С.А. Рахимбердинова К.Н. Байдовлетова
Математикалық олимпиада есептері
5-7 сыныптарға арналған
Авторлар: Рахимбердинова С.А.
Байдовлетова К.Н.
Пікір жазған: Ф.Х.Вильданова
Шәкәрім атындығы СМУ жоғары математика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты
«Математикалық олимпиада есептері» атты оқу құралы оқу бағдарламасында кездеспейтін логикалық, шығармашылық, қызықты және қиындатылған есептерден құрастырылған. Оқушыны ӛз бетімен жұмыс істеуге икемдейді, сонымен қатар оның ғылыми тұрғыда ойлануына, танымдық және шығармашылық қабілеттерінің оянуына ықпал жасайды. Логикалық есептер оқушыны зерделілікке, тапқырлыққа, ұстамдылыққа, шапшаң есептеу қабілетін дамытуға, ойын ұштай түсіп, еңбектене білуге тәрбиелейді. Соның нәтижесінде оқушы математикалық біліктілігі мен дағдысын олимпиадада кӛрсете алады. Оқушы ӛз білімінің деңгейі мен біліктілігін тексеру мақсатында бірнеше есептердің шешілу тәсілдері кӛрсетілген. Тереңдетілген бағытта алынған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
Жинақтағы тапсырмалар 5-7 сынып оқушыларына арналған. Сонымен қатар ұстаздар мен ата-аналарға да қызықты және пайдалы болады деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |