Түсінік хат
Мектепке дейінгі кіші топ жастағы балаларға мемлекеттік тілді үйретуде «Бірге үйренейік» бағдарламасы бойынша технологиялық карталар оқу- әдістемелік жинақтың бөлімі және ұйымдастырылған оқу қызметінің басқарушысы болып саналады.
Технологиялық карта (Васерман Ф.Я –ның карта үлгісі бойынша) -
тәрбиешінің басқару іс -әрекеті мен балалар қызметін жоғары дәрежеде меңгеріп,
білім беру және тәрбиелеу процесінің қорытынды жетістігіне жетуге себепші
болатын өз кезінде білім беру қызметінің бағдаржолы болып есептелінеді.
Технологиялық карта білім беру қызметінде педагог-тәрбиеші деңгейіндегі
басқару қызметі және бала деңгейіндегі қызмет жиынын мазмұндайды. Басқару
қызметінің сипаты және балалардың қызметі кезеңдік білім беру қызметімен
алмасады.
Мектепке дейінгі 2-ші кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметі айына 2
рет өткізіледі, сағат саны -18, технологиялық карталарда мына тақырыптар
қамтылған: Балабақша», «Ойыншықтар», «Түстер, сандар», «Жемістер,
көкөністер», «Отбасы», «Дене мүшелері», «Киімдер», «Азық - түлік», «Ыдыс-аяқ»,
«Жануарлар».
Технологиялық карта қызметтің үш кезеңін қамтиды.
Мұғалімнің басқару қызметінің жасалу жолдары:
Бірінші мотивациялық қозғаушы кезеңде 3-4 жасар баларға түсінікті және игеруге мүмкіншілік туғызатын оқу қызметінің мақсатын қою, өтіп жатқан жағдайдағы балаға қызығушылық туғызбайтын жерлерін үлгілеу,
Екінші қызмет кезеңінде қойылған мақсатқа сәйкес танымдылық процесі өтеді, танымдылық кезеңінде балаға қажетті көмек және қоштау көрсету.
Үшінші қызмет кезеңінде ұйымдастырылған оқу қызметінің қорытындылау барысы өтеді, танымдылық процесі және ұйымдастырылған оқу қызметіндегі қорытындысының шешімі.
Балалар қызметінің жасалу жолдары:
Бірінші мотивациялық қозғаушы кезеңде өз әрекетінде қойылған мақсатты қабылдауы: болып жатқан жағдайға нағыз қызығушылық туғызу.
Екінші қызмет кезеңінде баланың танымдылық процесіне қатысуы, ұсынылған ойынға қатысуы, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беруге ізденіс жасау, үлкендерден көмек және қолдау сұрау;
Үшінші қызмет кезеңінде бала өз қызметінің қорытындысын көреді, бала өз қызметінен өзін сезінеді.
Технологиялық карта қазақ тілі мұғаліміне ұйымдастырылған оқу қызметін сауатты және қызықты өткізуге көмектеседі.
2
Пояснительная записка
Технологическая карта (по образцу карты Васермана Ф.Я.) – это своего рода алгоритм организованной учебной деятельности, обладающий высокой степенью воспроизводимости этапов, управленческих действий воспитателя и деятельности детей, способствующий достижению результата процесса обучения и воспитания.
Технологическая карта содержит комплекс управленческих действий учебной деятельностью на уровне педагога-воспитателя и деятельности на уровне ребенка. Характер тех или иных управленческих действий и деятельности детей обусловлен этапами учебной деятельности.
Технологические карты предназначены для учителя казахского языка в группах с русским языком обучения. Разработаны для детей второй младшей группы по программе «Зерек бала». Организованная учебная деятельность проводится два раза в месяц, всего 18 часов.
Данные технологические карты распределены по темам: «Детский сад», «Игрушки», «Цвет, цифры», «Овощи, фрукты», «Семья», «Части тела», «Одежда», «Продукты питания», «Посуда», «Животные». К данным темам имеются цели, билингвальный компонент, ожидаемые результаты /знать, иметь, уметь/.
Технологическая карта содержит три этапа деятельности, управленческие действия учителя заключаются:
- в первой мотивационно-побудительном этапе раскрывается постановка цели учебной деятельности, понятной и доступной ребенку 3-4 лет, моделирование ситуации, вызывающей неподдельный интерес ребенка к происходящему;
- во втором этапе деятельности происходит процесс познания в соответствии с поставленной целью, оказание необходимой помощи и поддержки в процессе познания;
- в третьем этапе деятельности происходит отслеживание хода организованной учебной деятельности, процесса познания и анализ результатов организованной учебной деятельности, процесса познания.
Деятельность детей заключается:
- - в первом мотивационно-побудительном этапе происходит принятие ребенком цели как собственной стратегии действия; проявление неподдельного интереса к происходящему;
- - во втором этапе деятельности происходит включение в процесс познания, участие в предложенной игре, активный поиск ответа на поставленный вопрос, обращение к взрослым за необходимой помощью и поддержкой;
- в третьем этапе деятельности происходит оформление ребенком результата своей деятельности, осознание ребенком самого себя в собственной деятельности.
Технологические карты помогут учителю казахского языка грамотно и интересно провести организованную учебную деятельность.
3
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №1 технологиялық картасы
2- ші кіші тобы үшін
Білім саласы: Қарым – қатыас
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы:Менің сүйікті балабақшам
Мақсаты: Балабақша өмірімен танысу. Сәлемдесу, қоштасу және алғыс сөздерін үйрету.
«Ә» дыбысының айтылуын үйрету. Тілді жаттықтыру ережелерін ұйымдастыру.
Билингвалдық компоненті: Сәлеметсізбе! – Здравствуйте! Сау болыңыз! –Досвидание!
Рахмет - Спасибо!, балабақша – детский сад, балалар –дети, қыздар- девочки, ұлдар –мальчики.
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың әсері
|
Мотивациялық қозғаушы
|
- Балалар бүгін бізге Айгүл қонаққа келді – деп балалардың назарын аудартады.Айгүл балалармен амандасады.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Балалар Айгүл бізбен, балабақшамен танысқысы келеді -деп балалардың қызығушылықтарын туғызады.
- Сенің атың кім?
|
Балалар Айгүлді қуана қарсы алады.
- Сәлеметсіз бе!
Балалар қуанып, мұғалімнің көмегімен өздерімен таныстырады.
- Менің атым Оля.
|
Ізденістің ұйымдастырылуы
|
«Танысайық» дидактикалық ойынын ойнауға ұсынады, ойын арқылы балаларды, жаңа (Балабақша, балалар, қыздар, ұлдар) сөздермен таныстырады.
Сергіту сәттерін қимылдар арқылы жасауға ұсынады.
Ал, балалар,тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық
Тақтадағы сурет бойынша балалармен «Ә» дыбысын дұрыс айта алу үшін жаттығулар жасайды.
Же- же –же - мынау әже
Ке -ке- ке мынау әке
Ші –ші –ші бұл тәрбиеші
- Балалар, Айсұлуға біздің балабақша туралы тақпақ айтып берейік
Балабақшада балалар,
Қыздар және ұлдар бар
Ойыншықтар көп онда
Машине, шана, арба бар.
|
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. Мұғалімнің көмегімен балабақшадағы қыздармен және ұлдармен танысады.
Мұғалімнің айтқан сөздерін дұрыс, дәл қайталайды.
Сергіту сәттерін жасайды.
Ал, балалар,тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Балалар сурет бойынша фонетикалық жаттығулар жасайды.
Же- же –же - мынау әже
Ке -ке- ке мынау әке
Ші –ші –ші бұл тәрбиеші
Балалар тақпақты дұрыс, нақты қайталайды.
|
Меңгеру рефлекстері
|
- Балалар, Айгүл әкелген сыйлықты кім сұраққа дұрыс жауап берсе, сол алады.
- Балабақша,
- балалар,
Айгүл балаларға сыйлықтар береді Мұғалім әр баланың жетістіктерін атап кетеді..
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар алғыс сөздерін айтады.
Айгүлдің сыйлықтарына, өз жетістіктеріне қуанады.
|
Қорытынды нәтижесі:
Үйрену: Балабақша тақырыбына арналған сөздерді;
Білу: Амандасу және қоштасу сөздерін білу. «Ә» дыбысын дұрыс айта білу;
Қолдан келу: Амандасу және қоштасу сөздерін күнделікті қолдануды дағдыға айналдыру..
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің № 2 технологиялық картасы
2- ші кіші тобы үшін
Білім саласы: Қарым – қатыас
Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам
Мақсаты: Балабақша өмірімен танысу. Сәлемдесу, қоштасу және алғыс сөздерін үйрету.
«Ә» дыбысының айтылуын үйрету. Тілді жаттықтыру ережелерін ұйымдастыру.
Билингвалдық компоненті: Сәлеметсізбе ! – Здравствуйте! Сау болыңыз ! –Досвидание!
Рахмет - Спасибо, балабақша – детский сад, балалар –дети, қыздар- девочки , ұлдар –мальчики.
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың әсері
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Сабаққа қонаққа қонжық келеді.
- Балалар, бізге бүгін қонаққа қонжық келді, ол өзімен қызықты суреттер ала келіпті – деп балалардың назарын аудартады.
Қонжықтың суреттерін қарайықшы- деп балалардың қызығушылықтарын туғызады.
- Мынау кімдер?
|
Балалар қонжықтың келгеніне қуанады. Қонжықпен амандасады, сәлемдесу сөздерін айтады.
Балалар қонжықтың алып келген суреттерін қарастыруға қызығушылық білдіреді. Балалар жауап береді
Мынау балалар
Мынау қыздар
Мынау ұлдар
|
Ізденістің ұйымдастырылуы
|
-Балалар, қонжық ойнағанды жақсы көреді.
-Сендер қонжықпен ойын ойнайсыңдар ма?- деп ойын ұсынады
- Қыздар
- Ұлдар
- Балалар
- Балабақша туралы тақпақты қайталайық.
Балабақшада балалар,
Қыздар және ұлдар бар
Ойыншықтар көп онда
Машина, шана, арба бар.
Сергіту сәттерін орындауды сұрайды.
Ал, балалар,тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық
- Балалар «Ә» дыбысына жаттығулар жасайық.
«Бұл кім?» Д.О. ұсынады.
Д/ойынның ережесімен таныстырады. Мұғалім суреттегі қыз бала және ұл баланың суретін көрсетеді. Балалар қазақ тілінде атауларын атайды.
|
Балалар қонжықпен ойнауға қызығушылық танытады
Балалар қонжықпен ойнайды.
Қонжық «Қыздар» дегенде қыз балалар қолдарын көтереді, «Ұлдар» дегенде ұл балалар аяқтарымен тарсылдатады.
Балалар тақпақты қайталайды.
Балалар сергіту сәттерін жасайды.
.
Ә» дыбысына жаттығулар жасайды.
Әж -әж -әж -әже
әк- әк-әк - әке
Балалар ойындар арқылы үйренген сөздерін естеріне сақтайды. «балабақша», «бала», «ұлдар», «қыздар»
сөздерін қайталайды
|
Меңгеру рефлекстері
|
- Балалар, қонжық бізбен қоштасады. - Біз қонжыққа қонаққа келгені үшін алғыс сөзін айтамыз.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды атап өтеді.
|
Балалар қонжықпен қоштасады.
|
Қорытынды нәтижесі:
Үйрену: Қазақ тілінде балабақшаға арналған сөздерді дұрыс айтуға үйрену.
Білу: Амандасу, қоштасу, алғыс сөздерін дұрыс нақты айта білу.
Қолдан келу: Күнделікті амандасу, қоштасу сөздерін айтуды дағдыға айналдыру.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №3 технологиялық картасы
2-ші сәбилер тобы үшін
Білім саласы: Қарым – қатынас
Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: Түстер, сандар.
Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен түстерді тани білуге, «Бір», «Көп» сөздерін дұрыс атай білуге үйрету. «Ы», «І» дыбыстарын дұрыс дыбыстау әдістерімен жаттықтыру.
Билингвалдық компоненті: сары- желтый, қызыл-красный, көк- синий , жасыл- зеленый,
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімніңі с- әрекеті
|
Балалардың әсері
|
Мотивациялық қозғаушы
|
- Бүгін бізге сабаққа қонаққа қоян келді – деп назарын аудартады.
Сенің атың кім?- деп сұрақ қойылады.
-Балалар қараңдаршы, қоянға анасы көйлек сатып алып беріпті.
Ол болса көйлегінің түстері қандай екендігін білгісі келеді. –қызығушылық жағдай туғызып шешуге ұсынады
- Мынау қандай түс
|
Балалар қонаққа келген қоянды қуана қарсы алады, амандасады. Өз аттарын айтады.
- Менің атым Максим
Балалар біздер көмектесіп, өзімізде біліп алайық, есімізде сақтайық -деп ынталанады және оның қандай түстерден екендігін айтуға тырысады.
- сары,
- қызыл,
- көк,
-жасыл.
|
Ізденістің ұйымдастырылуы
|
Балаларға қоржын ішінен қоянның көйлектерін қарауға ұсынады
Суретті пайдалана отырып:
- Балалар, қараңдаршы қоянда неше көйлек бар?
-Балалар қызыл, сары сөздерін жекелеп айтып үйренейік:
Ыл –ыл –ыл - қызыл
өк- өк-өк -көк
Ры –ры- ры – сары.
- Балалар қоян шаршады, оны сергітейік
Тақпақтарды жаттауға ұсыныс жасайды.
Қызыл- жасыл, көк,
Түрлі түстер көп.
Аппақ түсім -сүт
Бозғыл түсім бұлт
«Қоянның киімін боя» Д.О ұсынады
Балаларға ойынның шартын түсіндіреді
- Балалар өздеріне ұнаған түсті тандап алып, қоянның көйлегін бояық
- Қоянның көйлегінің түсі қандай?
|
Балалар қоянның көйлектерін таңдана қарайды.
Балалар тәрбиеші айтқан сөздері қайталайды.(бір, көп)
Балалар жекелеп дыбыстарды қайталайды
-Ы, -І.
Сергіту сәтін орындайды
Тік ұстап бойынды
Жоғары соз қолыңды
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай ақ
Балалар тақпақты хормен қайталайды.
Балалар қоянның киімін түрлі түсті қарындашпен бояйды.
- түсі сары,
- түсі қызыл,
- түсі көк,
-түсі жасыл
Балалар үйренгендерін ортаға салады.
|
Меңгеру рефлекстері
|
Балалардың салған суреттерін көрсетіп қандай түс «көп» , қандай түс «аз» екенін қарастыруға ұсынады
Дұрыс тапсырманы орындаған балаларды атап өтеді
Қоян алғыс сөз айтып қоштасады.
|
Балалар салған суреттерін қарастырады. «Көп», «Аз» сөздерін қорытындылайды.
Қоянға көмек бергені үшін қуанады
- Сау болыңыз!
|
Қорытынды нәтижесі:
Үйрену: Түстерді, сандарды білдіретін сөздерді;
Білу: Көзбен тани білуге, дұрыс атай алуға. «Ы», «І» дыбыстарын дұрыс атай білуге.
Қолдан келу: Түстерді, сандарды білдіретін сөздерді айтуға дағдылану.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің № 4 технологиялық картасы
2-ші сәбилер тобы үшін
Білім саласы: Қарым – қатынас
Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: Ойыншықтар
Мақсаты: Ойыншық атауларымен, қимыл- әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру.
«Қ» дыбысының айтылуын үйрету
Билингвалдық компоненті: Ойыншықтар – игрушки, қуыршақ – кукла, доп – мяч, мәшине - машина, отыр -садись, тұр- вставай, бар- есть, жоқ-нет.
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың әсері
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Алдыңғы сабақта өтілген «Балабақша» тақырыбын еске түсіруге балалардың назарын аудартады. Онда ойыншықтардың әр түрлі екендігіне мән беріп,сұрақтар қояды:
- Балалар, біздің балалабақшада не көп?- деп балаларға ойыншықтар бар суреттерді ұсынады.
- Мынау не?
|
Балалар алдыңғы өткен сабақтарын еске түсіреді.
Балалар сұрақтарға ынтамен жауап береді.
Суретпен жұмыс жасайды, естеріне түсіреді. Тақтаға ілінген ойыншықтар атауларын атайды.
- Мынау доп,
- Мынау қуыршақ,
-Мынау мәшине
|
Ізденістің ұйымдастырылуы
|
- Балалар біз бүгін «Ойыншықтар» дүкеніне барамыз,- ұсыныс жасайды. - Қандай ойыншықтар өздеріне таныс екендіктерін сұрап, қазақ тілінде үйренеді.
- Бір сөзбен қалай атаймыз? - сұрақ қояды
Мұғалім нұсқауымен балалар
«Отыр»,«Тұр» қимылды білдіретін сөздермен танысып, қимылдар
жасайды.
«Бар»,«Жоқ» сөздерімен танысады.
Д/ ойын «Не бар, не жоқ»
- Менің қолымда доп бар ма?
- Менің қолымда доп бар ма?
Мына суреттегі құлыншақты қараңдаршы,
Құлыншақ туралы тақпақ жаттайық.
(«Қ» дыбысының айтылуын үйрету)
Мен құлыншақ, құлыншақ
Әрбір жерге ұрыншақ
- Қолдарына доп алып, сергіту сәтін жасап дем алайық
Топ –топ,
Доп –доп
Теуіп қалдым допы
Доп жоғалды
Доп жоқ!
Тақпақ жаттауға ұсынады
Аю, қасқыр жолбарыс,
Арыстан мен піл барыс.
Ойыншықтар тұрыңдар,
Ойын –сауық құрыңдар!
Мұғалім компьютерден ойыншықтар суретін қарауға шақырады.
|
Балалар дүкенде өздерін көңілді ұстайды, сұрақтарға мұғалімнің көмегімен жауап береді.
-Ойыншықтар –деп жауап береді.
Отыр,тұр сөздерін қимылдар жасап естеріне сақтайды.
«Бар»,«Жоқ» сөздерін дұрыс айтып үйренеді.
Балалар «Қ» дыбысын айтуды үйренеді.
Сергіту сәттерін орындайды.
Топ –топ,
Доп –доп
Теуіп қалдым допы
Доп жоғалды
Доп жоқ!
Балалар тақпақты кезекпен жаттайды.
Балалар ойыншықтарды көріп, қазақ тілінде дұрыс, дәл атайды, естерінде сақтайды.
|
Меңгеру рефлекстері
|
Балалардың жетістіктерін атап өтеді.
Жеке балалардың жетістіктерін атайды
|
Балалар өз жетістіктеріне қуанады.
Мұғаліммен қоштасады.
- Сау болңыз
|
Қорытынды нәтижесі:
Үйрену: Ойыншықтар атауларын;
Білу: Ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздерді дұрыс айта білу.
«Қ» дыбысын дұрыс атау.
Қолдан келу: Ойыншықтар атауларын және қимылды білдіретін сөздерді к
үнделікті қолдануды дағдыға айналдыру..
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №5 технологиялық картасы
2-ші сәбилер тобы үшін
Білім саласы: Қарым – қатынас
Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: Ойыншықтар
Мақсаты: Ойыншық атауларымен, қимыл- әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру.
«Қ» дыбысының айтылуын үйрету
Билингвалдық компоненті: Ойыншықтар – игрушки, қуыршақ – кукла, доп – мяч, мәшине - машина, отыр, тұр, бар, жоқ.
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың әсері
|
Мотивациялық қозғаушы
|
-Балалар, бүгін біздің сабаққа Айгүл қонаққа келді –деп балалардың назарын аудартады.
- Балалар, Айгүлдің ойыншықтары одан қашып кетіпті. Оған не болды екен, ойыншықтарын тауып беруге көмектесеміз бе?- балалардың қызығушылықтарын туғызады.
-Балалар ойыншықтарды дауыстап шақырайықшы!
|
Балалар Айгүлдің келгеніне қуанады.
Балалар ойыншықтарды табуға қызығушылық танытады.
Балалар ойыншықтарды дауыстап шақырады
- мәшине
|
Ізденістің ұйымдастырылуы
|
Сұрақ –жауап арқылы ұштастыру
Мынау не?
Сұраққа жауап берілген соң Айгүлдің ойыншықтары шығады
Д/о «Не бар?»
«Қ» дыбысының айтылуын үйретеді.
Мұғалім сергіту сәтін орындатады, «Қ» дыбысынабалардың назарын аудартады.
Мынау – менің пойызым
Тық-тық, тық - тық
Жолға шықтық тақ -тұқ
Шамды жақтық.
Беп! Жолдан кет.
Тақ- тұқ , керек сақтық!
Мұғалім тақпақ жаттауды ұсынады
Аю, қасқыр жолбарыс,
Арыстан мен піл барыс.
Ойыншықтар тұрыңдар,
Ойын –сауық құрыңдар
|
Сұрақтарға жауап береді.
Мынау мәшине
Мынау доп
Мынау қуыршақ
Мұғалімнің нұсқауымен
«Бар» , «Жоқ» сөздерін айтады.
Балалар «Қ» дыбысын айтуды үйренеді.
Мен құлыншақ, құлыншақ
Әрбір жерге ұрыншақ
Балалар сергіту сәттерін жасайды. «Қ» дыбысын дұрыс дауыстап атайды.
Балалар тақпақты хормен қайталайды.
|
Меңгеру рефлекстері
|
Балалардың қандай сөздерді меңгергендеріне көңіл бөледі.
Айгүл балаларға алғыс сөзін айтады.
Жақсы жауап берген балаларды атап өтеді.
Айгүл балалармен қоштасады
|
Балалар ойыншықтар атауларын дұрыс, дәл атайды
|
Қорытынды нәтижесі:
Үйрену: Ойыншықтар атауларын;
Білу: Ойыншықтардың атауларын дұрыс айта білу. «Қ» дыбысын дұрыс атау.
Қолдан келу: Бастаған сөздерді аяқтай білу.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №6 технологиялық картасы
2- ші кіші тобы үшін
Білім саласы: Қарым – қатынас
Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: Зере әженің сыйлықтары. Жемістер
Мақсаты: Жемістердің атауларын қазақ тілінде дұрыс айтуды үйрету. «Ұ» «І» дыбыстарын дұрыс айтып, тілді жаттықтыру ережелерін ұйымдастыру.
Билингвалдық компоненті: Жемістер- фрукты, алма –яблоко, алмұрт -груша, жүзім – виноград, үлкен – большой, кішкентай – маленький.
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың әсері
|
Мотивациялық қозғаушы
|
- Зере әженің қонаққа келгені туралы айтып балалардың назарын аудартады.
- Балалар, бүгін біздің сабаққа Зере әже ғажайып дорба беріп жіберіпті, ішін ашып көрейік, - деп балалардың қызығушылығын туғызады.
Дорбаның ішінде не бар екенін қарауға ұсынады:
- Мынау не?- Мынау алма.
- Ол қандай?- Алма жасыл
|
Балалар Зере әженің келгеніне қуанады.
Сәлеметсізбе!
Менің атым Оля.
Балалар Зере әженің беріп жіберген дорбасын көруге қызығушылық туғызады.
- Мынау алма,жасыл
- Мынау алмұрт, сары.
|
Ізденістің ұйымдастырылуы
|
Сұрақтар қою арқылы білімдерін ұштастыру.
-Балалар мына ыдыстағы алма, алмұрт, жүзімді бір сөзбен қалай атаймыз?
- «Жемістер».
Балаларға жемістер туралы тақпақты жаттауға ұсынады.
Алма –яблоко
Алмұрт- груша
Өрік- урюк
Взрослым и детям
Витамины дают.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атауға үйретеді.
Сергіту сәтін орындатады.
«Үлкен және кішкентай» Д.О. ұсынады, ойынның шартын түсіндіреді.
Балаларға Зере әже әкелген жемістерден ауыз тигізеді.
|
Балалар білгендерінше сұраққа жауап береді.
Балалар бір сөзбен
- «Жемістер»
Балалар тақпақты ынтамен
жаттайды. ( екі топқа бөлініп жаттау)
Балалар «Ұ»,«І»
дыбыстарын дұрыс атайды, мұғалім айтқан дыбыстарды қайталайды.
Іс-іс-іс - мынау тәтті жеміс
Ұрт –ұрт- ұрт - мынау тәтті алмұрт
Сергіту сәттерін жасайды.
Алма кетті домалап,
Көше бойы жағалап.
Кім алманы табады?
Сол жақсы болады
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар жауап береді
Алма үлкен.
Алма кішкентай.
Балалар Зере әжеге алғыс сөзін айтады.
|
Меңгеру рефлекстері
|
Балалардың жетістіктерін атап өтеді. Зере әже балалармен қоштасады.
|
Балалар өз жетістіктеріне қуанады.
- Рахмет
- Сау болыңыз!
|
Қорытынды нәтижесі:
Үйрену: Жемістердің атауларын қазақша айту;
Білу: Жемістердің атауларын қазақша дұрыс, дәл айта білу;
Үлкен және кіші ұғымдарды білу.
Қолдан келу: Жемістердің атауларын атауды дағдыландыру.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №7 технологиялық картасы
2- ші кіші тобы үшін
Білім саласы: Қарым – қатынас
Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: Көкөністер
Мақсаты: Көкөністердің атауларын қазақ тілінде дұрыс айтуды үйрету. «Ұ» «І» дыбыстарын дұрыс айтып,
тілді жаттықтыру ережелерін ұйымдастыру.
Билингвалдық компоненті: Картоп- картофель, пияз- лук, сәбіз- морковь, кішкентай- маленький.
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың әсері
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Зере әженің бағына баратындары туралы айтып,балалардың назарын аудартады.
- Балалар, бүгін біз Зере әженің бақшасына қонаққа барамыз. Онда не бар екен?- деп балаларды ынталандырады.
Зере әженің бағындағы тұрған көкөністердің атауларын сұрайды.
- Мынау не?
Фонетикалық жаттығуларды жасауға ұсыныс жасайды
|
Балалар Зере әженің бағына баруға қуанады.
Зере әженің бағында не өсіп тұғанын білгілері келеді.
Зере әженің бақшасына келеді. Балалар Зере әженің бақшасындағы көкөністерді дұрыс, дәл атап өтеді.
- Мынау картоп.
- Мынау сәбіз.
- Мынау пияз.
Балалар «Ұ»,«І» дыбыстарын дұрыс айтуды үйренеді, мұғалім айтқан дыбыстарды қайталайды.
|
Ізденістің ұйымдастырылуы
|
Сұрақтар қою арқылы білімдерін ұштастыру.
- Бір сөзбен айтылуы?
- Қандай сәбіз?
Сөзұйқастарды жаттауға ұсыныс жасайды.
Турады пияз-
Жылады Нияз.
Дәмді деп сары сәбізді,
Палауға әжем салғызды.
Аппақ дәмді картоп,
Картоп жеген жан тоқ.
Сергіту сәтін жасауға ұсыныс жасайды
«Үлкен және кішкентай» Д/О ұсынады. Ойынның шартын түсіндіреді.
Мақсаты: Балаларға үлкен және кішкентай деген ұғымдарды қалыптастыру.
Балаларға Зере әжеге сыйлық жасауға ұсыныс жасайды.
|
Балалар білгендерінше жауап береді.
- «Көкөністер»
- Сары сәбіз.
Балалар сөзұйқасты қайталайды.
Балалар сергіту сәттерін жасайды.
Алма кетті домалап,
Көше бойы жағалап.
Кім алманы табады?
Сол жақсы болады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар жауап береді
Пияз үлкен
Пияз кішкентай.
Балалар Зере әжеге көкөністерді бояп сыйлық жасайды .
|
Меңгеру рефлекстері
|
Сабаққа қатынасқан балалардың жетістіктерін атап өтеді.
Зере әже балаларға алғыс сөзін айтады, қоштасады.
|
Балалар өз жетістіктеріне қуанады..
- Сау болыңыз!
|
Қорытынды нәтижесі:
Үйрену: Көкөністердің атауларын;
Білу: Көкөністердің атауларын қазақша дұрыс, дәл айта білу;
Үлкен және кіші ұғымдарды білу.
Қолдан келу : Көкөністердің атауларын атауға дағдыландыру.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің №8 технологиялық картасы
2 –ші кіші тобы үшін
Білім саласы: Қарым – қатынас
Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: Отбасы
Мақсаты: Отбасы және ондағы адамдар атаулары жайлы түсінік беру. Тілді жаттықтыру ережелерін ұйымдастыру, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. «Ә» дыбысының айтылуын үйрету
Билингвалдық компоненті: Ана –мама, әке – папа, әже – бабушка, ата -дедушка
Қызмет кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың әсері
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Сабаққа Айсұлу қонаққа келді -деп балалардың назарын аудартады.
Айсұлудың отбасы туралы суреттерін қарап, отбасы туралы әңгімелей білуге ынталандырады.
Мұғалім балалардың өз отбасылары туралы сұрақтар қояды.
|
Балалар Айсұлудың келгеніне қуанады.
Суреттермен танысады. Сөз тіркестерін дұрыс айтады.
-Мынау атам,
- Мынау әкем,
- Мынау әжем.
Олар өздерінің отбасылары туралы әңгімелейді.
|
Ізденістің ұйымдастырылуы
|
Суреттегі бейнелерді дұрыс, дәл айтуға жаттықтырады.
«Мынау кім?» деген сұрақпен таныса отырып, тиісті атауларды атайды.
Балалар Айсұлумен ойын ойнайық – деп тәрбиеші ұсынады.
«Дастарханға жайғасайық» қимыл –қозғалыс ойынын ойнайды.
Сергіту сәтін жасауға ұсынады.
Тақпақ жаттауға ұсынады.
Өкпелетсе мамасы,
Өкпелетсе ағасы.
«Айтам», - дейді әкеме
Әжесінің баласы
Сөздердегі дыбыстарға жаттығу жүргізеді.
|
Балалар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға дәл, дұрыс, нақты жауап береді.
-Мынау ата.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Сергіту сәттерін жасайды.
Бала, бала, балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбәт
Былай , былай ойнат.
Балалар тақпақты дауыс ырғағына салып жаттайды.
«Ә» дыбысының
айтылуын үйрету
Балалар қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс қайталайды.
Ә-Ә-Ә- мынау менің әкем
Ә-Ә-Ә - мынау менің әжем
|
Меңгеру рефлекстері
|
«Қандай дыбысты естідің?» Д.О ойнауға ұсынады.
Дыбыстарды атайды.
Айсұлумен қоштасады.
Балалардың жетістіктерін бағалайды.
|
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар естіген дыбыстарын дәл нақты айтып береді.
- Сау болыңыз!
|
Достарыңызбен бөлісу: |