Баймуханбетова Рысалды Какимовна Астана қаласы №57 орта мектеп Математика пәнінің мұғалімі Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы:«Қызықты математика»



Дата08.09.2017
өлшемі56,59 Kb.
#30751
Баймуханбетова Рысалды Какимовна

Астана қаласы №57 орта мектеп

Математика пәнінің мұғалімі

Сыныптан тыс жұмыс.

Тақырыбы:«Қызықты математика»

Ойын сайысының мақсаты:

1.Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәндерінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру.

2. Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана-сезімін жан-жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық , шығармашылық ізденістерін ұштау.

3. Оқушыларды жауапкершілікке шапшаңдыққа, отансүйгіштікке, татулыққа тәрбиелей отырып , тапқырлыққа баулу.

Қолданылатын технология: ақпараттық технология.

Көрнекілігі: мультимедиа, интерактивті тақта, эмблемалар, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.

Командалар: «Пифагор» және «Герон»

Сайыстың өту кезеңдері:

1-кезең. “Ойымды жалғастыр… ”

2-кезең.”Математика тарихнан”

3-кезең. ”Жұмбақтар әлемі”

4-кезең.”Кім тапқыр?”(Капитандар сайысы)

5-кезең.”Өнерпаз болсаң…”

Ойын шарты: Бұл сайысқа 10 оқушы қатысады және олар екі топқа бөлінеді.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Назарларыңызға “Қызықты математика” атты сайысымызды ұсынбақпыз. Орыс ғалымы М.Ломоносов “Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін-математика, сондықтан оны оқу керек”,- деген болатын. Олай болса, бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыздар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер. Сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып , жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет.

Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл –ойымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.

Мейрімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық-деп сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.

“Пифагор” тобының ұраны:

“Қандай сынық болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткеріміз жеңіске”

“Герон” тобының ұраны:

“Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз”.

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып , сайысымызды бастаймыз. Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық. Бүгінгі ойынымыз 6 бөліменен тұрады: Жалғастыра жарысу, ұлы ғалымдар, сәттілік кезең, тіл-өнер , біліктілік сайысы , кім тапқыр,өнерпаз болсаң.

Ал енді 1 бөлімді бастайық .

Жалғастыра жарысу

I. “Ойымды жалғастыр…” сайысы (Әр команда шапшаң жауап беру керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім біл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама ,(үш жыл сына)

5. Бір ел ауызға,(екі елі қақпақ)

6. Жүз сомнан болғанша,(жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз,( отыз рулы елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз ,(білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан ,(мың кісі су ішеді)

10. Төтеу түгел болса төедегі келеді, (алтау ала болса ауыздағы кетеді)

II. ”Математика тарихнан” Бұл бөлімде сіздерге математика тарихынан сұрақтар беріледі.

1)Миллион деген сөзді қазақ арасында қай ағартушы жеткізді?

Дұрыс жауап:(Миллион сөзін қазақ жаласына 1879 жылы Орынборда «Начальное руководство к обучению киргизов русскомусязыку» деген оқулығы арқылы «дала қоңырауы» атанған Ы.Алтынсарин таратты).

2)Физика-математика факультетін бітірген, генерал Панфиловтың туысы кім?

Дұрыс жауап: (Абай атындағы педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген, қазақтың алғашқы хор музыкасының негізін салушы және генерал Панфиловтың күйеу баласы Б.Байқадамов)

3)Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ?

Дұрыс жауап:(Қ.Сатпаев).

4)Пифагор мектебі қай қалада алғаш ашылған?

Дұрыс жауап: (Кротон қаласында алғаш Пифагор мектебі ашылған).

5)VIII-ғасырда Шығыстың қай қаласында астрономия-метематика мектебі құрылды?

Дұрас жауап: (Бағдат қаласында VIII-ғасырда астрономия-математика мектебі ашылған).



Жүргізуші:Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір ойын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын,-деп, келесі бөлімге көшеміз.

III «Жұмбақтар әлемі » сайысы

Математика

1-ші 20

Нүктеден,екі сәуледен

Құралған айтшы бұл не екен?(Бұрыш)

1-ші 30

Бірдей санды бірнеше рет



Көбейтуден тұрады,

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? (Дәреже)

1-ші 40


Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісі қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды. (Айқыш, тұстар, сәйкес)

1-ші 50

Бүтін сан, бөлшек сандар



Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында. (Нақты сандар)

Астрономия

2-ші 20


Кейде жарты, кейде бүтін дөңгелік

Түн болғанда шомылады көлге кеп.(Ай)

2-ші 30

Көл бетінде кернеу жол.(Құс жолы)



2-ші 40

Зер, зер кілем, зер кілем.

Зерлерікөп зор кілем.(Жер)

2-ші 50


Бір емен, жеті терек, алты қайын,

Бұтағы толып жатыр дайым, дайым,

Ішінде шынар терек, үш қарағай,

Өнгесін айта беріп не қылайын.

(Шолпан,Жеті қарақшы,Үркер,Үш таразы).

Физика,информатика.



География

3-ші 20


Айтындаршы ал енді,

Марал, барыс бар елді. (Қазақстан)

3-ші 30

“Танго” биі әлемге,



Тарап кеткен қай елде.(Аргентина)

3-ші 40


“Мың бір түнді”айтқан әйел

Шыққан жері қай ел?(Ирак)

3-ші 50

Жалғыз қала



Мемлекет әрі,

Астана әрі,

Бір өзі бәрі. (Сингапур)

IY ”Кім тапқыр?” (Капитандар сайысы) тақтада түймедағы гүлі салынған, оның әр жапырағында әріптер көрсетілге. Капитандар сол жапырақты кезекпен жұлып алып, көрсетілген әріпке математикалық терминді атайды.



Y. ” Өнерпаз болсаң…” cайысы. Математика-ғылымдардын патшасы ”-айтқан әндерінде математика терминдері болуы керек.

Қорытынды. Құттықтау сөздері.Марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет