ҚазақстанРеспубликасыныңБілімжәнеғылымминистрлігі


Халқының антропологиялық құрамы



бет4/7
Дата20.03.2020
өлшемі475 Kb.
#60400
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
УМК этнология 2 курс 050114 казах.отде


Халқының антропологиялық құрамы. Африка континентінде адамдардың үлкен үш нәсілі бар – европеоидтық, негроидтық және ішінара монголоидтық, сондай-ақ осылардың аралас және ауыспалы нәсілдік типтерінің өкілдері әр түрлі вариантта болады.

Бүкіл Солтүстік Африканы европеоидтық үлкен нәсілге жататын халықтар қоныстанған, бұлар – шашы мен көзі қара, теріс қараторы, шашы сәл толқынды болатын сопақ бетті, жұқа қыр мұрынды келетін арабтар мен берберлер. Осы нәсілге дәлірек айтқанда, орта Европалық типке негізделген континенттің оңтүстігін мекендейтін шашы, көзі мен терісі ашық түсті, шашы тіке немесе сәл толқынды, сопақ бетті, жұқа қыр мұрынды келетін европа халықтары –африканерлер (голландықтардың ұрпақтары), ағылшындар, француздар, немістер және басқалары жатады.

Сахарадан оңтүстікке қарайғы елдер халықтарының басым көпшілігі үш регионды типте көрінетін негроидтық (немесе африкалық) үлкен нәсілге жатады. Негр типіндегілерге мынадай өзіндік сипаттар: терісінің шымқай қарадан бастап қоңырқай түске дейінгі әр түрлі реңі, көз бен шашының қара түсті болуы, шашының бұйра келуі , жақ сүйектерінің көбіне шығыңқы болуы (прогнатизм), ернінің орта мөлшерден бастап, өте іріге дейінгі («дүрдиген») әр түрлі формасы, танауы кең, жайпақ мұрын болуы, дене түгінің нашар дамуы тән. Осы тип шегіндегі антропологиялық ерекшеліктер недәуір болады және олар адамның бойының, терісінің түсіне, бет әлпеті мен басы, мұрны мен ерніне, прогнатизмнің болуы немесе болмауы сияқты белгілерге қатысты.
15-лекция: Солтүстік Африка халықтары

Солтүстік және Солтүстік-шығыс Африканың бір бөлігін көбіне Араб Африкасы деп атайды, өйткені оның тұрғындарының көпшілігі араб тілінде сөйлейді. Бұлар – Магриб, Египет және Судан Демократиялық республикасының солтүстік бөлігінлегі елдер: оларға көбіне Батыс Сахара мен Мавританияны жатқызады.

Арабтар мен берберлердің топтасуы, европа отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың тездетілуі Магриб елдеріндегі египет, ливия, тунис, алжир, марокко сияқты ірі-ірі ұлттардың қалыптасу процесіне жағдай жасады. Этникалық құрамы аса күрделі Судан Демократиялық республикасында судан ұлтына араб тілдес тайпалар шоғырланды, алайда онда сондай-ақ шығу тегі әр түрлі жекелеген негроид халықтары да тұрады.

Бұл елдердің барлығындағы халықтар негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады, алайда егіншілік пен малшылықтың арақатынасы барлық аймақтарда бірдей емес. Нілдің құнарлы аңғарында тұратын Египет халқы мен Суданның бір бөлігі егіншілікпен айналысады. Судан Демократиялық республикасының оңтүстік бөлігінде кетпенді егіншілікпен айналысады. Судан Демократиялық республикасының оңтүстік бөлігінде кетпенді егіншілік мал шаруашылығы және балық шаруашылығымен ұштасады. Магриб елдерінде, жағалау алқабы мен Атлас таулы аудандарында сүтті мал шаруашылығымен ұштасқан егіншілік шаруашылығы үстем. Жағалаудан неғұрлым алыстаған сайын мал шаруашылығы соғұрлым маңызды роль атқарады. Магрибтің ішкі бөліктерінде көбіне малшылар тұрады.

Египеттің егіншілігі үлкен назар аудартады, өйткені оны білу егіншіліктің пайда болуы мен даму көрінісін жалпы көз алдына келтіруге мүмкіндік береді.

Ніл ойпаты сарқылмас құнарға ие, өйткені ол жыл сайын судың тасу кезінде өте зор мөлшерде лай тұнбасын алып келетін өзен суларымен тыңайтылады және суарылады. Су егін егер алдында топырақтағы керексіз нәрселерді өңдей отырып, жер қыртысын жұмсартады. Бұл аймақтағы егіншілік өте ежелгі заманда басталған, адамдар дәнді дақылдардың дәнін ылғалды лай тұнбасына жай ғана тастай салғанда соңынан өз бетімен өсетін өнімді күтіп отыра берген. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ Нілде су тасудың кешігу жағдайына байланысты египет шаруалары – феллахтар егін егуді осылай жүргізген. Осыған ұқсас қарапайым жұйе лиманды (батпақты) егіншілік деп атанды. Оны, сірә, б.э.д. V мың жылдардағы неолиттік бадарий мәдениетінің өкілдері де (Орта Египет) білсе де керек.

Б.э.д. IV мың жылдардан бастап, ежелгі египеттіктер жерді ең қарапайым қолдан суландыруды және кетпенмен өңдеуді іске асыра бастады. Жеңіл табансыз плугтың енгізіле бастауы туралы алғашқы мәліметтер б.э.д. ІІІ мың жылдарына жатады. Келесі мың жылдарда батпақты жерлерді өңдеуге қажетті берік табанды плуг шыға бастады. Осы кезде биіктегі егістікті суландыратын суландыру жүйесі – каналдардың тығыз торы жасалған.

Египет шаруаларының қазіргі егін шаруашылығы көп жағынан егіншіліктің осы ежелгі жүйесін қайталайды. Египетте ауыл шаруашылығының бір жылы үш маусымға – қысқы, жазғы, күзгі маусымдарға бөлінеді. Алғашқы маусымда (қараша-наурыз)бидай, арпа, пияз, ірі бұршақтар және басқаларын себеді; келесі маусымда (сәуір-тамыз) мақта, зығыр, сора, қант құрағы, күріш, жүгері; ең соңында, күзде (қыркүйек-қараша), Ніл суының барынша көтерілген кезеңінде күріш, жүгері,тары себеді.

Феллахтар ежелгі египеттіктерден сәл ғана айырмашылығы бар плуг пайдаланады. Кетпеннің жұмысы бұрынғысынша, әсіресе, бақша мақта мен жүгері егу канал қазу кездерінде пайдаланылды. Піскен астықты орақпен орады немесе сабағын тамырымен бірге жұлып алады. Астықты бастыру үшін цеп немесе қос өгіз жегілетін металл дөңгелегі не тас тістері бар бастырма тақтай – нурег қолданылады.

16-лекция: Батыс Африка халықтары

Гвинея жағалауы мен Батыс Судан едәуір этникалық ала-құлалықтарымен ерекшеленеді, бірақ тарихи және этнографиялық көзқарас тұрғысынан оларды бірыңғай тарихи-этнографиялық аймақ ретінде қарастыруға болады.

Бұл аймақтың көптеген халықтары әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі жағынан Солтүстік және Солтүстік-шығыс Африка халықтарының ізімен келеді. Батыс Тропиктік Африкада қоғамдық еңбек бөлінісі – малшы халықтың егіншілерден бөлінуі жүрген еді, дербес қолөнер өндірісі шықты, едәуір өркендеген ішкі және сыртқы тауар айырбасы пайда болды. Бұрын мұнда ерте таптық мемлекеттер (Гана, Мали, Сонгаи, Канем-Борну), йоруб, ашанти және басқа да қала мемлекеттері өмір сүрді.

Бұл зоналардың қазіргі тәуелсіз мемлекеттерінде маңызды этникалық процестер жүріп жатыр. Мұнда қалыптасқан ұлт әлі жоқ , алайда, этникалық ала-құлалығына қарамастан, көптеген елдерде екі-үш ірі-ірі халық немесе халықтың көпшілігін құрайтын және ұлттық шоғырлану процесінде этникалық қазық ролін атқаратын халықтардың жақын туыстық топтары ерекшщелене бастауда. Мәселен, манде, йоруба, хауса, және басқа этникалық топтар осындай.

Батыс Тропиктік Африканың әр алуан табиғат жағдайлары – бағалы тұқымды ағаштары бар ылғалды тропиктік ормандар, орта алапта қуаң қалаға ауысатын шөбі бітік орманды дала – парктік саванна ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай туғызады. Бұл зонаның көптеген халықтары Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Африканың егіншілерінен елеулі айырмашылығы бар егіншілікпен айналысады. Батыс Тропиктік Африка егіншілігі орманды алапта ағаш өскіндерін кесу мен өртеу жұмыстарынан соң жерді түгел дерлік кетпенмен өңдеуге негізделген (мәселен, вольт халықтары мен батыс Атлант топтарында). Негізгі егіншілік құралы – кетпен міндетті түрде, ұшы темір иілген ағаш таяқ.

Батыс Тропиктік Африканың барлық халықтары жер учаскесін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін мәдени өсімдіктерді белгілі тәртіппен ауыстырып отырудың тексерілген ғасырлық тәжірибесін ұстанады. Мәселен, мандинго халқы шағын жерге бірнеше жыл қатарынан күріш себеді, ал сонан соң дақылды ауыстыра отырып, сол жерге түйнек жемісті маниоку, жүгері немесе тары егеді. Маниоку дәнді өсімдіктерге қарағанда өте ерте пісетіндігімен бағаланады. Алайда маниокудың түйнек тамырында улы, көгеретін қышқыл бар. Сондықтан әйел адамдар түйнекті кетпенмен жерден қазып, оларды тазартады да бірнеше күн бойы суда қалдырады (су улы затты ерітіп, ағызып кетеді). Сонан соң қауіпсіз болған түйнектерді ұсақтап, қамыр сияқты күйге жеткенше ыдыста ұнтақтайды. Алынған массаны жапырақтарға орап буға пісіреді.

Жалпы алағанда ауыл шаруашылық дақылдарын іріктеу әр түрлі аудандардың табиғат жағдайларына сәйкес келеді. Батыс Тропиктік Африка халықтары күріш, жүгері, тары, фонио (аласа өсетін дәнді өсімдік), маниоку, батат (тәтті картоп тәріздес), ірі бұршақ, арахис, қант құрағы, бұрыш, қауын, асқабақ, темекі өсіреді. Бұл өсімдіктердің көпшілігі – жергілікті, алайда, маниока, батат және жүгеріні европалықтар Америкадан әкелді. Аса маңызды азықтық дақыл – күріш.

Гвинея жағалауының тропиктік ормандарындағы йоруба, ибо, ашанти және басқа халықтарында дәнді дақылдардың (сорго, жүгері, күріш) үлкен маңызы жоқ, оларды ямс, маниока, таро сиқты тамыр және түйнекті жэемістер; жер жаңғағы арахис, нан ағашы, банан, цитрус және әр түрлі жеміс ағаштары әбден ығыстырды.

Европалықтардың шектен тыс қанауын бастан кешірген нақ осы салада отаршылдар ауыл шаруашылығының өздеріне пайдалы түрлерін өсіруге тырысқанын атап өту қажет. Жергілікті халық барлық шаралармен, оның ішінде күштеу шараларымен де шетке шығару үшін бағалы болатын, өз шаруашылығында аз пайдаланылатын дақылдарды өсіруге мәжбүр етілді.
17-лекция: Мадагаскар халқы.

Африканың тарихи-мәдени оңашаланған аймағы Мадагаскар аралы болып табылады. Аралдықтардың негізгі көпшілігін өзінің тілі мен дене түрі жағынан Африка континентіне жақын халықтардан едәуір өзгешеленетін және алыстағы Индонезия аралдарымен шүбәсіз байланысы бар малагасилер құрайды. Ғалымдар аралдың ең ежелгі халқы қойсан халқына жақын болды деп жорамалдайды (бұған палеоантропология деректері айғақ), б.э.д. Х-VI ғасырларда мұнда алдымен аралдың шығыс жағалауларына қоныстанған, сонан соң орталық таулы аудандарға қарай жылжи бастаған Оңтүстік-Шығыс Азия аралдарынан шыққан монғолоидтар ене бастады. Шамамен осы кезде немесе сәл кейініректе Мадагаскардың батыс жағалуында шығыс негроидтары пайда болды. Олардан кейіннен аборигендермен және ішінара арабтармен араласуынан қазіргі малагасиліктер шықты. Мадагаскар халықтарының этногенезі туралы мәселе ғылымда мүлде аз зерттелген. Аралдың шығысы мен орталық аудандарындағы халықтар арасында оңтүстік монғолоидтық, ал батыста негоидтық сипаттар басым. Жақын уақытқа дейін малагасиліктер арасында тайпалық бөлісуден шығуы мүмкін этникалық топтарға бөліну байқалды. Малагасиліктердің санасында кейбір шаруашылық, әлеуметтік және тұрмыстық ерекшеліктері белгілі бір этникалық топқа жататын бөліну әлі сақталған. Ең ірі топтар – мерна (немесе мерина), бецимизарака, бецилеу, сакалава, атандруй және басқалары. Малагасиліктердің этнографиялық өзгешеліктерін малай дүниесі мәдениетінің жай көшірмесі деп санауға болмас еді. Малагаси мәдниетінде Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка элементтері араласып келіп, Мадагаскардың өзгеше географиялық жағдайларына бейімделген. Бұл ең алдымен егіншілік негізін құрайтын шаруашылығынан байқалады. Аралдың орталық таулы бөлігінде ерте замандардан бері дамыған суландыру жүйесі бар, онсыз негізгі азықтық дақыл күріш өсіру мүмкін емес еді. Күріш егу тау беткейлеріндегі енді террассаларда іске асырылды. Мұнда тау тасқынынан су жинайтын көптеген каналдар келеді.

Аралдың орманды аудандарында шарпымалы-өртенді жүйе іске асырылады: топырақ өңдеу енсіз, жүзі созылып, сәл иілгентемір күрекпен жүргізіледі. Мұнда күрішке қолдан су жіберілмей-ақ, ағыл-тегіл тропиктік жаңбыр көмегімен өседі. Күріш өспейтін аудандарда жүгерінің үлкен маңызы бар. Бұдан басқа малагасиліктер картоп, үрме бұршақ, қант құрағын өсіреді, жеміс ағаштарын отырғызады, бал арасын ұстайды және жібек құртын өсіреді. Отаршылдық кезеңде экспорт дақылдары, әсіресе кофе мен ваниль өсіру өркендеді. Егінші халықтардың шаруашылығнда мал шаруашылығы үлкен роль атқармайды. Мал кейде жұмыс күші ретінде мәселен, былайша пайдаланылады: кетпенмен өңдеудің орнына су толтырылған күріш егістігіне бір топ өгіз жіберіп, олардың тұяқтары босақан топырақ күріш себуге дайын болғанға дейін учаскені бойлай қуып отырады. Мадагаскардың батысы мен оңтүстігінде мал шаруашылығы басым аудандар бар. Мәселен, батыстағы жазықтарда тұратын склавалар ешкі, қой, ірі қара – зебу өсіреді.

Малагасиліктер әр түрлі формада салынған үйлерде тұрады. Көптеген аудандарда құрылыс қабырғаларын қамыстан, төбесінің екі жағы құламалы, ұштарын сүйір етіп, пальма жапырақтарымен жапқан тік бұрышты ағаш каркас болып келеді. Елдің орталық таулы бөлігінде үйлер саздан салынады, алайда планы тік бұрышты, төбесінің ұшы сүйір, биік көтеріңкі келеді.

Малагасий тұрғын үйінің айырықша ерекшелгігі – үй жабдықтарының байлығы мен алуан түрлілігі. Бұл –ойып әшекейлеген мебелі, дастархан мен қол орамал қызметін атқаратын. Еденге төсеніш ретінде пайдаланатын өрме тоқымалар, сондай-ақ шебер өрнектелген ағаш ыдыс, мүсін және басқалары.

Малагасиліктердің дәстүрлі киімі өздері өңдеген матадан дайындалған еркектердің жамбас белдемшесі мен әйелдердің юбкасы болды. Екі жынысқа да тікелей ортақ киім – ламба – не ақ түсті, не түрлі түсті әшекейі бар тік бұрышты кесек мата, оны түрліше киіп жүреді: беліне айналдыра орайды, иығына жамылады немес оны басына қымтап алады. Қазір европалық киім таралаған.


18-лекция: Америка халықтарының этногенезі және этникалық құрамы.

Американың екі материгінің қазіргі халқы 585 млнға жуық адам болып саналады. Олардың тілі жағынан көбінесе екі бөлікке: Латин Америкасы халықтары яғни Солтүстік (Мексика), Орталық және Оңтүстік Америка халықтары, бұл жерлерде үстем тілдер испан (көпшілік елдер) және португал (Бразилияда) тілдері болып табылады; Канаданың шығыс облыстарының бірінде франко тілдес халық өзінің этникалық дербестігін осы күнге дейін сақтап отырса да, негізінен ағылшын тілінде сөйлейтін (АҚШ пен Канада) Солтүстік Американың халықтары. Бұлай етіп бөлу байырғы тұрғындардың үндістер тілдерінің осы күнге дейін сақталып қана қоймай, осы тілде 36 миллионға дерлік адам сөйлейтінін ескермейді.

Американы көбінесе Жаңа Әлем деп атайды, мұның өзінде американ халқының бір ұшын Колумбтың ашуларынан соң олардың қоныс аударуына дейін Евразия материгі бұрынғы отан (Ескі Әлем) болып келген деп түсінсе керек. Бұл, бірақ тек европалықтардың немес негр халқының ұрпақтарына, қытайдан немесеҮндістаннан шыққандарға қатысты ғана айтылған әділ сөз ғана емес. Тұтас алғанда адамзат үшін Америка материктері Жаңа Әлем. Рас, қоныс аудару Колумбтың жүзіп келуінен көп бұрын басталған болатын. Соңғы он жылдықтарда, Америкаға адамның аяқ басуын біздің эрамызға дейінгі 40 мың жыл өте ертедегі кезеңмен даталауға мүмкіндік беретін, неғұрлым мол археологиялық материалдар жинақталуда. Америка материктерін археологиялық зерттеуде айтарлықтай жемісті істер атқарылғанмен, әлі өз дамуының бастапқы қадамынан асқан жоқ. Бұдан былайғы зерттеушілер әлгі датаны бұдан да көнелендіруі мүмкін.

Ғылымда адамның қалыптасуы Ескі әлемде (Евпазия мен Африка) ғана болып қана қоймай, жергіліктіә американдық мұрынды маймылдардың антропоидтер дәрежесіне дейін эволюциялануы мүмкін дәлелдеуге тырысушылықтар болды. Алайда, мұндай жорамалдар ғылыми мәліметтермен дәлелденбеді, ал зерттеушілердің көпшілігінің Америкаға адам Солтүстік-Шығыс Азия арқылы қоныстанды деген пікірі жылдан-жылға сан түрлі сипаттарда барған сайын дәлелдене түсуде. Геология мұз құрсану және мұхит деңгейінің ауытқуы тарихын зерттейкеліп, Чукотка мен Алясканың мойнақ арқылы қосылып жатқан (бір рет қана емес) кезеңдері болған деп санайды. Мұнымен Евразия мен Солтүстік Америкадағы хйуанаттар түр құрамының жақындығын айтып жүоген зоологтар да келісіп отыр.

Сібір мен Солтүстік Американың археологиялық материалдарын салыстыру да осындай тұжырымға келуге саяды. Зерттеушілер әлемнің бұл бөліктерінің жоғары палеолит дәуіріндегі археологиялық мәдениеттері арасында көптеген ортақ белгілер бар деп санайды.

Американың түпкілікті тұрғындарының антропологиялық мәліметтері көптеген мәселелердің даулы екенін ескергеннің өзінде, маериканоид нәсілі өзінің негізгі, неғұрлым тұрақты антропологиялық белгілері бойынша Ескі Әлемнің монголоид нәсіліне анағұрлым жақын деген пікірге жетелейді. Көптеген топтастырулар американоидтерді айырықша тарам, нәсіл бөлігі ретінде адамзаттың үлкен монголоид нәсілінің құрамына жатқызады. Тікірейген қайратты шаштары, шығыңқы бет сүйегі, шаш пен көздің қара қоңыр түстері, сарғыш пен қызыл күрең аралығындағы тері түстері, мұрт пен сақал түктерінің қалың болмауы, - міне осының бәрі Ескі Әлемнің монголоидтері мен американоидтердің жақын тектестігін көрсетеді. Американ үндістерінің монголоидтардан негізгі айырмашылығы – айқын бет пішін, тым шығыңқы мұрны (кейде орақ, «бүркіт тұмсық»), сирек кездесетін эпикантусты мамандардың айтуынша, бір жағынан американоид және монголоид нәсілдері жеке дами бастағаннан кейін шыққан вариацияларға жатқызуға болады, енді бір жағынан американоидтерде Ескі әлемде жойылып кеткен ертедегі монголоидтердің бірқатар белгілері сақталып қалған деп түсіндіруге болады.


19-лекция: Калифорния терімшілері және аңшылары.

Калифорния тайпалары топтарында біршама айырықша, өзіндік шаруашылық уклады қалыптасты. Солтүстік Американың бұл бөлігінің қоңыржай және құрғақ климаты адамға айырықша қолайлы жағдайлар тудырды. Мұнда әр түрлі тіл семьяларының тайпалары қоныс тепті. Олардың бәрі де өнімді мамандандырылған терімшілік шаруашылықта бірінші орында тұрды. Жеміс, тамыр, шөптер тұқымы, емен түйіршігі – міне осының бәрі халықтың бүкіл жыл бойғы негізгі азығы болды. Терімшілікпен шұғылданатын әйелдер мен балалар мұнымен қоса кеміргіштер, жылан және сол сияқты жәндіктерде аулайтын болған. Калифорния тайпалары олардың шаруашылығының ерекшелігіне қарай кейде американ үндістері арасындағы ең қара дүрсінділері деушілік те болды. Бірақ бұл дұрыс бола қояр ма екен, өйткені жақынырақ-қ үңілгенде осы терімшіліктің өзі соншалық жетілдірілгенін аңғару қиын емес. Азыққа жарайтын өсімдіктерді (мәселен емен түйіршігін) өңдеудің технологиялық процестері өте күрделі болған. Мұның үстіне терімшілік басты болғанымен бірден-бір ғана кәсіп емес еді. Олардың тұрмысында құрма, садақ пен жебе арқылы аң аулау да елеулі роль атқарған.

Калифорния тайпаларының қоғамдық ұйымдары жергілікті жағдайға икемденудің айтарлықтай күрделі механизмін көрсетеді. Мекен жай учаскелерін бөлуді тайпалар топтары реттеген, жұмыс бөлісуді және қоныстану тәртібін көсемдер басқарған. Әйелдер жағынан туыстас бірнеше семьялардан құрылған жеке топтар жерді пайдаланудың жазылмаған тәртібін қатаң сақтаған. Көптеген тайпаларда туыстық жайы ерлер жағы бойынша айқындалған.

Олар мардымсыз киінді (балалар мен қарттар жылдың көп бөлігінде киімсіз жүрген) баспанаға онша қам жасамады – қабықпен жабылған конусты, жартылай жер үйлер ғана салды, осының барлығы Калифорния климатының ерекшелігіне байланысты болды.

Европалықтар келген соң, бұл маңда үндістер тағдыры әуелде айтарлықтай қолайлы қалыптасты. Мұнда тіпті XVΙ ғасырда келген испандықтар бұл жерлерге онша мән бере қоймады. Ал 1848 жылы алтынның бай көздері ашылған соң алтын іздеушілер Калифорнияға лег-легімен ағылды, осыдан барып бірнеше он жылда мұнда үндістіктер саны он есе дерлік кеміп, 1910 жылы 16 мыңдай адам қалды. Шөлді және таулы аудандарға ығыстырылған үндістер бұрынғы тұрмыс салтын сақтай берді.
20-лекция: Батыс Европа халықтары

Евразия материгінің ең ірі түбегі – Европа ежелден әлемнің айырықша бөлігі болып танылып келеді. Бұлай бөлу географиялық тұрғыдан алдынбаған, өйткені оның түбек деген атына сай теңіз шығанағы немесе су құймалары сияқты табиғи шептер жоқ. Этимологиялық атау тек географиялық бағдар береді: грекше Эуропе (ассирий Эребінен) «батыс елі», ал осы айтылып отырған жағдайда – Евразияның батысы деген ұғым береді. Евразияның батыс түбегі халықтарының дүние жүзілік мәдениет пен жер үсті халықтарының тарихындағы үлкен ролі, Европаның роман, герман және славян халықтарының көп ғасырлық еңбегімен жасалған цивилизацияның бүкіл адамзаттың дамуына орасан ықпалы ғана Европаны әлемнің бөлігі деп тануға негіз болады.

Европаның құрғақ жерінің бедері талай өзгеріске ұшырады, дегенмен ол теңіз жағалауларының шұғыл қиыстары және жағалау жағынан да, сондай-ақ құрғақ жерде Азия жағынан да мекендеуге мүмкіндік беретін сипатымен белгілі еді. Европаның құрғақ жерінің қазіргі заманғы халық пен экономикалық потенциалының 9/10 үлесін алған төрттен үшінің теңізден қашықтығы ұзағанда 300 километрден сапайды. Ең шалғай аудандардың теңізбен аралығы 600 километрден артапйды және олар барлық тұста дерлік теңізбен кеме жүзетін өзендер арқылы байланысып жатыр.

Европаның шекараларында қазіргі заманғы және өткендегі әлеуметтік экономикалық, этникалық, географиялық, антропологиялық және конфессионалдық негізде жіктелген бөлімдер аз емес.

Мәселен, әр түрлі әлеуметтік капиталистік және социалистік системалар жайында сөз қозғағанда қазіргі Европа Батыс және Шығыс делініп екі бөлініп қаралады, шығыс шекарасына Финляндия, ФРГ, Австрия, Италия және Солтүстік шекарасында – Греция мен Түркия кіреді. Кеңес Одағында сол сияқты Шетелдік Европа деген ұғым бар. Оған КСРО-ның европалық бөлігіне басқа елдер жатады.

Біздің эрамызға дейінгі мыңжылдық тұрғысынан Шетелдік Европаның көп бөлігін алып жатқан «Кельт Европасы» деген этникалық ұғым бар, ал біздің эрамыздың 1 мыңжылдығының ортасынан бастап, ХХ ғасырға дейін Европаның роман тілділері, герман тілділері, славян тілділері деген этникалық түсінік қалыптасты. Европаның түпкілікті тұрғындарына қатысты және олардың шаш түктерінің түстерін бейнелейтін «ақсары», «қара», «сарғыш» атауларында әлемнің осы бөлегінде тұратындардың европеоид үлкен нәсілінің солтүстіктен оңтүстікке қарай антропологиялық топтары бойынша неғұрлым жинақталған анықтамасы жатыр. Конфессионалдық белгі бойынша біздің эрамыздың ІІІ ғасырынан бастап көбінде христиандық Европаны мәжусилік, XΙV ғасырдан бастап мұсылмандық Европаға қарсы қояды; христиандық Европаның өзін католиктік және православтық XVΙ ғасырдан бастап католиктік, протестанттық, православтық және мұсылмандық деп бөледі.

Европа - әлемнің Австралиядан кейін ең кіші бөлігі. Оның жер көлемі аралдарды қоса есептегенде 9,1 млн шаршы километр (бүкіл дүние жүзі құрлығының 7,1%) Шетелдік Европаның территориясы 50млн шаршы километр немесе бүкіл дүние жүзі құрлығының 1,6% , халқы 480,5 млн адам (1978) немесе барлық адамзат санының 12%, халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 96 адамнан келіп, әлемнің қай бөлегіндегіден болсынг немесе планетадағы орта тығыздықтан (1шаршы километрге 27 адам) айтарлықтай артып жатыр. Шетелдік Европа экономикалық өркендеуі бойынша дүние жүзінде жетекші орындардың бірінде тұр. Оның үлесіне дүние жүзілік өнеркәсіп өндірісінің үштен бірі келеді. Шетелдік европада 58 халық тұрады. Бұған тағы да елуге жуық халықтың – екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлемнің осы бөлігінде шетелдік немесе «қонақ», «жұмысшы» кейде сонда сіңіп кеткендер түрінде пана тапқан иммигранттар азшылығының өкілдері қосылмаған.
21-лекция: Қазақ халқының этникалық құрамы, орналасуы, саны.

Қазақ ұлты Орталық Азияда саны жағынан өзбектен кейін екінші орын алады. 2003 жылғы дерек бойынша қазақтардың жалпы саны 11 млн адамды, оның ішінде Қазақстанда 7 млн 985 адам өмір сүреді.

Жақын шетелдерде 1 млн. 814300 қазақ, оның ішінде Өзбекстанда 96200, Россияда 687800, Түркменстанда 87600, Қырғызстанда 42600, Украинада 10500, Тәжікстанда 10000, Молдовада 2000, Арменияда 500, Белорусьте 300 өмір сүреді. Алыс шетелдерде Қытайда – 1 млн 258500адам, Монғолияда – 83000, Ауғанстанда – 28000, Түркияда – 20000, Иранда - 3450, Балтық елдерінде - 2500, Германияда - 700, Жапонияда – 401, Австралияда – 40, Бельгияда – 28, Сауд Аравиясында – 28 адам, Норвегияда – 20, Кубада – 2. Барлығы – 1 млн 476228 Дәстүрлі қазақ этносының өзіне тән ерекшелігі ұлттың бүкіл әлеуметтік организмін жоғарыдан төменге дейін түйреп өтетін күрделі, әрі кең жайылған рулық құрылымнан тұратыны болып табылады. Әрбір үлкен рудың аталарға орай өзінің бұтақтары, бөлімдері болды. Қазақ этносының рулық құрамға бөлінуінің ұлттық қанының тазалығына, рухани-моральдық сапасының жоғары дәрежеде дамуына тікелей әсері болды.

Қазақ ұлты үш жүзге, ерекше этноаймақтық қоғамға бөлінді. Ұлы, Орта, Кіші жүздердің әрқайсысының ірі тайпалық рулық бірлестіктері болды.

Әрбір тайпаның өзінің ұраны, таңбасы болды.

Қазақ тілінде рулық жүйенің көптеген деңгейлері ата-баласы, ру, арыс, ел және т.б. терминдермен белгіленеді.

Қазақтардың этникалық құрамының ерекшелігі оның ішінде басты-басты түркі және монғол тайпаларының болуы. Қазақ жүздерінің тарихы өте ерте замандарда өмір сүрген Орталық Азияның сақтарының, скифтерінің, ғұндарының, оғыздарының, қарлұқтарыныңкезеңдерінен алады.

Ұлы жүздің қазақтары оңтүстік-шығыс Жетісудың территориясын: Іле өзенінің бассейнін, Шу және Талас өзендерінің аралығын, Жоңғар және Іле Алатауының таулы сілемдерін, сондай-ақ Сырдария өзенінің жоғарғы ағысын мекендеді. Ұлы жүз негізінен ежелгі үйсін тайпаларының құрамына кіретін қаңлы және руларынан тұрады. Шанышқылы руы сырдария мен Шыршықты, Ташкент оазисін мекендейді. Ұлы жүздің көптеген бөлігін дулаттар мекендейді. Ол төрт рудан тұрады: ботпай, жаныс, сиқым, шымыр. Албан-суандир туралы мәліметтер өте ерте замандарда белгілі болды. Іле өзенінің төменгі ағысында сары үйсіндердің ауылдары көшіп қонып жүрген. Ұлы жүздің ең басты руларының бірі – жалайырлар Қаратас өзенінің бассейнінде өмір сүрген. Олар Олар Сығанақтың 6 руымен, Шуманақтың 7 руымен байланыста болған.

Шапырашты мен ыстылар алатау тауларының етегін, сіргелі және ошақтылар Сырдарияны мекендеген.

Халық аңыздары бойынша Ұлы жүз қазақтары 11 тайпаға: жалайырларға, ошақтыларға, дулаттарға, албандарға, ауандарға, қаңлыларға, сары үйсіндерге, шапыраштыларға, сіргелілерге, шанышқыларға, ыстыларға бөлінген.

XΙX-XX ғасырлардың тоғысында Ұлы жүзде 1,5 млн қазақ өмір сүрген. Орта жүздің қазақтары дәстүрлі түрде Орталық, солтүстік және шығыс Қазақстанда өмір сүрді. Көшіп-қону аймақтары батысынан шығысына дейін Ырғыз-Тоғай өзендерінің суайрығынан Батыс Алтайға және Тарбағатайға дейін, оңтүстіктен солтүстікке Сырдарияның ортаңғы ағысынан, Бетпақдала шөлдері мен Балқаш көліне, Торғай үстіртіне, қазақтың ұсақ шоқыларына, Есіл, Торғай және Тобыл өзендеріне, Құлынды далаларына дейін созылып жатты. ХІХ – ХХ ғасырлардың тоғысында Орта жүз қазақтарының саны 2 млн 200 адамға жетті.

Шығысында керейлер, батысқа қарай наймандар, ода әрі арғындар, қыпшақтар өмір сүрді.

Арғындардың (аргу) шығу тегін ғұндармен байланыстырады. Арғындар Орталық және Солтүстік Қазақстанның кең байтақ территориясын мекендеді. Рулық құрылымы екі бұтақтан тұрды: ағалық бұтағы «Бес мейрам», інілік бұтағы «жеті малын». Бұлардан басқа арғындарға тарақтылар және т.б. рулар кірді.

Керей басқарушылары кезінде Шыңғыс ханды қолдады, бірақ кейін оның өзі оларды бытыратып жіберді. Керейлер екі рулық бірлестіктен тұрады; 12 рудан тұратын абақтар және ашамайлар.

Уақтар туралы ноғайлы заманының (XΙV-XVΙ ғ.ғ) көптеген батырлар жырларында айтылды.

Қыпшақтар – Евразия далалары тарихына ерекше орын алатын рулардың бірі. Шығыс тарихшысы Рашид-ад-дин және Әбулғазы Бахадур олардың отаны оңтүстік-шығыс Сібірдің далалық ормандары деп санады.

ХІ ғасырды оғыздарды тарих сахнасынан ығғыстырып, Қыпшақтар қазақ даласынан берік орын алды.

Кіші жүз қазақтары дәстүрлі түрде Ырғыз-Тобыл, Торғай өзендерінің суайрығы мен Мұғаджар тауларынан бастап Каспий теңізіне дейін, Маңқыстау түбегін, Үстіртті, Жем, Жайық өзендерімен Арал теңізіне дейінгі орасан зор территорияны мекендеді. Кіші жүз үш рулық-тайпалық бірлестіктерден тұрады. Ең үлкені алты атадан тұратын Әлім руы. Оларға шөмекей, кете, шекті, қара кесек, төрт қара, қара сақал жатады. Байұлы барлық үш жүздің ішінде ең саны көп ру болып табылады.

ХІХ ғасырдың аяғында Байұлы рулары халқының саны 1,030000 адамға жетті. Оған 12 ру кіреді: адай, жаппас, алаша, Байбақты, масқар, беріш, таз, есентемір, шеркеш, тана, қызылқұрт, ысық.

1917 жылғы М. Тынышпаевтың есебі бойынша Кіші жүзде 2 млн 40 мың адам өмір сүрген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет