу) – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияда және Англияда, АҚШта кең тараған мектеп. Структурализмнің өкілдері әр түрлі әлеуметтік институттардың арасында қалыптасқан байланыс бар деп санайды. Структурализм алғаш 1920 жылдары Ұлыбританияда пайда болып, оның негізін салушы Редкинард – Браун жаңа мектептің әдістемелік бағдарламасын жасауға кірісті. Американдық тарихи мектеп – Ф. Баос есімімен байланысты дамыды. Ол АҚШта 1890 жылдан 1930 жылға дейін дамып, европалық және россиялық ғылымның дамуына терең әсер етті. Баос әрбір халықтың тілінің, мәдениетінің дамуын, оның әлеуметтіка құрылысын зерттеуге ерекше мән берді. Баостың ғылыми беделі ерекше зор болды, оның Унескер, Радлик, Уент сынды талантты шәкірттері болды. Баостың пікірінше әр халықтың мәдениеті өз алдына қайталанбас тарихи құбылыс, оны бір-бірімен біріктіріп қарастыруға болмайды. Бұл айтылғандардан басқа этнологияда функционализм және этнопсихология және т.б. мектептер болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет