Бас пен беттің зақымданулары мен хирургиялық аурулары
Бастың жұмсақ ұлпалары мен сүйектерінің зақымдануы.
Бастың жапқыш қабатының зақымдануы жабық ( соғылған, қанталаған) және ашық ( жара) болып бөлінеді.
Бастың жұмсақ тіндерінің соғылуы.
Соғылу- басқа жалпақ қатты заттың тиуі әсерінен пайда болады. Бұл кезде тері мен тері асты ұлпалары зақымдалады.
Белгісі:
1. Тиген жерде ісіктің пайда болуы,
2. Ауырсынуы,
3. Қанталауы.
Алғашқы көмек:
* ауырсынуды басу ( аналгетиктер),
* басқа қысатын таңғыш салу,
* мұзды мұйық қою,
* қанды ісік болса- жуан инемен тесіп, қанды сорып, шығару.
Бастың жұмсақ тіндерінің жаралануы
Жара- бастың жапқыш қабаты ашық зақымдалғанда пайда болады, оның негізгі айырмашылығы бас қабатының қан жүйесінің ерекшелігінен, айқын қан кетуі. Егер бастың апоневрозы зақымдалса, онда жара ыржиып тұрады.
Жараның түрлері:
* соғылған
* кесілген
* шабылған
* тесілген
* тістелген
* оқ тиген
Жараның каналына байланысты:
* өтпелі
* бітеу
* жанама
* рикошетті
Белгісі:
- жарақатты есеңгіреу
- мидың шайқалуы
- мидың соғылуы
- мидың қысылуы.
Мидың шайқалуы
Белгісі:
- естен тану
- ретроградты амнезия
- құсу
- бас ауруы
- бас айналуы
Алғашқы көмек пен емі:
* басына мұзды мұйық қою
* қатаң төсек режимі 1-2 апта бойы
* ауырсынуды басу ( аналгетиктер, наркотикалық заттар)
* тұзсыз емдәм
- дегитрациялық ем ( қар тамырға- 40% глюкоза, 10% хлоридті натрий, 40% уротропин, ал 40% сульфатты магнезии ертіндісін б/е енгізу)
* антигистаминді, витаминді препараттар.
Мидың соғылуы
Мидың шайқалуына қарағанда, бұл ауыр түрі болып есептелінеді.
Белгісі:
- ұзық мезгіл естен тануы
- ретроградты амнезия
- тоқтаусыз құсу
- дене қызуы көтерілуі
- нейтрофильді лейкоцитоз
- жұлын сұйықтығында тұрақты қан болуы
- сал мен салданулар
- гемиплегия
- потологиялық рефлекстердің пайда болуы
Алғашқы көмек пен емі:
* мидың шайқалу кезіндегі емнің жобасы бойынша
* тыныс алу бұзылғанда- трахеостомия,
* ЖӨЖ- ді қосу
Мидың қысылуы
Ағымы өте ауыр, мидың ісінуі мен гематома данпотологиялық өзгерістердің ұлғаюы мүмкін.
Белгісі:
- гематомасы болса- әуелде есі бар жарық кезең болып, одан соң есінен тануы
- бродикардия 40-50рет
- басында көздің қарашығы тарылып, одан кейін кеңеюі
- құсу
- бас ауруы
- бас айналуы
- қозгалыс қызметінің нашарлауы: сал жане салдану болуы мүмкін
- моноплегия
- потологиялық рефлекстердің пайда болуы
Алғашқы көмек пен емі:
* мидың шайқалу кезіндегі емнің жобасы бойынша
* операция
Мидың гематомасы
Түрі:
1. Эпидуральды- қатты ми қабатының үстінде
2. Субдуральды- қатты ми қабатының астында
3. Субарахноидальды- жұмсақ ми қабатының астында
Диагноз қою үшін:
Рентгенография, компьютерлік томография
Алғашқы көмек пен емі:
* мидың шайқалу кезіндегі емнің жобасы бойынша
* консервативті
* гематома ұлғайса- трепанация жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |