Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыруда саралап оқыту технологиясын пайдалану жолдары



Дата06.02.2022
өлшемі59,66 Kb.
#81345
түріҚұрамы
Байланысты:
Видео-сабақ 2
экспертиза ценности документа, 475d3bfb-4a01-11e3-8d27-f6d299da70eeоқу-әдіс.матер.Сауат ашу Сымбат. (1), 384 приказ 5 с прил 331 изм от 22-01-2016.rus

Тақырып:Сауат ашу технологиясы

Сауат ашудың мақсаты:

Оқушыларды дұрыс оқи, дұрыс жаза білуге үйрету және оқу мен жазуға үйрете отырып, тілін, ойын дамыту.

Сауат ашу жұмысының басты шарты - әріпті таныту.

Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізі – фонетика болып табылады.

Сауат ашу жұмысын дұрыс құру үшін бастауыш мектепте мұғалім қазақ тілінің дыбыстық құрамын және дыбыс пен әріптің арасындағы айырмашылықты жақсы ажырата білуі тиіс.

Зерттеудің болжамы:

Сауат ашу технологиясының тиімділігін бастауыш мектеп пәндерінің ерекшелігіне , мақсатына сай қолдансақ, онда сабақтың жетілуі мүмкіндігі көрініп, яғни оқушының функционалдық сауаттылығы артады, мұғалімнің шебер ұйымдастырушылығынан оқушыда психологиялық - педагогикалық жүйеге тәрбиеленеді, білім жүйесі күрделенеді.

Зерттеудің міндеттері:

  • Сауат ашу технологиясының теориялық әдістемелік негізіне сүйену.
  • Сауат ашу кезеңінде оқушылар тіл дыбыстарының жеке ерекшеліктерін біліп, меңгеруі қажет. Дыбысты естіп ажыратқаннан кейін, дыбыстай білу қажет, содан кейін әріп таңбалары таныстырылады.
  • Тіл дыбыстарын білдіру үшін сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемді сөздерге, сөздерді буындарға, буындарды дыбыстарға талдау қажет. Оқушылар іс жүзінде сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс деген ұғымдарды меңгеруі керек.

Дыбысты таныту үшін алынған сөз баланың ұғымына жақын болуы
Бастамада сөздің қысқа түрлері алынады. (аш, ал, т.б)
Сөздің дыбыстары мен әріптері оқуда өзгеріске түспей ұқсас болуы
оқу дағдысы буынды сөздерді оқу арқылы калыптасады
екі буынды сөздер оқытылады (ба-ла, да-ла)
Басқа тілдерден енген дыбыстар соңына қарай үйретіледі.
Сауат ашу кезеңінде педагогикалық талаптар басшылыққа алынады:

Бастауыш мектеп оқушыларының сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.

Бастауыш мектеп оқушыларының сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.

Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы: «Өлке»,2003.

2. Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1985.

3. Жұбанова М. Әліппе оқулығына әдістемелік нүсқау. – Рауан, 1993.

4. Бастауыш мектеп методикасы. - Алматы, 1987.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет