Ойын арқылы оқыту технологиясы



Дата29.05.2020
өлшемі19,54 Kb.
#71631
Байланысты:
мақала


Ойын арқылы оқыту технологиясы.

Кеңестік педагог А.С.Макаренко: “Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады” деген пікірін өз еңбектерінде атап өткендей, ойын баланың қиялын дамытумен қатар үлкен арман жолына бастама деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі – «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның рөлі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адамды балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы  нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықылыстана әрі сапалы орындайтын боладырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерді үрділерін дамытады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады. Дидактикалық ойындар оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын технологиясы оқушының байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Ойын барысында балалар да жаңа білім мен әдістерді үйрену керек екенін түсінеді. А.Құнанбаев айтқан: «Балалар өздігінен кішкентай кезінен оқуға ұмтылмайды. Балаларды білімге деген құштарлығы артқанша оларды күштеп тарту арқылы үйрету керек деп» Ойын барысына қызыққан бала, ол өзі де үйреніп жатқанын байқамай да қалады,бірақ та бала іс-қимылдарды қайта құрылымдаған кезінде қиналады. Ойын барысында бала өзінің қолынан келетінін жасауға ұмтылады. Дидактикалық ойын - бұл оқу құралдарымен немесе оқу іс-әрекеті барысында қолданылатын әдіс емес. Ойын технологиясы көп жоспарлы, қиын педагогикалық құбылыстар, ол балаларды ойын әдісі арқылы үйрету болып табылады, білім беру нысаны және өзіндік ойын ойнау,балаларды жан-жақты дамыту болып табылады. Дидактикалық ойын, ойын әдісі ретінде екі жақты қарастырады. Ойын-оқу іс-әрекеттері. Бұл ойында басты рөлді педагог басқарады, педагог әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып , ойын жағдайын туғызады, жарыс элементтерін қолданады. Педагог ойын барысында тек қана ойнатып қоймайды балаларға белгілі бір білімді береді, ойнау дағдыларын қалыптастырады. Ойын технологиясы математикада, тіл дамыту да, қоршаған ортамен таныстыруда, сенсорлық мәдениетін дамытуда қолданылады. Педагог бұл жерде оқытушы да , ойында ойнаушы ретінде болады. Ол ойнауды үйретеді ,ал балалар ойнай жүріп үйренеді. Егер де оқу барысында қоршаған орта туралы білімдерін дамытуда тереңдетілсе, дидактикалық ойында балаларға тапсырмалар жұмбақ ретінде,ұсыныстар, сұрақтар ретінде қолдануға болады. Ойын технологиясы жеке ойын қызметі осы ойын әрекетін сезіну ретінде қарастырылады. Ойынның бала тәрбиесіне маңыздылығын бұрынғы және қазіргі педагогикалық әрекеттерде қарастырады. Педагогикалық ғылыми жүзінде ойынның екі жақты маңыздылығын көрсетті: жан-жақты даму үшін және шағын дидактикалық тәртіп бойы. Егер де бала ойын барысында кейбір балалар нұсқау беруді, кейбірі соған бағынуға дағдыланса, ол сол істен болашақта қайтуы қиын деп есептеген.



Ы.Алтынсарин бірлесе ойнауға көп көңіл бөлген, сол арқылы балалардың қоғамдық байланысы қалыптасады деп өз ойын айтқан. Қазіргі кезде ойынның маңыздылығына сонымен қатар дидактикалық ойындарды зерттеуде  Михайленко Н.Я. и Коротковой Н.А. және т.б педагогтар айналысады. Ойын технологиясының балалардың ойлау қабілетіне тигізер әсері:

Ақыл-ой дамуы:  Ойын мазмұны балалардың қоршаған орта туралы, табиғат ерекшелігі, әр түрлі мамандық иелері туралы, өз отаны туралы білімдерін қалыптастырады. Ойын арқылы педагог балаларды өз беттерінше ойлана білуге, алған білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйретеді. Көптеген дидактикалық ойындар балалардың алдында ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде мақсат қояды. Қоршаған ортадан ұқсас құбылыстарды тап, салыстыруға, топтастыруға, затттарды өзіндік қасиеттерімен топтастыруға, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Ойын технологиясының міндеттерінде көбінесе балаларды заттар немесе қоршаған орта туралы сөйлем құрай білуге,ойын барысында балалардың сұраққа дұрыс жауап беруі бір-бірімен пікір алмасуы арқылы сөздік қорлары дамиды.
Сонымен ойын балалардың алған білімдері түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор деп түсінемін.

Түптеп келгенде, тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімділік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім ойынды пайдалану методикасын да, ойын түрлерін таңдап-талғауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет