«Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі»ММ
Физика пәнінен
8-сыныпқа арналған тереңдетілген
оқу бағдарламасы
Құрастырған: Айгумусовав Асемгуль Бейсенбаевна
Физика және математика мұғалімі
Тел 87474641599
Эл. Почта asemgul.b.a@mail.ru
Түсінік хат
Физика – оқушыға білім беретін және өзіндік тәрбиелік ықпалы бар, оның ақыл - ойын және логикалық ойлау қабілетін дамытатын, ерік-жігерін тәрбиелейтін өзіндік мазмұны және зерттеудің ғылыми әдістері бар жетекші ғылымдардың бірі болып табылады.
Бүгін мектептегі «Физика» оқу пәнінің курсы ғылыми түрде ойлауды қалыптастыруға бағытталған, оқушының шығармашылық, коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық және практикалық ойлауын, сыни ойлау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
«Физика» курсын 8 сыныпта оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:
қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін жылулық, электр, магнит және жарық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;
физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.
Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған, олардың жаңа контексте игерген білімдерін қолдануға және даму үдерісінің жаһандануы, табиғаттың физикалық заңдылықтарының мәнiн аша отырып практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкiндiк туғызады, білім мазмұны іргелілік, жүйелілік, біртұтастық, мәдени үйлесімділік, түсініктілік, сабақтастық сияқты принциптер негізінде құрастырылған.
Пәнаралық байланыс қазақ тілі пәнімен:
тіл лексикасы;
ауызша және жазбаша коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);
коммуникативті мәдениет;
физиканың негізгі терминологиясын білу білімі, физикалық терминдерді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс алгебра пәнімен:
рационал сандармен есептер шығару;
формулалар арқылы есептеу, пропорцияны шешу;
тікбұрышты координат жүйесінде сызбалар салу;
y= kx және , у= 1/х функция түрлері және оның графиктері;
квадраттық теңдеулер және теңсіздіктер;
негізгі тригонометриялық формулалар;
сызықтық теңдеулер жүйесі және оларды шешу.
Пәнаралық байланыс геометрия пәнімен:
векторлар және амалдар қолдану;
геометриялық фигуралардың ауданы;
бұрыштар туралы мәлімет (градустық өлшеу) бұрыштарды өлшеу және салу;
центрлік және іштей сызылған бұрыш;
үшбұрыштардың теңдігі және ұқсастығы;
косинус, синус, Пифагор теоремасы.
Пәнаралық байланыс химия пәнімен:
заттардың молекулалық құрылысы;
жану;
энергияның сақталу және айналу заңдары;
кристалл торлардың құрылысы;
Менделеев элементтерінің периодтық жүйесі;
изотоптар және атом ядросының құрылысы;
массаның сақталу заңы;
спектралдық анализ;
химиялық элементтердің радиоактивтi изотоптарын алу.
Пәнаралық байланыс биология пәнімен:
биосферадағы энергияның айналуы және заттардың айналымы ;
ультракүлгін және инфрақызыл, рентген сәулелерінің өсімдік және тірі оргнизмдерге әсері.
Пәнаралық байланыс география пәнімен:
жауын-шашын, ауа, су буы туралы, заттардың меншікті жылу сыйымдылығын қолдана білуі;
механикалық энергия туралы білімі (өзен және жел энергиялары);
компас көмегімен бағытты айыра білу біліктілігі;
гидроэнергетикалық ресурстар қоры және оларды еліміздің барлық өңірінде пайдалану туралы мәлiметтер;
жергілікті және ауқымды экологиялық мәселелер;
Жер ғаламшары, Жердің магнит өрісі туралы мәлімет, магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы, Күн жүйесіндегі денелердің физикалық табиғаты;
электрэнергияны пайдалана білу білімі.
8 сыныпта «Физика» пәнінен оқу жүктемесі– аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды (тереңдету есебінен 1 сағат қосылды).
Достарыңызбен бөлісу: |