Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық



Дата25.12.2023
өлшемі14,46 Kb.
#199219
Байланысты:
Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық


Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық
Түсінікті болу үшін, цифрлық сауаттылықтың не екеніне тоқтала өтейік. Цифрлық сауаттылық-жаңашыл цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз түрде пайдалану. Яғни, сіз пайдаға асыратын көмекші қосымшалар жеке басыңызға қатысты ақпараттарды құпияда ұстап, өзіңізді виртуалды әлемде толықтай қауіпсіздікте сезінуіңіз. Сонымен қатар, бұл саланың қыр-сырымен 5 саусақтай таныс болу және ғаламтор кеңістігінде өзіңізді саналы адам ретінде ұстау.
Осы арада сандық қауіпсіздік не үшін қажет деген сұрақ туындауы мүмкін. Түсіндіре өтсем, қазіргі таңда интернет алаяқтар мен вирусты бағдарламалар көбейіп кетті. Жаңалықтарды ашып қалсақ, анда біреу алданыпты, мында біреу ақшасынан айырылып қалыпты, делінген ақпараттар шексіз көп. Осындай жағдайға тап болғандардың көбісі, жеке басына қатысты конфиденциалды ақпараттарды қалай қолдану керектігін білмейтін тұлғалар. Яғни, кез-келген өзін заңды тұлға ретінде таныстырған қоңырау иесіне, қандай мекен-жайда тұратынына дейін айтып беруі. Аңқаулық па, аңғалдық па, білмеймін. Бірақ, мұндай адамдардың цифрлық сауаттылықтан еш хабары жоқ деп айта аламын.
Ал, қиын жағдайға түсіп қалмас үшін, сандық(цифрлық) саланың қыр-сырын жетік білу үшін не істеу керек, неден бастау қажет? Ендеше, бұл сұрақтардың жауабын, бірге тапсақ. Бір затты бастамастан бұрын, негізімен танысу маңызды, яғни, бастамасын білу қажет. Ендеше, цифрлық сауаттылыққа үйрену үшін, мен білетін 3 негізгі затқа тоқталсақ.
Біріншіден, өзіңіз жайлы ақпараттар мен құжаттарды сенімді жерде сақтап, ғаламтор желісіне көзайым қылмай, құпия ұстау. Егер, әлеуметтік желідегі парақшаңыз болса, барынша маңызы төмен заттар салуға тырысыңыз. Яғни, суреттерде жеке нөміріңіз, карточкаңыз немесе куәлігіңіздің көрініп қалмауын қадағалаңыз, Бұл ақпараттар әсіресе, тұлға болып қалыптасып келе жатқан, жасөспірімдер мен балалар үшін маңызды. Жеткіншек есейе келе, жеке басына қауіп әкелетін заттар, өзі бөліскен бейнежазбалар болуы мүмкін. Сондықтан, үйдегі балаңыздың ой-санасы жетілгенше, осы бір тұстарын қадағалап тұрыңыз.
Екіншіден, таныс емес нөмірлер мен аккаунттардан келген қоңыраулар мен хаттарға барынша назар аударыңыз. Егер күмән келтіретін тұсын байқасаңыз, полиция бөлімшесіне барып жағдаймен бөлісіңіз немесе «102», «112» байланыс нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Осы арқылы тіпті, құқық қорғау органдарына көмегіңізді де тигізіп қалуыңыз мүмкін. Сізбен байланыс орнатқан алаяқ, сізге дейін қанша жанның көз жасына қалғаны белгісіз, сондықтан, ойланбастан мен айтқан кеңесті пайдаға асырыңыз.
Үшіншіден, күмән тудыратын сілтемелерге өтіп немесе графикасы дұрыс жұмыс істемейтін бағдарламаларға кірмеңіз. Көбінесе, мұндай соңына дейін аяқталмаған бағдарламалар артында, тәжірибелі онлайн-алаяқтар тұрады. Ондай тұлғалардың мақсаты, оңай ақша тауып, адамдарды тақырға отырғызып кету. Интернет алаяқтардың құрбаны көбінесе, аңқау балалар мен қарт кісілер болып жатады. Сақтану шарасы ретінде айтарым, әдейі сыпайы сөйлеп, диалог орнатып тұрған адамға ақтарыла кетпеу. Жылы-жылы сөйлеп, сенімге кіру оңай екенін біліп алған алаяқтар, осы арқылы адамдарды тез құрықтарына түсіреді.
Міне осылайша, сіздерді цифрлық сауаттылықтың 3 негізгі қағидасына үйрете алдым деп ойлаймын. Кішігірім ақпарат арқасында, қоғамдағы сандық сауаттылықтың да маңызын түсінген сыңайлысыз. Жеке басыңыздың қауіпсіздігі барлығынан артық, сізді таныс емес адамның алдап кетуіне жол бермеңіз. Тобықтай түйінге тоқталсақ, ғаламтор шексіз ақпараттар мен жаңалықтар әлемі, осы бір кеңістікте адаспай жол тауып, ешкімге алданбауларыңызға тілектеспін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет