Тақырыбы: Төрлет, Құтты Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру
Барысы:
Зал мерекеге сай безендірілген: Көрініс: сахнада 3 жұмыртқа музыка әуенімен ашылып ортасынан кішкентай балапандар шығып, балапан биін билейді. Соңында тауық шығып балапандарын ортаға алып шығады да балапандар өсіп, 11 –сынып оқушылары «Тауық» биін билейді.
Сахна сыртынан: «Дыбыс», «Жарық», «Матор», «Уақыт», тауықтың шақырған дыбысы, «Жаңа жыл». 11 –сынып оқушылары киім ауыстырып «Жаңа жыл» әнін орындайды.
1-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, ұстаздар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, сіздер үшін ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші: Хош келіпсіз ақ пейілді, ата-анам,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз, балғын шақты ұл-қыздар.
1-жүргізуші: Таусылмасын! Ағытылсын ой көші,
Ағайындар, қысылмастан сөйлеші.
Ақ тілекті ағытып бір бастайық,
Бүгінгі кеш-Жаңа жылдың той кеші.
2-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Таусылмасын Жаңа жылдың думаны,
Құтты болсын Жаңа жылың, ағайын.
1-жүргізуші: Ағалар-ай, ақ жүзін самал өпкен,
Еңбегің ғой еліңе бағалы еткен.
Аянбай жасап жүрген қызметіңіз
Қамқорлық деп білеміз бізге еткен,-
Құттықтау сөзді мектеп директоры Байбұлан Күнтуғанұлы Тілеубайға бермекпіз.
1. Мектебіміздің мақтанышы, алтын медал иегері, бүгінде көршілес Қытай елінде өз білімін абыроймен жалғастырушы Бейбітханқызы Жұлдыздың жаңа жылдық тілегін тыңдайық. Назарларыңыз экранда болсын.
2. 9-11 сыныптар аралығында өтетін «Төрлет, құтты ЖАҢА ЖЫЛ» атты мерекелік кешіміздің әділ қазыларын сайлап алайық. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары –А. Жанпейсова, ата-аналар комитетінің төрағасы –Ә. Әділбеков ағаны, сондай-ақ, 2015 жылдың түлегі, үздік аттестат иегері Қуанышбекова Талшынды ортаға шақырамыз.
1. жаңа жылдық кешіміздің шарттарымен сіздерді тағы бір рет таныстырып өтейік:
Ән - көңілдің ажары. (мерекелік ән шашу)
Биле, биле (әр сыныптың биі)
Ду-думан (мерекелік скетч)
Қаз - қалпында (пародия)
Ата-ананың жаңа-жылдық тартуы.
Карнавалдық костюмдер шеруі.
2. Елдің жырын жырлаған,
Қайғысында толғаған.
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
Ән мен өлең, тәтті күй
Әр жүректі қозғаған,-
Кезекті концерттік бағдарламаға берелік:
1.Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды манайды
Жаңа жылмен құттықтаймын дегенде
Қанаттана жаз алқапқа тарайды
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді гой
Ай жүзіндей айшықтанып арайы
Кезекті 11 сынып оқушыларының ата-аналарының жаңа жылдық тартуына береміз.
2. Кел төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын- ендеше 10 сынып оқушыларының биіне кезек берейік
9-сынып оқушыларының скетч
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері оқушыларды қуанту мақсатында әрқашан аудан, облыс, президенттік шыршаға балалар қатысып, өздерінің өмірінде ұмытылмас жаңа жылдық мерекелерін өткізіп жатады. Солардың бірі 5-сынып оқушысы Баянбекова Айша. Назарларыңыз экранда болсын.
Жаңа жыл,жаңа қадам,жаңа бақыт
Болашаққа бастайтын жаңа уақыт
Бірге соғар бар әлемнің сағаттары
12-ні күтер қалмай тағаттары
Ғасырдың он жетінші жылы келді
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
тауық жылы келіп қалды міне,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын. 11-сынып оқушылары Әбдікәрім Серіктің орындауында « Жаңа жыл» әнін тарту етеміз.
Бекет, сен білесің бе? Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы “Күлтегін” ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі екен. Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша жылдар бірінен соң бірі былай аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Жыл басы қазақтарда тышқаннан және Наурыз айының 22-нен басталып, ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жасты құрайды. Алайда, адамның алғашқы мүшелі – 13 жас.
Иә, қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Шамасы, табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген болу керек. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Ал, жаңа 2017 жыл тауық жылы.
Иә, иә. Тауық жылы – арманды жыл,
Тауып істер, шаруаңды біл.!-дейді екен.
Мен тағы бір ақпарат қосайын, тауық жылы. Мешін жылынан кейін кіреді. Тауық жылы туылғандар «Үйкүшік». Үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысатын, отбасында адал жандар болады екен. Сонымен қатар, ақыл-ойы бір басына жетерлік болып келеді. Тауық жылында Әл-Фараби (870-950), Міржақып Дулатов (1885-1935), Мұхтар Әуезов (1897-1961) туған екен.
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
10 –сынып оқушыларының ата-аналарының жаңа-жылдық тартуын тамашалайық.
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!
Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады.
Құрметті көрермендер, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Ендеше, көңіл күйімізді көтере отырайық,
9-сынып оқушыларының дайындаған пародиясы.
2. Жаңа күнде ән қылып, Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай, Шырша тұрар мәңгілік! (І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
1. Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!
2. Құрметті,қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз!
1. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін
11- сынып. Оқушыларының дайындаған скетч.
Әлемнің таңғалдырар таңғажайып қызықтары көп дегенге сенген бала атаулы жыл он екі айда бір келер Жаңа жыл мерекесін шат-шадыман шаттықпен тойлауға құштар-ақ. Олардың қиялында таулардан асып, нулы ормандардан өтіп, талай қиындықтарды жеңіп, өздеріне келетін Аяз атаны сағынышпен күтеді. Тіпті алдын ала хат жазып, тілектерін айтады. 10-сынып оқушылары жаңа жылға қандай ән дайындаған екен, тыңдап көрейік
Сахна сыртынан: флешмоб. 9-сынып оқушылары.
1. Бекет, сен білесің бе? Біз жаңа жылдың әр елде әр кезде мерекеленіп, әр халық өз салт-дәстүрімен қарсы алатындығы хақындағы деректерді көбіміз біле бермейміз. Мәселен, Лаоста бұл күн ыстық маусымның аяқталып, жаңбырлы кезеңнің басталатын сәуір айының ортасында мерекеленеді. Сонымен бірге мынадай қызық мәлімет айта кетейін, непалдықтар да өздерінің жаңа жылдарын 13 сәуір күні атап өтеді екен. Жыл санауларын күн күнтізбесі бойынша есептейтін бұл ел ХХІ ғасырдың күн парағын әлдеқашан ашқан екен. 2017 жыл – Непал үшін 2074 жыл болып саналады.
Солай ма, мен де мына ақпаратты көрерменмен таныстырғым келеді, Грегориан күнтізбегін қабылдағанға дейін Қытай, Жапония, Корея елдері жаңа жыл мерекесін 20 қаңтар мен 18 ақпан аралығында мерекелеп келген. Римдіктер азаматтық жылдың басталуын 1 қаңтар күнінен санаған. Ағайын – туғандарға, жора – жолдастарға, жақын – таныстарына құттықтау хаттарын жазып, базарлықтар сыйлауды ең алғаш римдіктер ойлап тапқан дейді.
Ал, көптеген араб елдері жаңа жылды Ай күнтізбегі бойынша атап өтуді дәстүрге айналдырған. Кезінде Юлиан күнтізбегін пайдаланған Еуропаның көптеген мемлекеттері жаңа жылды 7 қаңтарда мерекелесе, Англия 1752 жылға дейін жыл мерекесін 26 наурыз күні өткізіп келді.
1699 жылға дейін ежелгі дәстүр бойынша Ресей тұрғындары жаңа жыл мерекесін 20 желтоқсан күні қарсы алып келген екен.
Айзада, шығыс елдері жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алатын айтпас бұрын Ауылымызға келген әншілерді қарсы алайық. Олар Астанадан арнайы келіпті.
(11-сынып паодия) Дұрыс айтасың, Бекет. Олардың осындай мерекелік күнде әр уақыты санаулы, таң атқанша әлі талай жерлерге барулары керек.
Қарсы алыңыздар, Астанадан арнайы келген атышулы топ, « Найти уан»
Ең әдемі қыздардан, ең жас қыздардан құралған «Кешью»,
Ұлы дала баласы Төреғали Төрәлі
Қазақтың назды да сазды қызы, миллиондардың жүрегін жаулаған Мадина Садуақасова.
Дөңгелене билеп, сахнаның сәнін келтіріп жүрген, еліміздің еркесі Әйгерім Қалаубаева.
Архат ауылына қош келдіңіздер, жайғасып отырыңыздар.
Ауылымызға келіп қалған екенсіздер, халықтың сіздерге инстаграмм арқылы жолдаған 2-3 сауалы бар еді, рұхсатетсеңіздер қоя отырсақ. (сауалдарға жауап алғаннан кейін)
Құрметті Найти уан тобына: «Сіздердің әндерінізге, вокал жағынан болсын халықтың көңілі толады алайда, стил жағынан келгенде халықтың ойы екіге бөлінеді, тіпті наразылығы жоғары қалалар бар. Стилді өзгерту ойларыңызда жоқ па?»
Кенью тобы өз тарихында оның құрамы бірнеше ретөзгеріске ұшырады, сіздердің өзгелерден ерекшеліктеріңіз?
Сіздерге ауылымызға келіп, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап бергендеріңіз үшін рахмет айтамыз.
Ендеше, сіздерден бізге қонақ кәде.
2. Айзада, бағана үзіліп қалған ақпараттарды жалғастырайын, халық күтіп қалған болар. Шығыс елдері дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні яғни 22 нау-рызда атап өтеді.
Қай ел, қай халық болсын, жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алудағы бір-біріне ұқсамайтын өз дәстүрлері бар. Жалпы алғанда, әсем ойыншықтары жарқыраған жасыл шырша Жаңа жылдың символына айналған.
Жаңа жылдық тұңғыш шырша 1600 жылы Герман провинциясы Эльзаста орнатылған, депті-мыс. Алғашқы кезде шыршаны қағаздан жасалған раушан гүлдерімен безендірсе, 1737 жылдан бастап көз жауын алардай түрлі әшекей ойыншықтармен көркемдеу дәстүрге айнала бастады.
2. Адамдардың мерекеге арнап шыршаны таңдауы да кездейсоқ жағдай емес. Ертедегі египеттіктер, римдіктер басқа да еуропалықтар шырша түсін өшпес өмірдің белгісі санаған. Сондай – ақ, мәңгі жасыл өсімдіктер – қарағай, лавр, кипаристерді де ерекше құрметтеп, мәңгілік өмір мен денсаулық осыларға байланысты деп есептеген.
Жасыл шыршалардың өз рекордтары да бар. Мәселен, әлемдегі ең биік шырша 1950 жылы желтоқсанда Американың Сиэтл қаласында орнатылыпты. Оның биіктігі 67,4 метр екен. Биіктігі 38 метрлік бұл жасыл аруға 15100 сырға шырақ, ұзындығы 850 метр болатын гүлтізбесі, 1500 ойыншық, 500 алуан түрлі әшекей заттар ілінген.
Иә, әңгімемізді дәл осы жерден үзіп, 10-сыныптың скетчін тамашалап алайық
Әрі қарай жалғастырсақ, Ең үлкен жасанды шыршаны аргентиналықтар жасапты. Буэнос – Айрестің орталық алаңына тұрғызылған «ғажайып ағаштың» биіктігі отыз метрден асқан.
Ал, жыл он екі ай бойы келушілердің таңдайын қақтырған ерекше шырша Сент – клаус қаласындағы (АҚШ, Индиана штаты) жұрт аяғы сейілмейтін көрікті де сұлу саябақта «бой көтерген». Бұл шырша алуан түрлі әшекей, ойыншықтармен жыл бойына безендіріліп тұрады, өйткені, осынау жасыл арудың сабағына өзіңнің кез-келген әшекей затыңды іліп қою – үлкен бақыт. Сондықтан да осы жерге қала тұрғындары мен қонақтары әсте құр қол келмейтін көрінеді. Ал жылдарға жануарлар атын беру дәстүрі ежелгі Қытайдан басталған екен.
Үндiстан тұрғындары алқызыл, қызыл, күлгiн, және ақ түспен үйiн безендiріп, салт бойынша Жаңа жыл қарсаңында келер жылдың жануары бейнеленген открыткалар сыйлайды
Ал, 9-сынып оқушыларының ата-аналары сіздерге қантай тарту дайындады екен, тамашалайық.
Кірді, міне, есік қағып жаңа жыл,
ала келді айтылмаған жаңа жыр.
Ескі жылмен қоштасамыз әндетіп,
шыршаларды түрлі-түсті сәндетіп.
Жаңа жылым бақытты мол әкелсін,
бар халыққа қуаныш көп әперсін.
Бейбітшілік болып тұрсын елімде,
тыныш болсын ұлан-байтақ жерім де.
Бекет, бүгінгі біздік жаңа жылдық мерекелік кешіміздің демеушіліері өзіміздің сыныптасымыз болған Мөлдірдің ата-анасы Қалел аға мен Гүлжан апайымызға 11-сынып оқушылары атынан рахмет айтайық.
Иә, егер Мөлдір тірі болғанда ортамызда жүрер еді. Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін! Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кезектегі 11- сынып оқушыларының дайындаған үнді биін Мөлдірдің ата-анасына арнайыз.
Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл олсын.
Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.
2. Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, Құт-береке әкелсін баршаңызға. Аңсаған арманыңыз орындалып, Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға. 10-сынып оқушыларының пародиясы: « »
Ән: « ». Орындайтын:
Айзада, жаңа жылдық мерекенің ең қызықты жері не екенін білесің бе?
Карнавалдық костюмдер шеруі шығар.
Дұрыс, айтасың мен жаңа жыл сайын костюмдер серуін қызықтауға асығамын. Біреудің танымай қалсам, оның кім екенін көргенше тағат таппаймын.
Еншеше, несін тосамыз карнавалдық костюмдер шеруіне кезек берейік.
Әбдікәрім Серіктің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар
Жаңа жыл, жаңа жылым құтты болғай,
Бақытым ұзағынан, шексіз болғай.
Балалар бейбіт елде еркін өсіп
Болашағым ертегідей жарқын болғай!!!
Осымен мерекеміз аяқталды, сіздерге өнер көрсеткен – 9-11 сынып мұғалідері мен оқушылааарыыыы, ата-аналары!!!
Кешіміздің демеушілері:
Кезекті әділ қазыларға береміз:
Жаңа жылдарыңызбен!
Сау саламатта болыңыздар!!!
Достарыңызбен бөлісу: |