Пән: қазақ тілі Сынып: 6 «Г» Өтетін күні



Дата25.01.2017
өлшемі0,68 Mb.
#8045


БҚО Орал қаласы

32 жалпы орта білім беретін мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Казенова Айнагүл Нұрланқызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Сынып: 6 «Г»

Өтетін күні: 21.11.2014 ж.

Тақырыбы: Астана қаласы Тәуелдік жалғау

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның бас қаласы – Астана туралы білімдерін арттыру, тәуелдік жалғауларды пысықтау, ақпаратты өз бетінше меңгеруге ықпал ету, сыни тұрғыда ойлануға төселдіру, өз бетімен іздену дағдысын дамыту. Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір –біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың Астана туралы білімдері қалыптасады, өз бетімен білім алады, ізденеді, сыни ойлануға төселеді, АКТ-мен, топпен, жұппен, жеке жұмыс жасайды.

Модульдер:

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану».



Әдіс-тәсілдер: «Шаттық шеңбері», «Балалық шаққа саяхат», «Астана қаласына» саяхат маршруттық картасы, «Топқа бөлу: ұшақ билеттері арқылы», «Даналық ағашы», «Мағынаны тану», «Сергіту сәті», семантикалық картамен жұмыс, «Мен – саған, сен – маған» жұптық рөлдік ойыны, шығармашылық жұмыс (постер қорғау), тест жұмысы (Excel бағдарламасымен), «Сабақтан алған әсерім» рефлексиясы.

Бөлімі

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

5 мин


Сыныпқа кіру

«Шаттық шеңбері» стратегиясы

Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату.

«Балалық шаққа саяхат» стратегиясы

Мақсаты: құрбы-құрдастар арасында сенімді ықылас қалыптастыру.

Үй тапсырмасы

Билеттегі сұрақтарға жауап беру.


Армысыздар, балалар,

Дайынбыз ба сабаққа?

Қазақ тілі – сөз өнері,

Сай келейік талапқа.

Бар ма үйден дайындық?

Тапсырмаңыз дұрыс па?

Оқымасаң, уайым қып,

Тығылмаңыз қуысқа. Ойымызды айтайық, Білімімізді байқайық, Мына отырған ұстаздар, Қалсын бір сәт марқайып.

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, ұшақпен саяхат жасаймыз.

Билеттегі сұрақтарға жауап беру арқылы ұшаққа отырамыз.



Амандасады.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

«Балалық шаққа саяхат» стратегиясын орындайды. Көңіл-күйлері көтеріледі.


Әр оқушы билетін алып, сұраққа жауап беріп ұшаққа жайғасады.

Билетте септіктер тақырыбы бойынша сұрақтар берілген.


Смайликтер

Ұшақ билеттері, бейнефильм

Тұсау

кесер


4 мин

Білу, тану

Бейнефильм тамашалау.

Презентация көру


Интербелсенді тақтадан бейнефильм көрсетіледі.
Олай болса, оқушылар, біздің арамыздағы сыныптасымыз осы күзгі демалыста Астана қаласына жарысқа барып, жүлделі орынмен оралған еді. Әлиханның Астана қаласынан алған әсерімен бөлісейік.

Оқушылар бейнефильмді көру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Әлихан Астанадан алған әсерімен бөліседі. Презентациясын, фотоларын, мақтау қағазы мен медалін көрсетеді.



«Бас бармақ» бағалауы.

Бас бармақ жоғары 5
бас бармақ орташа 4
бас бармақ төмен 3

Презентация, фотолар, мақтау қағазы, медаль.

«Астана» қаласының маршрут картасы

«Астана» қаласының маршрут қартасы таратылады. Маршрут қартадағы тапсырмалар сайын оқушылар «бағдаршам» бағалау әдісі арқылы алдарындағы түстерді көтеру арқылы өзін-өзі бағалап отырады.

Ұшақ билеттерінің келесі бетіндегі өзін-өзі бағалау парақшасын да ұмытпай толтырып отырады.





Әр оқушының алдындағы компьютерде Астана қаласының маршрут картасы көрсетіледі.

Әр ғимаратқа саяхат жасағаннан кейін оқушылар өздерін қалыптастырушы («бағдаршам» әдісі) және жиынтық (бағалау парағына) бағалау әдісімен бағалап отырады.



Қалыптастырушы(«бағдар

шам» әдісі) және жиынтық (бағалау парағына) бағалау әдісімен



Маршрут

тық карта, компьютер

интерактивті тақта.


Негізгі бөлім

20 мин




Жаңа сабақ

Түсіну

«Мағынаны тану» стратегиясы

Мақсаты: ой қозғау, жаңа материалды игерту

Алғашқы аялдама «Бәйтерек».

Әр баланың компьютері мен интерактивті тақтадан «Бәйтерек» монументінің суреттері ұсынылады.

Тапсырмасы: Жаңа сөздермен жұмыс

«Мағынаны тану» стратегиясының мәнін түсіндіріп, оқушыларға бағыт береді.

Сөз – сөз тіркесі - сөйлем


«Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Оқулықта берілген жаңа сөздерді оқып, сөз тіркесін және сөйлем құрастырады.

«Бағдаршам» бағалау әдісі

Компьютер,

суреттер.



Мәтінмен жұмыс

«Даналық ағашы» ойыны.

Мақсаты: мәтінді өз бетімен меңгеру.


2-аялдама: «Ақ Орда»

Президент резиденциясының суреттері көрсетіледі.



«Даналық ағашы» ойынын ойнап көрейік. Сіздер осы мәтінге бір көз жүгіртіп, ең қызық немесе қиын сұрақ жазып беріңіздер. Жұмысқа 1-2 минут уақыт беріледі.


Оқушылар оқыған мәтіндері бойынша сұрақтар құрастырып, алдарындағы қима қағаздарға жазып, мұғалімнің қолындағы сандықшаға салады. Сандықшадан таңдап алған сұрақтарына жауап береді.

«Бағдаршам» бағалау әдісі

«Сиқырлы сандықша»

Сергіту сәті.

Семантикалық картамен жұмыс.



3-аялдама: «Думан» ойын-сауық орталығы.

Суреттер арқылы «Думан» ойын-сауық орталығының іші көрсетеді.

Сергіту сәті: «Астана төрінде» биі


Бір оқушы «Думан» ойын-сауық орталығында болғаны жөнінде әңгімелейді.

«Бас бармақ» бағалауы.


Видео-фильм

Тақтадан сызба көрсетіледі.

Оқушылардан жетек сұрақтар арқылы тәуелдік жалғауы сұралады. Семантикалық карта.






Оңаша тәуелдеу

Ортақ тәуелдеу

І

ІІ

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІ

ІІІ

үйің




+



















тұрғыны










+













ұлтыңыз







+
















ғимаратымыз













+










болашағым

+






















қонақ үйлері






















+

қалаларың
















+







астаналарыңыз



















+







Оқушылар естеріне түсіріп, тәуелдік жалғауы туралы не білетіндерін ортаға салады. Сөздерді ауызша талдап шығады.

менің    өлке  ...    менің   Отан... сенің     өлке  ...      сенің    Отан... сіздің    өлке  ...      сіздің    Отан... оның    өлке  ...    оның    Отан ...


Семантикалық картаны жай тақтада толтырады.Бірін-бірі тексереді.

«Бағдаршам» бағалау әдісі

Интерактивті тақта, кесте, семантикалық карта.

6 мин


Қолдану

«Мен – саған, сен – маған» стратегиясы. Масаты:серіктесті серіктес оқыту


4-аялдама: «Пирамида» бейбітшілік және келісім сарайы. Ғаламтордың көмегімен аstana-piramida.kz сайтынан бейбітшілік және келісім сарайына виртуалды саяхат жасау.

Рөлдік ойын ұйымдастыру. Астана қаласында болған оқушылармен диалог құрастыру.




Оқушылар сарайдың ішіне виртуалды саяхат жасайды.

Оқушылар өздері жұп таңдап, жұптасып, диалог құрастырады. Астанада болған оқушылар сұхбаттарының соңында фотоларын сыйға ұсынады.



«Бас бармақ» бағалауы.


Ғаламтор, виртуалды саяхат.

3 мин


Талдау Шығармашылық кезең. Галереяға саяхат. «Менің қиялымдағы Астанам». Суреттерінің ішінен ең жақсысын таңдап, қорғау.

5-аялдама: «Хан шатыры»

«Хан шатырының» суреттері алдарындағы компьютерлерінен көрсетіледі.

Ұшақ билеттеріндегі нөмір бойынша екі топқа бөлінеді. Үйден салып келген суреттерімен бөлісіп, ең үздік, ең әдемі, ең тапқыр суреттер галереясын жасау, қорғау.


Оқушылар компьютерлерінен суреттерді тамашалайды.

Тақтаның алдындағы екі үстелге қолдарындағы суреттерімен бөлісіп, галерея жасақтап, қорғайды.



Топтар бір-бірін бағалайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі



Оқушылардың суреттері, плакат, желім, маркер.

5 мин

Жинақтау

Тест жұмысы. Excel бағдарламасымен берілген тест сұрақтарына жауап береді. Компьютер өзі дұрыс жауапты шығарады.



6-аялдама: «Қазақ Елі» монументі

«Қазақ Елі» монументінің суреттері көрсетіледі.

Мұғалім оқушыларға тапсырма бойынша бағдар береді.


Оқушылар әрқайсысы алдарындағы компьютерде тест жұмысын орындайды. Компьютермен бағаланады.

Критериалды бағалау

9-10 жауап –«3» ұпай

6-8 жауап – «2» ұпай

4-5 жауап – «1» ұпай



Компьютер,

Excel бағдарламасы, бағалау критерийлері




Қоры

тынды


2 мин

Бағалау

Рефлексия

«Сабақтан алған әсерім» стратегиясы

Мақсаты: кері байланыс жасау, өзін-өзі сыни тұрғыда бағалау.


Мұғалім бағалау парақшаларындағы бағаларын сұрап, өзінің қорытынды бағасын қояды.

Астанаға саяхаттан алған әсерімен кері байланыс арқылы бөліседі.



Кері байланыс: «Алма» ағашы – сабақты меңгеріп, жеміс алғаны; «Бәйтерек» ағашы –сабақтан алған әсері; «Тікенек» ағашы – жағымсыз эмоция.



Бір-бірін, өз-өзін бағалайды. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына төрт-бұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс қалдырады.

Бағалау парағы

Кері байланыс



Бағалау парағы, ағаш суреттері, стикерлер.

Үйге тапсырма



Мәтін, оқулықтағы 4-тапсырма, тәуелдік жалғауларын табу.










Каталог: sabak jospary
sabak jospary -> Сабақтың тақырыбы С/с Уақыты Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
sabak jospary -> Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры Сабақтың мақсаты
sabak jospary -> Сабақтың тақырыбы С/с Уақыты Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
sabak jospary -> Сабақ жоспары Пән мұғалімі: Аширбекова Карлыга Айтмуханбетовна
sabak jospary -> Сабақтың тақырыбы С/с Уақыты Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
sabak jospary -> Сабақтың тақырыбы Несіпбек Айтов
sabak jospary -> Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Сабақтың мақсаты
sabak jospary -> Класс: 6ә класс Пәні: Математика
sabak jospary -> Ұзақмерзімді күнтізбелік жоспар физика пәнінен


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет