Байзақ аудаены Бұрыл ауылы «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі



Дата26.08.2017
өлшемі207,21 Kb.
#28420
Байзақ аудаены Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

меңгерушісі
Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. «Сенсор» сөзі латынның «Sensus» - «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан /7/. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.

Сенсорлық бейімделу- организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.
Сенсорлық бөлік – орталық жүйке жүйесінің өрлеме нейрондардың ұштары болып табылатын бөлігі. Мыс.: көру аймағы, соматосенсорлық бөлік және т.б.
Сенсорлық ес – сезім органдарына түсетін ақпараттарды сенсорлық өңдеудің өнімдерін өте қысқа уақыт бойында есте ұстауды қамтамасыз ететін гипотезалық ес жүйкешесі.
Сенсорлық тәрбиеге екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл –ой күштері.

Ойлау дегеніміз не? Ойлау деп - заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті айтады. Ойлау – таным іс-әрекетіндегі күрделі үдеріс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалыстың адам миында бейнеленуі .
Ой – түйсіну, қабылдау, елестетуден алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау – барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбиеге қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Тәрбиешінің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, балалардың ақыл- ой қабілетінің дамуын әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму үдерісінде алатын орны туралы сөз етейік .Нақты логикалық ойлау - біздің затты тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс- әрекетінде байқалады.Сенсорлық даму және ойлау білігінің негізі ойлау операцияларын меңгеруде қажет етеді . Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация жатады .Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады .Синтез – заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне – бірі қарама- қайшы ойлау операциялары болғаны мен, олар бір- бірімен үздіксіз байланыста болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады .Салыстыру – жинақтаудың қажетті алғы шарты. Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу (классификация) деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгере және нәтижелі қолдана білу тәрбиешінің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді. Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, балалар барлық оқу іс-әрекетінде негізгі дүниетанымдық жұмысты бекітеді, баянды етуді талаптандырады. Ақыл–ой тәрбиесінің маңызды міндеті – ақыл–ой қызметінде, білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту. Ғылымның, техниканың және мәдениеттің қарқынды дамуы мен байланысты бұл міндет ерекше үлкен мәнге ие болып отыр. Оны шешпейінше талаптылық пен білуге құштарлықты дамыту, ауқымды ғылыми информациядан бағдар табуды қалыптастыру мүмкін емес .Сенсорлық даму – бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді . Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың сенсорлық дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Сенсорлық дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Сенсорлық тәрбиені неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл- ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді .Сенсорлық тәрбие –балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы . Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауы, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.Сенсорлық тәрбие – адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім – тәрбиенің негізгі бір саласы. Сенсорлық тәрбие арқылы балалардың оқып білім алуына іс - әрекетін бағыттау – сана сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт – бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан – жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі .

Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

әдіскері

Ашенова Айгуль Джамановна

Балабақшада алдында тұрған жауапты міндет- күрделі, өмірден өз орынын таба білетін дені сау, мәдениетті,шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу.

          Сауықтыру жұмыстарының жүйелі өткізу:

-әрбір балалардың қабілеттерін ашуға қажетті жағдай жасау;

-бала өмірін қызықты және мазмұнды ету;

-құрдастармен және ересектермен қарым –қатынаста жұмыс жасауға үйрету;

-дене және психикалық денсаулығығын нығайту,

- қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

-валеологиялық білімін іс-тәжірибеде өздігінен іске асыра және спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса білуге мүмкіндік береді.

           Жаз кезінде балалардың ағзасын сауықтыруға,эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытуға септігін тигізетін жағдай жасау үшін ересектердің (балабақша қызметкерлер мен ата-аналарды) күшін жұмылдыру,біріктіру.         

          Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады,сабақтар ашық ауда өткізіледі.Содықтан да балалардың жыл бойғы алған білімін ,біліктілік дағдыларын ,қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.

Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке , нәтижеге ие болады.



Сауықтыру-шынықтыру жұмыстарының мақсаты:

-жаз мезгіліндегі балалардың денсаулығын нығайтуда эмоциональдық,            тұлғалық,танымдық дағдысын қалыптастыруда үлкендердің/ата-ана,қызметкерлер/                                         

өзара әріптестігін, сабақтастығын біріктіру;                             

-бала денсаулығын сақтау мен нығайту;                                                                    

-табиғи факторды пайдалана отырып шынықтыру;                                                  

-жеке тұлғаны қалыптастыру,эстетикалық тәрбиені жетілдіру



Міндеттері:

-балалар өмірі мен тұлға қауіпсіздігінің сақталуына жағдай жасау, түрлі аурулардың

алдын –алу,жарақаттануды болдырмау;

-сауықтыру,шынықтыру шараларын ұйымдастыруды жүйелі жүзеге асыру;

-әлеуметтік –мәдени сәйкестену мен төзімділігін тәрбиелейтін орта қалыптастыру;

-педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда ата-аналарды сауықтыру,шынықтыру

шараларымен сауаттандыру;

-балалардың қызығушылығын аттыру,балабақшадағы бала өміріне ұмытылмас қуаныш

сыйлау.

Күтілетін нәтижелер және оларды бағалау

Медициналық көрсеткіштер

өз қызметіне баға беру

іс-шаралар саны және әрбір іс-шараның тиімділігі

балалардың белсенділігі мен қызығушылығы

мамандардың кәсіпқойлығы

сауықтыру жағдайлары

өз денсаулығын сақтау және нығайту құзыреттілігінің болуы

массаждар мен жаттығулардың сапасы

Нәтижелерді бақылау

-балалардың денсаулығына медициналық тексеру жүргізу;

-балалардың психологиялық денсаулығын:белсенділігін,көңіл-күйін бақылау;

-мамандардың:педагогтердің,медбикенің,әдіскердің өзара пікір алмасуы.

 Жазғы сауықтыру кезеңдері:

-дайындық кезеңі;

-ұйымдастыру кезеңі;

-негізгі кезең;

-қортынды кезең.



Жазғы сауықтыру кезеңін топтамалары:

1.Күн тәртібін жазғы кезеңге сәйкес құру

2.Жазғы кезеңдегі тамақтануды ұйымдастыру

3.Профилактикалық сауықтыру жұмыстары

4.Шынықтыру іс-шаралары

5.Арнайы сауықтыру жұмыстары.

6.Ата-анамен жұмыс

7.Экологиялық сауықтырулар.



Топтамалар төмендегідей жұмыс түрлерін қамтиды мысалы:

1-Ерікті тақырыптық:

туған күндер,байқаулар, спорттық жарыстар,апталықтар,тақырыптық көрмелер,т.б



2-Сауықтыру,шынығу:

3-топтама. Профилактикалық және сауықтыру жұмыстары

Мақсаты:балалардың денсаулығын сақтау әрі нығайту,гигиеналық және дене шынықтыру мәдениеті негіздерін,денсаулыққа маңызды өмірлік құндылықтарды қалыптастыру.



Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

тәрбиешісі:

Тазабекова Мерзім Дүйсенкуловна

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Күн шуағы

Мақсаты: Балаларға күн шуағының бүкіл тіршілік иесіне ерекше қажет екенін түсіндіру.Күн туралы түсінігін қалыптастыру. Ұқыптылыққа зерек болуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсіЛ.Түсіндіру,сұрақ жауап,практикалық.

Көрнекілігі: Суреттер,желім,слайд.


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Балалар кане күн сияқты дқңгеленіп тұрайықшы.

Үлкенге де Сіз,

Кішігеде Сіз

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізде «Қөгалдағы балапандар» тақырыбын өткен болатынбыз., бүгінгі ашық оқу іс әрекетіміздің тақырыбы «Күн шуағы»

Мақсаты: Күн шуағының бүкіл тіршілік иесіне ерекше қажет екенін түсіндіру.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көкөтем мезгілінде қанша ай бар?

Дұрыс айтасыңдар.

Осы кезде қоянның жылаған дауысы шығады.

Балалар мұнда біреу жылап отырған сияқты.

Неге жылап отырғанын сұраймыз ба? Мұнда қоян жылап отыр! Қоян сен неге жылап отырсың?

Қоян: Мұнда үнемі қараңғы болып тұрады. Мен қараңғыдан қорқам.

Тәрбиеші: Расында да бұл жақта қараңғы екен. Тіршілік жоқ сияқты. Енде ше бізге жылуын шуағын беретін бір нәрсе жетіспейді.

Жұмбақ

Ақ сандығым ашылды,



Ішінен шуақ шашылды.

(Күн)


Ия, балалар өте дұрыс айтасыңдар, жұмбақтың шешуі күн екен.

Қоян сен біздің балалармен мұнда жүрші, іс әрекетімізге қатысып көр. Сонда қорыққаның басылып, көңілің көтеріледі. Осы кезде қонаққа күн келеді.

Слайд

Күннің тіршілік иесі екені туралы балаларға толық мағлумат беру.



Күн:

Балалармен қонақтармен амандасады.

Ал балалар сендерге енді бір тапсырмам бар: алдарыңдағы ақ параққа менің бейнемді желіммен жапсырып бересіңдер ме?

Қауіпсіздік ережесі:

Желімді аузымызға салмаймыз;

Бейберекет әр жерге жақпаймыз;

Жұмысты аяқтаған соң қол сүрткішпен қолымызды сүртеміз.

Ал балалар жұмысқа кірісейік.

Сергіту сәті

Топ,топ,топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жас жаса алтын күн

Жаса жаса жарқын күн.

Тәрбеши балалардың жұмыстарын тексереді. Осы кезде күн мен қоян балалармен қоштасып шығып кетеді.

1.Балалар бүгін біз ненің суретін жабыстырдық

2.Күннің түсі қандай болады екен.

3. Күннің пішішін кім айтады.

Тәрбиеші: Балаларды жеке жеке мақтап,мадақтау.

Күн адамдарға бүкіл тіршілік иесіне нұрын шашып, жылуын сыйлайды екен.Әрбір атқан таңымыз күндей шуақты болсын! Балалар сендер де күннің нұрына бөленіп, үлкен азамат болыңдар деген тілекпен бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз.


Балалар дөңгелене тұра қалады.
Балалар қимыл әрекет арқылы қайталап айтады.

Көктем
Үш ай бар

Ия

Балалардың жауабы



Ия

Балалар тапсырманы орындайды.


Сергіту сәтін қимыл арқылы жасайды.

Күннің
Сары


Дөңгелек

Балалар қуанышты сезімге бөленеді.


Балалар топқа барады.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Балалар күннің суретін жапсыра алды.

Түсінеді: Күннің дөңгелек пішінді сары түсті екенін түсінеді.

Қолданады: Балалар желімді дұрыс қолдана алады.

Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

тәрбиешісі:

Ногаева Агайша Женисбековна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқы іс әрекетінің түрі: Сенсорика

Тақырыбы: Бау байлау

Мақсаты: Балаларға бауларын дұрыс байлауды үйрету.Балалардың қол моторикасын, ойлау қабілетін ламыту. Шапшандыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құрал: Слайд, аяқ киім, бау.

Әдіс тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберіне шақыру.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан,

Тілегіміз әділдік,

Ашық болсын көк аспан.


Шаттық шеңберін іс қимыл арқылы жасау

Ұйымдамдастырушы ізденуші

-Балалар казір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қанша ай бар?

-Жер бетіне көгеріп не шығады?

-Балалар сендердің көңіл күйлерің қандай болып тұр?

Ендеше жақсы көңіл күймен бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізді бастайық.Бұгінгі ашық оқу іс әрекетіміздің тақырыбы: «Бау байлау»

Балалар баудың түсі, көлемі әртүрлі болады. Ұзын бау және қысқа бау болады. Сонымен қатар қызыл, ақ қара түсті бау болады.Бау аяқ киімде, жейделерде байланып тұрады. Бауды аяқ киім шешіліп кетпес үшін байлап қояды. Бау жіптен жасалады. Балалар сендер аяқ киімдеріңді бауын байлай аласыңдар ма?

Олай болса мен сендерге бауды қалай байлауды үйретемін?

Тосын сәт: Сайқымазақ кіреді.

-Сәлем,сәлем балалар мен кешігіп қалған жоқпын ба?

-Сайқымазақ сен мұнда не істеп жүрсің?

-Мен мерекеге келдім?

-Сайқымазақ сен жаңылысып келдің біз мұнда ашық оқу іс әрекетін өтіп жатырмыз.

-Ой кешіріңдер балалар мен мерекеге асығып бара жатырмын, шалынысып құлайды.

-Сайқымазақ сен мерекеге қалай барасың аяқыңның бауда байланбаған. Қазір біз сенің аяұыңның бауын байлап береміз.

Балалар сайқымазаққа көмектесеміз бе?

Ал сендер бау байлауды белесіңдер ме?

Балалар олай болса бізге агент осо - дан көмек сұрайық. (слайд арқылы мультфильмнен үзінді көрсетіледі,агент осо бауды қалай байлатынын көрсетеді)

Сайқымазақ кел мен сенің бауыңды байлап берейін, әйтпесе тағы құлап қаласың.

Сайқымазақ: Балалар седерге рахмет сендер болмағанда мен тағы бауыма шалынысып құлар едім. Енді мен меркеге кешікпей барайын.

-Балалар кане сендер де алдарыңда тұрған аяқ киімнің бауын байлап үйреніңдер. Әйтпесе сайқымазақ сияқты шалынысып қалуларың мүмүкін. Балалар алдарыңда тұрған аяқ киімнің бауын байлайды.

Сергіту сәті:

Балалар музыка әуенімен қимыл жасайды.



-Көктем
-Жылы
-Шөп
Жақсы тамаша

Балалардың жауаптары

Иә

Жоқ



Рефлексивті түзету

-Балалар біз нені байлап үйрендік?

-Бау неден жасалады?

-Баудың түсі қандай?

Жарайсыңдар балалар.

Балаларды мақтап мадақтау.


-Бау байлап
-Жіптен

-Қызыл,ақ,қара


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Бауды байлай алады.

Түсінеді: Баудың не үшін байлап жүру керектігін

Қолданады: Аяқ киім мен бауды қолданады.

Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

Бейнелеу өнерінің жетекшісі:

Кашкеева Қарлығаш Қанатқызы

Топ: Барлық топ

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Бейнелеу өнері

Тақырыбы: «Біз әлемді саламыз»

Мақсаты: Балаларға түрлі түспен асфальтқа сурет салдыру.

Балалар 1 маусым мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар сендер халықаралық балаларды қорғау күні қай кезден бастап тойланатынын білесіңдер ме? Олай болса мен сендерге қысқаша мағлумат беріп өтейін.

Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні ең ескі халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Халықаралық балаларды қорғау күні - бұл алдымен балалар өмірі,құқтарын, пікір мен дін бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, «Балаларды қорғау күні» - барлық әлемдегі балаларды жағдайына назар аудару мақсаты болатын болған әр түрлі іс-шаралар өткізумен атап өтіледі.

Міне балалар сондықтан да әр жылдық маусым айының бірінде,яғни жадыраған жаз мезгілінің бірінші күні сендердің төл мерекелерің болып аталады.

Ал енді балалар бүгінгі мерекеге орай түрлі түрлі бормен асфальтқа өз көңіл күйімізді білдірейік. Асфальтқа өздеріне арнаған суреттерді салып бояңдар.

Ортаға музыка әуенімен персонаждар шығып, балаларды құттықтап балалармен бірге қосылып сурет салады.

Сурет салып болған балалар өздерінің қандай сурет салғандарын айтып түсіндіріп береді.

Тақпақ: 1 бала Балалар бақшасында бүгін той

Балаларды қорғау күні біліп қой.

2 бала Алақай ау алақай!

Ән шырқайық, балақай!

Қызарғанша алақан

Кел соғайық, балапан!

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар бүгін қандай мереке? 1-Маусым балаларды қорғау күні

-Біз түрлі түсті бормен не істедік? Сурет салдық

-Өте жақсы. Балалар сендерді бүгінгі

төл мерекелеріңмен құттықтаймын.

Жүздеріңнен күлкі кетпесін.



Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

тәрбиешісі:

Алкереева Ляззат Джумабековна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Мақсаты: Балалардың геометриялық заттарды сан,көлем кеңістікті уақытты бағдарлау геометриялық пішінді бір-бірінен адыратуға сөзбен айтуға дағдыландыру. Логикалық ойлау дағдысын дамыту.Сөйлеу қабілетін иәдениетін дамыту.Зейінділікке, ойшылдыққа. Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.

Әдіс тәсіл: Түсіндіру, сұрақ жауап, ойын, тосын сый.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндерджің муреттері,шарлар 1-5 – ке дейін сандар.

Үштілдік компонент: үшбұрыш-треугольник-triangle

дөңгелек - круг- circle

төртбұрыш- квадрат-square

сопақ-овал-oval

тік төртбұрыш- прямоугольник-rectangle



Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезеңі

Ұйымдастыру

шылық кезең

Рефлексивті

түзетуші


Шаттық шеңбер:

Күліп созып қолымыды,

Бір екі үш деп соғайын

Қарап тұрған досыма

Қолымды мен бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайыңнан сыпайын

Ыстық алақаныңмен

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзін мен

Құшақтап бір алайын.

-Балалар жыл мезгілдер нешеге бөлінеді?

-Казір жылдық қай мезгілі?

Көктем мезгіліні айларын атап өтіңдерші?

Балалар бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Ауа райы қандай болып тұр?

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Музыка ойналады.

-Балалар, міне керемет. Сендер не байқап тұрсыңдар. Мынау не?

Қызыл,сары, көк түсті,

Шарларымыз көп тіпті

Кане қайсысын таңдайсың

Түсін біліп алғайсың.

Балалар шарлардың түсі қандай?

Жарайсыңдар байқадыңдар ма бұл шарлар сиқырлы шарлар.

-Балалар шарлар қай жерде тұр?

Біз оны қалай алсақ болады екен?

Балалар маған бір ой келіп тұр. Мүмкін сиқырлы шарларға бір тақпақ айтып көрсек қайтеді.

Бір дегенім бесік, шықтық одан өсіп

Екі дегенім елім, далам туым көгім

Үш дегенім үміт, Үміт артар жігіт

Төрт дегенім бақыт,Бағалайтын уақыт.

Музыка әуенімен шарлар төменге түседі.

-Бізге сиқырлы шарларымызбен бірге ғажайып тапсырмалар келген екен.

-Мынау қандай пішін?

Үшбұрыштың тапсырмасы:

Д\о: 5-ке дейін санау, сынның емлесін тану, зейінін дамыту.

Ал балалар мынау қандай пішін?

«Кім тез ойлап табады екен?»

Ал балалар мынау қандай пішін?

Мақсаты: Түс пен пішінді ажырата білу.

Тапсырма:

Сары шеңберге секір

Көк төртбұрышқа аяқ ғой

Қызыл үшбұрышты атта.

Сертгіту сәті

Ал балалар турайық

Қолымызды созайық

Жапырақ болып дөңгелек

Жерге келіп қонайық.

Балалар бүгін біз қандай пішіндермен таныстық.


Геометриялық пішіндерді атап өтіңдерші?

Балалар геометриялық пішіндерден не құрастырдық?

Балаларды жеке-жеке мақтап мадақтау.


Балалар өлең жолдарына сай қимыл іс-әрекет жасайды.

Төрт
Көктем

Наурыз,сәуір,мамыр
Жеті күн
Бейсенбі

Күн жылынды


Шарлар

Қызыл,сары,жасыл,ақ


Жоғарыда


Үшбұрыш

Дөңгелек


Қимыл арқылы жасайды.

Дөңгелек


Үшбұрыш

Төртбұрыш

үй

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: 1-5 ке дейін тура және кері санау

Түсінеді: Геометриялық пішіндерге дұрыс атады.



Қолданады: Геометриялық пішіндерден үй құрастыра алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет