«Достық бірлік пен ынтымақ негізі» тәрбие сағаты Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық»



бет1/4
Дата09.02.2022
өлшемі19,99 Kb.
#131128
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
dosty-brlk-pen-yntyma-negz


«Достық - бірлік пен ынтымақ негізі» тәрбие сағаты
Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Тәуелсіздік жайында түсінік беру.
Міндеттері:

  1. Жағымды қарым – қатынас жасауға, адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымындарын кеңейту;

  2. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар. Презентация, фломастер, үлестірме қағаздар, жүрекшелер.
Әдісі: Командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Кіріспе сөз: Өткізгелі отырған сабағымыздың тақырыбы «Достық – бірлік пен ынтымақ негізі» деп аталады. Себебі, достық бар жерде бірлік, татулық болады. Сол достықтың арқасында осындай бейбіт жерде өмір сүріп жатырмыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек.
Республика халқының саны 16 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.
Сабақ өзін - өзі тану пәнінің тәсілдерін қолдану арқылы өтіп қана қоймай, жарыс түрінде өтеді. Оқушылардан үш топ құралып, топтарға ат қойылады. 1 – топ – «Достық» тобы. 2 – топ – «Бірлік» тобы. 3 – топ – «Ынтымақ» тобы.
Тапсырмалардың барлығы да тақырыпқа қатысты беріледі. Дұрыс орындалған тапсырмаларға жүрекшелер беріледі. Әр тапсырмамен сайыс кезінде танысып отырасыздар. Сайысымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрайық.
1. Шаттық шеңбері:
Оқушылар үлкен шеңбер құрып, мына өлең жолдарын айтады.
Достық - өмір тірегі,
Достық - әр адамның тілегі.
Татулық дәйім сақталса,
Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі.
2. Видеоролик. «Достық»
3. Мақал – мәтел. Әр топқа берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру керек.
«Достық» тобы:
1. Досыңды мақтағаның — … (өзіңді жақтағаның)
2. Досы көппен сыйлас, … (Досы азбен сырлас)
3. Досы жоқ адам -… (Тұзы жоқ тағам)
4. Досы көптің жаны семіреді,… (Асы көптің тәні семіреді)
5. Досы көпті жау алмайды,… (Ақылы көпті дау алмайды)
«Бірлік» тобы:
1. Бірлігі жоқ ел тозады, … (Бірлігі күшті ел озады)
2. Тірлік, тірлік түбі – … (бірлік)
3. Саусақ бірікпей …(Ине ілікпейді)
4. Бірлік бар жерде … (тірлік бар)
5. Кеңесіп пішкен тон … (келте болмас)
«Ынтымақ» тобы:
1. Ынтымақ жүрген жерде, … (Ырыс бірге жүреді)
2. Ырыс алды – … (ынтымақ)
3. Ынтымақ болмай … (іс оңбас)
4. Теңге тиыннан, … (Ынтымақ ұйымнан)
5. Сырттан келген жаудан да… (Іштен шыққан дау жаман)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет