Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин



Дата31.01.2018
өлшемі82,66 Kb.
#36633

Қазақша рефераттар - www.temakosan.net сайтынан жүктелген

Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен –аман

Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...

деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.

19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог.

Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей –ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық,-

деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.

Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.

Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері –халқына пайдасын келтіру, өнер –білім меңгерудің арқасында өз елін «тастан сарай салдырған», от пен суды пайдаланып, «отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі.

Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп:

Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды.

«Өнер –жігіт көркі», -деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды....-

деп жастарға зор үміт артты.



Өнер –білім бар жұрттар

Өнер –білім бар жұрттар Мал істейтін жұмысты

Тастан сарай салғызды. От пен суға түсірді,

Айшылық алыс жерлерден Отынсыз тамақ пісірді.

Көзіңді ашып –жұмғанша Сусынсыз сусын ішірді.

Жылдам хабар алғызды Теңізде жүзді балықтай

Аты жоқ құр арбаны, Дүниені кезді жалықпай,

Мың шақырым жерлерге Білгендерге осылар -

Күн жарымда барғызды. Бәрі –дағы анықтай,-

Адамды құстай ұшырды Білмегенге танықтай.



Спандияр Көбеев

Қазақ жазба әдебиетін Ыбырай мен Абайдан кейін негізін салған педагогикалық бағытын ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің өкілдерінің бірі Спандияр Көбеев.

С.Көбеев өзінің әдеби қызметін педагогтық қызмет пен ұштастыра жүргізді. Ол ұзақ жылдар мектепте мұғалім болып жас ұрпақты оқыту тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосты.

С.Көбеев баларға арнап шығармалар жазды. Солардың кейбіреулеріне тоқталып кетейік.



Балалар мен мұғалім.

Екі бала келе жатып бір кітап тауып алды. Бірі айтты: «Кітап менікі, не үшін десең, мен сенен бұрын көрдім». Бірі айтты: «Жоқ, кітап менікі, не үшін десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым». Осылай балалар кітапқа таласып жатқанда оларға бір мұғалім келді де, балалардан сұрады: «Оқи білесіңдер ме?» -деп.

Балар : «Жоқ, оқи білмейміз», -дейді. «Егер оқи білмесеңдер, кітап сендерге неге керек, бұл кітапты мен алайын, қай бұрын оқи білгеніңе берермін», -деді.

Құстың ұясы

Балар ойнап жүріп ағаштың ішінен бір құстың ұясын көрді. Бұл ұяның ішінде екі балапан отыр екен. Балар алып үйіне әкелді. Әкесі баласына айтты: «Бұл балапанды ұядан неге алдың», -деп. Шешесіз балапандар тұра алмайды; баласынсыз шешесі қайғырады, далада құр өліп қалады ғой, деді. Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды.



Атасы мен немересі

Ата қартайып күші кеміді; нашар көретін, нашар еститін болды; ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз оның аяқ, қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға тамақты бөлек беретін болды, алдына жаман дастархан, жаман ыдысқа құйып. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмай, бір күні бір ағашты жонып отырады. Әкесі көріп: «Шырағым, не ғып жатырсың?» -дейді. Сонда баласы айтады: «Аяқ істеп жатырмын, әжем мен екеуін атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»,- дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкеден бөлек отырғызып тамақ беруді қойды.



Қайыршы

Қайыршы бір мүсәпір білуші ем шал,

Үререге ит, тігерге тұяқ болмаған мал,

Ертеден кешке дейін қайыр сұрап,

Жүруші ед көрінгенін етіп амал.

Әркімнен бұл қалпымен жинағанын,

Жақсының құдай үшін сыйлағанын.

Ғарп –қасыр, ақсақ –соқыр, нашарларға –

Өзінен таратушы ед ылғи әман.

Арыстан, қасқыр әм түлкі

Бір арыстан ауырып, үлкен кең апанда жатты. Барлық аңдар оның көңілін сұрап келеді. Бірақ түлкі келмеген екен. Қасқырдың түлкімен азғана кемпірназы бар екен. Соның үшін арыстанға келіп айтты: түлкі сені құрмет етіп, тым болмаса халіңізді де сұраған жоқ, -деп. Арыстан ашуланып түлкіні шақыртты. Түлкі қасқырдың жамандағанын білді де, арыстанға айтты: маған бекер ашуланасыз, көңілімді сұрамадың деп, мен сенің ауырғаныңды білген соң бір тыным тапқаным жоқ, саған дару іздеп ауруыңнан жазатын. Міне, жаңа ғана тапқан соң келе жатқаным еді деді. Арыстан сонда, не дару еді деді. Сонда түлкі айтты: егер де тірі қасқырдың терісін сыпырып жылыдай жамылсаң...арыстан сөздің артына құлағын салмастан қасында тұрған қасқырға бас салып, теріні сыпыра бастағанда, түлкі сөзін айтып болмастан күліп, шығып жүре береді.



Сәбит Дөнентаевтың балаларға арнап жазған

шығармалары.

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы бұрыңғы Семей губерниясы, Кереку уезінде шаруа отбасында дүниеге келген.

Оқу –білімді әуелі ауылдық мектептерде алып, кейін Павлодар қаласындағы медреседе оқиды.

1915 жылы Уфа қаласында С.Дөнентаевтың «Уақ –түйек» деген атпен алғашқы өлеңдер жинағы басылып шығады. Өзінің ақындық ізденісінде ақын Абайға көп еліктеген сауап үйренген.

С.Дөнентаев сыншылдық өлеңдерінде ирония көбірек қолданды. Оның көптеген өлеңдері баларға арналған. Атап айтатын болсақ ол ақынның 1915 жылы шыққан «Уақ –түйекте» жарияланған «Талап», «Ұры мен баласы», «Ой», «Ақыл» өлеңдері. Ал «Қиялым» өлеңі алғаш рет 1913 жылы «Айқап» журналында басылды. Ақынны бұдан басқа да қаншама өлеңдері баспа бетін көреді.

С.Дөнентаевтың одан басқа да баларға арнап жазған шығармалары бар.»У жеген қасқырға» деген өлеңі бұрын баспаға шыққан, шықпағаны мәлім емес -1935,1950,1957 жылы жинақта бұл өлең бар еді.

Түстің бе мұндай күйге, көкжал арлан?

Жолдасқа қалай екен мынау жалған?

Кешегі дер күнінде бүйтемін деп,

Жоқ едің түсте көріп, ойға да алған.

Жерім кем шарламаған, бармай қалған,

Ісің кем алмаған, болмай қалған.

Жалғызды, жарлыны да, қимасты да,

Ер едің көмекейге бүктеп салған.

Ұзақ жылдар газет редакциясында қызмет істеуіне байланысты ақын өлең –мысалдар жазумен бірге, көркем прозаның ұзақ түрінің дамуына да белсене қатысады.
Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы ашқан қазақ мектебі, Ахмет түрлеген ана тілі, Ахмет салған әдебиеттегі елшілік ұраны –«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер –білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.



Мұхтар Әуезов

Ахмет Байтұрсынұлы таланты ақын, орыс ақындары мен жазушылары шығармаларының көрнекті аудармашысы болды. Ол Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды.

Ахмет Байтұрсынұлы мектеп оқушыларына арнап бірнеше «Оқу құралын» да ( Орынбор, 1922 ж), жазған. Ол құрастырған осы хрестоматия ішкі терең мазмұнымен де, орналасу тәртібімен де мәнді де маңызды. Бүлдіршіндерді жеңілінен бастап, ауырына қарай, оңайынан бастап қиынына қарай үйрету жүйесі берік сақталған. Ал бұл оқулыққа енген мақалалардың да өзіндік үйретері, меңзері бөлек дүниелер: «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле». «Ақыл –жас ұланнан, жүйрік –тай –құнаннан». «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас». Бір қызығы, балалардың ұғымына ыңғайланып берілген батаның да жөні өз алдына бір төбе:

Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңа.

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа.

Сенен байлық өтпесін,

Тәңір берген берекең,

Тепкілесе кетпесін.

Желіңнің екі шетіне

Тай шаптырса жетпесің, -

деген әр сөзі меруерттей асыл халық жырын Ахметтің оқулыққа енгізуін аса ірі ғалымдығымен бірге, биік парасаттылығы деп бағалаймыз.

Ақынның осы хрестоматиясында балалардың мінез –құлқын беретін мына бір өлеңінің бүгінгі оқушыға да айтары аз емес:

Ел көшсе, шеше байғұс жүр жетелеп,

Жүрмейді бота болса еш төтелеп.

Жең –жалба, етік –қисық, тоқым –жыртық,

Түсеміз аттан әрең сонда еркелеп.

Болған соң тақым бекіп жылқы айдастық,

Құлынды үлкендермен бір байластық.

Желіден шыға қашқан құлын болса,

Ит қосып, ұран салып, айқаластық, -

деген өлең жолдарында артықша көркемдік болғанымен, сол кездегі ауыл тұрмысы, ата –ана мейірімі, жылқы малының тазалығымен қоса, ерке мінезі айрықша суреттелген.

Ақын Крыловтан қаншама мысалдарды аударып баспа бетіне шығарған еді. Оларды білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Атап айтатын болсақ «Ат пен есек», «Маймыл», «Қасқыр мен тырна», «Иттің достығы» тағы сол сияқты мысалдарды аударған болатын.

Оқуға шақыру

Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан жа.

Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.

Күн ашық, тоғайлар шат, ың –жың орман,

Оянып жан –мақұлық түнде қонған.

Шығады тоқылдақтың тоқ –тоқ даусы,

Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Тоғайда орақ даусы шаң –шұң орған.

«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа! –

Құлдарын құдай сүймес жалқау болған.
Маймыл мен көзілдірік

Қартайып, нашар көрді Маймыл көзі,

Ойлады ем етерге оған өзі.

Көз кетсе, Көзілдірік емі деген

Тиетін құлағына жұрттың сөзі.

Бес –алты Көзілдірік Маймыл тізіп, тақты.

Қарады бірін иіскеп, бірін жалап,

Бір мезгіл төбесіне қойып жатты.

Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да,

Қойып –ақ әр жеріне қараса да



Маймылға Көзілдірік ем болмады,

Адамның көздеріне жараса да.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет