Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі32,35 Kb.
#97335
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
@8; 65= =0AB02=8G 07




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «___» _________
№____бұйрығымен бекітілген


Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.


2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі;
2) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;
3) тәлімгер – педагогикалық қызметте практикалық тәжірибесі бар, оқытудың үздік әдістемелерін, оқытудың инновациялық технологияларын меңгерген және тәлімгерлікті жүзеге асыратын орта білім беру ұйымының педагогы;
4) жас маман - орта білім беру ұйымында Педагогтың кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет