Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Балалар шығармашылық үйінің үйірме жетекшісі Буранбаева Куралай Неткалиевна



Дата22.08.2017
өлшемі247,75 Kb.
#24418


Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы
Балалар шығармашылық үйінің үйірме жетекшісі
Буранбаева Куралай Неткалиевна



Түсінік хат

Бағдарламаның мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін  көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.



Бағдарламаның міндеті:

Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу.  Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

 Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

 Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.   Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. 

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу,  үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман  ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан  бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен  қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның  адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.

Бұл авторлық бағдарлама, бұл бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты  5– 9 сыныпта оқитын оқушыларға арналған. Бағдарлама 2 оқу жылына арналған. Сабақтың түрлері: баяндама, лексия, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, сауалнама, кездесулер түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Күтілетін нәтижелер:  оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.

Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепішілік, аудандық көрмеге жұмыстарды шығару.

Бұл бағдарлама 11 бөлімнен тұрады.

Көркем еңбек бөлімінде ұлттық киім түрлері, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан қиып жапсыру үйретіледі.

Тұрмыстық еңбек бөлімінде әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру үйретіледі. 

Жұмсақ бейне ойыншықтар бөлімінде жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясы үйретіледі.

Жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйретіледі.

Былғарымен жұмыс жасау бөлімінде былғарыны тазалау, бояу, пішу, одан әртүрлі бұйымдар жасау үйретіледі.

Ою-өрнек бастырмалар бөлімінде ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері үйретіледі.

Сәндік қолданбалы – өнер элементтері бөлімінде шолпы, алқа, білезік, тұмарша бұйымдарын жасау үйретіледі.

Су моншақ тоқып үйрену бөлімінде моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен кестелеу жұмыстарына үйретіледі.

Тоқыма-өнері бөлімінде тоқу әдістеріне үйретіледі.

«Қолөнер - еңбектің қайнар көзі» үйірмесінің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне, байланысты орта 5– 6 сыныпта, ересек 7-9 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағдарлама негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектептердің және қосымша білім беру мекемелерінің технология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.



Бағдарлама түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

Әрбір жетекші мұғалім өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе компьютер  арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура  келеді.

Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, қолөнер еңбекке икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс-

әрекеттерімен көрсетуде.      

Оқушыларға арналған қосымша білім берудегі балалар шығармашылық үйінің оқу жоспарына сай үйірменің күнтізбелік жоспарының құрылымы 216 сағатқа, аптасына 3 сағаттан 2 рет өтілу берілген.

Күнтізбелік жоспар



Өтілетін  тақырыбы

Барлық сағаты

Осының ішінде

Теориялық жағы

Тәжірибелік жағы

 1

2

3

4

5

 1.

Техникалық еңбек  кіріспе ұйымдастыру жұмыстары. Технологиялық мәліметтер. Үйірменің мақсаты, маңызы, қолданылуы, әдіс-тәсіл жұмыс түрлері. Қажеттілік материал әзірлеу, жұмыс орны ережелерімен таныстыру.

9

 


3

6

  2.

Көркем еңбек. Қолданбалы еңбек. Шеберлер, туынды жұмыстарымен, еңбектерімен таныстыру, ұлттық безендіру, бедерлер көркемдік өнер бейнелерді киіндіру картон қағаз, түрлі материалдардан. Тігіс, жапсыру, есу әдіс-тәсілдері ұлттық қуыршақ үлгісімен жасау.

12

3

9

  3.

Тұрмыстық еңбек. Қолданбалы сәндік, көркем өнер, бұйым, әйнектен жапсырма және ыдыстарды мүсіндеу немесе қалыптау. Ыдыстарды әр түрлі материалдан құрастырма жапсыру.

27

9

18

  4.

Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау. Жануарлар, құстар, адам, жәндіктер түрлерін жасау, сызба тігу.

24

12

12

  5.

Жапсырмалау жұмысы. Апликациялық қиылыстыру арқылы «Ертегілер елінде». Мата, былғары, фальга, өсімдік түрлерімен композициялау, көрініс жасау.

18

9

9

  6.

Былғарымен жұмыс. Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, пішу, бояу. Жұмыс жүргізу құрал-жабдықтармен таныстыру. Әдіс-тәсілдерін меңгеру.

18

9

9

  7.

Ою-өрнек жұмысы. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру. Шығу тарихы.Қазіргі қолданыста ою-өрнек ерекшелігі, ою-өрнек сән үлгілерін жасау; (қалауынша) жұмыс )киіз үй, тұмарша).

6

4

2

  8.

Сәндік қолданбалы өнер. Көркем қолөнер элементтерінің қолданыста пайдалану технологиясы.Тұмарша, қобдиша, қоржын бұйымдар жасау.

30

9

21

  9.

Адамгершілік тәрбиесіне саяхат. «Салауаттылық,жарқын болашақ», «Жаман әдет кесірі көп», ( Жол қауіпсіздік шарасымен танысайық», «Әдепті сөйлеу мәдениеті», «Отбасындағы тәрбие», «Мамандыққа саяхат».

18

9

9

  10.

Су моншақпен жұмыс.Моншақ туралы түсінік. Қолданылуы су моншақпен бұйымдар бедерлеу,кестелеу.

27

9

19

  11.

Тоқыма өнері. Тоқу өнері туралы түсінік беру, керекті құралдармен танысу.Тоқылу әдіс-тәсілдерін технологиясын меңгеру, үйрену, жұмыс жүргізу.

27

216


6

87


21

192


 

Техникалық еңбек — 9 сағат.

Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қағаздың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімділігі, желімнің түрлері, қажетті материалдар әзірлеу, эскиздер жасау.



Көркем еңбек — 12 сағат.

Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің еңбек ж

ұмыстарымен танысу. Ұлттық киім түрлері. Әйелдер мен ерлер киімдері. Түрлі материалдан киімдерді қиып жапсыру.

Тұрмыстық еңбек — 27 сағат.

Қолөнер көркемдік бұйым материалдарынан әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Жұмсақ бейне ойыншықтар — 24 сағат.

Әр түрлі бұйымдар жасау (жануар, құстар, адам, жәндіктер) технологиясымен таныстыру. Сызба, пішу, құрастыру, тігу, безендіру.



Жапсырмалау жұмысы — 18 сағат.

Қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан құрастыру. Ертегілер әлеміне көрініс жасау. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.



Былғарымен жұмыс жасау — 18 сағат.

Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, бояу, пішу, онымен жұмыс жасалатын құрал-жабдықтармен таныстыру және қолдана білу. Әр түрлі бұйымдар жасау.



Ою-өрнек бастырмалар — 6 сағат

Ою-өрнектің шығу тарихы, қолданылуы. Ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Сәндік қолданбалы өнер элементтері — 30 сағат.

Көркем қолөнер технологиясына түсінік. Шолпы, алқа, білезік, тұмарша, бұйымдар жасау.



Адамгершілік қасиеттер — 18 сағат.

Шыншылдық, абырой, салауаттылық, жаман әдеттер, жол және өрт қауіпсіздігі, сақтық шаралар, электр құрал-саймандарын пайдалану жөнінде түсініктер. Ата-баба тәрбиесі әлеміне саяхат. Әдеппен сөйлеу дәстүрі. Отбасындағы әдеп. Қонақ күту салттары. Табиғат аясына серуен. Табиғи материалдармен жұмыс жасау. Табиғи материалдарды жинақтау, жапсырмалау.



Су моншақ тоқып үйрену — 27 сағат.

Моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен маталар кестелеу.



Тоқыма өнері — 27 сағат.

Тоқу өнері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тоқу әдістерін үйрету, дайындау, соңғы өңдеу жұмыстары.



Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:

  • ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды; 

  • қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;

  • қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;

  • жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;

  • құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;

  • түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;

  •  сурет сала білуі;

  • бұйымды эскизін орындай білуі;

  • ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;

  • шаблон үлгілерін дайындауды білуі;

  • технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;

  • үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.

Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;

  2. Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;

  3. Жіпті тістеп кесуге болмайды;

  4. Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;

  5.  Сынған инені жерге тастауға болмайды.

 

Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Үтіктер алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;

  2. Ылғалды қолмен токқа қосылатын үтікті ұстауға тыйым салынады.

  3. Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.

Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;

  2. Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.

Желіммен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;

  2. Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;

  3. Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек.

Күтілетін нәтеже.

 

 Бұл бағдарлама бүгінгі талаптарға сай қажетті көрнекіліктер мен жабдықталып іске қосылған кабинетте жүзеге асырылады.



Сонымен қатар дидактиқалық материалдар,суреттер, кітапшалар, слайдтар, бейне таспа қолданылады.

Қолөнер үйірмесі сабағынның негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады.

Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық  тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді

Сонымен бірге оқушы салт –дәстүрімізддегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек.

Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін жасап үйренеді.

Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан қолөнер үйірмесіне қатысушы оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді.

Қолөнерге қызықтыру үшін кез-келген бұйым туындыларының жасалу құпия тарихын ашып көрсетейік, «Жас келсе іске» дегендей -

«Еңбек- ширатады,

Өмір - үйретеді».

«Білім - асыл қазыналы сандық,

Оны ашатын кілті - еңбек».

Қолданбалы қолөнер үйірмесіне 5-8 сыныптардағы  оқушыларға арналған бағытта қолөнерге, техникаға бейімі бар оқушыларды жинақтап, үйірме жұмысы жүргізіледі. Үйірме жұмысы 2 бағытта жүргізіледі.



  1. Сәндік- қолданбалы өнері

  2. Техникалық - шығармашылық өнері

Шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керек заттардың жаңа сан алуан мата, қағаз, былғары, ағаш, су моншақ, тоқыма құрастыру т.б. әсем, түрлі бұйымдарын жасауға қызығады.

Мектепішілік баяндама: «Адамгершілік асыл қасиет».

Оқушылармен мектепішілік «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Ата-аналардың қатысуымен 8-сынып аралығында «Арқан тарту» сайысы өтті.    Мектепішілік 5-7 сыныптар аралығында «Көктем аруы» сайысы өткізілді. 

 5-8 сыныптар аралығында «Оқушылардың салауатты тамақтануы» тақырыбында әңгіме қозғалды.

1-қыркүйек «Білім күнінде» мектепішілік көрме ұйымдастырылды.

Аудандық 1-маусым «Балаларды қорғау» күніне байланысты көрме ұйымдастырылды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты көрме ұйымдастырылды.

2012 оқу жылында қосымша білім беру  балалар шығармашылық  үйірмесі  «Балалардың қолданбалы шығармашылығының халық қолөнері бастауы мен байланыстыру арқылы дамыту» атты аудандық семинарға қатысып, тыңдалды.

2013 жылы 24 қаңтар қосымша білім берудегі балалар шығармашылық үйірмесі

«Шығармашылық дәстүр және осы заман» атты қосымша білім беру үйірмесі жанында семинарға қатысып, тыңдаушыларға тақырыбы

 «Жүн бұйымдарын өңдеу тәсілі» мастер-класс жұмысын  көрсетіп өткізді.

2012 жылы БҚО орта білім беру саласын ақпараттандыру пәндері семинарына қатысып, «Қазіргі кездегі тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі мен мүмкіндіктері» тақырыбында баяндамасын оқыды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер: (Оқушларға)

  Аруана баспасы «Сен білесің бе?» атты тарихи этнографиялық кітаптар топтамасы.

Салт-дәстүрлер

«Асыл сөз аталары»

Автор: З. Сейітжанов.

Автор: К. Матажанов.

Автор: Ж.Ш. Барымбеков.

Балаларға арналған «Бала би» танымдық журналы.

Бас редакторы: Гүлсім Мұқышева.

Ай сайын шығатын Республикалық әдістемелік журналы. 2007 №3, 2007 №7, 8.

Бас редакторы: Әбиева Фарида Бейбітқызы.



Пайдаланылған әдебиеттер: (Мұғалімдерге)

Ай сайын шығатын  «Технология» Республикалық әдістемелік журналы.

Бас редактор Әбиева Фарида Бейбітқызы 2006, 2007, 2008, 2009.

Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси, әдеби- көркем және суретті «Қазақстан әйелдері» журналы. 2004, 2005, 2008, 2009 ж

Бас редактор: Баққожа Мұқағали.

Маргулан А.Х. Казахское народное  Прикладное искусство- Алма-Ата: Өнер 1986,256 бет.

Шоқпарұлы .Д. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология

 

Начало формы



Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан ұлдың арын!
Ұл өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Сері болу мақсатым сегіз қырлы!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Жігіттерге әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.
Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,
өріске ойдағыдай барысыма.
Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,
Көрсетем үздік өнер намысына.
Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,
Керемет қызық өнер құрғаныма.
Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.
Шығамын биік өнер шыңдарына!
Мақтанам мектебімнің таңын көріп,
Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,
Білім мен тәрбиенің күшін қосып,
Орнаған сыныбыма бағын көріп.
Қуанам сыныбымның нұрларына,
Достарымның толған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерін
Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.
Құшағыңда құлпырып,
Достар менен бірге өскенмін.
...- сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,
Ағы мен көздің қарасы,
Сыныптың жігіт сұлтаны.
Қорғап келген намысын,
Өнерге қарсы аттанған
............ мен боламын.
Найман(руы) екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - .... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын! 
Бабалар Қаныш, Мұхтар алғыс айтам
Ғылыммен елің үшін танысқанға,
Өнердің сара жолын салып берген,
Бас ием Ұлы Абай данышпанға.

 ерош 02.09.2012 жауап берді 
admin 04.03.2013 жж таңдады



Конец формы

Начало формы

+8дауыс


Конец формы

Начало формы

Менің атым Ұлтай,

Туған жерім Қордай.

Жігіттерге намек,

Жастаймнан қыздай!

 amin begaris 28.03.2012 жауап берді



Конец формы

Начало формы

+4дауыс


Конец формы

Начало формы

Сәлем бердім мен сіздерге!


Алтын қазы алқасы
Көрсетеміз қазір біздер
Салт-дәстүрдің жалғасын
Мен қатыстым міне бүгін
Қыздар сайын сынына
Өзім жайлы таныстырсам 
.......қызы ............
Оқимын мен сыныбымның .....
Аяулы да ,ардақты ....... сынды апкиім
Үйретуден таймаған
Әрқашанда осындай қызықты мерекені
Шәкірттерімен тойлаған!

 ayazhan9696 04.10.2012 жауап берді



Конец формы

Начало формы

+11дауыс


Конец формы

Начало формы

Армысыздар улагатты устаздар


Бармысыздар жiгерлi дос курбылар
Карсыласым салем бердiм барiне
Бас иемiн салем берип иiле

Алтын куздiн жаркыраган аруы


Мухтардын ерке кызы 9"Б" нын жулдызы
Нагыз казак кундызы Майра атты кыздарын мен боламын

Орта жуздин НАЙМАН атты руынанмын


Бабамыз НУРПЕЙIСТIН урпагынан
Тектiлiктен жаралган казагымнын
Ерекше дара туган кыздарымын

Елшiбектей батыр болган тарихта


Ондай батыр туып едi кай ултта
Мектебiмiз бугiн сонын атында
Арман барма казак атты бай ултта

Куз аруы атты бугiн сайыста


Карсыласым шаба бiлгiн майыспа
Онердiн орлетейiк ор кемесин
Мына журт таныркамай кетпесин

Адiл казы алкаларым бугiнгi


Ар аруды багалай бiл бугiнгi
Адiлдiктi кiм суймейдi кашанда
Халкымнында шынайылык болмысы

Касиеттi мына бiздiн сахнада


Кулак турер айтылсын ан ортада
Карсыласым баршанызга саттiлiк
Максатымыз жену емес сайыста
ДОСТЫК деген арттырайык угымды

 admin 07.03.2013 жауап берді



Конец формы

Начало формы

+4дауыс


Конец формы

Начало формы

Армысыздар улагатты устаздар 


Бармысыздар жiгерлi дос курбылар 
Карсыласым салем бердiм барiне 
Бас иемiн салем берип иiле

Көктемнің жарқыраған аруы

Жұмадильданың ерке қызы "4 Б"-нын жұлдызы

Нағыз қазақ құндызы Дильназ атты қыздырын мен болам

 

 

 dil`naz 06.03.2014 жауап берді





Конец формы

Начало формы

+3дауыс


Конец формы

Начало формы

мен жансая боламын,

5-а сыныбында окимын

жетістікке жетемін

барлық пәннен оқимын

талпынамын,жазамын

 

сол алғысым бар еді



рахмет деймін ұстазға

осы жиналған қауымдар

сіздерге де айтарым

талпыныныздар жетіндер



 jansaya sabithan 15.03.2014 жауап берді 
jansaya sabithan 15.03.2014 өңдеді

дұрыс айтасын



Jansaya Sabithan 15.03.2014 пікір қосты



Конец формы

Начало формы

+3дауыс


Конец формы

Начало формы

Әкем аты Алтынхан тегім Бекбай


Руым жеті рулы шашты бошай
Айымторы сіздерге сәлем берді
Мақтанышым анам бар Розадай
Туған  күнім сегізінші қаңтарда
Жылқы жылы туылыппын мен  таңда
Шәкіртімін Гүлжаһандай ұстаздың
Ал ағайын қолыңды соқ аянба

Конец формы

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет