Жадыраның біреуі ғана ӛтірік айтса, олар қайсы санды сипаттаған?
№55.Арыстан бір қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Ал барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітеді?
№56. Арайлым, Шынар, Анар бір бӛлмеде болды. Қыздардың барлығы біреуінің кесе сындырғанын кӛрді. Кесені кім сындырды деген сұраққа:
«Шынар ӛзінің және Анардың кесені сындырмағанын хабарлады, Анар
болса Шынар сындырды деп айтты, Арайлым болса кесені ӛзі сындырғанын айтты». Егер бір қыз шынын, ал қалған екеуі ӛтірік айтса, кесені кім сындырған?
№
57. Бір елде үш қала бар екен: А, В, С-қалалары. А қаласының тұрғындары ылғи ӛтірік айтады, Б қаласының тұрғындары ылғи ӛтірік айтады, ал В қаласының тұрғындары ӛтірік пен шындықты қатал түрде кезекпен айтады. Бір қаланың тұрғыны ӛрт кӛрген соң ӛртсӛндірушілердің кезекшісіне хабарлайды. Сонда мынадай сӛз болды: «Бізде ӛрт болып жатыр!» – «Қайда?!» -
«В қаласында!» Ӛртсӛндірушілер қай қалаға бару керек?
№
58. Бір топ кӛгершін үлкен ағашқа ұшып келді. Кӛгершіннің бір бӛлігі үлкен бұтаққа, ал басқалары кіші бұтаққа қонды. Үлкен бұтаққа қонған кӛгершіндер кіші бұтаққа қонған кӛгершіндерге былай деді: «Егер сендерден бір кӛгершін
бізге ұшып келсе, онда сендерде бәрімізден 3 есе аз болады, егер бізден
сендерге біреу ұшып барса, онда біз тең боламыз.» Үлкен бұтаққа және кіші бұтаққа қонған кӛгершіндер саны қанша?