Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойындар мен сергіту жаттығулары



Дата01.05.2017
өлшемі365,08 Kb.
#15307
түріСабақ


Бастауыш сыныпта қолданылатын

дидактикалық ойындар мен сергіту жаттығулары

Мектеп әдіскері

Алишева Гульнара Саламатовна

Алғы сөз
Балалардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет.

Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А. Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой-өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы рөлі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Ойындардың кейбіреуіне тоқталып кеткім келеді.

Сергіту сәттері әсіресе сабақ үстінде ұйымдасқан түрде қимыл-қозғалыстар мен арнаулы жаттығулар жасауды сергіту сәттері деп атайды. Сергіту сәттерін әр түрлі жолмен өткізуге болады. Сергіту сәттерін өткізудің қызықты бір түрі – тақпақтарды пайдалану.


3

Сабақ арасында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп алған жөн. Төмендегі өлеңдер сергіту сәтінде қолдануға болады. Бұл сергіту сәттеріне арналған өлеңдер.



Адам өз денсаулығын сақтайды. Ол үшін түрлі жаттығулар жасайды. Балаларға сабақта сергіту жаттығуларын көбірек жасату керек.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш, Бойға жинап күш. Жаттығу жасап алайық, Бiр дем алып қалайық. Бiр, екi, үш Бойға жинап күш. Жаттығуды жасаймыз Шынығуды бастаймыз.

Жолдарыңа үңіліп, Екі бақа жүгіріп, Секіреді, бақ-бақ, Ағаштарды аттап. Олар ерте тұрады, Беті-қолын жуады. Оңға-солға шайқалып, Бақылдайды ән салып. Судан шіркей табады, Өсіп үлкен болады. Бақ-бақ, нақ-нақ, Біздер айттық тақпақ.

4

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. 



Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр. Алға бір адым Артқа бір адым. Оңға бұрылып, Солға үңіліп Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық.

Оңға, солға бұрылдық, Алға, артқа иілдік. Тіземізді бүктіріп, Қолды создық тік тұрып.

Секіреміз топ-топ, Шапалақтап көп-көп. Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш, Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз.

5
Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. 

Тез қозғалып осылай Жаттығулар жасайық. Жақсылықты үйреніп, Жамандықтан қашайық.

Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұқсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап.

Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық, екеуміз. Бас бармағым - папам, Балаң үйрек - апам. Ортан терек – ағам Шылдыр шүмек -  мен Титтей бөбек - сен.

6

Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.



Айнадағы бейнедей, Қимылдарды қайтала. Бiр сөз айтсаң сен оған О-дан жауап қайта ма?

Айнаға қараймын Шашымды тараймын. Бақытты боламын, Сымбатты боламын. Әрқаша тазамын, Бәрiнен озамын.

Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз. Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп, Бiз тынығып аламыз. Жиi-жиi жаттығып, Үлкен кiсi боламыз.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып, Кезек басып тұрамын.


7

Жоғары, төмен қарайық. Орнымызды табайық.

Біз бесеуміз, бесеуміз. Бес тармақты жұлдызбыз. Біз бесеуміз, бесеуміз Ақ қалпақты құндызбыз. Аяғымыз қайда екен, Тез қозғалсақ пайда екен. Бiзден биiк секiрер Мықты жандар бар ма екен?

Оңға бір, Солға бір, Бұрылып жолдары, Жолаушы жүредi. Соңынан жүгiрiп, Бұтаға үңiлiп, Сүрiнiп, тығылып Күшiгi үредi.


Бала, бала, балақай, Қол соғайық, алақай! Бiр, екi, үш деп айтайық, Саусақтарды тартайық.

Жалқау бала болмайық, Қолды қысып, ойнайық.

8

Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық Оңға қарай иiлiп Солға қарай иiлiп Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық Белiмiздi жазайық. Оңға-оңға түзу тұр Солға-солға түзу тұр Жоғары-төмен қарайық Қолымызды созайық Бойымызға күш жинап Бiр шынығып алайық.


Орнымыздан тұрамыз, Қос бүйiрдi сығамыз. Оңға, солға бұрылып, Бiр айналып шығамыз. Бiр,екi, үш, төрт, бес Қолды қолға ұрамыз.

Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Жүгiргiмiз келедi Әдемiлеп ән салып,

Топ-топ басайық, Жаттығулар жасайық. Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық.

 
9

Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк-биiк секiрiп, Ойнап-ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп.

Тұрып қалмай жантайып, Бiр еңкейiп, шалқайып, Жылдам-жылдам қозғалып, Асқақ әндер айтайық.

Бір, екі, үш, төрт, бес Саусақтармен ойнаңдар Денелерің шынықсын Саналарың тынықсын

Бала, бала баламыз Бақшаға барамыз Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.

Кәнеки, оң аяқ,

Кәнеки, сол аяқ,

Шырағым, алға бас.

Оң аяқ, сол аяқ,

Сол аяқ, оң аяқ,

Қарашы, оңай-ак.

10

Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Қараймыз бәріміз Аяққа бір, қолға бір



Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Беске бесті қосқанда Болады екен он саусақ. Жаза-жаза саусағым Әлсіреді шаршады. Оңға, солға бұрамыз, Сосын қайта жазамыз.

Бала-бала балақан, Қане қайсы алақан. Саусақтарың әйбат Былай-былай ойнат.

Қане балалар тұрайық, Қолды белге қояйық Оң аяқ, сол аяқ Шынығып алайық. Шаршасаңдар балалар Қолдарыңды созыңдар.

Ішке тартып ауаны, Деміңді алшы тереңнен. Денсаулықтың  жауабы, Қайталасаң менімен.

11

Біз аяқпен топылдаймыз, Біз қолмен шапалақтаймыз. Баспен біз шайқаймыз Қолымызды көтереміз Одан кейін ақырын Орнымызда жүгіреміз. Сағаттың тіліндей,  иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір. Оң аяқ, сол аяқ. Жаттығу оңай-ақ. Жел еседі бетімізге, Шалқаяды ағаштар. Желге айтамын тыныш-тыныш Тынышталсын ағаштар.



Аю, аю тұршы, Беті қолыңды жушы Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы.

Орнымыздан тұрайық Қолымызды жаяйық.

Қарлығашқа ұқсайық Ұшып, ұшып алайық. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. 1,2,3 қарлығаш боп ұшамыз. Қоян шықты далаға, Жан-жағына қарады. Жүгірді, секірді. Орнына келіп отыршы.
12

Дүйсенбіде доп ойнадық далада, Сейсенбіде серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп. Жұма күні жидек тердік қыратта, Сенбі күні кино көрдік клубта. Жексенбіде үйде болдық демалдық, Осылайша өте шықты бір апта.


Сылдыр, сылдыр сырғалар, Құлағымда ырғалар. Он қолымда 5 саусақ, Сол қолымда 5 саусақ. Саусақтарда сақина, Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, Жеті, сегіз, тоғыз, он Орныңа тез қон.


Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз, әрдайым, Тез көңілді бастаймыз Білім жолымен жүреміз, Арасында ойнап та, күлеміз.

Бір, екі, үш құс болып ұш, Төрт, бес, алты құс болып қалқы Жеті, сегіз, тоғыз, он орныңа қон.

13

Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды, Ойлы – қырлы жерлермен, Ытқып – ытқып секірді.



Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің.

Ұшып кетті үш құс, Ұшып келді ұшқыш. Жоғалды бес шыбыш, Жоқ әлі еш сыбыс, Жоқ әлі еш сыбыс, Жоғалды бес шыбыш.


Мекен еткен бабалар, Мекен еткен апалар, Жатыр жердің астында Құмға батқан қалалар.


Орнымыздан тұрамыз Алақанды ұрамыз. Бір отырып, бір тұрып Бір тынығып аламыз.


14

Қолды белге қояйық, Басты оңға бұрайық, Басты солға бұрайық, Бір отырып, бір тұрып, Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып қалайық.


Қарға біздің қарқ – қарқ Сауысқаным саңқ – саңқ Торғайларым шиқ – шиқ, Жапалағым ух – ух, Көкек, көкек, көкек деп, Ұшады екен желпілдеп.

Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар, Бір, екі, үш, Бір, екі, үш, Саусақтармен ойнаңдар.

Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмай жіпті де. Екі саусақ бірікті Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Келе қалсақ, жол салсақ.

15

Көк байраққа қараймыз, Қыран құсты санаймыз. Сол қырандай еркіндеп, Биіктерге самғаймыз.


Ал, балалар, бір ауық, Дұрыс – бұрысты ұғалық. Дұрыс болса, отырып, Бұрыс болса, тұралық, Суды жейміз (тұр – бұрыс) Суды ішеміз (отыр – дұрыс) Сумен жуынамыз (отыр – дұрыс) Су қатпайды (тұр – бұрыс) Су – сұйық (отыр – дұрыс).

Бойды сергек тік ұста, Оң қолыңды соз алға. Оң қол босқа тұрмасын, Шеңбер жасап зырласын. Сол қол босқа тұрмасын, Бойды сергек тік ұста. Сол қолыңды соз алға, Үшбұрыш жасап зырласын.

Аппақ болып таң атты, Түтін көкке ұшады. Қарлығаш пен аққулар қанатын, Самғап – самғап ұшады.

16

Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір, Оң аяқ, сол аяқ Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ.


Алға қарай – бір қадам, Оңға қарай – бір қадам, Солға қарай – бір қадам, Бір отырып, бір тұрып, Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып қайтала.

Біз ер жеткен баламыз, Күнде 5-тік аламыз. Жаңалықты үйреніп, Ғылымға жол саламыз, Біз ер жеткен баламыз.

Кел, балалар, ойнайық! Тектен текке тұрмайық, Жемістерді жинайық. Үзіп алып бақтардан Жолдастарға сыйлайық!

Ақ қанатты көбелек, Көк қанатты көбелек,
17

Қызыл қанат көбелек, Біздің үйге келе кет. Көбелек-ау, көбелек, Мені өзіңмен ала кет.

Самал сипап шашымды, Күн төгеді арайды. Құс боп ұшсам батымды, Гүл қол бұлғап қарайды.

Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ.

Орнымыздан тұрайық Белді бекем буайық. Оң қолымды сол жаққа, Сол қолымды оң жаққа, Шеңбер жасап бұлғайық. Жақсылап бір байқа да, Бес – алты рет қайтала.

Қырғауыл боп ұшамыз, Түлкі болып қашамыз. Қырғауылдай тапқыр боп, Орнымызға қонамыз.


18

Ал, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық.



Үлкен шеңбер құрған соң, Алақанды соғайық. Оң жақтағы балаға, Сол жақтағы балаға, Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық.

Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатыр жұмысқа. Алды допты қолына, Қойды оны жолына. Оңға қарады, солға қарады Үлкен тау деп ойлады.

Қолымызды жоғары, Бәйтерекке созамыз. Еркін қыран құс болып, Қанат жайып тұрамыз. Күлер, бәрі шаттанар, «Алақай!» - деп мақтанар.

Көжектерім тұршы, Беті – қолыңды жушы. Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. Киімді киші, Мектепке жүрші.

19

Сәлем демалып тынып ал, Тақпақ жаттап, ұғып ал. Апта деген атайдың, Жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі – Дүйсенбі Екіншісі – Сейсенбі Үшіншісі – Сәрсенбі Төртіншісі – Бейсенбі Бесінші ұлы – Жұма Алтыншы ұлы – Сенбі Жетіншісі – Жексенбі.


Қарлығашқа ұқсайық, Қане, қанат жаяйық, Қарлығаш болып ұшайық, Ұшып – ұшып қонайық.

Кел, қанат жай

Әлемге сапар шегейік.

Ай мен Күнді аралап,

Ғарышты шарлап келейік.

Білімімізді кеңейтіп,

Білімді боп өсейік.

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Тамағы егер табылса

Екі шоқып бір карар.

20

Бір, екі – еңкей, Бүгілмесін тізең. Үш-төрт шалқай Иілмесін тізең.



Қолды көтер аспанға Саусақты соз, жасқанба.

Оңға, оңға,

Түзу тұр!

Солға, солға,

Түзу тұр!

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жай оң қолды оң жаққа,

Жай сол қолды сол жаққа.

Екі қолды айналдыр,

Қос шеңбердей із қалдыр.

Сәл тынығып байқа да,

Он шақты рет қайтала.

Көтереміз оң қолды,

Иілеміз солға.

Көтереміз сол қолды,

Иілеміз оңға.

21

Тік тұр, түзеп бойыңды,



Соз алдыңа қолыңды.

Ұзақ күтіп баптанба,

Қанатың жай қапталға.

Қос қолыңды соз алға,

Көтер көкке мойныңды.

Тік ұста да бойыңды,

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф мойнына.

Қолыңды соз алға,

Тізеңді бүк, жазба.

Қайтадан түзеліп,

Қолыңды қой жанға.

Біздер тату баламыз,

Әнге шырқап саламыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз!

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Бір, екі, үш, төрт –

Жоғары қолды созамыз.

22

Қолды созып алдыға,



Қамшылашы беріліп.

Ұста қолды жаныңа,

Кеудең тұрсын керіліп.

Бүйір таяп сол қолмен,

Көтер қанат оң жақтан.

Бүйір таяп оң қолмен,

Көтер қанат сол жақтан.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

23

Дидактикалық ойындар



«Дыбыстар жұмбағы» ойынын барлық сыныптарда ойнатуға болады. Бұл ойын сөздік қорларын дамытады, дыбыстарды дұрыс табуға, айтуға үйретеді. Мысалы, кез келген тақырыпты қайталаған кезде ойнатуға болады. Оқушылар жиі қолданылатын сөздік қордан сөздер табуы тиіс. Сөздік жұмбақты өздері құрау керек.

«Мектеп» тақырыбын қайталаған кезде: қаламда бар, өшіргіште жоқ, қарындашта бар, сызғышта жоқ. Бұл қай әріп – Қ.

«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы «қа» буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек.

«Орамал тастау» қазақтың ұлттық ойыны. Бұл ойынның шарты: сыныптағы қатар бойынша балалар 2 топқа бөлінеді. 2 топ арасы он адымдай белгіленген. Екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын 1-ші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қала» - деп дауыстайды, ол қағып алып «шық» - дейді немесе «ны», «ға», «ның» - дейді. Сонда «қалашық», «қаланы», «қалаға», «қаланың» тағы басқа сөздер шығады. Айтылған сөзге қосымша жалғау керек,

24

мысалы: «ойын» - деп дауыстаса – «рйыншық», «ойынды», «ойындар» т.б. орамалды қағып алған ойыншы түбір сөзге қосымша жалғап немесе уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді.



«Мұғалім қай жерде қателесті?» ойыны. Бұл ойынның шарты: мұғалім тақтаға бірнеше жұрнақ жазады, ал сендер жұрнақ болмай тұрған сөздерді табасыңдар. Мысалы: жұмысшы, жазғы т.б. Мұғалім енді тақтаға бірнеше жалғау жазады, ал сендер жалғау болмай тұрған сөзді табасыңдар.

«Сақина салу» қазақтың ұлттық ойыны. Бір оқушының алдына сақина қоямыз да, «май» - деп дауыстаймыз. Сақинаны алған оқушы «мыл», «шам» - деп дауыстайды. Сонымен «маймыл», «майшам», «майда» сөздері шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек. Мысалы: мы-сық, ма-са, ал-ма, жү-зім.

«Қоржынды кім тез шешеді?» ойыны. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модульға сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут)№ бұл ойынды мұғалім белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере алады.

25


«Адаскан айлар» ойыны. Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды.

«Ұйқасын тап!» ойыны.

Іші тоған шәрбат,

Дәмі қандай әйбат,

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты - .... (жүзім)
Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті,

Шағып қара таңдап,

Оның аты - .... (жаңғақ)


Құйрығы он қарыс,

Бұл – айбатты .... (жолбарыс)



«Жаңылдырсаң да жаңылмаймын!» ойыны. Мақал – мәтелдерге қажетті сын есімдерді қой.

1. Әдепті бала, .... бала. (арлы)

Әдепсіз бала, .... бала. (сорлы)
2. .... ерге нұр жауар. (талапты)
3. Игі істер өлмейді,

.... ойлар өшпейді. (ізгі)


26

4. Отан оттан да .... (ыстық)


5. Жалқаулық - .... ауру. (жаман)

«Жалғасын тап» ойыны.

1. Әке – .... .(асқар тау)

Ана – бауырындағы бұлақ, .... (бала – жағасындағы құрақ)
2. Әдепті бала - .... (ата-анасын мақтатар)

Әдепсіз бала - .... (ата-анасын қақсатар)


«Сиқырлы әріптер» ойыны. Оқушылар текшені лақтырады, түскен әріпке қаланың атауын айтып береді.

«Сиқырлы кебеже» ойыны. Ойынның шарты: оқушылар тақырып бойынша сұрақтар жазып, кебежеге салады, кебежедегі сұрақтар араластырылады. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Білімдер жетонмен бағаланады.

«Көкпар» ойыны. Ойынның шарты: сендердің алдарыңда конверт жатыр. Бөлек сөздерден туған жер туралы мқал-мәтел құрастырыңдар.

1. Жері байдың – елі бай.

2. Көлдің көркі – құрақ,

Таудың көркі – бұлақ.

3. Отан оттан да ыстық.

27


«Кім жылдам?» ойыны. Шашыраңқы сөздерден сөйлем құру.

1. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар. (Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген).

2. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың. (Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді).

«Үстел үстіндегі карта» ойыны. Теріс қаратып жайып қою керек. Кез-келген суретті бір бала алып, мәтін құрайды. Ойынды екінші топ балалары жалғастырады.

«Жоғалған буын» ойыны бойынша жасырынған буынды табу керек.

КӨР


өр Ө

бө Ө


«Буынды қос» ойыны.

үй ЖҮ


«Аукцион» ойыны. Мұғалім әр суретке аукцион өткізеді.

1 сурет – жүйрік ат

2 сурет – қыран бүркіт

3 сурет – мылтық

4 сурет – қақпан

28

Сөйлемді дұрыс құрастырған оқушы суретті алады.



Сөздер: қазына, қыран бүркіт, ұғым, мылтық, ау, серт.

Адамның білімі – оның қазынасы.

Менің қыран бүркітім бар.

Атам мылтық сатып алды.

Сертіңе берік бол.

Ырысың мол болсын.



«Теңге алу» ойыны. Өте қызықты, жігітті сынайтын ойындардың бірі. Белгіленген ара қашықтықта үш-төрт жерге шүберек оралып күміс немесе теңге тасталынады. Шабандоздар кезек алып тізбекке тұрады. Олар келген кезектерімен осы ара қашықтықта шауып келе жатып ат үстінен еңкейе отырып, жолындағы түйілген орамалды алу керек. Осы кезде аттың басын тартып тоқтауға болмайды. Атты тоқтатып барып алынған шүберек есептелінбейді. Ойынды қызықтыру үшін көрермендер күміс немесе теңгені бірнеше рет қайталап тігеді. Жердегі шүберекті алған шабандоз оның ішіндегісін өзіне қалдырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

«Сөз ойла». Құстың аты?
Ш Ғ

А А


А Л

29

Ұйқас сөздерді тап





30

Мақалды құрастырып жаз.


1 Ең 5 бе 2 бек
7 ке 3 тү 4 бі

6 ре


«Баяндама» ойыны.

1. Мәтін оқылды.

2. Мазмұны бойынша балалар сурет салады.

3. Суретке ат қояды.

Ойын «Сөз құмақ»

Желтоқсан сөзінен сөздер құрастыру.

«Кім жылдам әрі сауатты жазады?» ойыны. Әр топтың мәтіні тақтаға ілінеді, бірінші оқушы келіп бір сөйлемді оқиды, есте сақтап, орнына отырып жазады, келесі оқушыға парағын береді. Ойын солай жалғасады.

31

Есте сақтау қабілетін дамыту



қоңырау
1


тиін
2


ілгіш
3


жидек
4


аспазшы
5


ыдыс
6


үзіліс
7


дәптер
8


кезекші
9


ойыншық
10


жұмыртқа
11


түлкі
12


бұршақ
13


бөлме
14


өзен
15


шаңсорғыш


16

құлын
17


көбелек
18


жұлдыз
19


кітап
20



32

«Жалғастыр» ойыны. Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

1. Жері байдың - ..... .... .

2. Сулы жер - ..... .....,

Бұлақты жер - ..... ..... .

3. Көлдің көркі - ....

Таудың көркі - ..... .

4. Егін ексең - ..... ек,

Онан өнер ...... көп.

5. Сулы жер ..... болмас,

Таулы жер ...... болмас.

6. Адамның табиғатсыз ..... .....

Оны айтуға .... .... ..... .

7. Жер - .....,

су - .....,

мал - ..... .

8. Бұлақ көрсең көзін .... .

9. Бір тал кессең, .... ..... .... .

«Сөз сайысы» ойыны. Сабаққа оқушылардың құштарлығын арттыру үшін сабақтың басында түрлі ойын қолданамын, соның бірі – осы ойын. Ойынның шарты: белгілі бір сөзге дыбысталуы ұқсас, ұйқас сөз келтіру. Мысалы:

палка – таяқ язык - тіл

родник – бұлақ слон - піл

ухо – құлақ пословица – мақал


33

долг – қарыз борода – сақал

заявление – арыз слово – сөз

оценка – баға глаз – көз

берег – жаға

Ойын «Өз жартыңды тап». Мұғалім жұп кәртішкелер дайындайды, біреуінде – сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған кәртішкелердің түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті кәртішкені (әрқайсысы – біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.


Дәрігер не істейді? Дәрігер адамдарды емдейді.

Балаларды кім оқытады? Балаларды мұғалім оқытады.

Кім нан пісіреді? Наубайшы нан пісіреді.

Шаштараз не істейді? Шаштараз шаш қияды.



«Сиқырлы қоржын» ойын.

- Қоржынның адамға қандай пайдасы бар: қоржынның пайдасын түсіндіремін.

- Бұл қоржынды ежелден оқушылардың білімін тексеру үшін пайдаланамыз, қоржында грамматикалық сұрақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер бар.

Мысалы:

1. Көп нүктенің орнына барыс септігінің жалғауын қойып жазыңдар.
34

Әсет кітапхана.... барды.

Сәкен Әсет... кітап кітап берді.

Ұшақ жер... қонды.

2. Табыс септіктің жалғауын жалғастыр.

нан.... алма..... есік.....

үй.... терезе.... ағаш....

35




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет