Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуға көшу оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері
Бекенова А.Д.
бастауыш сынып мұғалімі
Қарасу әкімдігінің білім бөлімі «Шолақаша орта мектебі» ММ
II санатты
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан көптеген оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған айқын.
Жаңаша оқыту – заман талабы.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе, негізгі талап—Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқанындай, « Бәсекеге сай білімді де, өркениетті елдің ұрпағын дайындау»
Сондықтан біздің мақсатымыз- білім сапасын жақсарту, «Елдің болашағы жастардың қолында, ал жас ұрапақтың тағдыры ұстаздың қолында»- деп атап көрсеткендей.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге,сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.
Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады деп бағдарламада көрсетілген.
Бастауыш сыныптарда оқытудың әдіс-тәсілдері.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Баланың кейінгі және болшақтағы білімі бастауыш буындағы білімінің сапалығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі ерекшелігі- білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін бала талпынатындай және қызығатындай ұйымдастыру керек. Алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалім кез келген технологияны таңдауға ерікті. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс.
Құзіретті мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Мұғалімдер оқушы дамуына көп мән беруді және осыған сәйкес оқу үрдісін құруды ойластырады. Менде өзсабағымның оқушыға ұтымды болуын алға мақсат етіп қоямын. Сабақ барысында ақпараттық, ойын, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін қолданамын. Бұл технологиялардың оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Оқушының ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетеді, танымдық белсенділігі, сабаққа қызығушылығы артады, өз бетінше талпынады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.Осы реформалау аясында бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасы да қамтылмақ. Бұл оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп,болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет рухани құндылықтар мен дағдылар тізімі құрылды:
Рухани құндылықтар
|
Дағдылар
|
• шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
• қарым-қатынас жасау қабілеті;
• өзгелердің мәдениетіне және
көзқарастарына құрметпен қарау;
• жауапкершілік;
• денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
• өмір бойы оқуға дайын болу.
|
• сын тұрғысынан ойлау;
• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
• проблемаларды шешу қабілеті;
• ғылыми-зерттеу дағдылары;
• қарым-қатынас дағдылары (тілдік
дағдыларды қоса алғанда);
• жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
• АКТ саласындағы дағдылар
|
Білім беру бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс.
Бұл төмендегі сызбада көрсетілген:
Бұл білім беру бағдарламасы мен бағалау модельдері белгіленген деңгейде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі білім беру бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компонентінің – білім беру бағдарламасы,педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің балалар үшін бірлесіп қалай «еңбек ететінін»толық білуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады.
Тәсілдер
-
1
|
Белсенді оқу
|
2
|
Бірлескен оқу
|
3
|
Саралау
|
4
|
Пәнаралық байланыс
|
5
|
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру
|
6
|
Оқу диалогтері
|
7
|
Электорондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану
|
8
|
Модельдеу
|
Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр. Оқу үдерісіндегі ілгерілеуді көру үшін оқу мақсаттары бөлім мен бөлімшелерге топтастырылған.
Мұғалімдер қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер)оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Оқу жоспарларындағы ортақ тақырыптар бұл пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Қазіргі оқыту жүйесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделген. Олар ынтымастық, өзара сыйластық, түсінік сияқты қасиеттер. Баланы өз сөзін қорықпай, сеніммен айта алатындай дәрежеге жеткізуіміз керек. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып мақталады да, қатесіде түзетіледі.
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
1. Сабақ үдірісіне қойылған мақсаттан шықпай тапсырманы, ресурстарды тандау.Әрбір сабақ бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
2. Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұнын, сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. - анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.
3. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
4. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруге итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.) және эмоционалдылық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.
5. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар, жазбаша тапсырмалар, сауалнамалар мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы -әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.
6. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, ең нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.
7. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы,оған сүйенуі керек.
8. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.
Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнеті құралдар, приборлар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек.
Көптеген мұғалімдер оқушының орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.
9. Мұғалім сабақ барысында қажетті нақтылаулар енгізе оның құрылымын ауыстыра қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек.
10. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Оқушылар орындаған кез - келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі талдануы керек, әйтпесе оқушылардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады туғызу.
Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушылардыұ арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін де есксру керек.
Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
• сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
• оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық
ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
• оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;
• топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;
• оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;
• оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;
• оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
• оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою;
• оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды
ескертіп отыру;
• жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;
• оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды
жоспарлау және ұйымдастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С.Ахметов «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру
жолдары.» Алматы «Рауан» 1994 ж.
2.Бастауыш мектеп журналы.
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық 2015ж
Достарыңызбен бөлісу: |