Станция «Сыртқы қан кетуді тоқтату» Бірнеше минут бұрын ер кісі әйнекті сындырып алған, оның жарықшақтары сол жақ иығының төменгі үштен бір бөлігіне кіріп, кесіп кеткен. Жедел медициналық жәрдем дәрігері қарағанда: сол жақ иықтың төменгі үштен бір бөлігіндегі жарадан ал қызыл түсті қан ағып тұр.
Зардап шегушінің жағдайын бағала және алғашқы медициналық көмек көрсет.
Құрал-жабдықтар: Қан кетуді өңдеуге және тоқтатуға арналған манекен, Эсмарх жгуты, резенке қолғап, косынка, қағаз, қалам, пинцет, қайшы, марлі шариктері, марлі салфеткілері, дәке, антисептик ерітіндісі (70% спиртті немесе 5% йод повидоны, 3% сутегі асқын тотығы), утилизация арналған контейнер.
Иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне мата қою (егер киіммен жабылмаса).
10
5
0
Эсмарх жгутын алу, ілмегіне жақын созу. Созылған жгуттың соңын қарама-қарсы бағытқа қойып, иықты қысып орау. Жгут соңын бір қолға ұстап, отырған қалыпта алғашқы оралған үш орам бір-бірін 1/3 немесе 1/2 бөлікке жауып орауды жалғастыру. Жгут соңын бекіту.
10
5
0
Салынған жгуттың сапасын бағалау: қан кету тоқтады, қол бозарған, сол жақ кәрі жілік артериясында пульс тоқтаған.
10
5
0
Салынған жгут уақытын жазу, жгут салушының аты-жөнін жазып, қағазды жгут астына қыстыру. Жгутты жазда 1,5 сағатқа дейін, ал қыста 1 сағатқа дейін салу керек.
10
5
0
Жара маңайындағы теріні антисептикке (70% спиртті ертініді немесе 5% йодты повидон ерітіндісі) малынған дәкемен ортасынан шетке карай жараға тимейтіндей етіп өңдеу.
10
5
0
Пинцетпен көзге көрінетін бөгде заттарды алып тастау. Жараны 3% сутегі асқын тотығына малынған дәкемен жуу (2 рет), кейін құрғақ дәкемен сүрту.