1-дәріс. Кіріспе. Бренд тарихы
Бақылау сұрақтары:
1. Брендтің пайда болу тарихын сипаттаңыз
2. Брендтің негізгі функцияларын атаңыз.
3. Брендтің функционалдығы және эмоционалдығы неде?
4. Тұтынушылардың мінез-құлқындағы классикалық моделдің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
5. Тұтынушының мінез-құлқындағы негізгі кезеңдердің мәнін сипаттаңыз.
1.Брендтің таңба немесе мөр сияқты ізін тарихқа дейінгі заман мен қола дәуіріне жататын жәдігерлерден көруге болады (Wengrow, 2008). Ертеде брендтің осы түрін әкімшілік мақсатта пай-даланған. Бастапқыда қол қою мен таңбаны меншік құқығын, шыққан жерін немесе юрисдикциясын көрсету үшін пайдаланған. Уақыт өте келе қоғам мен сауда күрделеніп, маманданғандықтан, брендті ыдыстың ішіндегі затты, өнімнің сапасын белгілеу үшін пайдаланды; мысалы, металл мен қағаздың сапасын осы күнге дейін таңба мен сутаңбалар арқылы көрсетеді. Брендингті қолданудағы бізге белгілі ең үлкен өзгеріс ол өндірістен тұтынуды бөлу кезінде болуы мүмкін. Тауар тек тұтыну үшін ғана емес, уақыт пен кеңістікте билік, меншік және мәртебенің белгісі ретінде де қолданылды (Moor, 2007). Мысалы, жаңа жерді жаулап алған ұлт (және адамдар) бодан ел жаңа билеушісінің кім екенін біліп жүруі үшін өз таңбасын қалдыруға тиіс болған. Бренд – бұл мәдени артефакт, оның өзіндік мән-мазмұны болады. Оны сіз бен біз бизнес стратегиясында пайдаланамыз. Ол біздің ой-сезімімізге, адамдармен қарым-қатынасымызға әсер етеді. Осылайша олар қоғам тұрақтылығының ажырамас бөлігі болады. Бренд нарықтың санасында болады, сондықтан брендті басқару – қабылдауды басқару.
2. Брендтің негізгі функцияларын атаңыз.
Функциялық салада брендтің негізгі атрибуты – тұтынушы үмітін ақтайтын өнім болу. Брендті тұтынудың артықшылығы – бұл функциялық қажеттілікті қанағаттандыру және мәселесін шешу. Бренд белгісіз әлемге белгілі бір сенім әкеледі деп айта аламыз. Бұл тұтынушыға пайдасын тигізіп, екіұшты әлемде көңілге нақтылық сезімін орнатып, таңдау жасауды жеңілдетеді. Шетелде жүргенде бейтаныс брендтің супермаркетімен келісім жасау қаншалықты қиын екенін ойлаңыз. Үйренген ортада біз әдеттегідей жайбарақат жүреміз. Көңілімізден шығатын тауар көрсек, көп ойланбай сатып аламыз
Достарыңызбен бөлісу: |