Бағдарламасы «Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі»



Дата04.07.2018
өлшемі223,5 Kb.
#46442
түріБағдарламасы




УМКД 042 - //-///

Ред.№1

От_______2013г.



Стр. из




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-X.1.ХХ/01-20__



ПОӘК

Пәндер бағдарламасы

«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі»

Басылым №__ от______




ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі»


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕР БАҒДАРЛАМАСЫ



Семей

2013




Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ


Құрастырушы _______ «___»________ 200__г. Газизова Н.С.

Старший преподаватель кафедры «Юриспруденция»

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Құқықтану» кафедрасы мәжілісінде

Хаттама «____» __________ 200__ж., № __.

Кафедра меңгерушісі _________ Елеманов С.Х.


2.2 Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама «____» __________ 200__ ж., № __

Төраға _________ ___________________

Қолы аты -жөні
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу- әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, ұсынылды

Хаттама «____» __________ 200__ ж., № __.

ОӘК төрайымы _________ __________________

Қолы аты -жөні

4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ (немесе басылым №___

«___» ______200_ж орнына.)

Мазмұны





1

Қолдану аясы




2

Нормативті сілтемелер




3

Жалпы ережелер




4

Оқу пәнінің мазмұны (модулдер)




5

Студенттерге арналған өздік жұмыс тақырыптары




6

Пәннің оқу-әдістемелік картасы




7

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы




8

Әдебиеттер





1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ

«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін оқытушыға арналған пәндер бағдарламасы, «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарына арналған



2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін оқытушыға арналған пәндер бағдарламасы оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін сақтап, төмендегі құжаттарды негізге ала отырып құрастырылды:


- Білім берудің аталмыш деңгейіндегі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты;

- Типтік оқу жоспары;


-«Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін құрастыру мен рәсімдеудің жалпы талаптары» СТУ 042-ГУ-4-2013 университет стандарты;

- «Пәндердің оқу-әдістемелік кешені құрылысы мен мазмұны» ДП 042-1.01-2013 құжаттары.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1. 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан шығатын тұжырым не? Ол тәуелсіздік тұғырына көтерілген Қазақстанның алдында білім беру саласында жаңа қажеттіліктердің пайда болуы. Ғылым мен техниканың тез даму қарқыны, өндіріске шетелдік және отандық озық, жаңа технологиялар мен әдістердің енуі, қоғамның жаңа экономикалық қатынастарға көшуі республикамыздың білім беру саласында жүргізіп жатқан реформалық өзгерістерді жетілдіруді, білім сапасын арттыруды талап етеді.

Тиімді білім беру жүйесін қабылдау үшін қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай қалыптастыруға бағыттау керек.

Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалыптасқан экономика ғылымы, экономикалық білім мен практика арасындағы қарым- қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық білімге деген сұраныс күшейді. Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндірге, ғылым экономистерге немесе экономика пәнін оқытатындарға ғана керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр

3.2 Курстың мақсаты – дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, құқықтық және экономикалық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті маман даярлау.

3.3 «Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» өзінің міндеттері ретінде мыналарды анықтайды:



  • оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып құқықтық және экономикалық білім беруді жүйелеу;

- құқықтық және экономикалық ғылым материалдары негізінде оқушыларды тәрбиелеуге студенттерді даярлау.

Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі – құқықтық және экономикалық білімдерді игеру арқылы жастарды оқыту және тәрбиелеуді мақсат етіп қойған жоғарыда аталған ғылымдардың мазмұны мен қағидаттарына сүйене отырып мемлекет пен құқықтың пайда болып, даму заңдылықтарын оқытатын және экономикалық қатынастар туралы мағлұмат беретін педагогикалық ғылым болып табылады. Бірақ, құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі құқық пен экономиканың жалпы мазмұнын зерттеу арқылы өз оқыту үрдісін педагогикаға сүйене отырып құрады. Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесінің негізгі міндеті – студенттерді терең құқықтық және экономикалық біліммен қамтамасыз ету және құқықтық, экономикалық тәрбие беру. Аталмыш мәселелер сәтті шешілу үшін құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі заң ғылымдарының мазмұнын талдайды, одан мәнді айғақтарды, ұғымдарды, негізгі экономикалық заңдылықтарды жинақтайды. Мемлекет көлемінде шығарылып жатқан құқықтық – нормативті актілерді, келеңді көзқарастарды басшылыққа ала отырып құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі студенттерді құқықтық және экономикалық білім беруде алдыңғы қатарлы технологиямен қаруландыруды көздейді. Осы көзқарас бойынша алып қарар болсақ, құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін құқықтық пән ретінде де қарастырылады және ол әрқашан қазіргі құқықтық жағдайлардың деңгейінде болады.

3.4 Оқытудың нәтижесі: Аталмыш курсты оқу барысында студент:


  • мектепте құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін меңгере алу;

  • құқық және экономика негіздерін оқытудың жаңа тәсілдерін меңгеріп, жүзеге асыра алу;

  • құқық және экономика негіздері мұғаліміне қойылатын талаптарды ұстану;

  • құқықжәне экономика кабинеттерін қазіргі талапқа сай безендіре алу қабілетін ашу;

  • құқық және экономика негіздері сабағында және сабақтан тыс оқушыларды құқықтық және экономикалық тәрбиелей білу керек.

3.5 Курстың пререквизиттері:

  • педагогика;

  • психология;

  • жасөспірімдер физиологиясы.

3.6 Оқу жұмыс жоспарының көшірмесі:


№1 Кесте

Курс


Семестр

Кредиттер

ДС

СС

ЛС

СОБӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Қорытынды бақылау

2

3

3

30

15













Емтихан


4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

№2 Кесте



Тақырыптар және оның мазмұны

Сағаттар саны

1

2

Дәріс сабақтары

«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» курсының пәні, атқаратын қызметтері. Құқық және экономика негіздері пәні ғылым ретінде. Пәннің міндеттері және атқаратын қызметтері. Құқық және экономика негіздері бойынша мектептің оқу жоспарлары және оқулықтар. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған оқу құралдары. Жалпы әдістемелік әдебиет.Құқық және экономика негіздері курсының жоғарғы оқу орындарына арналған міндеттері, мазмұны және құрылымы.

2

Қазақстан Республикасындағы құқықтық және экономикалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы. Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудағы түбірлі өзгерістер. Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудың әдіснамалық мәселелері.

2

Оқушыларда құқықтық және экономикалық білімді қалыптастыру сатылары. Құқықтық білім беруді қалыптастыруда жоғары оқу орындары маманның жан-жақты қалыптасуын, құқықтық мәдениеттің дамуын, әлеуметтік және шаруашылық сұрақтарын шешетін, құқық жағынан сауатты болуын талап етеді. Маманның құқықтық сауаттылығы құқықтық мемлекеттің саяси жағынан хабардар болу. Бұл міндеттердің шешімі ғылыми-теоретикалық процессті меңгеруде, мемлекеттік құқықтық аспектілер және құқықтық тәртіптегі құқық нормаларын бағалау позициясы. Жоғары оқу орнына сай маманға құқықтық білім беру, маманның құқық нормаларын толық меңгеруі болып табылады. ЖОО құқықтық білім беруде халықаралық – құқықтық аспектілері болуы қажет.

2

Құқық және экономика негіздерін оқытуды ұйымдастырудың нысандары. Құқық және экономика негіздерін оқытудың негізгі нысандары. «Азаматтану», «Қаржылық білім негіздері» курсы. Факультативтік сабақтар.

2

Құқықтық және экономикалық құжаттар мен өзге де дерек көздерін оқытудың әдістері. Құқық пен экономика бойынша мемлекеттік құжаттарды оқыту әдістемесі. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де құқықтық актілерді оқыту. Мемлекет саясатына қызығушылық пен құқыққа құрметті қалыптастыру. Қоғамдық өмірдің құбылыстарын бағалау мен талдаудағы азаматтық қадам жасау. Оқушыларда алғашқы деректермен жұмыс істеу шеберліктерін дамыту.

Оқушылардың мәтіндермен өзіндік жұмыстары. Құжаттарды оқудағы оқушылардың танымдық әрекеттерін арттыру. Курс мазмұнын оқу процесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, заң шығару және мерзімдік басылым материалдарын қолдану. Сабаққа құжаттар таңдау. Құжаттар мәтінімен жұмыста әдістемелік тәсілдерді анықтау. Жазба түрлері. Оқушылардың құжаттармен өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар жүйесін жасау. Сабаққа кезекті заң шығару материалдарын, мерзімді басылым материалдарын қосу.



2

Құқық және экономика негіздерін оқу саласындағы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттерді талдау тәсілдері. Бағдарламаның басты мақсаты мектеп оқушыларын қоршаған әлеммен, кәдімгі табиғат және адамдар әлемі, олардың қажеттіліктерімен және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары ретінде таныстыру. «Экономикаға кіріспе» курсы экономиканы өз өмірінің, өз жанұясының, өзге адамдардың өмірінің бөлігі ретінде оқуға мүмкіндік береді. Экономиканы оқи отырып, бала адамның үш рөлді: тұлға, жұмысшы, тұтынушы ретінде атқаратынын түсінеді. Осы рөлдердің кез – келгенін іске асыру үшін алға міндет қойып, шешім қабылдай білу керек. Ойлаудың мұндай түрінің қалыптасуына экономика және құқық негіздері білімдері ықпал етеді.

Экономика және құқық негіздері курсы бойынша бағдарламаларды талдау.

Оқулыққа талдау. Курстың білімдік- тәрбиелік мақсат–міндеттерін анықтау, оның ерекшелігі.

Экономика және құқық негіздері курсы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды талдау.

Курстық идеялар, ұғымдар жүйесін қалыптастыру бойынша мұғалім жұмысын жоспарлау.


2

Оқушылардың біліміне, біліктілігіне, тәрбиелік дәрежесіне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары. Құқықтық білім берудегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының алатын орны «Қолданбалы экономика» бағдарламасы «Кәсіпкерлік әрекеттің негіщдері», «Кәсіпкерлік әрекетті басқару негіздері» курсының құрамдас бөлігі. ЭММ сайысы қаржылық есептерді оқу, түсіну, талдауға үйрету, қаржы ісі, маркетинг, өндіріс негіздерін түсіну мүмкіндігі.

Фирманы басқару деңгейінде шешім қабылдау. Аналитикалық ойлауды талап ету. ЭММ ойынын қызықты сайысқа әрі оқулыққа айналдыру мүмкіндіктері. Оқушылар үшін экономикалық лабораториялар, сандық мәліметтер, графиктер, кестелер, диаграммалар сондай –ақ, күрделілігіне қарай түрлі деңгейдегі тестер, пікірсайыс үшін тақырыптар, пысықтау сұрақтары сынды тапсырмалардан жинағы мен оқулық құрайтын тұтас оқу әдістемелік кешенді қолдану. Кешен құрамындағы түрлі ойындар пакеттері мен экономикалық және құқықтық компьютерлік модельдердің қорабы мен жабдықтар.



2

Курс бойынша сабақта және сабақтан тыс оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін оқыту материалдарының мүмкіндігін анықтау және сабақтың бір тақырыбын талдау.

Оқушылардың негізгі шеберліктерін қалыптастыратын рационалды тәсілдер мен құралдарды таңдау.



  1. Оқушылардың құқықтық және экономикалық мағлұматтарды меңгеруі бойынша түрлі өзіндік жұмыстарын өңдеу.

Экономика және құқық сабағына дидактикалық материалдарды даярлау.

2

«Құқық және экономика негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар мен бағдарлама. Бағдарламаның басты мақсаты мектеп оқушыларын қоршаған әлеммен, кәдімгі табиғат және адамдар әлемі, олардың қажеттіліктерімен және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары ретінде таныстыру. «Экономикаға кіріспе» курсы экономиканы өз өмірінің, өз жанұясының, өзге адамдардың өмірінің бөлігі ретінде оқуға мүмкіндік береді. Экономиканы оқи отырып, бала адамның үш рөлді: тұлға, жұмысшы, тұтынушы ретінде атқаратынын түсінеді. Осы рөлдердің кез – келгенін іске асыру үшін алға міндет қойып, шешім қабылдай білу керек. Ойлаудың мұндай түрінің қалыптасуына экономика және құқық негіздері білімдері ықпал етеді.

2

Құқықтық және экономикалық білім берудегі курсішілік, курс және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру. Пәнаралық және ішкі курстық байланыстар, олардың курсты оқыту мен оқушылардың құқықтық тәрбиелеу мен курс оқытудағы білімдік тәрбиелік рөлі. Пәнаралық және ішкі курстық байланыстарды жүзеге асыру үшін әдістемелік тәсілдер мен ұйымдастыру формалары. Байланыстарды жіктеу, сипаттау. Курстің перспективті пәнаралық байланыстары. Курстың өзге де мектеп оқулықтарымен байланысын анықтау. Ішкі курстық байланыстарды анықтау. Пәнаралық және ішкі курстық байланыстарды анықтау үшін әдістемелік тәсілдер мен құралдарды таңдау, курстың негізгі идеялары мен ұғымдарын қалыптастырудағы рөлдерін анықтау. Пәнаралық және курсішілік байланыстар оқу әрекетінде құқықтық тәрбие процесінің оптимизациясы, оның нәтижелігін жоғарылату факторы ретінде. Курстың пәнаралық байланыстарын оранту мүмкіндіктерінің дидактикалық және әдістемелік құндылығы. Мұғалімнің пәнаралық байланыстар процесінде мақсатты бағытталаған әрекетінің объектісі ретінде жүретін, құқықтаным компоненттері: мемлекет және құқық туралы білім, құқықтық нормаларға, мемлекетке қарым – қатынас. Мемлекет және құқық туралы білім, мемлекет және құқық туралы елестету, мемлекетке және құқыққа қарым – қатынас. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру. Сабақты интеграциялау.




Құқық және экономика негіздері сабағында баспа деректермен жұмыс істеу тәсілдері. Құқық және экономика негіздері оқулығы – құқықтық білім берудің негізгі құралы. Оқулықтың құрылымдық компоненттері. «Адам. Құқық. Қоғам.» оқулығымен жұмыс істеу. Мұғалімнің оқулық мәтінімен және мәтіннен тыс компоненттермен жұмыс істеу тәсілдері. Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырып, дамыту.

Нормативті – құқықтық актілерді құқық және экономика негіздері сабағында қолдану әдістемесі. Құқықтық құжаттарды оқып –үйрену жолдары.



2

Құқық және экономика негіздері сабағында жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары. Оқыту технологиясы - ғылыми зерттеу аясы ретінде. Құқық және экономика негіздері сабағында жаңа технологияны қолданудың қағидаттары мен тәсілдері.Оқыту технологиясының ерекшеліктері: диагностикалық тұрғыдағы мақсаты, үздіксіз байланыс, оқыту циклінің өндірісі.Педагогикалық практиканың жаңа сатылары. Ақпаратты – түсіндіру тәсілінен әрекет ету–даму технологиясына көшу.


Дамыта оқу теориясынан белгілі жағдайды бөліп алу. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы, құқық сабағында компьютерді қолдану әдістемесі. Құқық және экономика негіздері мұғалімінің компьютерлік технологиядағы рөлі.

2

Құқық және экономика негіздері сабағында оқылған материалдарды қайталау, тексеру және бағалау әдістемесі. Құқық сабағында алынған білімді қайталау – құқықтық білімді тереңдетудің жолы.

Құқықтық білімді тексерудің жолдары: ауызша және жазбаша. Тестік тексеру. Мәтіндік тексеру және оған дайындық. Құқық сабағында оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеру. Білім тексерудің мақсаттары мен қызметтері.

Оқушылар білімін бағалау нысандары мен критерийлері. Ағымдық, тоқсандық, жылдық бағалаулар. Мұғалімнің бағаларды түсіндіруі. Емтиханға дайындықты ұйымдастыру және жүргізу.


2

Мектепте құқық және экономика негіздері кабинеттерін жарақтандыру. Мектептегі құқық және экономика кабинетінің міндеттері. Кабинет жұмысының үйлестірілуі. Кабинетке жауаптылық.

2

Құқық және экономика негіздері мұғалімі.

2

Семинар сабақтары




1


1


1



1


1



1


1


1




1


1


1




1



1



1


1


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР

СӨЖ сипаттамасы



Тақырыбы

Мақсаты және мазмұны

Әдебиеттер тізімі

Балл

Орындау мерзімі

Бақылау нысаны

Мемлекет және құқық теориясының пәні және түсінігі.

Заң ғылымдарының ішінде мемлекет және құқық теориясының алатын орнын ұғындыру.

Пәннің атқаратын қызметтерін басқа пәндермен салыстырмалы түрде конспектілеу.



Булгакова Д.А. Теория государства и права (учебно – методическое пособие), Алматы, Данекер, 2001.

Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.



1

1-апта



Жазбаша

Мемлекет ұғымы, оның мәні.

Мемлекетті саяси ұйым ретінде дәлелдеу.

Ойшылдар мен ғалымдардың мемлекетке берген анытамаларын саралап, талдау.




Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы, Жеті Жарғы, 2003.-296б.

АғдарбековТ. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.- Алматы. НАС баспасы, 2003.-328б.

Баққұлов Құқық негіздері. Оқулық.- Алматы, 2004.-248б.


1

1-апта


Жазбаша


Мемлекеттің пайда болуы

Мемлекеттің пайда болуы туралы түсініктерді саралау. Мемлекетің шығу теорияларын жинақтап, шындыққа жанасатын теориялар туралы тұжырым жасау

Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.- Алматы. НАС баспасы, 2003.-328б.

Баққұлов Құқық негіздері. Оқулық.- Алматы, 2004.-248б.



1

3-апта

Кесте

Мемлекеттік билік



Билік тармақтарының атқаратын қызметтеріне қарай талдап, жүйелеу.Демократия ағашын тұрғызу.

Конспект.





Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.- Алматы. НАС баспасы, 2003.-328б.

Баққұлов. Құқық негіздері. Оқулық.- Алматы, 2004.-248б.



1

4-апта

Жазбаша

Мемлекет тұрпаты (нысаны)


Мемлекеттік құрылым, мемлекеттік басқару және саяси режим ұғымдарын түсіндіру.

Мемлекеттік нысан элементтерін мысалдар келтіре отырып, саралау.




Теория права и государства. Под. Ред. В.В. Лазарева. – М.: 1997,

Чиркин В.Е. Государствоведение: Учебник.- М.: 1999.

Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Учебник.-М.: Проспект, 2000.-304с.

Черданцев А.Ф. Теория государства и права: Учебник.- М.: 2000.

Дулаьбеков Н., Амандықов С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері: 2001.-244б.

Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.-Оқулық.- Алматы, Жеті Жарғы,2001.-624б.



1

5-апта

Кесте

Мемлекеттік аппарат (механизм)


Қазіргі кездегі мемлекеттік аппарат қызметтерін салыстырмалы талдау түрінде түсіндіру.


Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

АшитовЗ.О. т.б. Егеменді Қазақстанның құқығы. Алматы, 1997.



1

6-апта

Кесте

Ұсыныс жасау




Мемлекет қызметтері (функциялары).

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын ұғыну.

Мемлекеттің түріне қатысты қызметтерінің өзгеруі мүмкін бе? Сауалына жауап беру.

Мемлекеттің қызметтерін жіктеу.



Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.

Парламент и законодательная власть Казахстана: Монография. /Отв.редактор А.А.Таранов/.- Алматы, Жеті Жарғы, 1996.


1

7-апта

Ауызша


Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекеттің идеясының қалану кезеңі. Құқықтық мемлекеттің артықшылы.

Құқықтық мемлекеттің қағидаттарын іске асыруда кездесетін кедергілер.



Баймаханов М.Т. Проблемы воплощения принципов правового государства в Конституции Республики Казахстан.// Государство и право, 1992, №8.


1

7-апта

Ауызша
Қағидаттарын жазбаша талдау.

Құқық ұғымы


Құқықтың заңдылық анықтамасы.

Құқықтың негізгі белгілері.

Құқықтың негізгі атқаратын қызметтерін ұғыну. Глоссарий 15


Газизова Н.С. Құқық дегеніміз не? // Қазақстан мектебі, 2004, №3.

Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары. Алматы, Ғылым, 1999.Соколов А.Н. Правовое государство. Идея, теория, практика. – Курск, 1994.

Винсент Р.Д. Адам құқықтары және халықаралық қатынастар. Алматы, Жеті жарғы, 1998.- 255б.


1

8-апта

Жазбаша


Құқықтың мәні

Құқық пен моральдің арақатынасын салыстыру.


Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы:

Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.



1

9-апта

Кесте

Құқық нормасы

Құқық нормасының элементтері. Диспозиция, гипотеза, санкцияға мысалдар келтіру. Олардың бір – бірімен байланысын көрсету.


Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

Хропанюк В.Н. Теория государства и права. М.: 1997.

Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. М.: 1997.

Кашанина Т.В. Происхождение государства и права. М.: 1999.


1

10-апта

Жазбаша

Құқық негіздері (қайнар көздері).

Құқықтың қайнар көздерін жіктей отырып,

жекелей талдау жасау.

Нормативті – құқықтық акті дегеніміз не? Оған не жатады, олардың бір – бірінен айырмашылығы неде? Деген сауалдарға жауап әзірлеу.


Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.

Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.


1

10-апта

Ауызша, жазбаша нормативті актінің анықтамасы, түрлері

Құқық жүйесі және құқықтық жүйе:

Құқық жүйесі және құқықтық жүйенің арақатынасы және айырмашылығын анықтау.



Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.


2

11-апта

Қысқаша конспект.


ұқық шығармашылығы

Құқық шығармашылығы дегенімізді қалай түсінесің?

Құқықты кімдер жасайды немесе құқықшығармашылық субъектісі кім?

Заң дегеніміз не? Оның ролі қандай?

Заңның қабылдану тәртібі қандай?

Заңға өзгерістер мен толықтырулар қандай тәртіппен енгізіледі?

Конституциялық заң дегенімізді қалай түсінесің?

Жай заңдар дегеніміз не? Аталмыш сауалдарға жауап беру, өз тұжырымын жасау.


Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.

Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.


2,5

12-апта

Жазбаша



қықтық қатынастар

Құқықтық қатынастар анықтамасы, субъектісі және объектісі. Құқықтық қатынастарға түсу үшін тұлғалар неге ие болуы керек?

Құқықсубъектілік дегеніміз не?

Әрекет қабілеттілікті шектеуге бола ма?

Қорғаншы мен қамқоршының арасында қандай айырмашылық бар?



Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

13-апта

Жазбаша

Мысалдар келтіру



Құқықты жүзеге асыру

Құқықты жүзеге асыру дегенімізді қалай түсінесің?

Сен өз құқығыңды қалай жүзеге асырасың, оны жүзеге асыруда қандай кедергілерге тап болдыңыз?




Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

13-апта

Конспект

Эссе


Құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтар.



Құқықтық нормаларды талдау.

Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

14-апта

Мысалдар келтіру, талдау

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет арақатынасы.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда қандай қиыншылықьар болуы мүмкін, оны жеңудің жолдарын ұсыныңыз?




Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

14-апта

Ауызша

Заңдылық және құқықтық тәртіп.

Термин сөздіктерден анықтамасын табу.

Құқықтық тәртіпке мысалдар келтіру.



Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

15-апта

Мысалдар келтіру жазбаша.

Ауызша қорғау.




Құқыққа сай мінез – құлық, құқық бұзушылық, заң алдындағы жауаптылық


Құқық бұзушылық және заңдылық жауапкершілік ұғымдарының мазмұнын ашу. Әр түрлі жағдаяттарды мысалға келтіру.


Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

15-апта

Жазбаша

Ауызша ситуациялар шешу.





6 ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТА

№3 Кесте



Тақырып

Көрнекі құралдар

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар

Тексеру нысаны

Дәріс сабақтары

Семинар сабақтары

1

2

4

5

6

Мемлекет және құқық теориясының пәні және түсінігі

Мемлекет және құқық теориясының пәні және түсінігі

Кестелер

Слайдтар


Мемлекет және құқықтың өзара байланыстылығы.

Мемлекет және құқық теориясының бірыңғай ғылым ретінде қарастырылуы.



Ауызша жауаптар

Мемлекет ұғымы, оның мәні



Мемлекет ұғымы, оның мәні



Кестелер

Слайдтар


Мемлекет ұғымдарының сан алуандылығы.

Мемлекет туралы айтқан ойшылдар және олардың ойларын салыстыру, ұқсастығы мен айырмашы-лығын табу.



Салыстырмалы талдау

Мемлекеттік билік


Мемлекеттік билік


Кестелер

Слайдтар


Биліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың айрықша түрі екендігін дәлелдеу

Топтық жұмыс. Презентация

Мемлекет тұрпаты (нысаны)


Мемлекет тұрпаты (нысаны)


Кестелер

Слайдтар


Мемлекет және оның тұрпаттарының өзгеруіндегі сабақтастық. Осы заманғы мемлекеттерді саралаудың теориялық жолдары.

Коекспен жұмыс жасау. Жағдаятарды шешу.

Мемлекеттік аппарат (механизм)

Мемлекеттік аппарат (механизм)

Кестелер

Слайдтар


Мемлекеттік аппарат – мемлекеттік қызметті атқарудың құралы.

Презентация

Мемлекет қызметтері (функциялары). Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны.

Мемлекет қызметтері (функциялары). Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны.

Кестелер

Слайдтар


Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара ықпалдасулары.

Топтық презентация

Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекет


Кестелер

Слайдтар


Құқықтық мемлекет туралы ой – пікірдің шығуы, дамуы және олардың авторлары.

Жағдаяттарды шешу.

Кодекспен жұмыс



Құқық ұғымы және оның мәні


Құқық ұғымы және оның мәні


Кестелер

Слайдтар


Құқыққа анықтама берудің проблемалары.

Құқық туралы марксистік, психологи-ялық, нормативтік, табиғи – құқықтық, әлеуметтік, синергети-калық негізгі көзқарастар



Қылмыстық Кодекспен жұмыс. Глоссарий.

Құқық нормасы


Құқық нормасы


Кестелер

Слайдтар


Құқық нормасының логикалық құрылымы.

Құқық нормасының құрамдық бөлшектерінің бай-ланыстықтары.



Көзқарасын білдіру. Конспект.

Құқық негіздері (қайнар көздері)

Құқық негіздері (қайнар көздері)

Кестелер

Слайдтар


Құқық пен заңның арақатынасы.

Глоссарий. Ауызша жауап.

Құқық жүйесі және құқықтық жүйе


Құқық жүйесі және құқықтық жүйе

Кестелер

Слайдтар


Құқықтық жүйелерді салыстыру, бағалау.

Глоссарий. Ауызша жауап.

Құқық шығарма-шылығы


Құқық шығарма-шылығы


Кестелер

Слайдтар


Құқық шығармашы-лығы және құқықтың

жасалу


процессі туралы мәселелер.

Глоссарий. Ауызша жауап.

Құқықты жүзеге асыру. Құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтар.


Құқықты жүзеге асыру. Құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтар.

Кестелер

Слайдтар


Құқықты жүзеге асыру – процесс және нәтиже ретінде дәлелдеу.

Құқық қолдану актілерінің орындалу барысында кездесетін жағдайлар.



Глоссарий. Ауызша жауап.

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет



Кестелер

Слайдтар


Құқықтық санадағы сабақтастық.

Құқықтық нигилизм мен құқықтық көпірмешілікті болдырмау, оны жеңудің жолдары.



Глоссарий. Ауызша жауап.

Заңдылық және құқықтық тәртіп. Заң алдындағы жауаптылық.


Заңдылық және құқықтық тәртіп. Заң алдындағы жауаптылық.


Кестелер

Слайдтар


Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың арақатынас-тылығы.

Осы заманғы мемлекеттерде заңдылықтың деформация-лануы, оның болу себептері, түрлері және оларды болдырмаудың, алдын алудың, жеңудің жолдары.



Глоссарий. Ауызша жауап.



7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ

Кесте №4



Оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Дана

(экземпляр)



Студенттер

саны


Пайыздық қамтылуы

1

2

3

4

Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

15

4

100

Хропанюк В.Н. Теория государства и права. М.: 1997.

10

4

100

Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

21

4

100

Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, Заң әдебиеті,2005.-106б.

8

4

100



8 ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995, 30 тамыз.

  2. Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1998, 28 наурыз.

  3. Қазақстан Республикасы Коституциясына берілген түсіндірме сздігі, Алматы, 1996.

  4. Адам құқықтары туралы Халықаралық билль. Алматы, 1998.

  5. Жергілікті өзін - өзі басқару. Құрастырған Дос Көшім. Алматы, 2000.

  6. Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары. Алматы, Ғылым, 1999.Соколов А.Н. Правовое государство. Идея, теория, практика. – Курск, 1994.

  7. Булгакова Д.А. Теория государства и пправа (учебно – методическое пособие), Алматы, Данекер, 2001.

  8. Винсент Р.Д. Адам құқықтары және халықаралық қатынастар. Алматы, Жеті жарғы, 1998.- 255б.

  9. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.

  10. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.

  11. Парламент и законодательная власть Казахстана: Монография. /Отв.редактор А.А.Таранов/.- Алматы, Жеті Жарғы, 1996.

  12. Проблема человека и политическое реформирование (юридические, этические, социально – психологические аспекты).- М.: Интитут государства и права Российской Академии наук, 1997.

  13. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  14. Баймаханов М.Т. Проблемы воплощения принципов правового государства в Конституции Республики Казахстан.// Государство и право, 1992, №8.

  15. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

  16. Ашитов З.О. т.б. Егеменді Қазақстанның құқығы. Алматы, 1997.

  17. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995.

  18. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  19. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  20. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

  21. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. М.: 1997.

  22. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. М.: 1997.

  23. Кашанина Т.В. Происхождение государства и права. М.: 1999.

  24. Основы государства и права. М.: 1999.

  25. Газизова Н.С. Құқық дегеніміз не? // Қазақстан мектебі, 2004,№3.

  26. Ізімұлы М. Заңи терминдердің түсіндірме сөздігі. Алматы, Сөздік – Словарь, 2000.- 306 б.

  27. Бабаев В.К., Баранов В.М.,Толстик В.А. Теория права и государства в схемах и определениях Учебное пособие.- М.: 1998.

  28. Табанов С.А. Совершенствование законодательств: теория и опыт Республики Казахстан.-Алматы:1999.

  29. Теория права и государства. Под. Ред. В.В. Лазарева. – М.: 1997,

  30. Чиркин В.Е. Государствоведение: Учебник.- М.: 1999.

  31. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Учебник.-М.:Проспект,2000.-304с.

  32. Черданцев А.Ф. Теория государства и права: Учебник.- М.: 2000.

  33. Дулаьбеков Н., Амандықов С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері: 2001.-244б.

  34. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.-Оқулық.- Алматы, Жеті Жарғы,2001.-624б.

  35. Ибраева А.С., Ибраева Н.С. Теория государства и права. Учебное пособие.- Алматы, Жеті Жарғы,2003.-432с.

  36. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы, Жеті Жарғы,2003.-296б.

  37. Ағдарбеков Т.Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.- Алматы. НАС баспасы,2003.-328б.

  38. Баққұлов Құқық негіздері. Оқулық.- Алматы, 2004.-248б.

  39. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, Заң әдебиеті,2005.-106б.

  40. Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы:

Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет