Білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелерін анықтау
Орындаған: Бозтай Анар
Қабылдаған: Бұзаубақова К.Ж.
Тараз 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Физика педагогтарын даярлау
I. Кіріспе
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Оқыту процесінің циклдері дамуы
б) Оқыту мақсаты мен оған жету жолы
в) Күтілетін нәтижелерін сипаттау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе
Кіріспе
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланып, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру білім сапасына елеулі әсер етуде. Сондықтан жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – оның оқытушылар мен оқушылардың өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызатындығында болып отыр.