Ұлттық тәрбие
Асан Ерғанат СӨЖ 11- топ
«Қазіргі жастардың ұлттық сана сезімін қалыптастыру керек пе әлде жоқ па ?Неліктен?»
Қазақстан......Байтақ Азияның ортасында аяқ- қолын кеңінен созып,ұлы даланың тарихын кеудесіне қысып жатқан алып мемлекет . Құрамында шөлі де бар ,таулары да бар,үлкен ормандары да бар бай мемлекет . Сыртқы сұлулығы да бар,жаны да сұлу- ғажап мемлекет!Адамдарына да,ұлттық мәдениетіне де қаншама ғасырлар бойы өзге ұлттар тамсанып келеді.Қаншама ғасырлар бойы сақтап келген ұлы тіліміздің қазіргі жастар арасында түк мәртебесі қалмады десек те болады .Бұл өте өкінішті ,еліміздің басына туған ақыр заман десем асырып айқаным емес.
Менде сол жас ұрпақтың арасындағы тұлғамын.Ауылда өсіп,таза қазақи тәрбие алғандықтан ба,жүрегіме қазағымның мәдениеті жақын болып көрінеді.Қалаға екі жыл бұрын келгенде ,алғаш орыс тілінен қиналдым.Жанымда дүрген жолдастарымның өзі, орыс сөзін қате айтсам «мырс» етіп күліп жіберетін.Сол уақыттарда қатты намыстанатынмын.Бірнеше ай ішінде таза орыс тілінде сөйлеп үйреніп алдым.Дегнмен де бір әділетсіздікті көзім шалып қалды.Қазақ тілінде мыңқылдап сөйлеп тұрған дос балаларымды ешкім кемсітпейтін.Қазақ тілі ұлттық тіл болып тұрған мемлекетімде ,қазақ тілінің мәртебесінің осынша төмен екендігіне ішім ашығаны да бар.Жастардың қазақ тіліне деген махаббатын ашу үшін осы мамандықты таңдадым десем де болады .
Ұлы даламыз бар,қойны алтын мен күміске толы байтақта бай мемлекетіміз бар.Салтынан көз сүріндіретін мәдениетіміз бар,сөйлегенде құлағыңның құшын қандыратын әуенге татитын тіліміз бар.Алайда осының бәрін бағаламайтын сүйегі қата қоймаған жастарымыз бар .Міне,осы қолымызда тұрған байлығымызды жоғалтып алмау үшін ,қолымызда тұрған жас ұрпақтарымыздың ұлттық сана сезімін қалыптастыруымыз керек.Әрбір ата-aна баласына қазақ тілінде сөйлеп , ұлттық құндылығымызды құлағына құя берсе,буыны қатпаған жас жеткіншек қайда барады,үйренеді.Қазақ тілі асқақтаса , еліміздің де көкке көтерілері анық. «Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.»- деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай,өз елімізде жүріп тірі мәңгүртке айналып кетпесек болғаны.