Қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесі: негізгі қағидалары мен даму тенденциялары



Дата04.02.2022
өлшемі19,97 Kb.
#130733
Байланысты:
СРС(12 апта) эко
4 СРС ПЕД, kazakstan respublikasyny densaulyk saktau zhjesindegi mejrger mamandygy, ұлттық рух 7апта (1), 4-апта04, Основные термины, кр инвестициялык потенциалы, аякталмаган шаккева енбекакы, sswt 6 mashanov, 1592302374, 1544170476, 1 апта, Сұрақ-жауап, 11 апта, ksm-prez

СРС(12 пта)

Қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесі: негізгі қағидалары мен даму тенденциялары


Әлемдік валюта жүйесі – валюталық қатынастарды ұйымдастырудың және реттеудің мемлекетаралық келісіммен баянды етілген нысаны.

Әлемдік валюта жүйесі атқарымының сипаты мен тұрақтылығы оның құрылымдық қағидатының дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына, күштердің орналасуына және жетекші елдердің мүдделеріне сәйкес келуі дәрежесіне байланысты. Осы шарттар өзгергенде Әлемдік валюта жүйесі дүркін - дүркін дағдарысқа ұшырап отырады. Әлемдік валюта жүйесі ғалами әлемдік шаруашылық мақсаттарды көздейді. Олар: халықаралық айналымды сенімді төлемдік және есептесу қаражатымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету; халықаралық валюталық қатынастардың біршама тұрақтылығын және валюталық тетіктің әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерге және әлемдік орталықтар күштерінің ара салмағына икемділікпен бейімделу. Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйесімен тығыз байланысты. Әйтсе де ұлттық валюта жүйесінің Әлемдік валюта жүйесінен міндеттері, атқарым және реттеу қағидаты, жекелеген елдердің экономикасына және әлемдік шаруашылыққа ықпал етуі жағынан өзгешеленеді. Бұл байланыс пен айырмашылық олардың элементтерінде көрініс табады. Әлемдік валюта жүйесі алғаш рет 19 ғасырда өздігінен қалыптасып, 1867 жылы Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заң жүзінде ресімделді. Онда алтын әлемдік ақшаның бірден бір нысаны деп танылды. Ұзаққа созылған валюталық аласапыраннан кейін 2 Әлемдік валюта жүйесі 1922 жылы Генуэ халықаралық экономика конференциясында үкіметаралық келісіммен ресімделді. 2 дүниежүзілік соғыстан кейін Бруттен Вуд келісімі негізінде 3 Әлемдік валюта жүйесі құрылды. Бұл келісім Бретте Вудтта өткен валюталық қаржылық конференцияда (1944 жылы) қабылданды. Онда доллардың үстемдігіне негізделген долларлық стандарт бекітілді. Бреттен Вуд валюталық жүйесі әлемдік сауда мен өндірістің дамуына 25 жылдай септігін тигізді. Бұл жүйенің дағдарысы 1960 – 70 жылы басталды. Валюталық дағдарыстан шығу жолын ұзақ іздестіру нәтижесінде 1976 – 78 жылдары Ямайка валюталық жүйесі құрылды. 1999 жылы Еуропа экономикалық қоғамдастығына мүше елдер аймақтық Еуропа валюталық жүйесін құрды. Ол Әлемдік валюта жүйесі нің құрамдас бөлігі болып табылады. 


Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грекияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір белігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.
Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • Ұлттық валюталық жүйе;

  • Дүниежүзілік валюталық жүйе;

  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан.
Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежузілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет