Қазмемқызпу Ақпараттық технология кафедрасының аға оқытушысы



Дата05.06.2017
өлшемі76,78 Kb.
#17889
Қазмемқызпу

Ақпараттық технология

кафедрасының аға оқытушысы

Пазилова Б.А.

Шет тілін оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың ерекшеліктері

Білім беруді ақпараттандыру мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар дүниежүзілік білім кеңістігіне енуге байланысты оқыту жүйесін жаңаша құруға негізделген. Қазіргі уақытта білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның жаңа үлгілерін қолдану – білім сапасын жоғарылатудағы заман талабынан туған қажеттілік. Заман талабына сай білім сапасын арттыруда компьютерлік технологияны тиімді қолдану, электронды оқулықтар мен интернет желісіне (виртуалды білім) құрылған оқу үлгісін басқару жолдарын, оның дидактикалық, психологиялық заңдылықтарын анықтау өте қажет шаралар. Компьютерлік оқыту ақпараттандыру құралын енгізу арқылы оқыту тиімділігін арттырып, білім сапасын көтеру, болашақ маманның әдістемелік – теориялық даярлығын, кәсіби құзырлығын қалыптастыруға негізделген.

Білім беруде ізгіліктендіру ұстанымдарының қамтамасыз етілуі оқыту мазмұнын ақпараттандырумен тікелей ба йланысты, өйткені әрбір болашақ маман өз мүмкіндігін білім деңгейіне қарай түрлі мәліметтер алып, оқу – танымдық кеңістігін кеңейте алады, сол себепті ақпарат көзі компьютер – студенттің оқу әрекетін тиімді басқаратын, тұлғаның жеке әрекеттерін жүзеге асыратын жаңа бағытты күшті оқу құралы. Компьютерді оқу үрдісінде пайдаланудың педагогикалық – психологиялық тұрғыдан әр түрлі қырлары Э. Т. Азимов, С.Ф. Фадеев, Ю. К. Бабанский, В.В. Давыдов, В. М. Манахов, Ж.А. Қараев, Д.М. Жүсіпалиева тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ғалымдардың пайымдауынша, компьютерлік оқыту әдісі дәстүрлі әдістерден технологиялық, нәтижелік тұрғысынан ерекшеленіп, студенттің оқу әрекетінің субьектісі ретінде белсенді әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі нарықтық жағдайымызда болашақ ұрпақтарымызды білімді,мәдениетті,саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде шетел тілін оқыту өмірлік маңызға ие болып отыр.Шет тілін үйрету барысында студенттерді өзі тілін оқып жатқан елдің салт-дәстүрімен,әдет-ғұрпымен,мәдениетімен таныстыру,олардың жан-жақты дамуына,тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Шет тілін оқыту арқылы жастарды интернационализ рухына,ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашылады.Олар өз ұлтын сүюді,өзге ұлттарды сыйлауды үйренеді.

Шет тілін оқыту-қиын да қызықты жұмыс.Қазіргі кезде шет тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып,сапалы және терең білім беру,олардың ойлау,есте сақтау,көру қабілеттерін жетілдіру.Ең алғаш рет шет тілін оқыту методикасында технологияны қолдануды Г.В.Рогова көтерді. «Оқытудың технологиясы-оқыту техникасының ғылымы,бұл қалай оқытудың білімі »-деп жазды.Уақытты дұрыс пайдалануда әр-түрлі әдістерді қолдану,жаттығуларды дұрыс орындау,техникалық құралдарды,көрнекіліктерді,суреттерді қолдану,осылардың барлығын ол технологияға кіргізді.

Қазіргі кезде шет тілін оқытуда жобалап сабақ өту әдісі,саралап оқыту әдісі,видео (бейне ) арқылы сабақ беру әдісі,интербелсенді оқыту әдістері,компьютер арқылы сабақ беру әдісі,кейс стади әдісі және т.б.әдістер кеңінен қолданылып жүр.Видео (бейне ) арқылы студенттер екі-үш қайталап қысқа үзінділерді көреді де,содан кейін мұғалім түсінбеген жаңа сөздердің аудармасын береді.Видеодағы көрсетілген адамдардың тек шет тілінде сөйлеген диалогты түрінің жазбаша варианттары беріледі.Артынан осы тақырыптарға байланысты жаттығулар жасайды,қысқаша түсініктерін жазады.Бұл студенттердің көру және есту қабілеттерін дамытады.Шет тілінде компьютер арқылы сабақ беру жаңа технологиялық әдістің бір түріне жатады.Компьютер арқылы сабақ беру әдістерінің түрлері өте көп.Тестерді жазғызғаннан ғөрі программаға салып,дұрыс варианттарын студенттердің өздері тапқандары дұрыс.Сөздермен және дыбыстармен жұмыс істеген кезде оларды дұрыс айту үшін шкалалық схемаларды пайдаланады.Бұл схемалар дискіде дайын күйінде қолданылады.Егер дыбыстарды немесе сөздерді айтқанда шкала 20-ны көрсетсе,онда студент сөздерді дұрыс айтпағаны.Ал шкала 60-ты,70-ті көрсетсе ол дұрыс айтқан болып есептелінеді.100-ді көрсетсе таза шет тілінде айтқан болып есептелінеді.Бұл әдісте компьютерде микрофон қолданылады.

Шетел тілі оқытушысы – педагогикалық біліктілігі мол, шебер ұйымдастырушы, инновациялық меңгерген көп тілді маман болу қажет. Шет тілін оқыту – қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде шет тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас пайда болуда. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру ғасыры деп бекер айтпайды.Компьютерлер біздің өміріміздің барлық саласында қолданыла бастады.Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың келуімен, революциялық өзгерістер болып жатыр.Қазақстан Республикасының «Білім туралы »заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады.Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды және басқа да технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.Шетел тілінің оқытушылары техникалық прогресстің жаңалықтарын педагогикалық процесске енгізді.Ақпараттық және коммуникациялық

технологияларды шетел тілі сабағына енгізу өзінің тиімділігін көрсетті.Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану оқытудың деңгейін көтереді,көрнекіліктермен қамтамасыз етеді,үлкен көлемде ақпараттармен қамтамасыз етеді,оқуға деген қызығушылықтарын арттырып,оқуда талпыныс болады.Профессор Құнанбаеваның мектебі шет тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ақпараттандыру мәселелерін зерттейді.Мәдениетаралық қатынастың біліктілігін қалыптастыру

[Ә.Т Чакликова]; елтанымдық біліктігін қалыптастыру [Ж.А Түселбаева]; студенттерді АҚТ – ны пайдалануға әдістемелік даярлау [Д.Е Сағымбаева];

шетел тілін оқытуда телекоммуникациялық технологияларды пайдалану [А.Б Нұрова]; ағылшын тілін электрондық оқулықтар арқылы оқыту әдістемесі [Ұ.Т Нұрманалиева]; жалпы оқу үдерісін ақпараттандыру мен компьютерлендіру мәселесіне С. А Бешенков, Б.С Гершунский, А.П Ершов т.б зерттеген.

Қ.Р – сында білім бердуді ақпараттандыру мәселесі бойынша төмендегідей ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді және нақты зерттеулер жүргізілуде. Профессор Б.Б Баймұқановтың мектебі оқу үрдісіне компьютерлік технологияны енгізу мәселері, осының негізінде, оқу үрдісінде әртүрлі бағдарламалық құралдарды пайдаланудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді. [Б.Д Сыздықов, Е.Р Шуақбаева, І.Ж Есенғабылов, Г.Н Мадиярова].

Профессор Ж.А.Қараев және М.Б.Есбосынов,К.З.Халикова,Ж.С.Сардарова,С.Т.Мұхаметжанова ақпараттық қатынастық технологияны оқу үрдісіне кәсіби дайындықта,жоғары мектепте информатиканы оқытуда қарастырған. Жоғарғы оқу орындарында маман даярлау сапасын арттыруда оқу – тәрбие үдерісін тұлғалық бағдарламалық оқуға бағыттау, білімнің нәтижесін жүзеге асыру, оқытудың жаңа технологиясын білім сапасын көтеруге тиімді қолдану – дидактиканың түйіткілді мәселелері. Сондықтан білім мазмұнын, оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістерін, оқу құралдарын жаңаша құрудың бір ұштығы білімді ақпараттандыруда жатыр. Болашақ маманның кәсіби даярлығы арнайы кәсіби пәндерді игеру деңгейіне тікелей байланысты, сондықтан ғылыми курсты оқытуды заман талабына сай жаңаша құру – жоғары мектеп міндеті.

Компьютерлік оқыту бағдарламаларының мынадай артықшылықтарын көрсетуге болады:


  1. Интерактивтілігі, көрнекілігі;

  2. Оқу ақпаратының / жаттығулар көлемінің / молдылығы;

  3. Материалды ізденістерін табу жүйесінің икемділігі, қарапайымдылығы, тездігі, уақытты үнемдеуі;

  4. Оқу материалын үздіксіз жаңартып оқыту мүмкінділігі:

  5. Студенттердің өз бетіне, жеке дара жұмыс жасауына, өзіне сәйкес екпінімен жұмыс жасауына мүмкіндік жасалуы;

  6. Студенттік жұмыс істеу нәтижесін үздіксіз хабарлауы;

  7. Студенттің өз бетінше ақпарат алуы, жаңа білімді өз бетінше игеруі,

өзін – өзі бақылап, бағалай алуы;

  1. Интернет желісі арқылы пән мазмұнын толтыра алуы;

  2. Білімді жөндету, түзету мүмкіндігі;

  3. Ынталандыру;

  4. Қажетіне қарай кері байланыс жасау мүмкіндігін жүзеге асыруы;

  5. Студенттің танымдық қызығушылығын арттыру;

  6. Білім сапасын көтеруі – оқу үрдісін жетілдіру, жүйе түрінде ұйымдастыру;

  7. Ғылыми тақырып шеңберінде ақпаратты шұғыл іздеп табу мүмкіндігі;

  8. Оқу материалының сапасын артыруды жүзеге асыруы;

  9. Әрекеттік, ұстанымдық;

  10. Тұлғаны дамытуға бағдары;

  11. Тұлғаның әлеуметтенуіне қызмет етуі;

Компьютердің халық шаруашылығының барлық салаларында кең қолдануы болашақ маманның ақпаратты алу, жөндеу, жинақтау – талдау жұмыстарын жаңаша жүргізе білу дағдыларын талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, оқыту бағдарламаларын жетілдіре түсу міндеттері шешімін табуы тиіс. Компьютердің басты қызметі – оқу үрдісін басқару, сондықтан оқу мақсаты, мазмұны оқытушы – студент – компьютер секілді үштіктің өзара әрекетінен құралады. Компьютерлік технология дәстүрлік оқытудан оқу үдерісін жаңаша ұйымдастырушы мен оқытушы мен өзара әрекеттік оқу қызметінің өзгеруімен сипатталады.

Оқыту барысында компьютермен жұмыс істеу кезінде оқытушы мен студент арасындағы қарым – қатынас ақпарат құралына тәуелді, соған орай компьютерде берілген оқу материалының тақырыпқа сәйкес құрылымы оның мазмұнын ашатындай, жаттығу, тапсырма, бақылаудың білім, іскерлік дағды қалыптастыратындай болуына көңіл бөлу керек. Көрнекі құралдың жаңа жанрларының бірі – мультимедиялық энциклопедия, электронды оқулықтар. Бұлар – білімді ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. Электронды оқу материалының ішкі мазмұны үнемі Интернет желісі және басқа электронды кітапханалар арқылы толықтырылып отыратыны белгілі, сондықтан ол – мәліметтерді жинақтаудың қайнар көзі. Электронды оқулық студент үшін өз бетімен жұмыс етуіне мүмкіндік етуімен қатар, ғылыми курстан жан – жақты, тең мазмұнды толық мәліметтер беруге мүмкіндігі мол.

Компьютерге негізделген электронды оқу құралы – ғылыми курс бойынша типтік бағдарламаға негізделген бірізді жүйеге құрылған гипермәтіні, анимациялары (көрнекіліктері) әр түрлі деңгейлі, интерактивті, жаттығулар мен оқу және бақылау тапсырмалары бар, мультимедиялық элементтер араласқан оқ дискісі.

Резюме

В статье рассматривается информационно-коммуникационные технологий в изучении иностранного языка.



Summary

This article touches upon information-communication technologies in learning foreign language.



Әдебиеттер:

1.Ғаламтор жүйесі

2. Башмаков М.И., Поздняков С.Н., Резник Н.А. «Процесс обучения в информационной среде //Школьные технологии, 2000, №3.

3. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. пособие для студентов педвузов и системы повыш. квалиф. пед.кадров/Е.С.Полат и др.издат.центр «Академия», 2005


.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет