Өзге емес,өзім айтам өз жайым да (Ағайдың өзі жазған өмірбаяны)



Дата26.08.2020
өлшемі15,86 Kb.
#76894
түріӨмірбаяны
Байланысты:
ағай өмирб


Өзге емес,өзім айтам өз жайым да...

(Ағайдың өзі жазған өмірбаяны)
Мен Шолтыров Нариманбек 1953 жылы 4 ақпанда Гурьев(қазіргі Атырау) облысы, Теңіз(казіргі Құрманғазы) ауданы Бірлік селолық кеңесі Богатый(қазіргі Амангелді) ауылында дүниеге келдым. Әкем – Әбішіов Шолтыр соғыс және еңбек ардагері, I.II дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері, 83 жасында 2007 жылы дүние салды. Анам Бегалиева Құбайда, үй шаруасында болып, 48 жасында 1978 жылы дүние салды.Отбасында 4 ұл,3қыз тәрбиеленіп өстік. Мен екіншісімін. 1960 – 61 оқу жылы ауыл орталығындағы бастауыш мектептің бірінші сыныбына қабылдандым.Алғашқы ұстазым – Бәшенова Ақзира. Менің сөз өнеріме құмартуына бірден – бір себепкер сол кісі еді. 1965- 70 жж аралығында көрші ауылдағы Ф.Энгельс атындағы орта мектебінде білім алдым. Бұл жылдардағы ұстаздарым - Н.Мұсағалиева,Т.Жұпарғалиев,Б.Хамзин,Х.Оқаев, З.Изимов,И.Сатылғанов,Қ.Мұсағалиев және т.б. Әдебиетші – мұғалім болуыма ықпал жасаған Қожахмет және Надежда (қызы) Мұсарғалиевтер. 1971 – 75 жж А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында(УПИ) оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі деген мамандық(диплом) алып шықтым. Институттың қоғамдық өміріне белсене қатыстым. Облыстық «Орал өңірі» институттық «За педагогические кадры» газеттерінде мақалаларым жарық көріп тұрды. Облыстық теледидарда 2 рет хабар ұйымдастырдым.Факультетте әдебиет үйірмесін басқардым. Студенттердің ғылыми қоғамына (НСО) жетекшілік жасадым. «Шынар» атты қолжазба журнал шығарып тұрдым. Қазіргі белгілі жазушы – друматург Р.Отарбаев әдебиет үйірмесінің мүшесі болды.Институтта тәлім алған ұстаздарым – доценттер А.Көшімбаев, С.Ақмурзин,Ғ.Әбуханов,М.Тілеужанова,Қ.Мырзағалиев, аға оқытушылар М.Қадырбергенов, Ұ.Шүкірғалиева,М.Жолдықайрова. 1975 жылы өз ауданымыздағы Утера орта мектебінде (қазіргі С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі) мұғалім болып орналысып, күні бүгінгі дейін осындамын. Осы жерде жұмыстас әріптестермді атап өтейін. Аға ұрпақ өкілдері; В.В.Загербин,С.Ахметов,М.Нажимов, Б.Шарипов, Р.Тусупов, Т.Нұралин, М.Бекбаев, Б.И.Монахов, М.Бекбаев, Б.И.Монахов, М.Хамзина, Г.Сабырғалиева, ағалар Қ,Аманғалиев, замандастар: Ғ.Ғабдоллаев, И.Нығметов, М.Жұмашев, Л.Загербина, іні – қарындастар Т.Харесов, Р.Сапаров, Ә.Изимов, Ж.Халикова,Р.Харисова, А.Шамарданова, Ж.Қарабалина, Ж.Иманова, Л.Әбішева, т.б(бәрін атап шығу мүмкін емес).

Мектепте жұмыс істеген жылдары барынша шығармашылықпен жүмыс істеп,көптеген жетістіктерге қол жеткізідім.Бірнеше рет аудандық, 2 рет облысытық педокуда жеңімпаз атандым.Іс-тәжірибем баспаханалық әдіспен аудан мектептеріне таратылды.(1982-1991жж). Ұзатаздықпен қатар мектепте түрлі қоғамдық жұмыстар атқардым. Атап айтсақ,1978- 1983жж оқытушы комсомол бастауыш ұйымының хатшысы.

1985- 1987жж халықтық бақылау тобының жетекшісі - 1987 – 1991жж бастауыш партия ұйымының хатшысы - 1993 – 1998жж кәсіподақ комитетінің төрағасы - Кітапқұмарлар Қоғамы аудандық ұйымының тексеру комиссиясы, «Қазақ тілі» Қоғамы аудандық ұйымының басқарма мүшесі, халық заседателі.

Ұстаздық қызметінде төмендегідей атақтарға ие болдым

- 1983ж «Аға мұғалім». - 1991ж «Әдіскер мұғалім». - 1994ж бастап күні бүгінге дейін жоғары санатты мұғалімі. Обылыс мұғалімдерініңV,VI сьезінде (1978,1988жж) делегат болып, катыстым. Үш рет облыстық (1988,1989,1993), екі рет республикалық (1990,2001) семинар – кеңестеріне қатыстым.1990ж бастап Қ.Айтқалиевтің облыстық атаулы мектебінің мүшесімін. Осы жылдар ішінде шәкірттерімде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бір оқушым Л.Ғазизова 1990ж республикалық пән олимпиадасында қатынасты күні бүгін 7 шәкіртім өз жолымды қуып казақ тілі мен әдебиеті мамандығын алып шықты.Олар - Л.Ғазизова,М.Қиуазова,Р.Ғұмарова,Э.Шолтырова,Т.Қамеденова,Г.Нұрымова,Г.Камзаева, 2001ж V-ІХ сыныптарға арналған «Жат жазулар»жинағы жарық көрсе, «Туған өлкенің әдеби шежіресі» атты бағдарламам республика кеңесте мақұлданды. Ұзақ жылдар бойына облыстық және аудандық методикалық кабинеттің штаттан тыс әдіскері болып, курстарда лекция оқыдым. Ұстаздық қызметпен қатар сынып жетекшілік жұмысты да қоса атқардым.Осы жылдар ішінде 7 рет сынып бітірдім. 2005 – 2009 жж мектепте тәрбие жұмысын үйымдастырушы лауазымын атқарсам, 2013жж бастап мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарымын. Ауданымызда тәуелсіздік алғаннан кейін «Қазақ тілі» қоғамның құрушылардың бірі болдым .1990 – 1991 жж аудандық ұйымының І және ІІ құрылтайын өткізуге қатыстым. І құрылтайдың бас баяндамасын мен жасадым. Аудандық ұйымының басқарма мүшесі болдым. 1971 жылдан бастап аудандық «Ленин жолы»(қазіргі Серпер) газітінің штатан тыс тілшісімін. Сондай ақ мақалдарым республикалық «Лениншіл жас»«Халық кеңесі»«Қазақстан мұғалімі»«Қазақстан мектебі» облыстық «Атырау» газеттерінде жарық көрді. Бір мақалам Н.Мұфтахтың «Аққуды атуға болмайды» кітапшасыны, «Мақтан Қазағым» өлеңім «Тәуелсіздік тәбәрігі Тәңірдің» жинағына (Атырау,«Ағатай» баспасы,2012ж) енді.Аудандық газеттерінің түрлі марапаттарына ие болдым.Тілшілік қызметтегі үлгі тұтар ағаларыммен туыстарым – Т.Құрманғалиев, Қ.Ғұмаров, Қ.Елемесов, С.Қасымов, Р.Иманғалиев, Т.Дәрелов,Н.Ерғалиев,А.Ғұмаров. Ұзақ жылы қызметім бағалап түрлі марапаттарға ие бодым 2 рет Қазақстан ЛКСМ ОК- нің (1988,1990) облыстық Білім бөлімінің (1988),Қүрманғазы ауданының (2013ж), Құрмет Грамотасы, Білім және ғылым министрлігінің (2001ж) ІІ Дәрежелі Дипломымен және басқа да көптеген марапаттар алдым. 50 және 60 жылдық мерейтойларым кең көлемде аталып өтілді.Есімім облыстық мұғалімдер энциклопедиясына енгізілді. Баспсөз бетінде мен туралы бірнеше материал жарық көрді «Құрманғазы ауданының қысқаша энциклопедиясын»(«Шежіре»2008) дарялауға тікелей қатысым құрастырушы авторының бірімін. Осынау жылдар ішінде халқымыздың мақтанышына айналған талай ірі тұлғалар,өнер иелері, ақын – жазушылардың біразымен кездесудің сұхбаттасудың,қолтаңба алудың,суретке түсрудің сәті болғаны – мен үшін мақтаныш.Олар: Кеңестер Одағының Батыры – Қ.Ысмағұлов; - Халық Қахарманы, әнші – Р.Бағланова;

- Өнер тарландары – Ғ.Құрманғалиев,Ә,Есқалиев,Е.Хасанғалиев С Қожамқұлов,Ш.Қажығалиев, С.Майқанова,А.Әшімов,М.Өтекешова,Қ.Тастанбеков және т.б - Ақын – жазушылар – Ғ.Омаров, С.Жиенбаев, З.Қабдолов, Ф.Оңғарсынова,Т.Молдағалиева, О.Бөкей, Т.Медетбеков және т.б Мен 1978 жылы отау құрдым. Жолдасым – Тамара Есенғалиева, кіші медицина қызметкері. Өкінішке орай жастай, яғни 49 жасында 2005 жылы қайтыс болды.Екінші кыз, бір ұл тәрбиелеп өсірдік.Екі қызым – жоғары білімді маман.Ұлым тым жас – 25 жасында 2013 жылы жол апатынан дүние салды.Казір Нұрсәт,Нұрали,атты екі немерем бар.



Шілде, 2014 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет