Күні Өткізілген жұмыс барысы Баға



бет1/6
Дата20.06.2022
өлшемі344,87 Kb.
#146889
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
кунделик



Күні

Өткізілген жұмыс барысы

Баға

Қолы

12.04.2021

Мен Жұлтай Нұржан бүгінгі Мемлекеттік тәжірибелік жұмысымды ішкі аурулар пәні бойынша Терапиялық емхана бөлімшесінде жалғастырдым. Әдістемелік жетекшім Тұяқбаева Сандуғаш Әмірқызы.Бізді емхананың аға мейіргері Айгуль Жумашевна қабылдап алды.Айгуль Жумашевна емхана мекемесімен таныстырды.Онда: қабылдау (регистрация) бөлімі,процедуралық кабинет,әйелдерді қарау кәбинеті,ерлерді қарау кәбинеті,21 участкелік кәбинеттер бар.Бізді әр кабиненттерге бөлді, мен 5-ші,емшаралық кабинетке бөліндім. Бұл кабинетте таңертенгі 8:00 ден 10:00 ге дейін биохимиялық анализге қан алу,сағат 10:30 дан бастап әр түрлі екпе жұмыстары жүргізіледі. Мен медбикенің бақылауымен Ержанов С. есімді науқастан көк тамырдан биохимиялық анализге қан алдым. Ең алдымен қолымды жуып, резеңке қолғап, масканы кидім.Пациентті ыңғайлап отырғыздым. Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаңы шынтағына қойдым.Бұрауды(жгут) иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс істеуін сұрадым. Көк тамырды анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта түйіршігімен сүртіп алдым. Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тарттым. (тамырды тұрақты қылу үшін). Бірінші теріні, екінші тамырды тесіп шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар екенін анықтап алдым. Шприцке керекті мөлшерде қанды сорып алдым;

Пациент жұдырығын босатып бұрауды шештім; Үшінші мақта түйіршігімен иненің үстіне салып шприцпен инені суырып алдым.Пациентке мақта түйіршігін 5 – 10 минут ұстауын сұрадым. Инені шприцтен алып, абайлап пробирканың қабырға бойына қанды жібердім. Пациенттің жағдайын қадағалап отырдым. Мақта түйіршігін контейнерге тастадым. Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастадым. Пробирканың сыртына жолдаманы жабыстырып, контейнерға салып, лабораторияға сағат 10:00 кезінде жөнелтіледі.






















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет