Бағдарламасы 2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін 2050», «Мәңгілік ел жастары индустрияға»



Дата30.12.2021
өлшемі154,23 Kb.
#106713
түріБағдарламасы
Байланысты:
ТЖБ№2 қазақ тілі 8-сынып
тапсырма, ТЖБ№2 қазақ тілі 8-сынып, 2-слайд Тлеужан Фариза, 7273038, 2401 271 tarih

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

8-сынып

Білім алушы___________________________________________________

Оқылым.Тапсырма. Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.

2015 жылдан бастап Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті осы жобаны жүзеге асыруға қатысатын жоғары оқу орнының бірі ретінде бекітілді. Университетке 2015 жылы «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша оқытуға 450 грант бөлінді.

Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.



Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сапалы білім алу үшін өз студенттеріне барлық жағдайды жасаған . Жоғары оқу орнында әскери кафедра, қоры 5 миллионға жуық кітаптар мен электрондық оқулықтардан тұратын заманауи кітапхана, бірнеше спорт залдары, ғылыми зертханалар, тұрмысқа қолайлы студенттер үйі, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Простор» спорт-демалыс лагері бар.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін таңдасаң, қателеспейсің. Ол

– жарқын болашағыңа сенімді жолдама!




  1. ЖОО-на түсушілер мен колледждерге түсушілерге қандай жағдайлар жасалған? Кемінде




4 айырмашылығын анықтаңыз.

[1]




_____________________________________________________________________________

2.

Мәтін қай стильде жазылған?

[1]




_____________________________________________________________________________

3.

Стильдік ерекшеліктері қандай?

[1]




_____________________________________________________________________________

4.

Мәтінде тақырыпқа қатысты қандай терминдер кездеседі?

[1]




_____________________________________________________________________________

5.

Мәтіннің құрылымы (абзацтар, бөлімдер, т.б.) қандай?

[1]




_____________________________________________________________________________


Жазылым

Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданып, жазба жұмысын орындаңыз.




  1. Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» деп жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Сіздіңше, мамандық таңдаудың маңызы қандай? Ойыңызға аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.

  2. Сіз ғажайып ғарыш туралы қызықты фантастикалық шығарма оқыдыңыз. Осыдан кейін сіз бұл шығармамен басқа балалардың да танысқанын қаладыңыз. Мектеп сайтына шығарма бойынша аннотация жазыңыз.

________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет