БАЛА ӨМІРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ
Біздің алдымыздағы ең басты мақсат – балаларымызға сапалы білім беру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға міндеттіміз. Бала қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім - білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды. Ол үшін бала уақытының көп бөлігін өткізетін білім ордаларының қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмейтіндей болуы қажет.
Бала үшін қауіпсіздік туралы алғашқы ұғым – отбасынан алатын тәлім – тәрбиесімен қатар қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ.
Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Бала қауіпсіздігі алдымен өзін - өзі ұстауынан, қалыпты жағдайда достарымен немесе құрбыларымен ойын алаңдарында одан бөлек білім ордаларында өзін әдепті ұстау да көп жағдайда көмектеседі. Бала көп уақытын үйде өткізетіндіктен үй жағдайында белгілі бір ащы, құрғақ тағамдарды жемеу керек. Газ плиталары мен тоқпен жұмыс жасайтын құрылғылардан алшақ ұстау, оларды үлкендердің рұқсатынсыз пайдаланбауын түсіндіруіміз абзал.
Одан бөлек күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін.
Оның себептері:
көптеген балалар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде;
көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылуы;
Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мұғалім және ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз.
Әрбір бала үшін үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы баласына жол - жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс.
Жол көлікпен қатынасатын балаға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді,
көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.
Балабақша жасындағы бала үшін сақталатын бірқатар ережелерді ұстану керек:
Баланың есімін немесе белгілі бір үй мекен – жайын бөтен адамға көрінетін жерге жазып немесе іліп қоймау, өйткені баланы сол дерекккөздері арқылы сендіру оңай;
Бала үшін ең маңызды адам ол әке мен ана. Балаға қандай жағдай болмасын әрқашан сырлас дос, қамқор ата – ана бола бүлуіміз шарт.
Бүлдіршіндерді тәтті тамақтар мен сусындар арқылы алдаудың алдын алу үшін балаға күнделікті түсінік жұмыстары жүргізіліуі тиіс.
Мектеп жасындағы балалар үшін сақталатын ережелер:
Бастауыш сынып оқушыларының күнделігінің алғашқы беттері, яғни баланың аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-жайы, үй телефоны, әке-шешесінің ұялы телефондары, мектеп телефоны толық жазылып, баланың фотосы жапсырылуы тиіс.
«Менің мектепке барар жолым» кестесі анық сызылып, қандай көшелерден, қандай қиылыстан, қай үйлердің арасынан жүретіні қызыл бағытпен сызылып көрсетілуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының әсіресе 1-2 сынып оқушыларының мектепке әке-шешелері міндетті түрде өздері әкеліп-әкетуі керек.
Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барарда үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:
- Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;
- Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;
- Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;
- Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір.
Мұғалім немесе тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі бір – біріне жат деп қарамай, сенбеушілік болмау керек. Бұл бала қауіпсіздігі үшін маңызды факторлар. Одан бөлек, ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал. Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін.
Қазақ даласының дана ұлы Мағжан Жұмабаев « Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасышсы – мұғалім» демекші ата – ана мектеп немесе балабақша мұғалімдерімен тығыз қарым- қатынас орната білу, бала қауіпсіздігі үшін маңызды. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің алдыңғы қатарында тұрған бала өмірінің қауіпсіздігі мәселесіне салғырт қарауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |