ҚазақстанРеспубликасыныңБілімжәнеғылымминистрлігі


-лекция: Австралия және мұхиттық аралдар халықтары



бет3/7
Дата20.03.2020
өлшемі475 Kb.
#60400
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
УМК этнология 2 курс 050114 казах.отде
УМК этнология 2 курс 050114 казах.отде

8-лекция: Австралия және мұхиттық аралдар халықтары.

Австралия мен Мұхиттық аралдар – дүниенің ең кішкентай бөлігі, оның жер көлемі бар болғаны 9 млн.шаршы километр, мұның 7,7 млн. шаршы километрі Австралия материгініәң үлесіне тиеді, зор су айдынына бытырап жатқан мұхиттық аралдардың жиынтығы біршама шағын ауданға ие. Дүниенің бұл бөлігінің халқы да шағын (25 млн, олардың 14 миллионы Австралия мен Тасманияда тұрады). Алайда өзінің шағын көлеміне қарамастан, автралия мұхиттық аралдар этнографтар тарапынан тұрақты назар аударылып жүрген объекті ретінде саналады. Мұндай қызығушылық ең алдымен мұнда шаруашылықтың қоғамдық тұрмыс пен мәдениеттің дүние жүзінің басқа аудандарының көпшілігінде тіпті ертеде-ақ жойылып кеткен мейлінше архаизмдік формаларының күні кешеге дейін сақталуына (кей-кейде біздің кезімізде де кездесетін) байланысты. Көп жағдайда Австралияның, әсіресе Тасманияның байырғы халқы еуропалықтармен байланыс жасау кезіне дейін әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың тарих жазбаларына белгілі ең төменгі деңгейінде тұрды. Мұхиттық аралдардың кейбір этностары да өзінің қоғамдық дамуы жағынан жер шары халықтарының көпшілігінен тым артта қалды.

Австралия мен Мұхиттық аралдар халықтарының артта қалушылығын әлемнің бұл бөлігінің географиялық жағдайымен, дүние жүзілік цивилизацияның аса маңызды орталықтарынан шалғай орналасуымен, ол өңірдің территориялық жағынан бытыраңқылығымен , табиғи жағдайларының (бірқатар жерлерде) онша жайлы болмауымен, табиғат ресурстарының шектеулілігімен түсіндіруге болады. Австралия материгі мен Тасманияны игерудің қиындығы бұл жерлерге ондаған мың жылдар бұрын келген қоныс аударушылар топтарының әлеуметтік –экономикалық дамудың әлі де мейлінше төмен деңгейде тұруына байланысты еді. Мұхиттық аралдардың көпшілігіне (Жаңа Гвинеядан басқаларына) адамдар әлдеқайда кейінірек келді: олар сол кездің өзінде дамудың анағұрлым жоғары сатысында тұрды, мұның өзі оларға жаңа территорияны игеру қиыншылықтарын жеңіл өткізуіне мүмкіндік берді.

Шаруашылық және қоғамдық дамудың төмен деңгейі, Австралия мен Мұхиттық аралдар халықтарының қарым-қатынасының болмауы оларды отарлаушы жыртқыштар ролінде бой көрсеткен Батыс Еуропа елдерінің, АҚШ-тың, кейіннен Жапонияның оңай олжасына айналдырды. Оның үстіне бұл регион елдерінің әлсіздігін пайдаланған империалистік державалар тіпті дүние жүзілік екінші соғыстан кейінгі отарлық системаның дағдарысы жағдайында да 60-жылдардың басына дейін мұнда өз позицияларын сақтап қалуға мүмкіндік алды. Мұхиттық аралдар отарлық саясаттың өзінше қорығына айналды.

Әрине, мұндай жағдай ұзақ уақыт сақталуы мүмкін емес еді. Азаттық күресінің жалыны бірте-бірте Мұхиттық аралдар архипелагтарының бірінен соң екіншісін шарпи бастады. Сөйтіп, дүние жүзілік екінші соғыстан кейін басталған отарлықтан құтылу процесі 1960 жылдардан кейін қарастырылып отырған регион елдеріне де таралды.

Австралия мен Мұхиттық аралдардың тарихи-мәдени аудандастырылуы. Австралия мен Мұхиттық аралдар дәстүрлі түрде төрт тарихи этнографиялық аймаққа: Австралия, Меланезия, Микронезия және Полинезияға бөлінеді. Австралияға әдеттеоның оңтүстік шығысында жатқан Тасмания аралын қосады. Меланезия құрамына Жаңа Гвинеяны, Бисмарк архипелагын, Д'Антркасто, Тробриан аралдарын, Луизиада архипелагын, Соломон аралдарын, Санта-Крус, Жаңа Гебридтер, Жаңа Каледония аралдарын, Луайоте, Фиджи және Ротуму аралдарын енгізеді. Микронезия атауына Мариан, Каролин және Маршалл аралдарын, Гилберт аралдары сондай-ақ оқшау аралдар Ошен және Науру аралдары бірігеді. Ақырында, Полинезия аралдың үш тобын – Тонга, Самоа, Уоллис, Хорн, Тувалу (бұрынғы аты – Эллис), Токелау, Кук, Тубуаи, Общество, Туамоту, Маркиз, Гамбье, Гавай, сондай-ақ Жаңа Зеландияны және оқшау аралдар Нуиз, Пасха аралдарын және кейбір басқа аралдарды қамтиды.

Мұндай топтастыру этнографиялық және географиялық әдебиетке айтарлықтай берік енген еді, бірақ та Мұхиттық аралдарға қатысты соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер, сонымен қатар ескі материалдарды анағұрлым мұқият талдау тұрғын халықтың нәсілдік төркіндігін негізге алып келген бұрынғы бөлістің елеулі кемшіліктері бар екенін көрсетті. Мұхиттық аралдардың дәстүрлі тарихи-этнографиялық үш аймағының ішінен тек Полинезия ғана (оның өзі де отарлану кезеңіне дейін) жеткілікті белгілі тарихи-мәдени бірлік танытады.
9- лекция: Полинезия халықтары.
Саны жағынан аса көп, кейде бірінен бірі шалғай жатқан архипелагтарға таралған зор территориялық бытыраңқылығына қарамастан полинезия халықтарының бәрі де өздерінің антрапологиялық типі, тілдері және дәстүрлі мәдениеті жағынан біріне- бірі айтарлықтай жақын тұрады.

Полинезиялықтардың нәсілдік типінің өзіндік ерекшелігі мейлінше күшті. Бұл типке түр-түстің қараторлығы, бойының биіктігі, шаштарының ірі толқынды болуы, сақал-мұрттың орташа қалыңдығы, бетінің қабысыңқылау келуі және орташа шығыңқы, едәуір кең танау тән.

Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, полинезиялықтар антропологиялық жағынан алғанда монголоид және австралоид нәсілдері арасында байланысқан тип болып табылады.

Полинезиялық тілдер, жоғарыда атап өтілгендей, австронезия семьясының мұхиттық тармағының шығыс мұхиттық тобына қосылады. Барлығы отыздай жеке полинезия тілдері бар деп есептелінеді.

Полинезия халықтарының саны біршама көбірек – 40-қа жуық, өйткені Полинезияда бірінен бірі алшақ жатқан аралдарда тұратын бірінен бірі бөгде этностар кейде белгілі бір тілдің әр түрлі диалектілерінде сөйлейді. Полинезиялық 14 халық Полинезияның өзінде емес, Меланезия мен Микронезияда тұрады. Полинезиялық этностардың ішінде біршама ірі және өзара әжептәуір топтасқан бес халық бар: жаңа зеландиялық маорилер (280 мың адам), самоалар (222 мың адам), тонгалар (94 мың адам), гавайлықтар (120 мың) және тантиліктер (82 мың адам).

Еуропалық отарлау экспансиясына дейін Полинезияда айрықша бір аралдық немесе мұхиттық деп аталып жүрген шаруашылық-мәдени жартылай тип немесе тіпті типтің өзі кең таралған болатын.

Полинезиялықтардың негізгі кәсібі бұрын да, тіпті қазірдің өзінде де қол егіншілігі мен балық аулау болып қалды. Өсірілетін негізгі дақылдары – какос пальмасы, нан ағашы, банан, таро, ямс, батат (Жаңа Зеландияда), асқабақ, кәділер. Анағұрлым кең тараған дәстүрлі егіншілік құралы қазық болатын, қазірде ол сатып алынатын темір күрекпен ығыстырылған. Полинезияда Меланезиядан өзгешелік мұнда егіншілікпен ер адамдар да, әйелдер де, ал Тонгада тіпті тек еркектер ғана айналысады.

Үй жануарларынан бұрын жергілікті тұқымды үрмейтін иттер (оларды тек еті үшін ғана өсірген), шошқалар мен тауықтар белгілі болған. Қазіргі кезде басқа да үй жануарлары пайда болуда (мысалы, Пасха аралында қой өсіру шаруашылықтың аса маңызды саласына айналып отыр).

Балық аулау Полинезияның барлық жерінде де мейлінше маңызды роль атқарады. Балық аулау құралдары ретінде қармақтар, аулар пайдаланылады, полинезиялықтар тоғандар да жасайды, балықты сүңгімен түйреп, садақпен де атқылайды т.т. Бұл регионда аң аулаудың маңызы Меланезиядағыдан да төмен.

Полинезиялықтар – шебер қолөнершілер. Олар ағаштан әр алуан бұйымдар жасайды, өрме жаймалар, сөмкелер т.с.с. тоқиды. Басқа қалаларға қарағанда тапа өндіру (Меланезиядағыдан анағұрлым жетілдірілген) аса кең таралған, мата тоқу атымен жоқ. Қыш -құмыра жасау өнері де өріс жаймаған. Жекелеген архипелагтарда бұл өнер бұрын белгілі бола тұрса да, кейіннен ұмыт болған. Полинезиялықтар металды білмеген. Құрал-саймандар, қару-жарақтар, үй жиһаздары тастан, сүйектен, жануар тістерінен, бақалшақтармен ағаштардан жасалған. Қару-жарақтың аса маңызды түрлері күрзілер, найза-сүңгілер, аңбалталар, ағаш семсерлер, сақпандар, сондай-ақ тас балталар болған.

Полинезиялықтар тамаша теңізшілер ретінде әйгілі. Олар теңізде жүзу сапасы өте жоғары әр түрлі типті қайықтармен(бір кісілік, екі кісілік, бір немесе екі блансирі бар қайықтармен) су айдынында күнге және жұлдыздарға қарап, теңіз ағыстарымен тұрақты соғатын желдер бағытын бағдарлай отырып, ерсілі-қарсылы жүзіп отырған.

Сірә, б.э.б. 2 мыңжылдықтың екінші жартысында Фиджиден Тонгага көшіп қонған полинезиялықтардың арғы ата-бабалары теңізде жүзудің белгілі бір дағдыларына ие болған болуы керек.



10-лекция: Азия халықтары
Азия Евразия континентінің бір бөлігін алып жатыр және табиғи-географиялық жағдайлары, халқының этникалық құрамы, тарихының өткені жағынан мейілінше әр алуан. Ол Батыс (немесе Алғы), Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Шығыс және Орталық Азияға бөлінеді. Оның жер көлемінің төрттен үшін дерлік аса биік Гималай, Қарақорым тау жоталары, биік үстірттер құрайды, ал жазықтар мен ойпаттар оның территориясының тек төрттен біріне ғана ие. Азияның үлкен бөлігі тропиктер зонасына, ылғалды және қуаң субтропиктерге орналасқан, оның тек солтүстік өңірлері ғана қоңыржай – континенталды климат зонасында жатыр. Аумақты аллювиалды аңғарлар Тигр және Ефрат, Үнді, Ганг, Брахмапутра және Иравади, Солуэн, Меконг, Янцзы, Хуанхе және басқа да көптеген өзендер суымен суландырылады. Азияның батыстағы және солтүстіктегі көлемі жағынан елеулі өңірлері аридты болып келеді де, өзінің жер құрамы жағынан құмайт, сазды немесе тасты шөлдерді құрайды. Олар – Арабия түбегінің, Орталық Иран таулы қыратының, Гоби, Такламакан шөлдері, т.б. Азия пайдалы қазбаларға өте бай. Оның флорасы мен фаунасы әр алуан.

Регион халықтарының саны 2,2 миллиардтан асады, алайда олар тіпті де біыңғай тығыз орналаспаған: ұлы өзендерінің құнарлы аллювиалды алқаптары, теңіздер мен көлдер жағалаулары тығыз қонысталынған, бірақ тропиктік ормандары, биік таулары мен шөлдерінде халық аз мекендейді. Азия халқының көпшілігі селолық мекендерде тұрады, бірақ көптеген елдерде қала халқының күрт өсуі байқалуда.

Азия халықтарының этногенезі мен этникалық тарихы, олардың этникалық құрамы, тілдік және антропологиялық тегі мейлінше күрделі.

Азияның кейбір тропикалық өңірлері антропогенездің бастапқы кезеңдерін бастан кешірген деген болжам бар, бұған, атап айтқанда, Оңтүстік Азияда рамапитектің сүйек қалдықтары – Явада бұдан бір миллион жылға жуық бұрын өмір сүрген, Homo erectus адамының ең ежелгі өкілі питекантроп қаллықтарының табылуы дәлел бола алады. Азияның барлық бөлігінде дерлік ерте палелиттің және осы заманғы бейнедегі адам қалыптасқан анғұрлым кейінірек уақыттың әр алуан кезеңдеріне жататын палеоантропологиялық және археологиялық қазбалар табылуда.

Мезолит дәуірінің аяғында Азияның кейбір субтропиктік тау бөктеріндегі аймақтарда алғаш рет өсімдіктер мен жануарларқолға үйретілді, мұның адамзаттың одан арғы тарихы үшін орасан зор маңызы болды. Өсімдіктер мен жануарларды қолға үйретудің алғашқы орталықтары Батыс Азияда, Орталық Азияның Оңтүстік батыс бөлігінде, бәлкім, Оңтүстік Шығыс Азияда болды. Б.э.б. Х-ІХ мыңжылдықтарда бұл орталықтарда дәстүрлі кәсіптерді: аң аулауды, балық аулауды, терімшілікті және өсімдіктер мен жануарлар өсіруді ұштастырған комплексті шаруашылық пайда бола бастаған. Егіншілікпен мал өсіру бірте-бірте шаруашылық қызметінің басым түрлеріне айналды, б.э.б. VII-V мыңжылдықтарда аталған «неолит революциясының» барысында ерте диқаншылық мәдениеті қалыптасады. Алдымен мұндай мәдениеттер Батыс, одан соң Орталық кейінірек, Шығыс Азияда пайда болады. Өндіргіш күштердің қауырт даму процесіне суармалы егіншіліктің енгізілуі, керамикалық өндірістің, металлургияның ашылуы жәрдемін тигізді. Қалалар, қолөнер орталықтары қалыптаса бастайды, сауда өрістейді. Ең ақырында б.э.б. IV және III мыңжылдықтар шегінде таптық қоғамдар тарихындағы ең ежелгі мемлекеттердің бірі – Шумер мемлекеті пайда болады. Плугты егіншілік, бақ шаруашылығы, тоқыма өндірісі дамиды, жазу, ақша пайда болады. Мүліктік және әлеуметтік жіктелу тез қарқынмен өсе бастайды. Шумерден кейін көп ұзамай Азияның басқа да мемлекеттері: Элам, Оңтүстік Азияның мемлекеттік құрылымдары (Мохенджо-Даро, Хараппа) пайда болады. Бірсыпыра кейінірек, біздің эрамыздан бұрынғы ІІ-І мыңжылдықтарда Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияда таптық оғам қалыптасады.

11-лекция: Оңтүстік Азия халықтары

Оңтүстік Азия халықтарына Үндістан түбегі, Шри Ланка (1972 жылға дейін Цейлон) аралы, Ликкадив, Аминдив, Андаман және Никобар аралдары жатады.

Оңтүстік Азияның халқы 800 миллион адамға жуық саналады. Саяси қатысы жағынан оған Үндістан Республикасы (650 миллионға жуық), Бангладеш Халық Республикасы (87 миллионға жуық), Пакистан Ислам Республикасы (79,9 млн), Шри Ланка Республикасы (15 миллионға жуық), Непал корольдығы (13,7 миллионнан астам), Бутан корольдығы (1,3 млн) және Малдив Республикасы (144мың) кіреді.

Оңтүстік Азияны солтүстігінен дүние жүзіндегі ең биік Гималай мен Қарақорым тау жүйесі, солтүстік-батысынан Белуджистан таулы қыраты мен Гиндукуш қоршап жатыр, солтүстік-шығысында Бирма-Ассам таулары асқақтайды. Үндістан субконтиненті мен Оңтүстік Азия аралдарының оңтүстігін Үнді мұхиты, Аравия мен Андаман теңіздері, Бенгал шығанағының сулары жуып жатыр.

Оңтүстік Азияның үлкен бөлігін ұлан байтақ таулы үстірттер мен ойпаттар құрайды. Сөйтіп, Үндістан түбегінің едәуір бөлігін Батыс және Шығыс Гата мен Декан таулы үстірті алып жатыр. Таулы үстірттің оңтүстігінде Нильгир мен Кардамон таулары және Анималай таулары асқақтайды. Көп жерін Үнді-Ганга ойпаты алып жатыр.

Шри Ланка аралындағы ойпаттар көлемі жағынан едәуір аумақты.

Оңтүстік Азияда кең байтақ аллювиальды алқаптарды суландыратын ұлы өзендер: Үнді, Ганг, Брахмапутра, Джамна және көптеген басқа өзендер ағып жатыр.

Оңтүстік Азияның табиғат ортасының соншалық әр алуандығына қарамастан биік тауларынан басқа оның барлық аймақтарында алдымен тропиктік, ал тау бөктерлерінде субтропиктік климат жағдайлары басым. Осының салдарынан бұл регион территориясының үлкен бөлігінде жауын-шашын көп жауады. Жыл іші үш немесе екі маусымға (ыстық, жаңбырлы, салқын немесе қуаң және жаңбырлы) бөлінеді. Сонымен бірге субконтиненттің солтүстік-батысы мен батысындағы Белуджистан, Синд, Раджастханда қуаң, шөлді аймақтар жатыр.

Оңтүстік Азияның флорасы мен фаунасы өте бай. Бір кезде оның жазықтары мен тау бөктерлерін тұтастай тропиктік ормандар – джунгли жауып тұратын, қазіргі кезде адамдар әрекетінің нәтижесінде өте сиреді. Бірақ қазірде де ормандарда бағалы ағаш тұқымдары (тик, сал және басқалары) әлі көп кездеседі. Үлкен аудандарды мәңгі жасыл «жаңбырлы» орман алып жатыр, Фикус, әр түрлі пальма тұқымдары мен бұталар, ағаш тәрізді папоротниктер таралған. Теңіз маңындағы алқапта, су көтеріліп, тасып жатқан зонада мангр ормандары өседі.

Оңтүстік Азияда көптеген маңызды ауыл щаруашылық өсімдіктері өсірілген деген болжамды аса ірі совет биологі Н.И.Вавилов айтқан еді. Біздің эрамызға дейінгі бірнеше мың жыл ішінде ол жерде күріш, бидай, қант құрағы, зәйтүн және әр түрлі дақылдар оның ішінде Азия мақтасы өсіріледі. Кейіннен басқа елдерден келген банан және кокос пальмасы, шай бұтасын өсіру кең өріс алды.

Соңғы мыңдаған жылдарда жануарлар дүниесі елеулі түрде кедейленсе де әлі бай. Үй жануарларынан өркешті үнді зебуі мен үнді буйволы өсіріледі. Қуаң аудандарда түйе, қой, ешкі, жылқы ұстайды.

Этногенезі мен этникалық тарихы. Оңтүстік Азия антропогенез болып өткен аймаққа кіреме деген мәселе қазіргі күнге дейін шешілген жоқ. Сонымен бірге ондаған миллион жыл бұрын онда гоминидтердің арғы тегі болып саналатын дриопитекті маймылдар мекендегені анықталды. Шамамен біздің эрамызға дейінгі он миллион жыл бұрын бұл регионда адамның арғы тегі болуы мүмкін рамапитектер мекендеді. Алайда Оңтүстік Азиядан әлденеше рет өте ерте палеолит мәдениетінің еңбек құралдары табылғанымен өте ежелгі және ежелгі адамдардың (археоантроптар мен палеоантроптардың ) сүйек қалдықтары әлі күнге дейін табылмады. Біздің эрамыздан 1 млн жыл бұрын Үндістан субконтинентінің оңтүстігінде адамдар мекендеді деген пікір бар.



12-лекция: Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары.

Оңтүстік-Шығыс Азия құрамына Малакка және Сингапурмен бірге Үндіқытай түбегі, Индонезия (немесе Малай) архипелагы, Иран-Джая (Жаңа Гвинея аралының батыс бөлігі), Филлиппин аралдары кіреді. Қаралатын регионның жалпы ауданы шамамен 4 млн шаршы км, халқының саны 324 млн адамнан астам. Оңтүстік-Шығыс Азия ылғалды тропиктік белдеуде жатқан материктік және аралдық бөліктен тұрады. Оңтүстік-Шығыс Азияның жер бедері күшті тілімденген. Таулы жерлердің климаты – салқын кейде қуаң. Меконга, Менама, Иравади, Солуэна сияқты кейбір үлкен өзендерден басқа, қалған өзендерден онша ұзын емес және мол сулы келеді. Малака мен аралдарда батпақты үлкен учаскелер көп. Оңтүстік Азияның бүкіл территориясын дерлік ежелгі заманда тропиктік ормандар жауып жатты. Қазірде де ол үлкен аудандарды алып жатыр. Алайда ормандар шарпымалы-өртеңді егіншіліктің негізгі формасы мен бағалы ағаш тұқымдарын кесіп алуға байланысты біртіндеп азаюда. Оңтүстік –Шығыс Азияда пайдалы қазбалардың едәуір қоры бар. Оның жануарлар мен өсімдіктер дүниесі де бай.

Этникалық тарихы. Жоғарыда атап көрсетілгендей, Оңтүстік Азияның кейбір аймақтары антропогинездің ерте процестері жүрген аралға кіреді, бұл жөнінде Явадан табылған питекантроп қазбасы айғақ болады. Археологиялық мәліметтер Оңтүстік-Шығыс Азияда тас ғасыры мен полиометалл дәуірінде өркендеген мәдениет болғанын көрсетеді. Өте ежелгі заманда Оңтұстік –Шығыс Азия континентін Австралиямен қосқан көпір болды, сол арқылы кейін палеолит дәуірінде Австралияға қоныстанған. Қоныс аударушылар тасқынының бір бөлігі Оңтүстік-Шығыс Азиядан Мұхиттық аралдарға келген деген жорамалдар бар.

Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген аймақтарының этникалық құрамы ежелгі заманда қазіргіден күшті ерекшеленеді. Б.э.д. ІІІ мың жылдың аяғына дейін Малай архипелагы, Малакка және Филлиппин халықтары антропологиялық белгісі жағынан пологиялық белгісі жағынан австрополоидтық немесе ведд-австрополоидтық нәсілге жатты. Австрополоидтық нәсіл әр түрлі типтерден, көбіне негритоның аласа бойлы пигмент топтарынан, меланезия және папуасс типтерінен көрінеді. Қазіргі кезде ежелгі антропологиялық белгілер Филлиппин аэтасы, Малакка семангы, Хальмахер аралының солтүстігін мекендеушілерде сақталған. Веддавстрополоид белгілері қазіргі Индонезия аралдарының кейбір ішкі бөліктерінде : Суматраның кубу, Сулавесидің тоала және басқа халықтарында бар.

Біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдың бірінші жартысында қаралатын аймақтарға тілі жағынан австронезиялықтарға (австронезиялық немесе малай-полинезиялық семья) жататын континенттен қоныс аударған оңтүстік монголоидтар ене бастады. Оңтүстік монголоидтар миграциясы (қоныстануы) ұзақ уақытқа, біздің эрамыздың басына дейін созылды. Осы ұзақ процестің нәтижесінде әр түрлі нәсілдік және этникалық топтар қалыптасты және көптеген аймақтарда біртіндеп австронезия тілдері жеңе бастады. Бұрынғы қоныс аударушы – Австронезиялықтардың (протоиндонезиялық толқын) ата-бабалары батактар, ниастар, ментавейлер және басқа көптеген халықтар негізгі антропологиялық белгілері жағынан монголоидтар еді, алайда ежелгі автохтон халқымен араласудан алынған кейбір қоспа белгілері болды. Қоныс аударушы – монголоидтардың кейінгі толқындарында (мәселен, минангкабау, явалықтар, малайлықтар- Малакка жағалауы мен аралдар тұрғындары, Филлиппин тагалы және басқалары ) мұндай қоспа жоқ. Б.э.д. І мың жылдың орта шеніне жуық Индонезия мен Малаккаға өкілдері кеңінен қоныстанып, малайлықтар атына ие болғанкүрделі этникалық қауымдастық қалыптаса бастады. Олар негізінен жағалауды мекендейді.

Біздің эрамыздың басында Ява мен Суматраға Оңтүстік Азиядан шыққандардың біраз қоныс аударуы болып өтті және осының нәтижесінде жекелеген этникалық топтардың арасында европоидтық белгілер, жаңа діндер (брахманизм, индуизм, буддизм) мен басқа көптеген мәдени дағдылар өріс алды. Алғашқы мемлекет шықты.


13-лекция: Шығыс және Орталық Азия халықтары.

Бұл кең байтақ регион Қытай Халық республикасын (970млн адам), Жапонияны (115,2млн) , Корея Халық-Демократиялық Республикасын (17 миллионнан астам), Оңтүстік Кореяны (37 млн) және Монғол Халық Республикасын (1,5 млн) қамтиды.

Этногенезі мен этникалық тарихы. Лингвистикалық, антропологиялық, тарихи және этнографиялық мәліметтердің өзін оқып үйрену қазіргі Шығыс Азия халықтарының қалыптасу тарихының жалпы белгілерін байқауға, сондай-ақ олардың бір-біріне тигізген әсері мен даму барысын айқындауға мүмкіндік береді.

Б.э.д. Ү мың жылдың аяғы мен ІҮ мың жылдың басында Шығыс Азия территориясында неолиттік мәдениет қалыптасуының бірнеше орталығы болды. Олардың бірі қазіргі Қытайдың шығысындағы теңіз маңындағы ауданда (Пзянсу мен Чжецзян провинциялары ) Пинляньган мәдениеті пайда болған жерде орналасқан болатын. Оны жасаушылар күріш егумен айналысты, қалалардағы үйде тұрды. Сүйек қалдықтары бойынша жорамалдағанда, цинляньгандар да кәмелетке толған жас жігіттің алдыңғы күрек тісін сындырыпалуды инициация ғұрпымен жүргізу дағдысы болған (неғұрлым кейінгі уақыттарда Мұхиттық аралдардың көптеген халықтарында болған және Жапониядағы ең ежелгі археологиялық ескерткіштерден байқалған ғұрып). Цинляньган халықтарының мәдениеті негізінде ғана кейіннен «шығыстық и» деген ат иеленіп, тілі жағынан австронезиялық этностар тобы қалыптасуы мүмкін.

Цинляньган мәдениетімен бір мезгілде батыста, Хуанхенің басты саласы- Вэйхе өзенінің аңғарында б.э.д. Ү мың жылдың аяғы мен ІҮ мың жылдың басында басқа бір өркендеген неолит мәдениеті – Яншао пайда болды. Яншаолықтар шаруашылығы – чумиз (тарының бір түрі) өсіруге негізделді. Олар өзен суының жайылмасына тікелей жақын жерде, каркасты-бағанды құрылысты жартылай жерүйлерде тұрды. Яншаолықтарда қолөнердің жетекші саласының бірі ашық түсті полихром өрнекпен безендірілген керамикалық ыдыстар өндірісі болды. Яншаолықтар протосинотибет тілінде сөйлеген болуы мүмкін. Шамамен б.э.д. ІҮ мың жылдың ортасында яншао тайпасының қауымдастығы екі тармаққа бөлінді: оның бірі батыс бағытта, Хуанхэ өзенінің бастауына, екіншісі шығысқа, Хуанхэнің орта ағысына орналасты. Біршама территориялық оқшаулану мәдениеті мен тілінде жергілікті өзгешеліктердің пайда болуына әкелді. Яншаолықтардың батыс тармағы кейіннен тибет-бирма халықтарының арғы тектерінің қалыптасуына негіз болды, ал шығыс тармағы ежелгі қытай этносының құрамына кірді.

Б.э.д. ІІІ мың жылда шығыс яншаолықтар Орта-Қытай жазығында неғұрлым оңтүстіктен шыққан тайпалармен араласты. Осы екі этникалық топтың бір-біріне әсер етуі негізінде бір жағынан, лексика саласында тибет-бирма тілімен айқын туыстығы білінетін, екінші жағынан, өзінің грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктері бойынша олардан шұғыл өзгешеленетін протоқытай тілі пайда болды. Протоқытай тайпалары ся мен шан (инь) б.э.д. ІІ мың жылда ірі тайпалық одақтар құрды, осының нәтижесінде таптардың пайда болу процестері мен ерте мемлекеттіліктің формаларының қалыптасуы интенсивті жүрді.

Иньдердің ұрыста соғыс тұтқындарын қолға түсіріп, одан соң ұлы Шан қаласында арғы ата-бабаларына құрбандыққа шалып жерлеуі (қазіргі Хэнань провинциясындағы Аньян қаласы) протоқытай тайпалары б.э.д. ІІ мың жылдың аяғында әр түрлі нәсілдік типтерге жататын көптеген этникалық топтармен байланысқа түскен деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде ми қауашағы өте кең, бірақ таяз, беті жалпақ және сонымен бірге өте тайпақ «классикалық» континентті монголоидтар: бас сүйегі тар, ми қауашағы биік және танауы жалпақ оңтүстік –азия монғолоидтары, ең ақырында, иньдіктердің өздеріне де, қазіргі солтүстік қытай типіне де жақын шығыс-азия монғолоидтары болды. Бұл деректер иньдерден батысқа қарай қоныстанған тибет тілді цяндер өздерінің антропологиялық типі жағынан протоқытай тайпаларынан сәл ғана ерекшеленеді деп санауға негіз болады.
14-лекция: Африка халықтары. Антропологиялық құрамы

Отаршылдық «цивилизацияға»африкалықтарды күштеп тартудың демографиялық зардаптары болды, егер европалықтар келгенге дейін Африка халықтары дүние жүзі халықтарының 20%-ке жуығын құраса, 1960 жылға қарай тек 8% ғана болды. Отаршылдық кезеңіндегі жазалаушы экспедициялар, эпидемиялар, жаппай тамақты жетімсіз ішу көптеген адам өмірін алып кетті. Мәселен, Бельгияның үстемдік кезеңінде Конго (қазір Заир) халқы, 80 жылдан да аз уақыт ішінде екі есе азайды. Керісінше, тәуелсіз дамудың басталу кезеңінде, біздің ғасырымыздың екінші жартысында Африка елдері халықтарының саны әлемнің басқа бөліктеріне қарағанда тез өсті. 1970 жылдардың аяғына қарай ол 450 млн. адамға жуықтады. Алайда қазір Африка континенті халықтарының орташа тығыздығы бүкіл жер шарымен салыстырғанда екі есе төмен және 1 шаршы километрге 13-14 адамнан келеді. Халықтың континент бойынша бойынша бөлінуі біркелкі емес. Сахараның аса зор территориясы мен Оңтүстік Африка шөлінде, ылғалды тропиктік орманды аудандарда халық өте сирек қоныстанған. Африканың қыратты аудандарында, мәселен: Эфиопия таулы қыратында, Атласта, Шығыс Африка таулы қыратында, Мадагаскардың таулы аудандарында халық тығыз орналасқан. Халықтың өте тығыз қоныстанған аудандары – Руанда , Буринди, Реюньон, Маврикий мемлекеттері тұратын Ніл аңғары (1 шаршы километрге 1000 адамға дейін).

Африка халқының 75%-тен асатамы село тұрғындары, қалғаны қала халқы болып табылады. Қала халқының айрықша қарқынмен өсуі тәуелсіз даму кезеңінде болғаны байқалады. 1965 ж. Континентте әрқайсысында 100 мыңнан астам халқы бар 100-ден аса қала болды. Кейбір мемлекеттердегі қала халқының үлес алмағы: Джибутиде (60%), Египетте (44%), Алжирде (52%), Мароккода (39%), Конгода (48%), Тунисте (50%), ЮАР-да (48%), БСК-да (32,4%), Замбияда (36,3%), Маврикияда (43%), Намибияда (37%), Экваторлық Гвинеяда (35%) бүкіл халықтың үштен бір бөлігінен асады. Африка елдерінің жаппай урбанизациялануына стихиялық тән, ол қалалардың өнеркәсіптік-экономикалық потенциалының өсуі және селолық жерлерден келгендердің мәдениетінің өрлеуімен әрқашан қатар жүре бермейді. Урбанзизациялық өркендеу процестерін реттеу – Африканың дамушы елдері үкіметтерінің тағы бір маңызды міндеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет